Абомазотомия- күйіс қайыратын малды ұлтабарын жарып емдеу әдісі. Автогамия



бет19/82
Дата17.09.2022
өлшемі1.17 Mb.
#460852
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   82
Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері

Табиғат қорғау- өзімізді қоршаған табиғи ортаны сақтауға, тиімді пайдалануға, жаңартуға, жақсартуға бағытталған шаралар жүйесі.

Тар қатарлап себу- қатар аралығын 7-8 см етіп тарылтып себу.

Тездетіп шалғындандыру – табиғи мал азықтық жерлердің беткі қабатын ( жер қыртысын) алғашқы өндегенен кейін жаз бойы топырақты сүр танап сияқты өндеу шаралары қолданбай және келесі жылғы көктемде алдын-ала біржылдық дақылдар пайдаланбай көпжылдық шөптерді себу (шалғындандыру).

Температура жиынтығы- бір жерде белгілі бір уақыт аралығындағы жылы температураның жиынтығы. Ауылшаруашылығында, әдетте, өсімдік вегетациясы кезіндегі температура жиынтығы.

Теріскен- бұта түрінде өсетін көпжылдық өсімдік туысы. Бағалы мал азықтық өсімдік.

Технологиялық карта – бір а/ш дақылды өсіру үшін кезектеп аталған агротехникалық шаралар кестесі.

Тиімді температура – Өсімдіктердің нақтылы өсіп даму кезеңіне төмен шектен жоғары жылуға қажетті ауа және топырақ температурасы. Шектелгенен төмен температурада өсімдіктердің өсіп дамуі төқтайды ( тұқымдар өсіп өнбейді, гүлдеу тоқтайды және т.б.). Көптеген өсімдіктерге, оның ішінде көпжылдық шөптерге, тиімді температураның төменгі шеқтеуі 50С, жылы сүйғыш өсімдіктерге( жүгері, шай жүгері, судан шөбі, тары, итқонақ,қонақтары) – 8-100С, бірқатар субтропикалық дақылдар үшін (күріш, мақта, қарбыз, қауын және т.б ) – 12-150С.

Тоғыстыра себу- тұқымды егістік жердің ұзына бойына да, көлденеңінен де тоғыстыра себу.

Тозаңдатып бүріккіш- сұйық пестицидтерді бүркіп шашатын, ұнтақтарын тозаңдатып шашатын екі жақты машина.
Топырақ бонитетті – топырақ құнарлығын анықтайтын қөрсеткіш, әдетінше баллмен белгілейді.

Топырақтың су балансы – топырақтың су режимінің комплексті сипаттамасы немесе топырақтағы барлық ылғал қорының жиынтығы және белгілі бір уақытта және топырақтың белгілі бір қабатында оның шығыны ( мм немесе м3/га есептелінеді) .



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет