Қабылдаған:Үмбетова а орындаған: Турапова а жоспар


Көру қабілеті бұзылыстарының алдын алу шаралары



бет5/6
Дата19.10.2023
өлшемі41.85 Kb.
#481136
1   2   3   4   5   6
тәрбие

2.4.Көру қабілеті бұзылыстарының алдын алу шаралары
Көзді күту үшін алдымен оның тазалығына баса мән беру қажет. Жұмыс істегенде жарық бөлмеде отырып, арқа мен басты түзу ұстаған дұрыс және деледидарды қараңғыда көрмеген жөн. Осы ретте ескеретін бір жайт, көз тазалығын сақтаумен қатар дұрыс тамақтануға да мән берген жөн. Ал көз үшін ең пайдалы көкөністерге қырыққабат және жүгері жатады. Олардың құрамында дәрумендер мен минералды заттар көп болғандықтан, көздің қалыпты көру қабілетін сақтайды. Көздің жақсы көруі үшін тамақтың құрамында А дәрумені болу қажет. Ол ағзаның түрлі инфекцияларға қарсы тұру қабілетін жоғарылатады. Сонымен қатар көздің сау болуы үшін С, Вi, Be және В12 дәрумендерінің де маңызы зор. Олар қан тамырларын бекітеді, орталық жүйке жүйесін қоректендіреді.
Көру қабілетіне тағы басқа факторлар зиян келтіреді. Бүгінде көптеген адамдар компьютермен жұмыс істейді, ал кейбіреулері тіпті күндіз-түні алдында отырады. Соның салдарынан көз шаншып, қызарып ауырады. Сондықтан көздің шаршауын болдырмау үшін бірнеше минуттан кейін назарды ауыстырып, демалдырып, бөлмені желдету қажет. Егер ауа тым құрғақ болса, батерияның астына су құйылған ыдысты қою керек немесе ауа ылғалдандырғышын пайдаланған дұрыс.Көз ұқыптылықты талап етеді, сол себепті жиірек таза ауада серуендеу керек. Сонымен қатар төмендегі көрсетілген жаттығуларды күніне бірнеше рет жасап тұрған жөн.
1.Түзу отырыңыз, назарыңызды алға қарай бағыттап, көзіңізді жұмыңызда айналмалы қозғалыстар жасаңыз. Мысалы, солға, жоғарыға, оңға және төмен қарай (5-10 рет).

2.Саусақтардың ұшымен көзді аздап басып тұрыңыз да алып тастаңыз. Бұл тәсілді 5 рет қайталаңыз. Одан соң көзді ашып, жылдам ырғақпен 15 рет жыпылықтатыңыз.


3.Оң қолыңызды алға созып, назарыңызды ортаңғы саусақтың тырнағына аударыңыз. Қолыңызды оң жаққа максимальді бағыттаңыз, бірақ басты бұрмаңыз және назарды саусақтан алмаңыз. Оң жақ қолыңызды қайтарып, енді сол жақ қолыңызбен жасаңыз. Мұны да 5 рет қайталаңыз.
4. Көзіңізді жұмып, оны қатты қысыңыз. Мұны да 5 рет қайталаңыз. Жаттығуды жасап болғаннан кейін 15 рет жыпылықтатыңыз.
5. Бірнеше рет терең дем алыңыз да тынысты ұстап, белді бүгіп, басты алға қарай түсіріңіз. Содан соң 5-ке дейін санап, қайтадан түзу тұрыңыз. Терең дем алып, жаттығуды бірнеше рет қайталаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет