Адам денсаулығы оның негізгі байлығы,сонымен бірге әрбір жеке адамның денсаулығы адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады



бет4/4
Дата09.06.2016
өлшемі284.5 Kb.
#125428
1   2   3   4

Семіздікке қарсы жаттығулар.Семіздік-организмде зат алмасуды бұзып,артық салмақ жинаған кезде пайда болатын жайттардың бірі.Оған қарсы қолданатын емдік жаттығулардың негізгі мақсаттары,денеде тотығу-қышқылдану үрдістерін үдету,жүрек-өкпе жұмыстарын жақсарту,ішек-қарынның ас қорыту қызметін арттыру,қуаттың көп мөлшерде бөлініп шығуына ықпал жасау.Жалпы қимыл-қозғалысты көбейтіп,дене салмағын кеміту.

Семіздік тек дене сұлулығын кемітіп қоймай,әрі түрлі ауруларға душар етеді.Соныңішінде жиі кездесетін-қан қысымы жоғарлайтын ауруға шалдығу.Бұл екі аурудың арасында өте тығыз байланыс бар.Ол-денеде көп мөлшерде тұз бен майдың байлануы.

Сондықтан қан қысымы ауруынан сақтану үшін де артық салмақтан құтылған жөн.Арықтаудың екі жолы бар.Біріншісі-дене шынықтырумен айналысу,екіншісі –тамақтану мәдениеті,яғни емдәм сақтау.Семіздікке емдік жаттығу екі кезеңде қолданады.Біріншісі науқас адам дене тәрбиесіне өзін үйретеді.Онда ертемен жаттығу жасап таза ауада жүріп өзіне өзі массаж жасайды.

Осындай дене тәрбиесіне үйренген соң ақырындап екінші кезеңге өтеді.Мұнда бұрынғы жаттығуларға қоса он километр жазықтықта жүреді,баяу жүгіреді,суда жүзіп,шаңғы теуіп,әр түрлі ойындарға қатысады.Семіздік тек мешкейліктен болса,онда жаттығулар ширақ,жылдам,дененің ірі бұлшық еттеріне,қарынға тиімді етіп жасалады.

Шамамен жүз,екі жүз метр жайлап жүгіру,арасында аяңдап қойып,30-60 минутқа созу керек.Семіздіктің қандай турі болса да мына жаттығуларды жасаған пайдалы.Дене жаттығуларын алғашқы күндері жәй жылдамдықпен,кейін орташа жылдамдықпен өткізген жөн.

1.Шалқадан жатып,бір-екі дегенде екі қолды жоғары көтеріп,созы-лып демді ішке алу,3-4 дегенде қолды төмен түсіріп,демді сыртқа шығару.Бұл жаттығу орташа ырғақта,5-6 рет қайталанады.

2.Жатқан қалыпта терең тыныс алу,тізені бүгіп ішке тигізгенде демді сыртқа шығару.Бұл екі аяқпен кезек орындалады.6-7 рет қайталанады.

3.Жатқан қалыпта қолды шынтақтан бүгу,жұдырықты қатты түйіп,аяқтың басын иіп,терең дем алу.Бастапқы қалпына келгенде демді толық шығару,жылдам қарқынмен 6-7 рет жасалады.

4.Жатқан қалыпта қолды екі қапталда ұстайды.Құшақ жайып терең дем алу тізені бүгіп,кеудеге жинап демді шығару.Екі аяқпен бірдей,баяу ырғақпен орындалады.5-6 рет қайталаған жөн.

5.Екі қолды қапталда ұстаған бойда отыруға тырысу.1-2 дегенде отыру,3-4 дегенде алғашқы қалыпқа келу.Асықпай бірқалыпты ырғақпен 4-5 рет жасау керек.

6.Отырған қалыпта,қолды шынтақпен бүгіп,иық буындарын алға және артқа қарай айналдырып қозғайды.Екі қолмен бірдей орташа жылдамдықпен жасалады.

7.Түргеліп тұрып орындықтың арқасынан ұстап жүреден отырып-тұру.Асықпай бірқалыпты ырғақпен орындалған жөн.

8.Оң жамбасты орындыққа немесе қабырғаға сүйеп тұрып,сол аяқты алға артқа сермеу.Екі аяқпен мейлінше жоғары сермеу керек.

9.Түргеліп тұрып қолды жоғары көтеріп,басты алға тастап,қолды төмен түсіріп,еденге жеткізеді.Баяу қарқынмен дұрыс дем алуды қадағалайды.

10.Тізені жоғары көтеріп бөлме ішінде жәй жүру.Сабырлы ырғақпен 30 секунд жасалады.

11.Қолдарды алма -кезек көтеріп,қалыпты қадаммен асықпай және шапшаң жүру.Мұнда дем алуды қадағалау керек.30 секундтай.

12.Қолдарды жоғары көтеріп,терең дем алып жүру,қолды түсірген кезде демді сыртқа шығару.Асықпай ырғақты түрде жасалады.25-30 секунд.

13.Түргеліп тұрып,қолды мықынға тіреу,алма- кезек оңға солға қисаю,баяу қарқынмен 4-5 рет жасалады.

14.Сәл еңкейіп тұрып,қолды қабырғаға сағаттың маятнигіндей тербелту.Денені бос ұстау керек.

15.Бөлме ішінде асықпай жүру.Еркін дем алу қажет.

Жаттығу жасамас бұрын дәрігерге барып,жүрек-қан тамыр жұмысын айқындап алу керек.Ол ЭКГ немесе велоэргометр арқылы біледі.Мұның өзі дене шынықтырудың қандай түрімен,жаттығулар жинаған қалай орындау керектігін анықтап береді.Егер ондай тексерулерден өтуге мүмкіндік болмаса,онда тамыр соғу жиілігін анықтау арқылы өз мүмкіндігін білуге болады.

Мысалы он секундтағы тамыр соғу жиілігін жаттығулардан кейін бірден анықтайды.Бұл жүрек соғуының ең жоғарғы көрсеткіші.Мұ-ны есептеу үшін әркім 180-нен өз жасын алып тастайды.Жаңадан ауырған адамдар үшін жүрек соғуы ең жоғарғы көрсеткішінің 60-65-тен аспағаны абзал.Мысалы 40 жаста 140 болады(180-40=140).Ал жатттығулар жасалып болған соң он минуттың ішінде тамыр бастапқы қалпына келуі керек.Олай болмаған жағдайда бер-ілген жаттығуларды азайтып немесе қарқынды баяулату керек.

Өз бетінше гимнастикамен айналысқан адамдар арнайы күнделік жасап,өзінің жай-күйін,салмағын,тамыр соғуының жиілігін жазып отырғаны дұрыс.Жаттығулар нәтижесі тек оның қарқынында емес,ұзақтығы мен реттілігі,мөлшеріне тікелей байланысты.Бастап-қы төрт аптада күнара жаттығу керек.

Бірінші аптада-10минут,екінші аптада-15-20 минут,үшінші аптада-20-40минут,ал ешбір қиындық болмаса төртінші аптада-40-60 минутқа дейін ұзартуға болады.Әрбір жаттығу алдында бойды жазып,5 минуттай белгілі оңай жаттығуларды жасайды.

Дене тәрбиесін орындағанда адамның төзімділігі мен жұмысқа қабілетін арттыру қажет,ол үшін организмге барынша көп мөлшерде оттегін енгізу керек.Бұл-жаттығулардың ең үлкен мақсаты.Бұл көрсеткіш өсу үшін адам үнемі спорттың бір түрімен айналысуға тиіс.Мәселен жүгіру,шаңғы тебу,суда жүзу,велоспорт-тық,жылдам жүгіру.Осылардың біреуін сайлап алып,үзбей айналысса нұр үстіне нұр болады.

Жаттығулардың спорттың қандай түрінен болса да адам ләззат алып,өзін сергек сезінуі керек.Тек сонда ғана бойдағы артық салмақтан құтылып,гипертония қант диабеті,подагра сияқты зиянды аурулардың алдын алуға болады.

Толық адамдарға жазда күн астында көп жатып қыздырынуға болмайды.Ол қан айналымын өзгертіп,миға,жүрекке зақым келтіреді.Қандай ауру болса да дене тәрбиесінің зияны жоқ,тек ретімен дұрыс пайдаланса болғаны.

Дене шынықтырудың басты ерекшелігі.Дене шынықтыру дегеніміз-кез келген физикалық жаттығу.Оның белгілі заңдылықтары мен принциптері болады.Осы принциптер мен заңдылықты сақтай отырып,адам айналаны қоршаған,сыртқы орта факторларының зиянды әрекетіне қарсы тұруы. Дене тәрбиесімен Ресей халықтары көне заманнан бері айналысқан.Орыс деревняларында ыстық моншаға түсіп,оның буына қаныққан адамдар далаға шығып қарға аунап,қайтадан ыстық суға шомылып өз денсаулығын сақтаған.Қазақтарда күндіз-түні далада мал бағып,денесін үнемі шынықтырып жүрген.Әдетте шынықтыруды ағзаның суыққа деген төзімділік тұрақтылығының деңгейі деп кейбір ғалым-физиологтар мен медиктер түсіндіреді.Өйткені ең алдымен тыныс жолдары қабынып,мұрыннан үздіксіз су ағады.Ағзаның температурасы кенеттен жоғарлайды.Алайда шынығуды тек дерттің алдын алудың тәсілі деп түсінудің қажетті жоқ,сондай-ақ,ағзаның қорғаныс қасиетін жоғарлататын және сан алуан климаттық жағдайларда қызмет етуге қабілеттіліктің төмендеуі деп түсіну керек.

Белсенді түрде қимыл жасаған адамдардың денсаулығы артып,өмірі ұзара түсетіні ғылыми тұрғыдан да практика жүзінде де дәлелденген.Дене жаттығуларының әсерінен бұлшықеттерде едәуір өзгерістер болады.Егер де бұлшық еттер ұзақ уақыт қозғалыссыз күйде болған жағдайда,бұлшық ет әлсізденіп,балбырап,көлемі кішірейіп,немесе ісінеді.Дене жаттығулары,олардың көлемін ұлғайтып,немесе қалыпқа келтіріп ыңғайлайды.Денсаулық күшейіп,өмір сүру артады.Мұның бәрі өмір тәжірбиелерінен алынған қағида.

Дене жаттығуларымен айналысқан шақта,көптеген қан жүретін түтікшелер кеңейіп,қан жақсы айналым жасайды.Каппиллярдың саны мен сапасы артады.Өйткені жаңажан каппиллярлар түзіледі.Әсіресе мидың қан жүретін капиллярі кеңейіп,қан айналымы күшейеді.Адамның миы өте қарқынды түрде ой қызметін атқарады.Бас ауырмайды.Ұлы физиолог И.М.Сеченов ми дамуы үрдісінде бұлшық ет қозғалысының маңызды екенін талай рет көрсеткен.

Жаттығу кезінде оттек тұтыну деңгейі кенет көтеріледі.Өйткені бұлшық ет жүйесі қаншалықты жұмыс істесе,соншалықты жүректе әлеуметті түрде функциялар атқарылады.Дене шынықтырумен,сп-ортпен айналыспайтын адамдардың бұлшық еттері әр бір жиырылған сайын,қоқа тамырға 60мл мөлшерінде ғана қан жүректің сол жақ бөлімінен лықсып шығаратын болса,белсенді қимыл жасап жаттыққант адамдарда жүрек минутына 70-80 рет жиырылады да 100-150мл қанды ығыстырып денеге таратып тұрады.

Дене жаттығулармен айналысқан адамдардың жүректері минутына 70 рет жиырылады,ал спортшыларда +30-40-тан аспайды.Жаттықан адамдардың жүрегі үнемді және ұтымды жұмыс жасайды.

Дене жаттығулары өкпенің тіршілік сыйымдылығын арттырады.Қабырға араларындағы еттер қарқынды жетіліп тыныс алуды күшейтеді.Денедегі шеміршектердің икемділігін арттырады.Дем алудың минуттық көлемі қалыпты жағдайда 8-10л мөлшерінде ал тәулігінде адам өкпесі 12-15мың л оттекті қабылдайды.Марафон жүгірісімен шұғылданатын спортшы минутына 160л ауа жұтады.

Дене шынықтырумен айналысу зат алмасудың барлық үрдісін жақсартатыны сөзсіз.Зәр шығару үрдісі көбейе түседі.Қан айналымы,ми айналымы күшейеді.Қандайда болмасын,дене жүктемесі-склероздық өзгерістерді болдырмайды.Дене жаттығу-лары адамдардың психикасына да үлкен әсерін тигізеді.Адамның психикасы жақсарғаннан кейін,оның жүйке жүйесіінің күш-жігері артады.Ішкі сілкініс бездерінің жақсы жұмыс істеуіне мүмкіншілік туады.Адам ағзасына жағымды эмоциялық құбылыстардың болуына әсер етеді.Дене шынықтырумен айналысуды бастайтындар үшін,көптеген әр түрлі дене шынықтыру жатттығуларының мол жиынтығының арасындағы ең бірінші орынға шығаратындары:сау-ықтыру жүріс,аэробика,шейпинг,туризм,ерік гимнастика,тыныс алу жаттығулары.

Дене шынықтыру жаттығулармен айналысу тек қуаныш-бақыт сыйлау керек.Жаттығу ұзақтығы немесе жасамау адамдардың көңіл-күйіне қоршаған сыртқы орта факторларына байланысты болады.Дене шынықтыруды дағдыға айналдырған жөн.Тұрақты түрде дене жаттығулармен балалардың ағзасына ол дағды түрде қалыптастырып әрі қарай дами түседі.

Дене шынықтыру адамның күш-жігерін қабілетін дамытып,денсаулығын жақсартады.Денені шынықтыруға дене тәрбиесі,арнаулы ғылыми білім,спорттағы табыстар жүйесі енеді.Денені шынықтыру еңбек пен тұрмыс гигенасы,демалыс және еңбектің дұрыс режімін,сонымен бірге денсаулықты нығайтып,шынықтыру үшін күн мен ауаны және суды тиімді пайдалану тәсілдерін қамтиды.

Денені шынықтырудағы мазмұны мен қолдану әдістері қоғамдық қатнастардың өзгеруіне тікелей байланысты.Республикамызда көптеген дене шынықтыру орындары бар.Экономикалық жағдайымыз жақсара түсуіне байланысты дене шынықтыру орындары жылдан- жылға көбейе түсуде.Өйткені спортқа деген құмарлық өте көп.Осыған орай Қазақстан Республикасының әрбір дене шынықтырумен айналысқан азаматы міндетті түрде мемлекет тарапынан қолдау табады.

Қазақстан Республикасында дене шынықтыру кадрларын дайын-дайтын университет бар.Бірнеше техникумдар мен арнайы факультеттер жұмыс жасайды.Мемлекетіміз дене шынықтыру ұйымдары халықтар,федерациялармен,олипиядалық ұйымдармен тығыз байланыс жасап отырады.Елімізде қандай да болмасын қиыншылық болғанымен,дене шынықтыру жұмысын күн тәртібінен бірде-бір уақыт тыс қалдырған емес.

1,8 Тиімді тамақтану тәсілі.

Тамақтану-өмірді,өсіп-өнуді,денсаулық пен адамның қызметіне деген ұтымды тәсіл.Ағза тамақ және сыртқы орта бірімен-бірі тығыз байланысқан.Тамақтану арқылы әрбір адам өзінің денсаулығын сақтап өмірін ұзарта алады.Жүйелі түрде тамақтанудың принциптерін толық білу керек.Өзінің қалыпты салмағыңды біліп,оны бір қалыпты тұрғылықты сақтау қажет.

Ұтымды тамақтану-ол жасушалар құрамына қажетті заттар мен ағзаны қамтамасыз ететін қуат,қимыл және тағы басқа қажеттілігін өтейтін,заттар алмасуын қажетті деңгейге ұстайтын тағамдарды пайдалану.Жүйелі түрде тамақтанудың негізгі элементтері мына төмендегідей:

1.Тәуліктік қоректік заттардың ара қатнасының үйлесімді баланс-ын сақтау.

2.Дұрыс тамақ ішудің тәртібі,рациональды тамақтану-ол тамақтың қуатты мен сапалық химиялық құрамын қоректік заттардың деңгейлік ара қатынастарының тұрақтылығын,қорытылуын және гигеналық жағынан тазалығын ескертуді қажет етеді.

Академик А.А.Покровскийдің жасаған классификациясы бойынша теңестірілген тамақ -энергетикалық жағынан бағалы,тағамдағы энергия адам ағзасының жұмсаған энергиясына сайма-сай келуі.

Тәуліктік тағам құрамында қоректік заттар теңестірілген түрде болуы керек.Тағам құрамындағы белоктардың,майлардың және көмірсулардың арақатынасы(1:1:4)болуы қажет.Айырбасталмайтын амин қышқылдарының витаминдердің арақатынасы теңестірілген жөн.Тағам ішіндегі компонентердің ағзаларға сіңірілуі тамақ ішу режиміне байланысты.Ішілетін тамақтың мөлшері адамның бойына және салмағына сай келуі керек.Егер біз дұрыс тамақтанатын болсақ,онда еске сақтау қабілетіміз артып,денеміз сауығып,көңіл-күйіміз көтеріле түсетіні белгілі.Қандайда аура болмасын,біз олардың алдын алар едік.Дұрыс тамақтанған адамзат баласы 100-120 жыл жасар еді деп жазады Дж Гласс өзінің әйгілі еңбектерінің бірінде баяндайды.

Органикалық және минералды заттардың физиологиялық мөлшер және тағамдағы қоректік заттардың маңызы.Тағамдардың негізгі құрылысын жасайтын химиялық қосылыстарға:майлар,көмірсулар,

Витаминдер,белоктар,амин қышқылдары,минералды элементердің тұздары мен суды жатқызамыз.Тағам денсаулық кепілі.Белоктың физиологиялық мөлшері ер адамдар үшін күніне 82-118 г,әйелдер үшін 72-87 гфизикалық ауыр жұмыс істейтін адамдарға 6-8 г белок артық беріледі.Ал, балаларға қажетті белоктардың мөлшері 6-кесте бойынша түсіндіріледі.



Майлар.Тағам құрамындағы майлар энергияның қайнар көзі.1г май ыдырағанда немесе тотыққанда 9,3ккал энергия бөлініп шығады.Адам ағзасында май көп жиналады.Әсіресе нерв жүйелерін ұлпаларында май өте көп мөлшерде болады.Өйткені нерв жүйелеріне жүктеме көп түседі.Ағзада майлар жетіспейтін болса,онда ағзадағы иммунитет жойылады.Нерв жүйелерінің қызметі нашарлап,адам ауруға шалдығады.Ішкі органдардың қызметі бұзылады.Ал мал майлары ағзаға көп келетін болса,онда жақсы нәтиже бермейді.Зат алмасу үрдісі бұзылып,адам ағзасында бірнеше қатерлі склероз дерті пайда болады.Өсімдік майларын мөлшерден көп пайдаланғанда,жасушаның биологиялық мембрана-лары бұзылып,адам тез қартайып,бетте әжімдер пайда болады.Май-ды тәулігіне 80-100г,оның ішінде 25-30г өсімдік майы,30-35 сары май,қалғаны тоң май болуы қажет.

Көмірсу.Адам өмірінде айырықша тіршілік рөлін атқарады.Көмір-сусыз жер бетінде тіршілік иелері пайда болмайды да және дамы-майды.Тағамдардың ең негізгі бөлігін құрайды.Адам ағзасының физиологиялық мөлшері болады.Ол үшін адам 247-602 көмірсулар-ды пайдалану қажет.Дене шынықтырумен айналысқан немесе өте ауыр физикалық жұмыс істеген адамдар,көмірсуларды көп мөлшерде пайдаланады.Ағзаға ауыр жүктеме түскенде,көмірсулар биологиялық жолмен жанып кетеді.Өйткені ағзаға энергия қажет.Әйел адамдар ерлерге қарағанда көмірсуды аз мөлшерде пайдаланады.

Көмірсу тәулігіне 400-500 г болу керек,оның ішінде крахмал-70%,қант-20%пектин заттар-3%,ішіп жейтін тамақтардың калория-лық қуатын анықтап отыру керек.Ағзаға көмірсулар өсімдіктерден өндірілетін азық-түлік арқылы келіп түседі.Олардың ең маңыздысы крахмалдар.Олар астық дәндерінде және картопта көп болады.Қанттардан адам ағзасында гликоген түзіледі.Гликоген орталық нерв жүйесін реттеп тұратын органикалық қосылыс.Ол ағзаға-бауырда жиналады.Мөлшері үнемі өзгеріске ұшырап отырады.Кейбір кездерде гликогеннің мөлшері көбейіп,кейде азаяды.Қантты мүлде жемей қоюға да болмайды,азғантай мөлшерде жеп отырған жөн.Көп жеген жағдайда адам толып,өмір жасы қысқарады,ағзаға май жиналып атреосклерозға ұшырайды.Жас кезде күніне 100 г қант жеуге болады,40-тан асқанда күніне 50-60 г қант пайдаланған дұрыс.



Витаминдер.Химиялық табиғаттың әртүрлі органикалық заттар-дың жиынтығы.Витамин латынша vitamin-тіршілік амині деген мағынаны білдіреді.Олар тағамдық заттармен организмге түсіп,зат алмасуға,организмнің өсіп-өнуіне әсерін тигізеді.Организмнің қорғаныштық қабілетін арттыруда витаминдердің атқаратын міндеті зор.Егер тамақтану дұрыс жолға қойылмаса,яғни күнделікті пайдаланатын тағамдарымызда организмдерге қажетті витаминдер мөлшері жеткіліксіз болса,онда организм әлсіреп,ол әр түрлі ауруларға шаодығады,оның өсіп-өнуі мен жетілуі нашарлайды.Ви-таминдер сол сияқты,жоғарғы дәрежелі өсімдіктер мен микроорган-измдердің қалыпты өсуі мен дамуы үшін қажетті заттар.Организмге тағамдар арқылы келіп түсетін белоктардың,майлардың,көмірсу-лардың,минералды тұздардың алмасуын жылдамдататын және реттейтін де осы витаминдер.

Соңғы кезде витаминдерді классификациялап үлкен 4 топқа бөледі:

1.Алифатикалық витаминдер (аскарбин қышқылы)

2.Алициклді витаминдер.

3.Ароматикалық витаминдер.

4.Гетероциклді витаминдер.

Қазіргі кезде 30-дан астам витаминдердің түрлері ашылды.Суда еритін витаминдер ферменттердің простетикалық топтарының құрамына кіреді.,сөйтіп,олар ферменттердің активтілігін жоғарлатады.Бірақ витаминдерді көп мөлшерде пайдалану гипервитаминоз құбылысының тууына әкеледі.Тамақ азықтарында,дәрі-дәрмектік өсімдіктер мен басқа да заттардың құрамында кездесетін витаминдердің түрлі түсті сапалық реакциялар көмегімен ашуға болады.Әдетте дене жаттығулары организмнің витаминдерге деген қажеттілігін арттыра түседі.

Минералдық тұздар.Тұзды аз пайдалану мен сұйықты ішуді шектеу-салмақты азайтудың аса тиімді тәсілі болып табылады.Өйт-кені осылай шек қоюдың нәтижесінде де 8-10 кг салмақ жоғалтуға болады.Семіз адамдар тамаққа тұз салғанда шектеп,оның мөлшерін тәулігіне 5 г асырмау тиіс.тамақты тұзсыз әзірлеңіз,тек ас алдыңызға келгенде ғана аздап тұз салыңыз.Тұзды тамақ адамды шөлдетеді,оның үстіне организмде сұйықтың жинақталуына ықпал етеді,сөйтіп салмағын одан әрі арттырып жібереді.Салмақ алғашқы 3-4 аптада ғана осылай күрт азаяды,одан кейінгі кезеңдерде тәжірбие көрсеткендей,адамның арықтауы қиындайды,салмақтың азаю процесі өте баяу жүреді.Содан барып кейбіреулер арықтаудың қиын екендіктеріне көздері жетіп,түңіледі,соның салдарынан диета сақтауды тоқтатады.

Тамақты мөлшерден артық ішу ағзалардың май қорын көбейтіп жіберіп,денсаулыққа зиянын тигізеді.Ағзаның салмағы жоғарлай-ды-ағзада артық май қоры жиналады.Денсаулық үшін бұл құбылыс пайдалы деп айта алмаймыз.

Артық ағза салмағы-гипертония,қант диабеті,жүрек-қан тамыр аурулары,қоректен семіру-тағы да басқа көптеген аурулардың пайда болуына себепкер болады.Өмірге қатерлі факторлардың қатарына талапсыз кіре алады.

Артық ағза салмағы-адам мөлшерінен көп алған кезде,яғни ағза салмағы тиіс салмағынан асып кеткен де байқалады.Сондықтан да қалыпты ағза салмағын сақтау-денсаулықтың негізгі қайнар көзі.Ол 7 принциппен анықталады.

1.Тағамның түр-түрін пайдалану.

2.Салмақты тұрақты бір қалыпты сақтаудың қажеттілігі

3.Тағамның құрамында холестерин мен майы көп заттар болмау керек.

4.Қантты аз пайдалану.

5.Ас тұзын және тұзы көп тағамдарды көп ішіп-жемеу.

6.Жеміске,көкөніске бай және дәмді өсімдіктерден дайындалған өнімдерден тұратын тағамдарды көбірек пайдалану.

7.Егер арақ-шарап,сыраға көңіліңіз ауса шамалап қана ішуге болады және қалыпты массаны сақтап тұру қажет.

Адам тәулігіне қанша тамақ ішу керек? Бұл сауалға дұрыс жауап беру үшін ең алдымен лайықты тамақтану теориясына тоқталайық..Организмнің өсуі мен жасушалардың үнемі тұрақты түрде жаңарып тұруына қажетті тамақ,яғни қуаты мен құрылыс материалдарына деген қажеттілік адамның жасына,жынысына,бай-ланысты.Сонымен адам 1тәулікте ішкен тамағынан бойына қаншалықты қуат алса,соншалықты қуат шығындауы да қажет.Олай етпеген жағдайда артық іщкен тамақтың зардабы көп ұзамай-ақ біліне бастайды.

Біз толық тыныштық сақтаған күннің өзінде тәулігіне 1200-1800 килокалория жоғалтамыз.Мұншалықты энергия жүректің соғысы-на,өкпе мен ішектің қозғалысына,организмнің басқа да функция-ларын орындауға жұмсалады.

Егер сіздің еңбегіңіз көп қозғалуды талап етпесе,отырып еңбек ететін болсаңыз,онда да тәулігіне 2500-2800 кк энергия жұмсайсыз.Ал дене еңбегімен айналысатын адам бұдан әлдеқайда көп энергия жұмсайтындығы белгілі.

Ана сәбиін қалай қоректендіретінін есімізге түсірейік.Әдетте ана нәрестесін кез келген уақытта емес,сағат пен тамақтандырады.Сөй-тіп Нәрестесін режимге үйретеді.Соның нәтижесінде баланың бойында уақытқа деген шартты рефлекс пайда болады,яғни өзін емізетін белгілі сағаттарда қарын сөлдерін бөліп шығара бастайды.Нәресте дәл осы сөл бөлінген кезде емсе,емген сүтін жақсы қортады.Бала есейе келе анасы оны мезгілінде тамақтан-дыруды ұмыта бастайды,режимді бұзады,жұмыста жүреді,бала өзі мен өзі қалады.Тамақты кейде ішеді, кейде ішпейді.Балаға қауіп осы арада туады.Күні бойы шала қоректенген сәби анасы келген кезде қомағайланып,артық тамақтанады.Көшеде,автобуста,дүкенде нан жеп,тәтті сорып жүрген балаларда аз емес.Осылай беймезгіл,режимді бұзып,көрінген жерде тамақтану салдарынан домаланып семіріп кеткен балаларды да жиі кездестіреміз.

Семіз балалардың организмдерінде зат алмасу бұзылады,ауруға қарсы тұратын қабілеті кемиді,мұндай балалар жиі-жиі сырқаттанады.Кейбіреулердің түсінігіндегі баланың толықтылығы-оның денсаулығының мықтылығы деген түсінік мүлдем қате.

Тәбетпен өз мезгілінде ішпеген және жүре жүріп ішіп жеген құрғақ тамақ ас болмайды.Тамақты қарныңыз ашқан кезде ішкеніңіз жөн.Өкінішке орай,тойып,тамақ кеңірдегіне келгенше іше беретін адамдарда бар.Мұндай жағдайда қарын сөлі қажетінен артық,3-4 есе көп бөлінеді,Артық ішкен астың қарынға тусіретін қысымы молаяды.Соның салдарынан мешкей адамның мазасы кетіп,іші ауырады,қарны сыздап әлек болады.

Таңғы,түскі,кешкі тамақ аралықтарындағы уақытттардың маңызы бар ма?

Ғалымдар мынадай ғылыми тәжірбие жасаған.Тұлғалары,жастары бірдей екі ер жігітке бір уақытта бірдей мөлшерде тамақ берген.Тек біреуі өзіне тиісті тағамды бірден ішіп қойған да,екіншісі оны 3-4 рет ішетін болған.Сондағы нәтиже өзіне тиісті тамақты отырған жерінде түгелдей ішіп қоятын жігіт тез семіріп,оның үстіне тамақты бірден көп ішкендіктен,денсаулығы нашарлаған.

Ішкен астың қорытылып,бойға сіңуі мен қоректік заттардың тотығуы тәуліктік биологиялық ырғақтарға сәйкес келетінін де есте ұстаған жөн.Сол себептен де түнге қарай,ұйқы алдында ішкен ас нашар қорытылады,майлар зат алмасу процесі арқылы толық пайдаланылмай,денеге жинала береді.

Тамақ ішкен уақытта бәрін,әсіресе көңілге қаяу түсіретін жайларды ойламаған,әңгімелемеуге тырысқан жөн.Ас ішіп отырып газет,журнал,кітап оқуға болмайды.біріншіден,бұл жай тамақ ішуге кедергі келтірсе,екіншіден дастарқанда өзіңізбен бірге отырған адамдарға ұнамауы мүмкін.Тамақты асықпай,мұқият шайнап жұтқан дұрыс.Жақсы шайналған ас бойға да жақсы сіңеді,асқазанға да күш түсірмейді.

Тамақты көп ішкен адамның бәрі семіріп кетеме?Өз салмағыңызға бақылау қоймасаңыз да аса толып кетпейтіндігіңізге көзіңіз жетеме?Әрине жетпейді,өйткені семіз адамдардың 70% бұл ауруға тамақты көп ішкендіктен тап болған.Егер күніне өзіңізге қажетті килокалорияны 200 ккалға арттырып отыратын болсаңыз,жылына 8 кг салмақ қосады екенсіз.Мұны да ескерген жөн.

Тамақты көп ішу мен аз қозғалу заманымыздың қасіретіне айналып отырғаны рас.Тамақтан алатын энергияның көптілігі де аздығы да ағзаға зиян.Дені сау адамдар калориясы төмен тамақты ұзақ уақыт ішсе,әлсірейді,шаршай береді,басы айналады,ауруға шалдығады.

Ұзақ уақыт ашығу пайдалы деген сөз барынша қате,физиологияға қарсы ұғым деп білу керек.ашыққан адамның көңіл күйі күрт өзгереді.Ересек дені сау адамдар екі апта ашықса,организмнің адаптациялық реакциялары төмендейді,аз қозғалуға тырысады,ой-ын ешнәрсеге тұжырымдай алмайды,қабілеті нашарлайды.Соған қарамастан ашығу жалғаса берсе денедегі жасушалардың өлуі артады.Соның салдарынан организмде қайтып қалпына келмейтін өзгерістер кезеңі туады.

Ашықан кезде оргнаизм жасушалары тазарады,организм қалдық-тардан арылады деген жансақ пікір бар.Дені сау адамдарда зат алмасуынан қалған улы заттар болады,ондай зиянды элементтерді бауыр қаннан «сүзіп»алып,жойып отырады.Ал ашыққан кезде зат алмасуы едәуір бұзылады,сөйтіп біз ашығу арқылы денемізді тазартамыз деп ластап аламыз.

Тағы да бір шектен шығып жүрген жағдай бар.Ол-рационға тағамның тек белгілі бір түрлерін ғана енгізіп,басқаларын толық шығарып тастау.Бұл бағытты ұстанушылар Жапонияда микробио-тиктер(ұзақ жасаушылар) ілімін қалыптастырады.Олар тамаққа дәнді дақылдарды ғана пайдалану арқылы ұзақ жасауға бел байлаған.макробиотиктер сүт пен ет өнімдерін тамақ деп мойындамайды,содан барып организдеріне көптеген қажеттізаттар жетіспеуде.Бұл әдісті пайдаланушылардың арасында қырқұлақ пен рахит(мешел) аурулары көбейуде.Себебі бұлардың тамақтарында «С»және «Д» витаминдері жетіспейді.Дегенмен,семіздіктен құтыламыз деп ауыздарына ботқадан басқаны алмайтын адамдар да табылады.

Семіздік бала кезден басталады.Сол себептен балаңызды дастар-қаннан уағында тұрып кетуге үйретіңіз,бір жапырақ нан мен бір тал тәттіні артық жеуге үйретпеңіз.Семіздік қандай себептен пайда болса да,оған қарсы күресу үшін тамақтың калориясын азайту керек.Соның нәтижесінде организмде энергия тапшылығы пайда болады да денеге жиналған артық май жана бастайды.Осыдан бастап адам арықтайды.Қарынның қатты ашуы адамды қуанышты көңіл күйге бөлей қоймайды,сол себептен тамақты аз-аздан аштықты басу үшін ғана күніне бірнеше рет ішкен жөн.Тамақты бөліп-бөліп жиі ішкен адамның қарны ашпайды,оның үстіне аз-аздап ішкен жағдайда ас қорыту органдарының қызметіне де қосымша энергия жұмсалады,бұл қосымша жұмыстан да адамның салмағы азаяды.

Айына 1-1,5 кг салмақ жоғалтсаңыз,әбден дұрыс болады.Көздеген мақсатқа жеткен жақсы,бірақ асықпаңыз.Қозғалыс қимыл аз қазіргі кезде мүмкін болған жерде қимылдай беріңіз.Бұлшық етттеріңізге күш түсірудің басқа да ондаған жолдарын іздестіріп табуға тырысыңыз.Пәтеріңізден шыға салып лифтіге мінбеңіз,көп жүруге тырысыңыз.

Бала кезде негізгі қаланған тамақтану әдеті өмір бойы сақталатынын ескере отырып,семіздіктің профилактикасын,сақтық жұмыстарын,тиімді тамақтану тәсілін сәбилік шақтан,мектеп қабырғасында үйрету қажет.Сонымен бірге денсаулықтың тамақ ішудегі қанағатшылдық пен белсенді қимылдың арасында да үзілмейтін үйлесім мен байланыс барын есте ұстанған жөн.

Балалар мен жас өспірімдерге қажетті белоктардың,майлардың,

көмірсулардың физиологиялық мөлшері(күніне грамм есебімен)

6-кесте бойынша.





Жасы, жылмен есептегенде

Белоктар

Майлар

Көмір-сулар.



Барлығы

Олардың ішінде малдардың белоктары.

Барлығы

Олардың ішінде өсімдік майлары.

7-10

80

48

80

25

324

11-13

96

58

96

18

382

14-17
















Жас өспірім ер балалар.

106

64

106

20

422


Жас өспірім қыз балалар.

93

56

93

20

376









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет