Судан шөбі- біржылдық шөптесін өсімдік. Бағалы мал азығы. Көк балауса, пішен, пішендеме, сүрлем дайындау үшін өсіріледі.
Суды қажетсіну(пайдалану) – су ресурстарын қайтармай пайдалану.
Суландыру- жергілікті су қорын пайдалану немесе жармамен басқа жақтан су жеткізу жолымен суландыру. Сусыз немесе суға тапшы аймақты сумен қамтамасыз ету.
Суландыру мөлшері- өсімдіктің бір өсіп-өну кезеңінде 1 га жерге жұмсалатын судың мөлшері.
Суландыру желісі- суармалы жерге су жіберіп тұратын тұрақты немесе уақытша жасалған жармалар, су желісі.
Суландыру жүйесі- гидротехникалық құрылыстар( су жиналатын, су айдайтынорын, жармалар мен түтіктері) бар жер, суаруға мүмкіндік беретін басқа да жағдайлар жасалған жер.
Суландыру жармасы- суландыру жер танабына су баратын жарма.
Суландыру, суару, ирригация- топырағы ылғалсыз танапты суарып, екпе өсімдік өсіру.
Суыртпақтап себу- суыртпақтап себу кезінде тар қатарлар мен кең қатарларкезектесіп отырады.
Сұлы өлшемі- мал азығы өлшемі ретінде алынған 1 кг сұлы.
Сұр теріскен- бағалы мал азықтық өсімдік. Далалық, шөлейт және шөлді аймақта тастақ жерде өседі. Жапырақтары менжас сабағы бүкіл жыл бойы түйе, жылқы, қой малына құнарлы азық болады.
Сүйреткі- тырма – Топырақтың беткі қабатын тегістейтін және өндейтін құрал.
Сүйреткілеу- егістік алқаптың бетін тегістеу және қопсыту.
Сүрлем- ауа кіре алмайтындай жағдайда сақталған шырынды азық.
Сыдыра жырту – сүдігер алдында топырақтын беткі қабатын сыдыра жыртып қопсыту.
Сыдыражыртқыш– топырақты сыдыра жыртып өңдейтін құрал.
Сыртқы орта әсері- организмді қоршаған және оған әсер етуші ауа, жылу, ылғал, топырақ, жануарлар, өсімдіктер және т.б.
Сірне- крахмалды гидролиздеп, қантқа айналдыру арқылы алынатын өнім.