Адам денсаулығы оның негізгі байлығы,сонымен бірге әрбір жеке адамның денсаулығы адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады



бет2/4
Дата09.06.2016
өлшемі284.5 Kb.
#125428
1   2   3   4

Клиникалық көріністер.Семіздіктің түріне байланысты,алинмен-тарлық дене бітімдік семіздіктің I-II сатысы кезінде науқастың шағымдары болмауы мүмкін.Ал III-IV сатысында физикалық күш түскенде ентігу,тез шаршау,жүрек соғу,жүрек тұсының ауыруымен

Аяқтардың ісінуі т.б шағымдар пайда болады.

Семіздіктің екіншілік түрлерінде негізгі аурулардың шағымдары-ның басым болуы мүмкін.Гипоталамустық семіздік-гипоталамус аймағының зақымдануынан пайда болады.Семіздіктің бұл түрінің сипаттамасына дене салмағынның тез артуы асқа тәбеттің қатты артуы,бас миының зақымдануын көрсететін неврологиялық симтомдардың пайда болуы жатады,оған кейде ұйқышылдық және жыныс бездерінің қызметтінің бұзылуы қосылады.Семіздіктің бұл түріне адипозо-гениталды семіздік,Морганьи синдромы жатады.

Эндокриндік семіздік басқа эндокриндік ауруларға серіктес болып келеді (гипотиреоз,климакс,бүйрек үсті бездерінің аурулары).Нау-қастарды қарап тексергенде,құрсақ пен санның ішкі жағындағы терісінде күңгірт қызыл түсті сызықшаларды байқауға болады.Семіз адамның іш пердесі жоғары орналасқандықтан,брон-хиттер мен пневмониялармен жиі ауырады.Өкпенің гиповентиля-циясы,бас миының гипоксиясы дамып,ол тыныс ырғағының ретсізденуімен және патологиялық ұйқышылдықпен көрінуі мүмкін (Пиквик синдромы).Семіз науқастардың артериялық қан қысымы жоғарлауға бейім.Қыжылдау,іштің кебуі сияқты шағымдары болады.Дене салмағы артық адамдарда шап және кіндік тұсында жарықтар жиі кездеседі.Әйел адамдардың етек кірі бұзылады,ер адамдардың жыныстық жігерлігі төмендеп,сүт бездері ұлғаяды.Семіз адамдарда қан қысымының көтерілуі 3-4 рет,жүрек ишемия ауруы 1,5-2 рет,веналардың варкиозы 2-3 рет,өт тас ауруы-6 рет жиілікпен кездеседі.20-25% науқастарда қантты диабет дамиды.

Дененің майлылығын қалыпты,арық ,семіз деп үшке бөлеміз.Дене-нің семіздігін кіндіктің және жауырынның төменгі жағындағы тері асты май қабаттарының қалыңдығын өлшеу арқылы анықтайды.Қолдың үлкен және сұқ саусақтармен терінің және тері асты майының 5 см көлемі жиырылады.Арық адамның терісі мен тері асты майының аздығынан саусақтардың ұштары бірін-бірі оңай сезеді,саусақтың астында бұлшық еттің және сүйектердің қырлары анық байқалады.Адамның толықтығы қалыпты болғанда теріні саусақтарға жинау қиынға түспейді,саусақтар бірін-бірі сезінеді.Бұлшық еттер мен сүйектердің қырлары анық көрінбейді.Семіз адамның терісін саусақтардың арасына жинау қивнға соғады.Сүйектер мен бұлшық еттердің қырларын ұстау өте қиын.Тірек-қимыл аппаратын зерттеу барысында сұрастыру арқылы буындардағы зақымды,қозғалыстың нашарлығын немесе керісінше қозғалмалығын,оның шықпалы болып қалғандығы сияқты белгілерін анықтайды.Осыдан кейін әрбір буынның қозғалу көлемін тексереді.Оны арнайы циркульмен-гониометрмен өлшейді.

Сырттай бағалау арқылы дененің нормостениялық гипо және гиперстениялық түрлерін белгілейді.

Сонымен біз артық салмақ өзімізге көрік бермейтін аса қатерлі жүрек ауруларының,гипертонияның,қант диабетінің,қатерлі ісік ауруларының қуатты қоздырушысы екенін білеміз.Дүние жүзінде қезіргі кезде сауығу қозғалысы кең етек алды,соның ішінде адамдар бұл күндерді артық салмақ пен семіруге қарсы күрес жүргізуде.Шетелдік сақтық компанияларының статистикалық мәліметтеріне қарағанда,салмақ нормадан 20% артып кетсе,инфаркт пен миға қан құйылудан өлу қаупі 15-20%,диабеттен мерт болу қаупі 2-2,5 есе артады екен.Салмақтары нормадан 40% асып,семіріп кеткен адамдар арасында жүрек-қан тамыры аурулармен қайтыс болу 40-60%,рактан 5-15% көбейетін болып шықты.Бір сөзбен айтқанда,қарнымызға көз салатын мезгіл жетті,қарнымыз нормадан асып қанша жуандаса,өмір-жасымыздың сонша қысқарғандығы.Семірудің негізінде дәмдірек бір нәрсе жеуге құштарлық ,қанағат дегенді ұмыту,мешкейлік жатыр.Сол мешкейлік салдарынан біздің көпшілігіміз тамақты қажетті мөлшерден әлденеше есе көп ішеміз,жуан адамдардың арық ашаң адамдардан 10-12 жыл бұрын өлетіні ойымызға да келмейді.Тамақ ішуге өзімізге еркіндік берген кезде бір жапырақ нанның бізге 5-6 километр жерге жаяу жүріп баруға жететін энергия беретінін есімізде ұстаған жөн.

Тарихты да еске түсірген жөн болар.Мысалы ертедегі Спарта елінде жас жігіттер толып,семіре бастаса қаладан қуылатын болған.Осындай жазадан қорыққан спарталық еркектер тамақты аз ішуге,толмауға,стандарттан аспауға мәжбүр болған.Ежелгі Рим мен Афинада да арық,күшті атлеттерді жоғары бағалаған.

Біздің заманның тағы бір қауіпті көрінісі-ол жастар арасында семірушілердің көбейіп бара жатқандығы.Қазіргі кезде семіздіктен зардап шегетін еркектердің орта жасы 42,3-ке әйелдің орта жасы 38,5-ке тең.Еркектердің семіретін қатерлі кезеңдері 35-50 жастың арасы болса,әйелдердің семіретін кездері бұданда ерте болып отыр.Семірген кезде ғана емес,салмақ нормадан аздап асқан кезде дабыл қаққан,денсаулық үшін алаңдай бастаған абзал.

Қалай болса да,мейлі,терминологияны түсініп алайықшы.Егер салмағыңыз нормадағы салмақтан 9% асса,онда әңгіме семіздік жайында емес,артық салмақ жөнінде.Ал салмағыңыз мөлшерден 10% асса,онда семіргеніңіз.Семіздіктің өзін ауырлығы бойынша бірнеше дәрежеге бөледі.Семіздіктің бірінші дәрежесінде салмақ нормадан 10-20%,екіншісі 30-40%,үшіншісінде 50-99%,төртінші-сінде 100%,тіпті оданда ары асып кетуі мүмкін.

Семірудің негізінде не жатыр? Сөз жоқ, энергетикалық дисбаланс.

Тепе-теңдіктің бұзылуына екі түрлі себеп бар.Ол-тамақсаулық және аз қимылдау,жалқаулық.Темекі тарту,арақ ішу,тұқым қуалаушылық

есірткіге әуестілік,инфекцилық аурулар семіздікке ұрындырады.

Екіқабат әйел немесе емшекте баласы бар ана мешкейлікке салынса семіріп кетеді де,ол бұл ауруынан айыға алмайтын болады.Сөйтіп денсаулығын бұзады.Бұл есте ұстайтын жай.

Май басу немесе семіздік азғын,орташа және семіз деп үшке бөлінеді.Азғын немесе қағылез адамның жауырыны,білезік бөлігі,балтыр сүйектері мен табан сүйектерінің бедері тері астынан айқын білініп тұрады.Орташа май басқанда сүйектердің бедері онша білінбейді.Семіз немесе май басқан адамда денесі жұмырланып,мықын бөлігіндегі,санның жоғарғы бөлігіндегі және балтыр бөлігіндегі май қабаты қалың болады.Дене шынықтырумен шұғылданатындарға қарағанда шұғылданбайтындардың терісінің астында май көп болады.

Қазіргі медицинаның дәлелдеуі бойынша,семіздік денсаулықты құртады,адам өмірін қысқартады.Статистикалық мәліметтерге жүгінсек,адамдардың орташа жасын 7-10 жылға кемітеді екен.салмағы өте жоғары адамдар,салмағы қалыпты адамдармен салыстырғанда 2 есе көп өлітіні белгілі.Әсіресе,семіздік қан қысымының жоғарлауына үлкен ықпал жасайды.

Семіздік тек қимыл-қозғалыстың кемдігінен пайда болады деу қате пікір.Оған әсер ететін жайттар өте көп.Ол адамның тамақтану мәдениетін білмеуі,яғни біріңғай тамақтың түрлерін қолданудан да болады.Мәселен,өте майлы тағамдарды,сұйық заттарды көп қол-дану,сол сияқты витаминдердің жетіспеуі,зат алмасуының бұзылуы,денеде тұздың көбейіп кетуі айтарлықтай физиологиялық өзгерістер туғызады.

Осыған қоса ішкі секреция бездері қызметі кенет төмендеуі де үлкен әсер етеді.Негізінде семіздлікті сыртқы және ішкі себептерге байланысты екі түрге бөледі.Сыртқы себептерге мешкейлік,аз қимылдау,бала кезде тәттіге әуестену,ал ішкі себептерге ішкі секреция бездерінің бұзылуы,зат алмасуының нашарлауы жатады.

Семіздік қандай себептен пайда болса да ол денсаулыққа өте зиян.Өйткені артық салмақ жүрек,өкпе,қан-тамырлары,асқазан,ішек

қарын,буындарға үлкен күш түсіреді.Сондықтан семіздікке шалдыққан адамдарда сан алуан белгілер байқалады.Оладың ауырмайтын жері жоқ.,соған орай емделмейтін әдістері де болмайды.Әйтсе де оның бәрі ретімен берілген жаттығуға жетпейді.

Қимыл-қозғалыстың тапшылығы тек ересек адамдар арасында кездеспей,жасөспірім,балалар арасында да байқалуда.Өскелең организмге сыртқы күштің әр түрлі жағымсыз әсерінен омыртқа жотасы,аяқ,табан құрылысы,пішіні өзгеріп кетеді.Олар іштен туа және жүре пайда болған деп екіге бөлінеді.Аурудың жүре пайда болуы, улануға,жаралануға,зат алмасудың бұзылуына,денеге инфекция енуіне,сол сияқты тұлға,қаңқа сүйектің қисаюы гипокинезияға тікелей байланысты.

Адам қалай семіреді?Адам энергиялық құндылығы өте жоғары болғанда,өзі жұмсай алатын деңгейден көп мөлшерде тамақ ішкен кезде,басы артық қоректік заттардың бір бөлігінен (ең алдымен майлар мен көмірсулар) адам организмі қор жинауға мәжбүр болады.Бұл артық шамадан калориялығы өте жоғары майға айналады.Осының салдарынан келіп тері астына көп мөлшерде май жиналады.

Семіріп кету зат алмасудың тұқым қуалау-дене бітімі ерекшелік-терінің,жыныс және жас өзгешеліктерінің,май алмасуды реттейтін нейро-гормондық орталықтардың зақымдануының салдарынан болуы мүмкін.Семіріп кетуге сондай-ақ орталық нерв жүйесінің, эндокриндік органдардың,ең алдымен гипофиздің,бүйрек үсті,қал-қан және ұйқы бездерінің бұзылуы да себепші болады.Кейде жүйкенің қатты шайқалуының немесе дененің бір жері зақымдануының өзінен-ақ май алмасуының бұзылуы,дұрыс тамақтанса да,оргнаизмде май қорының тым көп жинала бастауы мүмкін.Семірудің мұндай түрін патологиялық семіру деп атайды.

Семірудің зардаптары қандай?Медициналық статистика семірудің медицина көмектесе алатын алғашқы сатысында салмағым артып барады деп дәрігерге ешкімнің келе қоймайтынын көрсетеді.Ал семірудің екінші қатардағы зардаптары,соның ішінде жалпы ауру-сырқау,жүрек тұсының шаншуы,бас ауруы,демікпе,дәреттің бұзыл-уы,аяқтың ісінуі,мазалаған кезде жұрт дәрігерге көрінеді.Кейде уақытын өткізіп алған адамдар,медицинаның бұл қауіпті ауруды емдеуге шамасы келмейтін,тек кейбір зардаптарын жеңілдетуге ғана болатын кезде бір-ақ көрінеді.Адам қай жаста болса да (әсіресе жас кезде) семіру-өте қауіпті және күрделі ауру екенін түсіну керек.

Семірген кезде организмнің көптеген мүшелері мен жүйелері зақымданады,бірақ бәрінен жиі және бәрінен бұрын зақымданатын-жүрек-қан тамыр жүйесі.Медициналық зерттеулер семіздіктен ауырғандардың 80%-ын жүрек-қан тамыр жүйесінің теріс өзгеріс-тері болғаны,ең алдымен артериялық қысымы артқанын анықтаған.Мұның бір себебі-организмде май жиналған кезде қан ағысының қиындауы.Семірген кезде жүректі май басып,оның механикалық жұмысын нашарлатады.Семіру атеросклероздың асқынуына себепші болады.Өйткені май мөлшерінің артуы жүрек пен қан тамырларына көп күш түсіреді.Семіру дәрежесі артқан сайын атеросклерозбен ауыру жиілігі арта береді.

Семіздік өкпе жағдайына да теріс әсер етеді.Майдың өзі-ақ тыныс алуға механикалық кедергі жасайды,бұған қоса өкпемен байланысты қан тамырларын май қысып тастайды да,бұдан өкпенің ауа өтіп,тазартылып тұруы нашарлайды.Осының бәрі семіздіктен ауыратын адамдардың пневмониямен бірнеше есе жиі ауыруына әкеліп соғады.

Семіздік екінің бірінде созылмалы гастритке,созылмалы холецис-титке,диабетке,бүйрек ауруына ұласады.Семіздік адамның нерв жүйесіне де зардабын тигізеді,мұның өзі ұйқы бұзылуынан,тәбеттің артуынан,шөлдей беруден,вегетациялық зақымданудан басталады.

Ер адамдарда потенцияның бұзылуы өте жиі болады,әйелдерде менструациялық циклдің бұзылуы байқалады.Семірген кезде эндо-криндік жүйе (гипофиз,бүйрек үсті безі,қалқан және жыныс бездері) су-тұз алмасуы жиі бұзылады.

Мұның бәрі семіздікпен бірге келетін аурулардың қысқаша тізбегі ғана.Әдетте ауру жалғыз келмейді,алуан түрлі ауру араласып,бір-нешеуі бірге келеді.Тіпті семіруге байланысты емес аурулармен (жұқпалы аурулармен) ауырған жағдайда да олар семіз адамдарда анағұрлым ауыр болып,асқынып кетеді.

Семіздікке қарсы қалай күресуге болады?Семірудің бүкіл орган-измнің ауруы екенін,ондайда көптеген мүшелер мен жүйелер зақымданатын,мұның өзі емделуден гөрі алдын ала сақтану анағұрлым оңай болатын ауру екені белгілі.

Бұл үшін өз салмағыңды үнемі қадағалап отыру керек.Егер салмақ 3-4 кг асып түссе, тиісінше шаралар қолдану керек.Ол үшін тиімді тамақтанған жағдайда тамақтың энергиялық құндылығы мен жұмсалатын энергия шамамен бірдей болуға тиіс.Салмақ артқан жағдайда тамқтың калориялылығын азайтып,энергия жұмсауды арттыру қажет.

Тамақтың калориялылығын майлар мен көмірсулар есебінен кеміткен жөн.Белоктар-тамақтың алмастыруға болмайтын компо-ненті,сондықтан оларды азайтуға болмайды.Ең дұрысы-күнделікті тамақта тәттінің және майдың мөлшерін шектеу,нанды,ботқа,кар-топ,тұзды тағамдарды көп пайдаланбау керек.Әсіресе тұз организм-де судың жинақталуына себепші ьолады.

Семіруге бейім адамдардың әдетте тәбеті күшті болады.Бұл тәбетті тежеу керек.Оның ең қарапайым әдісі-тамақты бөліп-бөліп ішу.Таң

ертеңгі астан немесе түстіктен кейін 2-3 сағат өткен соң бір алма жеген немесе бір стакан сүт,айран,қантсыз шай ішкен абзал.

Тамақтанудың сипатын және режимін өзгертумен қатар бұлшық ет энергиясының жұмсалуын да арттыру керек.Күнде таңертең радио мен телевизия арқылы берілітін дене шынықтыру серігуге жақсы және оның психологиялық сипаты мол.Онда күшке түсетіндей ештеңе жоқ,бұл әбден түсінікті де,өйткені ол іс жүзінде денсаулық жағдайына қармастан жұрттың бәріне (жастарға да,қарттарға да)арналған жаттығулар болып есептеледі.

Салмақты азайту үшін емдік дене шынықтыру керек.Дәрігермен ақылдасқаннан кейін жаттығулардың көбін күш түсіріп жасаған жөн,яғни секіретін болсаң гантельмен секіру,қолды құлаштай жазатын болсаң,эспандермен,иіліп-бүгілетін болсаң гирмен қимыл жасау қажет-ақ.


1,3Гипокинезияның тыныс алу жүйесіне әсері.

Гипокинезия аз ғана нервтік ширығумен бірлесе,дене жүктеме-лерін атқару кезінде аэробты және анаэробті алмасу процесін нашарлатып,өкпе желдеткішінің үнемділігін және жоғары қуатты дене жұмысының қабілетін төмендетеді.Гиподинамиялы және нервтік-эмоциональдік еңбек адамдарына,дене жүктемелерін атқарғанда өкпенің гипержелденуі,ширығудың гипертониялығы PWC 170 төмендігі,ауа қапшығындағы(альвеола) желдену тиімділігі және салыстырмалы гипоксемияның кемуі тән,және осы көрсеткіштер патологиялық жағдайдың басталуы болып саналады.Дене еңбегімен жақсы шұғылданып жұмысшылар үшін,жұмысты орындау кезіндегі жоғарғы тыныс үнемділігі мен қан айналымы байқалатын жағдай сипаты,PWC 170 жақсы маңыздылығы тән болып келеді.

Тыныс алу жүйесінің жұмысын зерттеудің спорттық медицинада үлкен маңызы зор.Адамның жұмыс істеу қабілетін оттегіні қанға сіңіріп ткандар мен органдарға жеткізілетін көлемін анықтау арқылы біледі.Олар бір-бірімен тығыз байланысты және бірінің жеткізіксіздігін екіншісі толықтырып отырады.Мысалы жүректің жеткіліксіздігіне байланысты демікпе пайда болады,ауаның құрамында оттегінің аздығына байланысты эритоциттердің мөлшері ұлғаяды.,өкпенің ауруына байланысты жүректің соғысы жылдамдайды.Тыныс жүйесіне өкпелер,жоғарғы тыныс жолдары мен бронхылар,кеуде қуысы мен тыныс бұлшық еттері жатады.Тыныс жүйесінің жұмысының нашарлауына байланысты кеуде бұлшық еттінің жұмысы күшейеді.Тыныс жүйесінің қызметін екі кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезеңде сыртқы ауа мен альвеолдар арасындағы ауаның алмасуы.Бұл кезең ауаның қозғалу арқылы іске асады.Тыныс алғанда оттегімен бай ауа өкпеге еніп,дем шығарған кезде көмірте-гіге бай ауа сыртқа шығарылады.

Екінші кезеңде альвеолдар мен капиллярлар арасындағы газ алмасу жұмысы жүреді.Бұл кезең диффузия арқылы іске асады.Диффузияняң жүруі қан мен альвеолдағы оттегі мен көміртегінің қысымына тікелей байланысты.Тыныс жүйесінің жұмысын жалпы клиникаық және медициналық аспаптардың көмегімен тексеру арқылы бағаланады.Өкпесі таза адамды ғана терең зерттеуге және спортпен айналысуға даярлығын анықтауға болады.Тыныс жүйесін тексергенде өкпенің жұмысына және оның желдену көлеміне,тыныс алуды қамтамсыз ететін бұлшық еттердің жұмысына көңіл бөледі.Жүйелі түрде спортпен айналысқан кезде кеуденің дем алыс қозғалыстарын қамтамасыз ететін бұлшық еттердің күші ұлғаяды.Соған байланысты кеуденің тыныс алу қозғалыстары жылдамдайды да өкпенің желденуі күшейеді.Тыныс бұлшық еттерінің қуатын пневмотонометрия мен пневмотахомет-рия мен өлшенеді.Пневмотонометрия өкпедегі тыныс алғаннан кейінгі қысымды немесе өте терең дем алған кездегі қысымды өлшейді.Пневмотахометрмен тыныс жолымен жүретін ауаның көлемі мен жылдамдығын анықтайды.Ол л/минут деген өлшеммен есептелінеді.

Пневмотахометрияның көрсеткіштермен дем алу мен дем шығару күшін анықтайды.Денсаулығы таза бірақ шынықпаған адамның дем алу дем шығару күшінің ара салмағы бірге өте жақын.ауру адамдардың осы көрсеткіші бірден төмен.Ал спортшыларда дем алу дем шығару күші анағұрлым жоғары ,сондықтан екі көрсеткіштің ара салмағы 1,2-1,4 деген дәрежені көрсетеді.Дем алудың салыстырмалы көрсеткішінің өсуінің маңызы үлкен.Себебі дем алудың тереңдігі тыныс алудың қосымша көлемі арқылы жүреді.Осындай жағдайда,әсіресе жүзу спортында айқын көруге болады.Жүзуші спортшыларда дем алыс өте қысқа да,дем шығару су астында және ұзағырақ жүреді.Өкпенің өмірлік көлемі-өкпенің жалпы көлемінің бір бөлігіне тең.

Тыныс жолдары мен өкпе аурулары балалар мен жасөспірімдер арасында жиі кездеседі.Ал туберкулез сияқты қауіпті ауру үлкен адамдарға да тән.Кездесетін індеттер:өңештің қабынуы,бронхит,өк-пенің қабынуы,плевроның қабынуы,демікпе,туберкулез.

Осы аурудың пайда болуына әсер ететін жайлар көп-ақ,соның ішінде сырттан түсетін микробтар,түтін,шаң-тозаң,улы газдар,құн-арсыз тамақ,өндірістегі зиянды қалдықтар,суыққа шалдығу,орган-измнің әлсіреуі үлкен зиян келтіреді.

Аталған ауруларға тән белгілер бар.Ол:жөтел,ентігу,қақырық түсу,ыстығы көтерілу,әлсіздік пайда болу сияқты белгілер.Уақыт-ында емделмей асқындырып алса,аурудың қандай түрі болсын дем жетіспейтін жағдайға ұшырайды.Ал оның өзі денеде оттегінің тапшылығына,көмірқышқыл газының көбеюіне әкеп соғады.Тек газ айналымы емес,зат алмасуы да бұзылып,кеуденің қозғалыссыз кеміп,өкпе серпімділігінен айырылып,үлкен зиян шегеді.

Пневмония-өкпенің қабынуы.Денеге микроб,вирус түскенде болады.Індет жедел созылмалы түрде өтеді.Олардың әрқайсысы өзінше әсер етеді.Бұлардың барлығында білінетін белгілер жоғарғыда айтқандай жөтел,ентікпе,ыстық көтеріліп,жүрек-тамыр қызметі нашарлайды.

Ауру адамның ыстығы түсіп,жағдайы дұрысталған соң 2 күннен кейін емдік жаттығу басталады.Гигеналық және емдік жаттығу өкпенің дем алуын жеңілдетіп,өкпеге дәнекер ұлпа (тыртық) жабысып қалмас үшін қолданады.Науқас төсекте жатқанда тыныс алуды қадағалайтын жаттығулар беріледі.Содан соң ауырған өкпе жағына аунатып тыныс алғызады.

Өкпе бронха қабынған кезде,спортпен тек 2-4 аптадан соң айналысқан жөн.Тыныс жолдарын,өкпені шынықтыру үшін таза ауада көп болу керек.

Плеврит-Көкіректің ішкі бетін,өкпенің сыртын астарлап тұратын сірі қабықтың қабынуы.Бұл пневмония сияқты аурудың асқынған кезінде кездеседі.Сырқаттанған адамның көкірегіне шаншу қадалып,ентігіп,жөтеліп,әлсірейді.Плеврит құрғақ және экссудатты болып (жиылған сұйық зат)екіге бөлінеді.Қандай түрі болса да екі қабықтың арасы жабысып бітіп қалмас үшін емдік жаттығу беріледі.Жұқа плевра қабығы қабынған соң бергіш болып бітіп қалады,соны тарату үшін етпеттеп,шалқадан жатып,отырып,түргеп тұрып жан-жаққа иіліп,бұрылып әр түрлі жаттығулар жасайды.

Жаттығулар қан-лимфа айналысын жақсартып,дәнекерлі ұлпа қалыптасып қалмауын,дұрыс дем алуын қамтамасыз етеді.



Демікпе-инфекциялы аллергиялық ауру.Оны қоздырушы микроб болса,аурудың өрбуіне ықпал жасайтын басқа көптеген факторлар.

Адамды тұншықтырып,дем жеткізбей қысады.Ол бронхы еттерінің кенет тарылуынан болады.Оған себеп болатын өзімізді қоршаған сан алуан заттар.Қазіргі кезде адамның жүйке тамыры тозғыш,өте сезімтал болып кетті.Сондықтан түрлі ,дәрілер,жеміс-жидектер,шаң тозаң,темекі,қуырған майдың иісі толып жатқан заттар аллергендер болып кездеседі.Осындай заттарға қарсы дененің білдіретін тітіркенгіш әсерін-аллергия дейді.

1,4 Гипокинезияның жүрек- қан тамырына әсері.

Жалпы жүрек –қан тамыр ауруларының арта түсуіне өмірде мейлінше кеңінен тараған зиянды әдеттің бірі-қозғалыстың аздығы.Сонымен қозғалыстың аздығынан жүректің ишемиялық ауруларына душар ететін себептердің экзогендік,эндогендік,функ-циялық тұрғыдан алып қарағандағы қалыптасқан факторларының жиынтығы.Ең маңызды деп есептелінетін факторлары мыналар.

1.Әлеуметтік-тұрмыстық факторлар.Бұлардың қатарына өмір сүрудің кейбір сылбыр әрекетін,күнделікті тіршіліктің түрлі жағдайларын,холестеринге темекі тарту,алкоголизмге салыну сияқты зиянды әдеттерді қосуға болады.

2.Ішкі факторлар.Адам организмінен байқалатын биохимиялық көрсеткіштер мен физиологиялық реттеуші механизмдердің жұмысындағы өзгерістерді қамтиды.Мұндай өзгерістердің пайда болуына бір жағынан экзогендік әсері(өмір сүру ерекшеліктері,дие-талық тағамдар),ал екінші жағынан генетикалық ерекшеліктер,яғни тұқым қуалаушылықтың бейім тұруы сияқты ерекшеліктер ықпал етеді.

Ішкі факторларға сонымен қатар гиперхолестеринемия,гипертри-глицеринемия,гиперлипопротеинемия түрлері,көміртегілерге қарсы төзімділіктің бұзылуы,шамадан тыс семіріп кету,артериялық гипер-тония,адамның белгілі психологиялық ерекшелігі сияқты басқа да толып жатқан факторларды қосуға болады.Жоғарғы калориялы тағамдар ішу,олардың құрамында майының мол болуы,дене еңбегімен аз айналысу,көңіл күйдің жиі-жиі бұзылуы сияқты жағдайлар гиперхолестеринемия сырқатының меңдей түсуіне соқтырады.

Жүректің ишемиялық ауруларының пайда болуына липопротеит-тердің(белок аралас майлы заттар комплексі)өзара алмасуының бұзылуы да күшті әсер етеді.Соңғы кездегі ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне қарағанда,липидтер фракцияларының ұштаса өзгеріске ұшырауы да жүректің ишемиялық ауруларына алып барады.Организмдегі майлы заттардың алмасуын қамтамасыз етуде вегетациялық орталықтар(орталық нерв жүйесі)мен ішкі секреция бездері(қалқанша безі,жыныс безі,бүйрек безі,гифофиз(ми безі)және басқалары)маңызды рол атқарады.

Миокард инфаркты,жоғарыда атап көрсеткеніміздей,әдетте көп жағдайда күтпеген жерден жедел кездескен психикалық соққыдан соң,ұзаққа созылған психикалық күйзелістен соң,сондай-ақ дене еңбегімен шамадан тыс қатты зорланғанда пайда болады.

Көңіл күйдің жиі-жиі бұзылуынан организм өзінің белгілі бір жағдайларға бейімделу қабілетінен айырлады да мұның өзі тиісті патологиялық өзгерістерге әкеп соғады.Жүректің ишемиялық аурулары ой еңбегімен шұғылданатын адамдарда,басшы қызметтегі адамдарда дене еңбегімен айналысатын адамдарға қарағанда едәуір жиі кездесетіні дәлелденген.Өйткені,олар ой еңбегімен айналысу кезінде,басшылық жасаудың терең толғанатын сәттерінде психика-лық сезім әсеріне көп беріледі.Алайда осыған байланысты көңіл күйдің күрт өзгеруі барлық жағдайда бірдей патологиялық салдарға ұшырауға жол бермейді.Бұл жерде әркімнің өзіндік дара ерекшеліктері де,сондай-ақ белгілі бір жағдайға бейімделіп кету қабілетіде үлкен роль атқаратынын айта кетудің артықтығы жоқ.

Клиникалық морфологиялық және эксперименттік зерттеулерге қарағанда,артериялық гипертензия жүректің ишемиялық аурулары-ның даму қатерін 3-6 есе арттыратыны белгілі болып отыр.Әсіресе жас адамдардың артериялық гипертензиясы ерекше күшті қатер туғызады,өйткені жүректің ишемиялық ауруларының асқынуына қатты ықпал етеді.

Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылар комитеті қан қысымының мынадай мөлшерін белгілеп берді.1\қалыпты артериялық қан қысымы-сынап бағанасының 140\90 миллиметрлік деңгейіне дейін,2\қауіпті аймақтағы артериялық қан қысымы-сынап бағанасының 140\90мм деңгейінен 159\94мм деңгейге дейін,жоғарғы артериялық қан қысымының-сынап бағанасының 160\95мм және оданда жоғары деңгейде екені анықталған.

Жүректің ишемиялық ауруының асқынуына негізгі себеп болатын нәрсе-жүректің артериялық қан тамырларының қабынып ісуі салдарынан өте сирек те болса кездеседі.Мына бір нәрсені айта кету керек.Жүректің ишемиялық ауруы науқас адамның артериялық гипертониясымен диабет және шамадан тыс семіріп кету дерттері өзара ұштасқан жағдайда өте жиі қайталай береді.Ал,мұның өзі адам өміріне өте қауіпті болып келеді.

Ишемиялық инсульт кезінде мидың негізгі төрт күретамырының бірінде немесе олардың ұсақтау тармақтарында қанның келуін тоқтататын тромб пайда болады.Тамырдың бітелуі жасушаларды оттегінен айырады да олар өледі.Бұл организмнің кез келген қызметіне әсер етуі мүмкін.

Көп жағдайда миына қан құйылған адам бұған өзі кінәлі болады,себебі ол сырқаттың алғашқы белгілерін сезе тұра қатерлі құбылыстың алдын алу үшін ешқандай әрекет жасамайды.Әйтеуір бір амалы табылар деп жүре береді.

Көбіне организмге төніп келе жатқан қауіп туралы бізге алдын ала ескертеді.Жанартау жарылар кезде жеңіл жер сілкіністері болатыны секілді,ауыр инсульт алдында,әдетте,микроинсультар болады.Тр-омб немесе эмболия қанның келуін аз уақытқа тоқтатады да артынша жойылып кетеді.Кейде микроинсульт белгілері аздаған минутқа созылса,кейде бірнеше секунд қана болады.Әдетте бәрі жылдам өтеді,сондықтан науқас не болғанын сезбей де қалады.Бұған мүлде мән бермейді де.Өте өкінішті жайт,өйткені микроинсульт алған әрбір оныншы адам сол жылы-ақ,ал тағы үшеуі жақын үш-бес жыл ішінде инсульт алады.Сондықтан шұғыл шара қабылдау қажет.

Инсульт жөнінен қауіп тобына қан қысымы жоғары науқастар,темекі тартатындар,қантты диабеті барлар,құрамында эстрогені көп ұрықтануға қарсы түймедақ қабылдайтын әйелдер,жүрек соғысы бұзылған жүрек ауруы бар науқастар жатады.Сондай-ақ артық салмағы бар,қанында холестерин көп,аз қозғалатын адамдардың осы қауіпті дерттен сақтанғаны жөн.Тағы бір айта кететін жайт инсульт әйелдерге қарағанда ерлерде көп байқалады.Ол кез келген жаста,тіпті жасөспірімдерде де кездеседі.

Бүгінде инсультке қарсы күресте дәрігерлер біршама «қаруға» ие,дәрі дәрмектер де бітелген тамырды оталап тазартуға да болады.Сіз қауіп тобындағы адамдардың қатарындасызба?Қан қысымыңызды бақылыңыз,емдәм сақтаңыз,дене жаттығуларын жасаңыз,қанды сұйылтатын дәрілер қабылдаңыз.Және де сақ болғайсыз-дабыл белгілерін өзіңіз байқамасаңыз өзгелер оны сезеді деп ойламаңыз.

Ұю және жансыздану.Алдымен,мысалы білезік немесе табан,одан соң қол аяқ,бет, тіпті дененің жартысы жансызданады.Бұл кейде саусақтарды тек әлсіз тоқ соққандай болуы мүмкін.Кейде аяқ қол көп отырғанда не жатқанда ұйып қалады.Алайда ұю ешқандай себепсіз,аяқ астынан пайда болса және екі-үш минуттан артық уақытқа созылса,әсіресе беттің жартысының бұлшық етінің босаңсуы және сөйлеудің түсініксіз болуы секілді белгілер байқалса тез арада дәрігерге көрініңіз.

Саусақтардың бағынбауы.Микроинсультттің бірінші белгісі қан-дай да бір затты қолда ұстай алмауы болуы мүмкін.Егер сіз кенеттен қаламды қолға үстай алмай,тусіп қалған кілтті көтере алмай қалсаңыз жансыздану одан әрі тарап бара жатса шүғыл шара қабылдау қажет.

Сөйлеудің бұзылуы.Кейде науқастар түсінікті сөйлеудің орнына мыңғырлай бастайды,сөйлеу қабілетінен айырылады немесе өзгелердің не деп жатқанын түсінбейді.Мұның барлығы төніп келе жатқан қауіптің белгілері,оларға жеңіл қарауға болмайды.

Көздің кіреукеленуі.Көбіне миға қан құйылудың басталуы көздің кіреукеленуімен білінеді.Қоршаған нәрселердің бәрі түссіз,сұр түсті секілді болады.Көбіне бұл бір көзде байқалады,екінші көз бұрынғысынша жақсы көреді.Кейде(тромбының қайда орналасқан-на қарай)бейне қосарланып көрінеді:адам бір заттың орнына екі затты көреді,олар қатарласып немесе бірінің үстіне бірі тұрады.Көрудің жартылай жоғалуы сол жақтағы беттің жансызданумен қатар жүреді.Егер көру тез қалпына келсе,бұл болған жайтты ұмытуға болады деген сөз емес.Кеш болмай тұрғанда алдын алыңыз.

Бұл белгілер әдетте,ми діндеріндегі тепе-теңдік орталықтарының жұмысын бұзатын тромбының бар екендігін білдіреді.Жүрістің бұзылуымен бірге әдетте бас айналады.Бұл қан құйылуға тән белгі.Бас солқлдып емес,тұрақты ауырады және белгілі бір жерге емес,бүкіл басқа тарайды.Бұл бас сүйегі мен ми арасындағы кеңістікке қан құйылған кезде бас сүйегі ішіндегі қысымнан туындайды.

Адам тіршілігінде жүрек-қан тамырлардың атқаратын ролі ерекше.Бүкіл организм тек сол жүрек соғуының арқасында қажетті қоректік заттармен,оттегімен қамтамасыз етіліп,өндірілген,денеге керексіз заттар шығарылып отырады.Жүрек кенеттен ауруға шалдықса,бүкіл денеде айтарлықтай өзгеріс байқалады.Адамның бойында әлсіздік,көңілсіздік,құлықсыздық,керенаулық пайда болады.Жүрек ауруы тез қартайтады,тіпті жүрек ауруының кейбір түрі ажалға душар етеді.

Қазіргі уақытта жүрек және қан тамырлары ауруы өте жиі кездесуде.

Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша,әрбір төртінші ер адам жүрек инфарктынан,әрбір жетіншісі-миға қан құйылуынан қайтыс болады.Сондықтан да бұл аурулар ХХ ғасыр сырқаты деген атақ алып отыр.

Осы сырқаттардың негізгі себептері,одан сақтану шаралары туралы арнайы газет журналдар,радио-теледидар арқылы хабарлар беріліп тұрғанмен,халықтың көбі әлі де бұл дерттің алдын алу шараларына мән бермей келеді.Басы ауырып балтыры сыздағанша,ауру асқынып денені меңдеп алғанша өз денсаулығына көңіл бөлмейтіндер әлі де аз емес.Өкінішке орай,бұл кезде асқынған сырқатқа ем қону да қиынға түседі.

Қазіргі уақытта қан тамырлары ауруларының ең жиі кездесетіндері оның жолдарының тартылуынан немесе біржола бітелуінен болатын инфаркт ауруы.Халыққа тарап кеткен ұғымдай,инфаркт тек жүректе ғана емес,бүйректе,көк бауырда,мида,бұлшық еттерде,қан тамыры жүйесінің кез келген жерінде болуы мүмкін.Бірақ солардың ішінде ең жиі кездесетіні және өмірге қауіптісі жүрек инфарты.

Аурудың пайда болып,бойды жайлауынан көп жағдайлар әсер етеді.Ол ішкі және сыртқы ортадағы факторлар,мешкейлік,арақ-шарапқа құмарлық,шылым шегіп никотинмен улану,қимыл-қозғалыстың тапшылығы,физикалық құбылыстар,қоршаған орта-ның ластануы,ашу- реніш,қайғы-қасірет,жұқпалы ауруларға жиі шалдығу,тұқым қуалаушылық. жатады.

Жүрек-тамыр ауруларының түрлері өте көп.Олардың ішінде халық арасында жиі кездесіп жүрген гипертония ауруы,жүрек ишемиясы,жүрек инфаркті,стенокардия,коронаросклероз,жүрек қақпақшалар ауруы,көк тамырлардың кеңеюі.

Жүрек ауруларының қандай түрі болмасын адам денсаулығына үлкен нұқсан келтіреді.Өйткені оның қызметі нашарлайды,басқа мүшелерге қанның мөлшері жетіспейді.Осы кезде әр адам жүрек ауруына тән жиі кездесетін белгілерін ажыратуға болады.Негізінде жүрек тұсында шаншу,сыздап ауру,соғысы жиілеу,ентігу,әлсіздік байқалады.Кейінен аяқ- қол сыздап,мұрынның ұшы,саусақтар көгерінкіреп кетеді.Мұндай белгілер денедегі қанның,оттегінің тапшылығынан болады.Бұл көбінесе жүректің нашарлауынан,қан тамырларының өзгеруінен болады.

Жүрек-тамыр ауруларының көпшілігі қан айналымының тапшылығына,жетіспеуіне әкеп соғады.Қан айналымы үш кезеңнен тұрады,әрқайсысын дәрігерлер белгілеріне қарай айырып,қажетті ем қолданады.

Қазіргі кезде өте жиі кездесетін аурудың бірі-жүрек инфаркті,дәлірек айтсақ миокард инфаркті дедік.Бұл жүрек қан тамырларының бір бөлігінің ұйыған қанмен бітелуі не кенет түйілуі салдарынан жүрек бұлшық етінің,не ұлпалардың бір бөлігінің өлуі.Жүрек қан тамырларының кенет тарылуы,не склероз болып өзгерген тамырдың тығындалуы,оны қоршаған кішкене тамырлардың шамасының келмеуі осындай қайғыға әкеп соғады.Оған итермелейтін күш көп.Мәселен,көптен елемей келген қанның қысымы,қан ұюының жоғарлауы,ашу-ыза,реніш,шамадан тыс ауыр жұмыс,алкоголь мен никотин улары.Инфаркт өзінің зақымданған шеңберіне,бүлінген тамырдың кеңдігіне арнасына қарай әр түрлі болады.Жансыз ошақ кең жайылып,үлкен болады немесе көлемі орташа,ал тағы бірде көзге әрең көрінетін микроинфаркт болады.

Миокард-көптеген инфекциялардың,улы заттардың,аллергиялық әсерлердің нәтижесінде дамитын жүрек бұлшықеттерінің қабынуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет