Егістік тәжірибенің құжаттары мен есеп беруі
Өзіндік тапсырмалар:
Егістік журнал түсінігі
Күнделікті толтыру ерекшеліктері
Егістік тәжірибесін жүргізу ұзаққа созылатын жұмыс, ал бірнеше жүйелі егіс жұмыстарынан құралады, бақылау, зерттеу және есеп берушілігі, яғни тәжірибенің бағдарламасында қаралып бекітілген мәселелер. Егістік тәжірибесінің нәтижелері, өнімнің мөлшерін талдауда сондағы жағдайлардың барлығы варианттарда бөлек салыстырылады.
Зерттеу жұмысының нәтижесін дұрыс түсіндіру үшін эксперименттік мәліметтерді тәжірибе учаскісінде агротехникалық жұмыстарды, өсімдіктің айналасындағы жағдайларды бақылау арқылы тіркеп әрі оларды мұқият сақтау қажет. Тәжірибелерді құжат жүйелерімен қамтамасыз етуіне қойылатын талаптар:
тәжірибе учаскісінде қойылған мақсатына байланысты бақылаулар мен есептілігінің мәліметтері толық болуы;
мәліметтердің мерзімінде дұрыс, дән дайындалуы;
жазбалардың біртектестігі;
орындалатын жазбалардың мерзімділігі, сапалылығын жауапты орындаушының бақылауы.
Құжаттарға тіркелетін мәліметтер келесі категорияларға бөлінеді:
тәжірибе туралы негізгі мәліметтер, жер бедері, егістік жердің шаруашылық тарихы, тәжірибе әдістемесі, бағдарламасы.
алғашқы күнделікті құжаттарға тәжірибедегі жүргізілген бақылаулар мен есепке алу жұмыстарын жазып оытрады. Жазба жұмыстарын мөлдектің үстінде, лабораторияда бақылау, есептеу, талдау жұмыстарын жүргізу үстінде орындауды талап етеді;
есептілік немесе мәлімет құжаттары тәжірибе жұмысынан бос кезеңдерде дайындалады, алғашқы күнделікті жазбаларды толықтыра жөндеп жүйеге айналдырады
Әр тәжірибе үшін алғашқы күнделікті құжаттан егіс жұмыстарын және бақылау жұмыстарын күнделікке тіркеп отырады.
Күнделік - ол сумкада, қалтада салып жүруге ыңғайлы шағын кітапша дәптер.
Бақылау сұрақтары:
Егістік журнал дегеніміз не?
Егістік журналға енгізілетін жұмыс түрлерін атаңыз?
Қандай жиілікпен күнделік толтырылуы қажет?
Күнделіктің сақтау мерзімі қанша болуы керек?
Достарыңызбен бөлісу: |