Абомазотомия- күйіс қайыратын малды ұлтабарын жарып емдеу әдісі. Автогамия


Аграрлық ғылымның басты бағыттары, ғылыми зерттеулердің жағдайы және дамыту болашағы. ауылшаруашылығы тәжірибесі ісінің даму тарихы



бет26/82
Дата17.09.2022
өлшемі1.17 Mb.
#460852
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   82
Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері

2.Аграрлық ғылымның басты бағыттары, ғылыми зерттеулердің жағдайы және дамыту болашағы. ауылшаруашылығы тәжірибесі ісінің даму тарихы
Жоғарыда келтірілген жадығаттарда ауылшаруашылығының және агроөндірістік кешеннің және саланың негізгі мақсаттары анықталды және – агрономия мен өсімдік шаруашылығы келтіріледі. Жалпы осы мақсаттарды қысқаша келесі үлгіде айтуға болады:
1. Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісін арттыру (сәйкесінше, малдарға толыққанды азықпен қамтамасыз ету), еліміздің сауда тәуелсіздігін қамтамасыз ету, ол ет, сүт және басқада өнімдер және тамақтардың импортының төмендеуіне әкеледі.
2. Өсімдік шаруашылығы өнімін арттыру мәселесі, оның ішінде мал шаруашылығына арналған азықтар негізгі екі бағытта шешілуі мүмкін:
а) егістік алаңын көбейту және егістікке жаңа жерлерді игеру;
б) қазіргі заманғы технологияларды, жаңа машиналарды және құралдарды қолдана отырып және жоғары өнімді жаңа сорттарды және жаңа дақылдарды интродукциялау арқылы.
3. Ауылшаруашылығы саласында өндірілетін өнім бәсекелестікке түсе алатын, жоғары сапалы және өзіндік құнының төменділігімен ерекшеленуі керек, ал өзіндік құнының төмендеуі астық және мал азықтық дақылдардың жоғары өнімділігі, малдардың салмағының және сүтінің жоғарылығынан, өсімдік шаруашылығының және мал шаруашылығы салаларының еңбек өнімділігінің жоғарылығынан болады.
Егер де сүтпен еттің өзіндік құнының құрылымында 50 % мал азығының құны кіретінін ескеретін болсақ, ең арзан мал азығын өндіру не үшін қажет екені түсінікті болады. Сондықтан бәсекелестікке түсе алатын мал өнімдерін өндіруге (ет, сүт және басқалары) мал азығының өзіндік құнын төмендету арқылы қол жеткізуге болады, ал ол мүмкіндігінше жоғары өнім алғанда ғана болады.
Дақылдардың өнімділігін олардың биологиялық ерекшеліктерін және ғылыми негізделген есепке алу және әр топыраққа климат аймақтарында сыртқы орта факторларын пайдалана отырып көтеруге болады.

Сол себептен агрономия ғылымы қазіргі заманғы ғылымның жетістіктерін ескере отырып және жаңа машиналармен қондырғыларды, тыңайтқыштарды, өсімдіктердің ауырулары және зиянкестерімен күресу құралдарын ескере отырып технологияларды жетілдіретін жаңа ұсыныстар жасау, оған егістік тәжірибелердің әдістемесін қатаң түрде сақтап отырып жүргізген зерттеулердің қорытындысы арқылы жасауға болады.
Бұл жұмысты жүргізу ғылыми зерттеу және оқу институттарына, ауылшаруашылығы тәжірибе станцияларына жүктелген, олар кейінгі 50-60 жылда үлкен ғылыми зерттеулерді жүргізді, көп мөлшерде егістік дақылдардың отандық сорттарын шығарды, оның ішінде далалық аймаққа тән Солтүстік Қазақстанның ғылыми мекемелері, олардың топырақ климат аймағына байланысты ерекшелігі көп болғандықтан.
Бұрынғы Бүкілодақтық астық шаруашылығын ғылыми зерттеу институты (Шортанды ауылы) (Қазіргі А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығын ҒЗИ) өткен жүзжылдықтың 50-80 жылдары көптеген ғалымдар ұжымымен сан жүздеген эксперименттер жүргізді, соның негізінде Солтүстік Қазақстан облыстарының өндірісіне ұсыныстар жасалынып енгізілді, олар осы аймақта бидайдың және басқада дақылдардың жалпы өнімінің артуына үлкен үлесін тигізді.
Осы институтты 1955 жылдан 1985 жылдар аралығында басқарған, мықты ғылыми-өндірістік база жасаған, ғылыми ұжым құрастырған академик А.И.Бараевтың қорытындысы бойынша, Қазақстанның далалық аймағында өндіріске ғалымдардың келесі негізгі жетістіктері енгізілді: (Бараев А.И., 2008).
1. Жаңа топырақ қорғаудың егіншілік жүйесі, ол ең жаңа қазіргі заманғы эрозияға қарсы техникаларды пайдалануға негізделген, оның негізі топырақты аудара жыртатын соқалардан бас тарту, танап бетінде аңыздар және басқада өсімдік қалдықтарын қалдыратын эрозияға қарсы техникалармен айырбастау, олар танапта қар тоқтатуды қамтамасыз етеді.
2. Қар тоқтатын құралдармен қар тоқтату, олар қыста 35-40 см болатын қар қалыңдығын қамтамасыз етеді (осы жағдайда қар еріген жағдайда топырақтың беткі қабаты 100 см дейін ылғалданады).
3. Ғылыми негізделген бес танапты және 20 % сүрі танабы бар дәнді сүрі танапты ауыспалы егістерді игеру және енгізу.
4. Осы ауыспалы егістерде ең жоғары сапалы өнімділігі бар астық дақылдардың сорттарын таңдау және себу, негізінен жергілікті селекциядан.
5. Мал шаруашылығы фермалары және кешендері маңынан ең тиімді мал азықтық ауыспалы егістерді игеру және енгізу, арпа және жүгері себу немесе топыраққа атразин немесе симазин енгізген жағдайда тек қана жүгері себу.
6. Кебір топырақтарда мал азығын өндіру үшін және жайылым ретінде пайдаланумен қатар оларды түбегейлі жақсарту.
7. Жаздық бидайларды гектарына 2,5-3,0 млн. өнгіш тұқым себу мөлшерінде оңтайлы себу мерзімін ғылыми негіздеу (15-25 мамыр), ал жемдік дақылдарды арпаны және сұлыны одан кейін ( мамыр айының соңы-маусымның басы) себу.
8. Қазақстанның карбонатты топырақтарындағы тыңайған жерлерінде астық дақылдар егістігіне 1,0-1,5 ц/га суперфосфат енгізу, олар өнімділікті 3-3,5 ц/га көтерген.

Бақылау сұрақтары




  1. Халық шаруашылығының басты саласы ретінде ауылшаруашылығы өндірісінің сауда тәуелсіздігін және бәсекелестікке түсе алатын өнім өндірудегі басты мақсаттары.


  2. Қазақстан Республикасының агроөндірістік кешенінің негізгі мақсаттары?


  3. Ауылшаруашылығы өндірісін дамытуда кешенді ғылым ретінде агрономияның ролін негіздеу.


  4. Ауылшаруашылығының негізгі саласы, ғылыми және оқу пәні ретінде өсімдікшаруашылығы және мал азығын өндірудің маңызын негіздеу.


  5. Тәжірибе салу және бақылау жүргізу әдістемесінде және әдістемелерді жасауда агрономия зерттеулерінің, ғылымының даму тарихының маңызы қандай?


  6. Дақылдарды өсірудің жаңа технологияларын жасауда соңғы 50-60 жылда далалы Солтүстік Қазақстан ғылымының негізгі жетістіктері қандай?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет