Абомазотомия- күйіс қайыратын малды ұлтабарын жарып емдеу әдісі. Автогамия



бет12/82
Дата17.09.2022
өлшемі1.17 Mb.
#460852
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   82
Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері

Қысқа тіршілікті өсімдіктер- бір жылдық және екі жылдық өсімдіктердің жалпы атауы.

Қонырбас, қанақот- көпжылдық шөптесңн өсімдік туысы. Мал азықтық шөпке жатады. Қазақстан топырағында қонырбастың 38 түрі өседі.

Күздік дақыл- күзде егілетін және келесі жылы немесе күзде түсім беретін біржылдық дақылдар тобы.

Қоршаған орта-айналадағы табиғи заттардың және адам қолымен жасалған заттардың жиынтығы.

Көлдете суару- суару әдісінің түрі. Бұл, әсіресе , көктемде атқарылады.

Құрал, қару, сайман, жабдық- жұмысты орындау үшін қолданатын заттар.

Қияқөлең, қияқ- көпжылдық шөптесін өсімдік туысы. Шабындықта, жайылмдықта өсетін бағалы мал азықтық өсімдік. Малдың барлық түрі жақсы жейді. Қазақстанда қияқ өлеңнің 94 түрі өседі.

Құрғату тәртібі- құрғатылған жерге екпе өсімік өсіріп, тұрақты мал өнімін алу үшін атқарылатын шаралар жүйесі.

Құрғату жүйесі- ылғалды мол жер, оны құрғатуға арналған гидротехникалық және эксплуатациялық құрылыстар, жармалар мен кәріздер желісі – бәрінің жиынтық түсінігі.

Көк сирету, өскінді сирету- өсімдіктің жақсы өсіп, мол түсім беруін қамтамасыз ету үшін жаңа шыққан көк өскінін сирету.

Құрғақ аңғар, құрғақ алқап ( суходол)- айналасындағы басқа жермен салыстырғанда ылғалы аз, құрғақ жер.

Мал азықтық брикеттер – тақта түрде престелген ірі ( пішен,сабан және т.б.) немесе минералдар, витаминдар және т.б қосымшалары бар жем азығынан, сонымен қатар осы жем-шөптің қоспаларынан дайындаған мал азығы.

Мал азықтық ауыспалы егіс түрлері –дақылдар мен сүр танап арақатынасымен ерекшеленетін ауыспалы егіс. Шөпті, шөпті-отамалы, отамалы, астықты-отамалы, астықты-сүр танапты-отамалы және т.б ауыспалы егістер ажыратады.

Мал азығын аммонизациялау – жем-шөпті оның құрамындағы азот мөлшерін арттыру үшін аммиякпен немесе оның туындыларымен өңдеу процесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет