Абомазотомия- күйіс қайыратын малды ұлтабарын жарып емдеу әдісі. Автогамия


ОБСӨЖ № 14 Топырақ эрозиясына ұшыраған алқаптарға егістік тәжірибелерді жүргізудің ерекшеліктері



бет71/82
Дата17.09.2022
өлшемі1.17 Mb.
#460852
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   82
Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері

ОБСӨЖ № 14

Топырақ эрозиясына ұшыраған алқаптарға егістік тәжірибелерді жүргізудің ерекшеліктері

Өзіндік тапсырмалар:


  1. Топырақ эрозиясы бар топырақтар


  2. Тәжірибе жүргізу ерекшеліктері


Топырақ эрозиясы – топырақтың үстінгі құнарлы қабатының қатты желдің күшіне ұшырауы немесе топырақтың үстіңгі құнарлы қабатын судың жуып әкетуі.


Жел эрозиясы өте қауіпті амақтарда егіншілікте егістік тәжірибе жүргізудің негізгі ерекшеліктері:

Егіншілік шаруашылығында егістік тәжірибе жүргізу үшін танаптарды іріктегенде қойылатын негізгі талаптары топырағы мен бедері және топырақ құнарлығы мүмкіндігінше біртектес болуы қажет. Бедері тегіс болған жағдайда топырақты кез келген бағытта өңдейді, ал себу тек қана қатты соғатын желдің бағытына көлденең болу қажет. Бедері тегіс болған жағдайда топырақты кез келген бағытта өңдейді, ал себу тек қана қатты сағатын желдің бағытына көлденең болу қажет. Тәжірибе мөлдектеріне тек қана өнімді аудандастырылған сорттардың егіс сапасы жоғары тұқымдарын себуін қажет етеді. Мөлдектің ені 200-300 м. болуы тиімді болады. Тәжірибе жұмысындағы сақтайтын қағида варианттарға кездейсоқты айырмашылықтары бар мөлдектерді араластырмайды.


Тәжірибелері жүргізу кезеңдеріндегі істелетін жұмыстарға мыналар жатады.

  • ай сайын қардың түскен мөлшерін есепке алу;


  • фенологиялық бақылауларды мерзімінде жүргізу;


  • тонаптардың арамшөптерден ластануын есепке алу;


  • егістік тәжірибедегі варианттардың өнімін есепке алып, дәнді 100 % тазалыққа және 14 % ылғалдыққа келтіру;


  • жел және су эрозиясының пайда болуын бақылау – барлық варианттардың әр қайталауларында есепке алынатын мөлдектің көлемі 3-5га болуы қажет.


Зерттеудегі агротехникалық амал-тәсілдердің әсеріне толық сипаттама беру үшін өсімдіктердің өсіп-өну кезеңдеріне бақылау мен есепке алу жұмыстары жүргізіледі.


Метерологиялық бақылау өсімдіктердің өсіп-өну кезеңінде әртүрлі агрофондардағы өзгергіштік қалпын анықтауға мүмкіндік туғызады. Тәжірибе жүргізілетін жерде жауын-шашын, топырақтың ылғалданған қабатын қардың түскен биіктігін, ауа қуаншылығын, нөсерлі жауын, бұршағы, көктайғақ, дауыл, қар еру мерзімі, көктемдегі топырақ қабатындағы ылғалдылығы және т.б. белгіленеді.
Фенологиялық бақылау жұмысы вариант сайын бөлек жүрігізіледі. Мөлдектегі өсімдіктердің әр кезеңінің басталу тәулігін белгілейді.

Бақылау сұрақтары:


  1. Топырақ эрозиясы қай жағдайда пайда болады?


  2. Тәжірибе жүргізу жұмыстарына не кіреді?


  3. Тәжірибе жүргізу ерекшеліктерін атаңыз?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет