Абомазотомия- күйіс қайыратын малды ұлтабарын жарып емдеу әдісі. Автогамия


Жер құрғату- топырақтың беткі қабатындағы қалыптан тыс ылғалды азайту. Жерді қалпына келтіру



бет9/82
Дата17.09.2022
өлшемі1.17 Mb.
#460852
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   82
Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері

Жер құрғату- топырақтың беткі қабатындағы қалыптан тыс ылғалды азайту.

Жерді қалпына келтіру- кен қазу жұмыстарына, геологиялық зерттеулерге, құрылыстарға байланысты істен шығып бүлінген жерлердің өнімділігін қалпына келтіріп , халық шаруашылығының маңызын көтеру үшін атқарылатын жұмыстар жүйесі. Ол орта жағдайына да қолайлы әсер етеді.

Жиынды су пайдалану – 1 га егістікте өсіп-жетілу кезеңіндегі өсімдік транспирациясы мен топырақ бетінің булануын ескере отырып дақылдың өнім қалыптастыруына шығындалған мм, немесе м3- пен алынған судың мөлшерін сипаттайды.

Жолақы өндеу- егістік жерді жолақ қалдыра отырып өндеу.

Жоңышқа- көпжылдық шөптесін өсімдік туысы. Бұршақ тұқымдас, аса бағалы мал азықтық өсімдік. Республикада жоңышқаның бірнеше түрі өседі.

Жоспарлы мөлшерлеуші карта- ол жеке өнімдер өндірудегі технологиялық жұмыстар жиынтығын, өндірістік қорды және оны пайдалануды, белгілі өндіріс жоспарын орындаудағыөндірістік экономикалық көрсеткіштерді белгілейді.

Жусан- көпжылдық шөптесін өсімдік туысы, шағын бұта түрінде де өседі. Негізінен мал азықтық және емдік өсімдікке жатады эфир-майлы түрлері де көп. Қазақстан топырағында жуснның 81 түрі өседі.

Жұқа топырақ- құнары аз топырақ.

Жұғымды мал азығы- малдың тез де жақсы семіруіне әсер ететін жемшөп.

Жүзгун, кандым –қара құмық тұқымдас бұтақшалар тобына жататын өсімдік, Қазақстанның және Орта Азияның шөлейт және шөл аймақтарында өседі. Мал азықтық өсімдік оркендері мен жемістері түйе, қой және ешкілер жақсы жейді.

Жырту, жер жырту- қайырмасы бар соқамен жер өңдеудің негізгі бір бөлігі.

Канареечник (Phalaris) – қонырбас тұқымдасына жататын біржылдық немесе көпжылдық шөптесін өсімдік, көбінесе мал азықтық маңызы бар.

Каток – топырақтын беткі қабатын тегістеу және тығыздау үшін арналған құрал.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет