Абомазотомия- күйіс қайыратын малды ұлтабарын жарып емдеу әдісі. Автогамия


Дәріс № 4. Тақырыбы: «Егіс экспериментін жоспарлау»



бет33/82
Дата17.09.2022
өлшемі1.17 Mb.
#460852
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   82
Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері

Дәріс № 4.

Тақырыбы: «Егіс экспериментін жоспарлау»

1. Экспериментті жоспарлау

2.Танаптық тәжірибе бағдарламасын және сызба нұсқасын жасаудың негізгі ұстанымдары
1. Экспериментті жоспарлау
Ауылшаруашылық танаптық тәжірибелер қоршаған ортаның әртекті және бақыланбайтын факторларының әсері бар жағдайларда жүргізіледі, олар өсімдіктің өсуіне және дамуына әсер етеді, жыл бойы және жылдар ішінде метеорологиялық жағдайдың жиі өзгеруі, тәжірибе жүргізілетін учаскенің топырақ құнарлығының әртектілігі, ол нақты және жақсы нәтижелер алуға өзінің кедергісін тигізеді. Танаптық тәжірибелер жылдың жылы кезеңінде ғана жүргізіледі (4-5 ай ішінде), осы маусымдықтың негізінде ақпаратты танаптық тәжірибе әдістемесімен тездету мүмкін емес, зертханалық, инженерлік, химико-технологиялық, вегетациялық және басақада зерттеу типтерінен айырмашылығы осында. Жоғарыда айтылғандардың бәрі танаптық тәжірибенің барлық этаптарында талаптарды қатаң сақтау қажет, сақтамаған кезде тәжірибе есептен шығарылуы тиіс, ол дегеніміз бір жылдың зерттеуші үшін жоғалғаны.
Тәжірибелік жұмысты жүргізгенде негізгі этаптарды бөліп алған дұрыс:
  1. Тәжірибені жоспарлау;


  2. Тәжірибенің сызба нұсқасын, бақылау және есепке алуды жасау;


  3. Танаптық тәжірибе салу әдістемесін жасау;


  4. Танаптық тәжірибені жүргізу;


  5. Алынған мәліметтерді өңдеу және талдау;


Жұмысты жоспарлаған кезде, мәселеге байланысты, зерттеудің мақсаты және міндетіне байланысты тәжірибенің сызба нұсқасын және бағдарламасын жасау.



Мәселе (міндет) – өндірістің және ғылымның сұранысынан шығатын және шешілуге тиіс теориялық және практикалық сұрақ. Мысалға, «ҚР сауда тәуелсіздігімен қамтамасыз ету мәселесі» ол бірнеше тақырыптарды зерттеу негізінде шешілуі тиіс, оның ішінде, мал қорада тұратын және жайылым кезінде малдарды құнды мал азығымен қамтамасыз ету, дақылдар, сорттарды таңдау, оларды өсірудің тиімді технологияларын жасау және т.б. Осыған байланысты тәжірибенің тақырыбы туындайды, ол осы мәселені шешу үшін зерттеу жүргізер алдындағы мақсаты немесе міндетін анықтайды.
Тәжірибені жоспарлау міндетті дұрыс қоюдан басталуы қажет, онда алдына қойылған мақсаттар шешілуі тиіс, себебі көп қателіктер және нәтижеге жетпеу тәжірибені салу және жүргізу әдістемесінен ауытқудан болады, сонымен қатар тәжірибенің мақсатын дұрыс қоя білмеуден де болады, сол себептен тәжірибе сызба нұсқасын және қосымша бақылауды дұрыс негіздей білу қажет. Көптеген мысалдар көрсеткендей зерттеушіге бұл жіберген қателіктер тек қана 3-4 жыл өткеннен кейін ғана біліне бастайды, бұл кезде қателікті дұрыстау мүмкін болмайды.
Көп жағдайда зерттеуші тәжірибе мақсатын жалпы және түсініксіз жазады, ол бір тәжірибе көлемінде орындалуы да мүмкін емес болатын жағдайлар болады. Мысалға «Жоғары өнім алу технологияларын жасау» немесе «Ауыспалы егісте жаздық бидайға тыңайтқыш енгізу жүйесі» және т.б., ол тәжірибенің мақсаты емес, ол ғылыми жұмыстың бір жеке үлкен бөлімі, ол үшін жеке көптеген танаптық зерттеулер жүргізілу қажет.
Осындай мәтіндегі жалпы мақсаты және міндеті ҒЗИ, университеттердің, бөлімдердің, зертханалардың, ауылшаруашылық, агрономиялық бағыттағы кафедралардың жұмыс бағдарламаларында болуы мүмкін, ал нақты мақсаты және міндетін жеке зерттеушілер құрастыруы мүмкін.
Тәжірибенің мақсаты және міндеті бір жеке тәжірибеде шеше алатын мүмкіндік болатындай жасалуы қажет. Дақылды өсіру технологиясының әр қайсысысында кемінде 12-15 элементтен тұрады (сорт, алғы дақыл, топырақты негізгі өңдеу әдісі, себу жадығаттарын дайындау, себу мерзімі, себу мөлшері, себу әдісі, тыңайтқыш енгізу мөлшері, мерзімі әдісі, егістікті күтіп баптау, егістікті ауырулардан және зиянкестерден қорғау, егінді жинау әдісі және мерзімі және тағыда басқа сұрақтар), сондықтан бір танаптық тәжірибеге технологияның бір немесе екі-үш элементтерін енгізу қажет. Мысалға, «Еркекшөп пішені өнімділігіне және өсіп дамуына себу мерзімінің әсері», «Еркекшөп тұқымы өнімділігіне себу мөлшері және әдісінің әсері», «Асбұршақ сорттарына өнімділігі бойынша салыстырмалы баға беру» және т.б. жоғарыда айтылған технология элементтері.
Танаптық тәжірибенің маңыздылығы және нәтижелілігі дақылды және сортты дұрыс таңдауға байланысты, олар келешегі бар және жоғары өнімді болуы керек және олардың аймақтық жағдайда практикалық мәні болу керек. Тәжірибе өсімдігін зерттеу объектісін дұрыс таңдаудан көп жағдайда тәжірибе қорытындысына әсерін тигізеді, себебі әрбір дақылдың зерттеу шарасына әр деңгейде әсер етеді – біреуі жоғары біреуі төмен болады, сол себепті, бір дақылдан алынған қорытындылары, заңдылығын екінші дақылға ауыстыруға болмайды, әсіресе өсімдіктің жылуға талабы әр түрлі болған жағдайда (суыққа төзімділігі және жылу сүйгіштігі, сондықтан себу мерзімі әртүрлі, ылғалға талабыда әртүрлі, қоректік заттарға талабыда басқа және т.б.). Сол себепті, зерттеу объектісін таңдаған кезде (зерттеу өсімдігі) келесі қағидаларды ұстану қажет: дақылдың шаруашылық маңызы және болашағы, зерттелетін шараны, зерттеу объектісі егістігінде кеңінен қолдану мүмкіншілігі, сонымен қатар өсімдіктің тәжірибедегі агртехникалық шараларға сезімталдығы.
Осы сұрақтардың барлығы әдебиет көздерінен терең оқылып зерттелуі тиіс: монография, ғылыми-өндірістік журналдарда басылған мақалалар, статистикалық жадығаттар және т.б. Тәжірибенің нақты мақсаты анықталғаннан кейін, дақыл, сорт таңдалғаннан соң, қандай варианттар зерттелетіні және олардың тәжірибеде қанша болу қажеттігі анықталады.
Тәжірибе варианты – өсімдікті өсіру шараларының белгілі бір жиынтығы (технология элементі, сорт), бір тәжірибе мөлдегінде немесе тәжірибенің бірнеше қайталым мөлдектерінде жүргізіледі. Тәжірибе мөлдегі- тәжірибенің қарапайым бөлігі, тәжірибе вариантына сәйкес өсімдіктерді өсіру шараларын оқу жүргізіледі .Тәжірибеде зерттелетін агротехникалық шараның тиімділігін немесе сортты бағалау алдында қолданып жүрген басқа шарамен немесе сортпен салыстырылады, олар бақылау немесе стандарт болып табылады.


Сорт сынауда барлық сыналатын сорттар стандартпен (St) салыстырылады (бақылау ретінде аймақта өсірілуге жіберілген ең жақсы сорт алынады). Агротехникалық тәжірибелерде бақылау ретінде сол ауданға ұсынылған агротехникалық шараларды немесе әдебиет көздерінен алған жұмыс шараларын бақылау ретінде алады.
Бағдарламаны және тәжірибе сызбасын дайындамас бұрын зерттелетін мәселе туралы бұрын зерттелген жұмыстар туралы жазылған әдебиет көздерін оқу қажет. Алайда сол немесе басқа зерттеуді жүргізу кезінде жаңа шараларды қолданып оны тереңдететін болса онда ол ғылым мен практикаға зор үлесін тигізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет