Абомазотомия- күйіс қайыратын малды ұлтабарын жарып емдеу әдісі. Автогамия


Дәріс № 2. Тақырыбы: «Агрономиядағы зерттеу әдістері»



бет27/82
Дата17.09.2022
өлшемі1.17 Mb.
#460852
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   82
Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері

Дәріс № 2.

Тақырыбы: «Агрономиядағы зерттеу әдістері»

1.Агрономия зерттеулеріндегі талдау, синтез және гипотеза

2.Агрономиялық тәжірибе туралы жалпы түсінік және негізгі зерттеу әдістері
1 Агрономия зерттеулеріндегі талдау, синтез және гипотеза
Практикалық агрономияның негізгі мақсаттарының бірі өсімдіктің сыртқы орта факторларына (су, жылу, жарық, азық және т.б.) талабын оңтайлы қамтамасыз ету, олар әр дақылда әртүрлі және әрқырлы болады, ал оларды өсіру реттелмейтін далалық жағдайда жүргізуге тура келеді, сондықтан агрономия ғылымының мақсаты зерттелетін құбылыстың (өсімдіктің өмірі факторлары) әр түрлі жақтарын біріктіру, құбылыстың негізін ашу үшін әрекеттілікті және қарым-қатынасты зерттеу.


Агрономия ғылымының негізгі зерттеу объектілерінің көпқырлылығы – өсімдіктің сыртқы ортамен қарым-қатынасы, біріншіден алынатын өнімнің сапасы және санына, адамға азық үшін пайдалану түріне, малға азық, өндіріске шикізат ретінде пайдалануына, экономикалық құндылығына, маңызы және өндірілетін өнімге сұранысына байланысты.
Агрономия ғылымы негізінде анализ (талдау) (грек тілінен. analisus – орналасуы, бөлінуі, бөлу) және синтез (грек тілінен. sintesis – қосу, құрастыру) деген түсініктер жатыр, себебі құбылыстың, фактордың, үрдістің түсінігін қалыптастыру үшін олардың жеке жақтарын ғана қарастырып қоймай сонымен қатар олардың біртектілігін ескеру керек, ол дегеніміз жеке және жеке бөліктерімен қарым-қатынасы.
Талдау жеке факторлардың (топырақ өңдеу әдісі, себу мерзімі және әдісі, себу мөлшері, тыңайтқыш және т.б.) өсімдіктер тіршілігіне және олардың өнімділігіне әсерін зерттеуге мүмкіндік береді. Өсімдіктердің тіршілігіне және өнімділігіне факторлардың жеке әсерін зерттеу, өнімділіктің жоғарлауына әсерін тигізуде өзінің тиімділігін көрсеткен факторды таңдай отырып әрі қарай синтетикалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Зерттеудің синтетикалық әдісі мысалы ретінде зерттеу нәтижелерін өндірістік жағдайда тексеру болып табылады.

Зерттеушіге осы және басқа сұрақтар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізбес бұрын, осы мәселе бойынша шығарылған ғылыми мақалаларды оқу қажет, оларды тереңірек зерттеп үрдістер туралы гипотеза жасау қажет, олар белгілі бір сыртқы орта факторларының әсерінен өсімдіктерде өтеді, оларға дақылдардың өнімділігіне әсер етуін бағалау (әрі қарай өзінің тәжірибе қорытындыларымен салыстыру), осы агротехникалық шараны өндірістік жағдайда зерттеу мақсатында тәжірибенің бағдарламасын және сызбасын салу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет