Абомазотомия- күйіс қайыратын малды ұлтабарын жарып емдеу әдісі. Автогамия


Дәріс № 1. Тақырыбы: «Кіріспе. Негізгі түсініктер. Егіс тәжірибесі, оның ерекшеліктері



бет25/82
Дата17.09.2022
өлшемі1.17 Mb.
#460852
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   82
Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері

Дәріс № 1.

Тақырыбы: «Кіріспе. Негізгі түсініктер. Егіс тәжірибесі, оның ерекшеліктері.

Ғылыми агрономия әдістері»
1.Тәжірибе ісінің әдістемесі туралы түсінік

2.Аграрлық ғылымның басты бағыттары, ғылыми зерттеулердің жағдайы және дамыту болашағы. ауылшаруашылығы тәжірибесі ісінің даму тарихы
1.Тәжірибе ісінің әдістемесі туралы түсінік
«Тәжірибе ісінің әдістемесі» оқу пәні ауылшаруашылығы өндірісінде, өсімдік шаруашылығы саласында жоғары білікті мамандар даярлаудағы ең басты жүйе болып саналады, себебі еліміздің сауда тәуелсіздігін қамтамасыз ету, бәсекелестікке түсе алатын өнім өндіру, мал шаруашылығы және өсімдік өнімдерінің тағамдары өндірісінің үлестік салмағын ішкі нарықта жоғарылату және экспортқа шығару үшін ауылшаруашылығы дақылдарын өсірудің қазіргі технологияларын жетілдіруді қажет етеді, сонымен қатар жаңа тиімді әдістерін қолдану, жоғары өнімді жаңа сорттарын шығару, оған тек тәжірибе салу және жүргізу (эксперименталды зерттеу), сонымен бірге тәжірибе кезінде зерттеліп алынған ең жақсы нұсқаларын өндірістік тәжірибеге енгізу арқылы қол жеткізуге болады.


Ауылшаруашылығы өндірісі – ауылшаруашылығы дақылдарын және ауыл шаруашылығы малдарын өсіру арқылы өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерін (астық, мал азығы, сүт, ет, қайта өңдейтін өндірістерге шикізат дайындау және т.б.) алумен айналысатын басты материалдық өндіріс саласы болып табылады. Ауыл шаруашылығы басқа салаларға қарағанда аумағы үлкен аймақтарда орналасқан, онда өндірістің негізгі көзі – жер, өсімдік, жарық, жылу, су, тірі ағзалар-өсімдіктер және жануарлар, олар реттелмейтін сыртқы орта факторларына байланысты (су, жылу, аязсыз кезең және т.б.) оларды бағдарлай, кәсіби пайдалана білу қажет. Сондықтан ауыл шаруашылығы өте күрделі сала болып саналады да, агроном, зоотехник мамандарынан жоғары деңгейдегі теориялық білімді және тәжірибелікті талап етеді.
Ауыл шаруашылығының негізгі салалары – өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы, олардың құрамына ұсақ салалы топтар кіреді: мал азығын өндіру, шалғын шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, тұқым шаруашылығы және т.б.
Кейінгі жылдары кеңінен қолданылып жүрген терминдердің бірі – Агроөндірістік кешен (АӨК), салалар байланысының жиынтығы деген түсінік, ауылшаруашылығы шикізатынан тамақ өнімін өндіруді және басқа заттарды қамтамасыз етуді, сонымен қатар оларды тұтынушыларға өткізуді қарастырады, олар үш сфераға бөлінген:
1) өнеркәсіп саласы, ауылшаруашылығына өндіріс құрылғыларын жеткізу (трактор және ауылшаруашылығы машиналары құрылысы, минералдық тыңайтқыштар, пестицидтер өндіру); 2) ауыл шаруашылығы, барлық меншік түрлерін қоса алғанда: ауылшаруашылығы кәсіпорындары, шаруа (фермерлік) қожалықтары, үй шаруашылығы (жекеменшік үй маңы шаруашылығы) және орман шаруашылығы; 3) ауылшаруашылығы өнімдерін тұтынушыларға дейін жеткізетін сала (дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сату).


«Агрономия» сөзі agros егістік және nomos заң деген грек сөзінен шыққан, өсімдіктерді өсіру, топырақтың құнарлылығын және өнімін арттыру, ауылшаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану сияқты басқа да сұрақтарды зерттейтін заңдар кешені. Қазіргі кездегі агрономия құрамына бірнеше жеке ғылымдар енген: өсімдік шаруашылығы, мал азығын өндіру, көкөніс шаруашылығы, егіншілік, агрохимия, агрофизика, ауылшаруашылығы фитопатологиясы және энтомологиясы, селекция, тұқым шаруашылығы және т.б., олардың жаратылыстану (биологиялық) және теориялық ғылыми негізі – ботаника, өсімдіктер физиологиясы, генетика, ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігін бағдарламалау, биохимия, топырақтану және т.б.

Агроном – грек сөзінен тікелей аударса – егістік заңын сақтайтын және білетін адамды айтады – өсімдік шаруашылығының, мал азығын өндіру, егіншілік және т.б. бағыттардағы жоғары білімді маман, негізінен келесі үрдістерді іске асыру қажет: ауылшаруашылығы өнімін өндіруді ұйымдастыру, аймақтың топырақ-климат жағдайын ескере отырып және дақылды өсірудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жоғары сапалы максималды өнім деңгейін алу (астық, мал азықтық, техникалық және т.б. дақылдар), ауыспалы егіс жасау және егістік құрылымын анықтау, топырақ өңдеу, сыртқы және ішкі нарықта сұранысқа ие ең жоғары өнімді дақылдарды және сорттарды енгізу, дақылдардың оңтайлы себу мерзімі мен мөлшерін қолдану, әрбір танап жағдайына байланысты себу мөлшерін қолдану, тыңайтқыш және өсімдікті қорғау құрылғылары, ғылыми техниканың алдыңғы тәжірибелі жетістіктерін қолдану, егістік және өндірістік тәжірибелер қою арқылы эксперименталды зерттеулер жүргізу, ұсынылған жаңа технологияларды және дақылдарды өсіру әдістерін зерттеу, ауылшаруашылығы жұмыстарының сапасын бақылау және басқа да көптеген мәселелермен айналысады.
Өсімдік шаруашылығы және егістікте мал азығын өндіру ғылыми және оқу пәні ретінде мәдени дақылдарды зерттейді, сонымен қатар еңбек және жоғары сапалы өнімнің бір бөлігіне кететін шығынын азайту арқылы жоғары және тұрақты өнімділікті қамтамасыз ететін, егістік дақылдарды өсірудің прогрессивті әдістерін қолдану жағдайларын қарастырады.
Себебі өсімдік шаруашылығында және егістікте, мал азығын өндіруде зерттеудің негізгі объектісі – өсімдік болып саналады, сондықтан агроном маманының дақылдардың биологиясы және морфологиясы, олардың сыртқы орта факторларына талабы туралы терең білімі болуы керек, аймақтың топырақ климат жағдайын тиімді пайдалану арқылы дақылдарды өсіру технологиясын жасау және қолдану, топырақ құнарлылығын сақтау және көтеру мәселесіне көңіл бөлуі тиіс.
Егістік дақыл өсімдігі аязсыз кезеңде вегетациялық кезеңінен өтіп өнім бере алады, соның салдарынан ең басты ерекшелігі – маусымдылығы. Егістікте өсімдіктің тіршілігі жиі өзгеріп отыратын ортада өтеді, сол себептен басқа салаларға қарағанда адам өзінің саласында өндіріс жағдайының жиі өзгеріп отыратын жағдайына кезігеді.
Өсімдіктің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін өсімдіктің өсуі және дамуы үшін ең қолайлы жағдайлар жасалынады. Дақылды өсіру технологиясының барлық элементтерін сақтап қана қоймай, топырақ өңдеу, себу, күтіп-баптау және өнімді жинау жұмыстарын сапалы түрде өткізу қажет, егер де осы жұмыстардың біреуін кешіктіретін болсақ (технология элементтері) өсімдік шаруашылығы өнімінің саны мен сапасы төмендейді, жіберген қателіктер мен кемшіліктер дақылды өсіру барысында күрделі және қиын болады, ал кейбір кезде мүлдем мүмкін емес, сондықтан басқаларға қарағанда қатаң есептеулер және барлық жағдайлардың орындалуы керек, ол өсімдіктердің өнімділігіне әсер етеді.
Өсімдік шаруашылығы – ауыл шаруашылығының негізгі салаларының бірі, оның басты объектісі – табиғаттың бейорганикалық заттарынан органикалық заттар түзе алатын жасыл өсімдік болып саналады. Жасыл өсімдікті өсіре отырып, адам күн сәулесінің кинетикалық энергиясын өсімдіктің органикалық затындағы потенциалды энергиясына айналдырады, сондықтан өсімдік шаруашылығында жасыл өсімдік топырақпен бірге өндірісте негізгі құрал болып саналады.
Өсімдік шаруашылығы ауыл шаруашылығы саласы ретінде халықты тамақпен, мал шаруашылығын – жем-шөппен, өндірістің көптеген салаларын – тамақ, жалқы азық, тігін, фармацевтикалық, парфюмерлі және т.б. шикізаттармен қамтамасыз етуге міндетті, мал шаруашылығы ірі, шырынды және концентратты азықтармен толық қамтамасыз етілуі қажет, сонымен қатар мал шаруашылығы өсімдік шаруашылығына органикалық тыңайтқыш – көң, сұйық көң береді, онсыз, әсіресе, құнарлылығы төмен топырақтарда тұрақты және жоғары өнім алу мүмкін емес.

Өсімдік шаруашылығы өндіріс саласы ретінде егістік шаруашылығы, мал азығын өндіру, шалғын шаруашылығы, жеміс-көкөніс шаруашылығы, жүзім шаруашылығы, гүл шаруашылығы, орман шаруашылығын біріктіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет