«адам қҰҚЫҒЫ» ПӘннін оқУ-Әдістімелік кешені


Қазақстандағы адам құқығы тарихы



бет3/8
Дата13.06.2016
өлшемі0.66 Mb.
#134097
1   2   3   4   5   6   7   8


3. Қазақстандағы адам құқығы тарихы

Тақырыптың мақсаты: қарастырылып отырған мәселеле бойынша негізгі анықтамаларға сипаттама беру, жан-жақты қарастыру, сипаттама беру.

Жоспары:


Төңкеріске дейінгі Қазақстандағы адам құқығы тарихы. «Алаш» партиясы және «Алашорда» үкіметі. Кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы адам құқығының бұзылу тарихы.
Адам құқығы-қазіргі замандағы өзекті мәселелердің бірі. Мемлекет те, партия да, жеке лауазымды тұлға да емес, жеке қарапайым адам өзінің құқықтары мен бостандықтары арқылы кез келген қызмет ортасында болуы керек. Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарына қол сұғылмайды және ол адамның туған сәтінен бастап өзіне тиесілі.

Кез келген адам мен азамат негізгі құқықтар мен бостандықтарды пайдалана алады. Демократиялық құқықтық мемлекеттің заңдылықтары адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығының теңдігіне, яғни оның ұлтына, нәсіліне, жынысына, тіліне, мүліктік және қызметтік жағдайына қарамастан кепілдік береді, тілдік, діндік, ұлттық, нәсілдік, әлеуметтік белгілеріне қарамастан оның құқықтарына шек қоюға тыйым салынады.

Адам қоғамы мыңдаған жылдар бойы-сонау көне дәуірден қазіргі заманға дейін әлеуметтік нормалар арқылы басқарылып келді. Сондықтан жеке адамның құқығы мен бостандығы туралы теорияның мыңдаған жылға созылған тарихы және мол тәжирибесі бар.

Адам құқығы - тарихи, табиғи, объективтік құбылыс. Сондықтан әлеуметтік норма әр уақытта даму процесінде болады. Әлеуметтік норма адам қоғамымен бірге дамып, бірге өзгеріп, бірге өмір сүріп келеді. Қоғам дамып, нығайып, жақсарған сайын әлеуметтік норма да дамып, нығайып жақсарады, оның әділеттік, бостандық, демократиялық шеңбері де, кеңістігі де молаяды, күрделенеді.

Жалпы, адам құқығын қорғап, бостандығын ардақтау азаматтардың лайықты өмір сүріп, бай-рақатты тұрмыс кешуіне ахуал қалыптастыру- әлемдік қауымдастыққа көшін ұластырған Қазақстанның алдына қойған асыл мұраты. Қазақстан Республикасы адам құқықтарын қорғау саласында оң қадамдар жасауда. Біздің республикамыз келешекте де адам құқығы жөніндегі айтулы халықаралық, экономикалық, әлеуметтік және саяси пактілерге қосуға бет бұрып, үнемі басты назарда ұстауға кепілдік береді.

Адам құқығын қорғау - қазіргі замандағы өзекті мәселелердің бірі. Мемлекет те, партия да, жеке лауазымды тұлға да емес, жеке қарапайым адам өзінің құқықтары мен бостандықтары арқылы кез келген қызмет ортасында болуы керек. Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарына қол сұғылмайды және ол адамның туған сәтінен бастап өзіне тиесілі.

Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған күннен-ақ құқықтық мемлекет құру идеясын қабылдады. Ұлттық құқық жүйесін дамытып, оның толыққанды жұмыс істеуі үшін 1995 жылғы 30 тамызда Республикалық референдумда қабылданған Конституция [1] содан бергі мерзімде экономикалық және әлеуметтік, саяси реформаларды жүзеге асырып, қоғамды демократияландыруда Қазақстан халқына қызмет етіп келеді.

Барлық қазіргі заманға сай конституциялар, оның ішінде Қазақстан Республикасының Конституциясы да бұл мәселеге ерекше назар аударады. Ата Заңның басты мақсаты - адам құқығын қорғау.

Қазақстан Республикасының Конституциясы жеке тұлғаның құқықтық мәртебесін реттеуде ірі қадамдардың бірі болды. Ол тек адам құқықтары облысында халықаралық құжаттардың ойларын ғана емес, сонымен қатар елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлардың конституциялық дамуының бұрынғы тәжірибесін де есепке алды. Конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қазіргі уақытта қорғау жүйесі көп деңгейлі сипатта көрінеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясының «Адам және азамат» деп аталатын 2-ші бөлімінде адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтары бекітілген (10-39 баптар). Олар Қазақстан Республикасындағы тұлғаның құқықтық мәртебесінің ядросын құрайды. Оларды келесі топтарға бөлуге болады: жеке құқықтар мен бостандықтар, әлеуметтік-экономикалық және саяси құқықтар мен бостандықтар.



Жеке құқықтар мен бостандықтарға Қазақстан аумағында тұрақты және уақытша тұратын барлық тұлғалар ие болады. Олар абсолютті, ешкім айыра алмайтын және әркімге тумысынан тиісті болады. Конституцияның 15-ші бабына сәйкес әркім өмір сүру құқығына ие болады. Конституцияда өмір сүру құқығы әр түрлі қол сұғушылықтан қорғалу мақсатында бекітілген. Өмір сүру құқығы көптеген конституциялық кепілдіктермен қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасының Конституциясы ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ бекітеді.

Жеке құқықтар мен бостандықтар категориясына Консттуцияның 16-шы бабында қарастырылған әркімнің жеке басының бостандығына құқығы бекітілген. Кез келген конституциялық мемлекет сияқты Қазақстан Республикасында тұтқындау мен қамау заңда көзделген реттерде ғана соттың санкциясымен іске асырылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 17-ші бабына сәйкес адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Адамның қадір-қасиеті тұлғаның сыртқы және ішкі мазмұнын өзіне толығымен енгізеді. Қазіргі қоғамда қадір-қасиет түсінігін тұлғаның жағымды қасиеттері мен жақтарының жиынтығы ретінде қарастырады, әрі ол мемлекетпен жоғары қазына ретінде қорғалады.

Конституцияда ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайтындығы туралы кепілдік орын алған. Конституцияның 18-ші бабына сәйкес әркім өзінің қадір-қасиетін қорғауға құқығы бар. Салалық заңдылықтарда адамның қадір-қасиетін қорлағаны үшін жауапкершілік шаралары қарастырылған. Сонымен қатар жеке құқықтарға әркімнің өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқала сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығының сақталуына құқығы бар. Бұл норма Конституцияның 18-ші бабында бекітілген. Бұл құқықты шектеуге заңда тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.

Сонымен қатар Конституцияның 19-шы бабында бекітілген жеке құқыққа әркімнің өзінің қай ұлтқа, партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге құқығы жатады. Ешкім азаматтты өзінің қай ұлтқа, қай партия мен дінге жататынын көрсетуге мәжбүрлей алмайды. Бұл жағдай ешқандай да құқықтық салдарға әкеліп соқпайды және жалпыға танылған адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қандай да бір басымдылықтың болуының немесе нұқсан келтірудің негізі болып табылмайды. Ал Конституцияның 19-шы бабының 2-ші тармағына сәйкес әркімнің ана тілі мен төл әдебиетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алу құқығына ие болады.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 20-шы бабында сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады. Бұл ұғым адамдардың қызметінің рухани аясына негізделген. Бостандықтың бұл түрі тұлғаның идеялары, пікірлері, сенімдері мен оларды айта білу бостандығының кепілдігіне жатады. Сөз бостандығын конституциялық деңгейде бекіту адамзаттың ең үлкен жетістігі болып есептеледі, себебі тарих адамдардың өз көзқарастары үшін қаншама қиналғанаын мысалға келтіре алады.

Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қеуіпсіздігігіне нұқсан келтіруге, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді.

Алғаш рет конституциялық деңгейде әркімнің Қазақстан Республикасы аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы бекітілген. Әр адам Республикадан тыс жерлерге кетуіне, ал Қазақстан Республикасының азаматтарынң Республикаға кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар. Бұл құқық Қазақстан Республикасының Конституциясының 21-ші бабында бекітіліп, адам құқықтарының халықаралық қауымдастықпен жалпыға танылған разрядына жатады. Сондай-ақ ол бұрынғы одақтас республикалардың және КСРО аумағынан кедергісіз кете алмаған әрі одан тыс жерлерден тұрақты мекенді ьаңдай алмаған азаматтар үшін өзекті мәселе болған. Қазақстан Республикасында ар-ождан бостандығы консттуциялық негізде кепілдендіріледі (Қазақстан Республикасының Конституциясының 22-ші бабы). Ар-ождан түсінігіне тұлғаның дінге өз ерікті және ешкімнен тәуелсіз түрдегі қатысы. Әркім қай дінді ұстану немесе ұстанбау бостандығын өзі шешеді. Қазақстан Республикасында діни-наным бостандығы мен атеизм де танылады.

Конституцияның 25-ші бабына сәйкес тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді және тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген тәртіп бойынша ғана жол беріледі. Бұл адам мен азаматтардың ққықтары мен бостандықтарын, конституциялық құрылыс негіздерін қорғаумен және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және т.с.с. байланысты.

Адам мен азамат азаматтық қоғамның мүшесі ретінде экономикалық және әлеуметтік құқықтар мен бостандықтарға ие болады.

Тұлға өзінің экономикалық құқықтары мен бостандықтары арқылы материалдық мүмкіндіктерін іске асырады. Экономикалық құқықтары мен бостандықтар Конституцияның 24-ші бабында бекітілген, оларға жеке меншік, кәсіпкерлік қызмет бостандығына құқығы жатады.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік және жеке меншік тең негізде қорғалады. Конституцияның 26-шы бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады. 1995 жылы қабылданған Конституцияда алғаш рет жерге жеке меншік құқығы бекітілді (Конституцияның 6-шы бабының 3-ші тармағы). Конституцияда меншікке қол сұғылмаушылық, яғни ешкімді де соттың шешімінсіз өз мүлкінен айыруға болмайтындығы бекітілген. Бірақ заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілу  мүмкіндігі қарастырылады.

Конституция жеке меншікпен қоса мұрагерлік құқығына да кепілдік береді.

Қазақстан экономикасының нарықтық қатынасына көшуімен байланысты Конституция кәсіпкерлік қызметке бостандықты жариялады. Әркім өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін пайдалану құқығына ие болады.

Конституцияның 28-ші бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматына жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айрылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.

Қазақстан Республикасының азаматтарына денсаулығын сақтау құқығына, дәрігерлік көмектің көлемін тегін алуына кепілдік беріледі. Қазақстан Республикасында ақылы дәрігерлік қамсыздандырылу танылады.

Қазақстан Республикасының азаматтары саяси құқықтар мен бостандықтарға ие болады. Олар азаматтардың азаматтық қоғамның саяси жүйесіндегі құқықтық жағдайын анықтайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 23-ші бабының 1-ші тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары бірлесу бостандығы құқығына ие болады. Азаматтар қоғамдық бірлестіктерді құру арқылы өздерінің саяси, экономикалық, мәдени және өзге де мүдделерін көздейді. Сонымен қатар қоғамдық бірлестіктер азаматтардың құқықары мен бостандықтарын қорғау мақсатында құрылуы мүмкін, яғни құқық қорғаушы қоғамдық бірлестіктер.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 32-ші бабына сәйкес Республиканың азаматтарының бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға құқығы бар. Бұл құқықты пайдалану мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, денсаулық сақтау және басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделері үшін заңмен шектелуі мүмкін.

Аталған құқық азаматтарға қоғамның және мемлекеттің өмірінің маңызды мәселелері бойынша өз көзқарастарын, идеяларын ашық және жариялы түрде көрсетуіне мүмкіндік береді. Ол мемлекеттік органдардың тарапынан ресми түрде рұқсат етілу жолымен шешіледі.

Конституцияның 32-ші бабын қолдану 17 наурыз 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасында бейбіт әрі қарусыз жиналу, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы” заң күші бар жарлығымен [2] реттеледі.

Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекет істерін басқаруға тікелей республикалық референдум және сайлау арқылы қатыса алады.

Республикалық референдум – Конституцияның, конституциялық заңдардың, заңдардың жобаларын және Қазақстан Республикасының мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін шешу бойынша бүкілхалықтық дауыс беру. Республикалық референдумды тағайындау, дайындау және өткізу тәртібімен байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар 2 қараша 1995 жылы қабылданған “Республикалық референдум туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен [3]реттеледі.

Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлану құқығына ие болады (ҚР-сы Конституциясының 33-бабы).

Санымен қатар саяси құқықтар мен бостандықтарға Қазақстан Республикасының азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең конституциялық құқығы жатады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы ең жоғары құндылық ретінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп бекітті. Бұл қағида демократиялық мемлекеттің қызметі мен оның халықаралық-құқықтық міндеті. Конституцияда бекітілген жеке тұлғаның құқығы оны жүзеге асыру мен қорғаудың тиімді механизмін құруды болжайды. Адам құқығы, оны сақтау мен кепілдік беру бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі. Адам құқықтарын сақтаудың шындық жағдайы - демократияның маңызды көрсеткіші, оның кемеліне келуі мен руханилығының белгісі.

Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі өкілетті тұлға институтының құрылу жұмысын төрт кезеңге бөлуге болады:

Бірінші кезең (1995-1996ж.ж.). қазақстанда Адам құқықтары жөніндегі өкілетті

тұлға институтын құру идеясының пайда болуы жəне жүйелі дайындық қызметінің басталуы.

Екінші кезең (1997-2000ж.ж.). Омбудсмен институтын қолдау үшін алғашқы арнайы шаралардың ұйымдастырылуы. Адам құқығы жөніндегі Комиссияның жəне Біріккен Ұлттар Ұйымы дамыту бағдарламасының Адам құқықтары жөніндегі өкілетті тұлғаның Қазақстанда құрылуына көмек көрсеу туралы жобасын жасау жəне жүзеге асыру. Қазақстанда Омбудсмен институтын құру жөнінде халықаралық конференциялар өткізу.

Үшінші кезең (2001-2002ж.ж.). жұмыс тобының Адам құқықтары жөніндегі өкілетті тұлға заң жобасын əзірлеуі. Заң жобасының Қазақстан Республикасының орталық мемлекетік органдарында келісілуі.

Төртінші кезең (2002ж. қыркүйек). «Қазақстан Республикасында Адам құқықтары жөніндегі өкілетті тұлғаның лауазымын бекіту туралы» Президент Жарлығының шығуы.

Қазақстанда Омбудсмен институтын құру идеясы алғаш рет халықаралық семинарда айтылды. Бұл семинар 1995 жылдың қаңтар айында Женева қаласының БҰҰ Жоғарғы Комиссары басқармасымен өткізілді.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Төңкеріске дейінгі Қазақстандағы адам құқығы тарихы.

  2. «Алаш» партиясы және «Алашорда» үкіметі.

  3. Кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы адам құқығының бұзылу тарихы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Искакова Г.К. Современность: права и свободы человека. Монография. Семипалатинск, 2013.-299 с

  2. Сборник документов по международному праву в области защиты прав человека. Алматы: САК, 2003.- Т.1. – 576 с.

  3. Права человека. Основные международные документы. - М.: Международные отношения, 2009. - 157 с.




4. Қазақстан адам құқығын қорғаудың әлемдік жүйесінде
Тақырыптың мақсаты: қарастырылып отырған мәселеле бойынша негізгі анықтамаларға сипаттама беру, жан-жақты қарастыру, сипаттама беру.

Жоспары:


Адам құқығын қорғаудың сан қырлы және аймақтық жұйесіндегі Қазақстан. Қазақстан адам құқығын қорғаудың аймақтық жүйесінде. Адам құқығының және мәдениеттің алуан түрлілігі.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Қазақстан адам құқығын қорғаудың аймақтық жүйесінде.

  2. Адам құқығының және мәдениеттің алуан түрлілігі.

Адам тұлғасының құндылығын, оның қадір-қасиетін тану, адамның ерікті дамуы мен еркін өмір сүруін қамтамасыз етудің қажеттілігін XX ғасырдағы әлемдік қауымдастықтың даму барысындағы басты қадамдардың бірі болып табылады.

    Әлемдік қоғам әрбір адамның кез келген мемлекетте қоғамдық құрылысқа, басқарудың нысандарына, саяси режимге, т.б қатыссыз жалпы адам құқықтары мен босатандықтарының ең төменгі стандартын құрайды. Міндетті түрде мемлекетпен орындалатын, олардың заңды, саяси және моральдық күшін ерікті түрде танитын адам құқықтары туралы халықаралық-құқықтық құжаттарды қабылдау аталған құқықтар мен бостандықтарды анықтаудағы негізгі құрал болды.

    Қазіргі кездегі адам құқығын қорғаудың халықаралық жүйесі үш деңгейден тұрады: халықаралық, аймақтық және ұлттық. Адам құқығын қорғаудың халықаралық механизмдері Біріккен Ұлттар Ұйымымен, оның Жарғысымен және адам құқығының жалпыға бірдей декларациясымен астасып жатыр. Соңғы саяси беделдің жоғарылығы сонда, оның қағидалары әлемдегі көптеген елдердің конституцияларына енгізіліп, адам құқығын қорғаудың халықаралық жүйесін қалыптастыруға, халықаралық саясат пен қатынастардың дамуына маңызды әсер етті. Халықаралық құқық және сонымен бірге саясаттың дамуы ауқымды саяси ынтымақтастыққа талпынуға жол ашып отыр. БҰҰ  халықаралық ынтымақтастықтың құқықтық негіздерін ғана емес, сонымен бірге оның механизмдерін, құқықтық актілердің зағды күшіне енудегі қажетті органдардың жүйесін де құрып берді.  Әлемдік өзгерістерге байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымына  жаңаша көзқараспен қараудың қажеттілігі туындады, яғни, БҰҰ адам құқықығын қорғау саласындағы халықаралық саясат пен мемлекетаралық ынтымақтастықта басты бағыттаушы орталық болып табылуы тиіс.

    Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін адам құқығы сарласында халықаралық ынтымақтастық  Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) негізін қалады. 1945 жылы 26 маусымда әлемдік 50 мемлекеттің өкілдері БҰҰ Жарғысын қабылдау үшін Сан-Францискоға жиналды. БҰҰ-ның Жарғысы – осы халықаралық ұйымның құрылу тәртібі мен әрекет етуін реттейтін, мемлекеттердің адам құқығы саласындағы ынтымақтастығының құқықтық негізін қалайтын маңызды құжат. БҰҰ-ның  мақсаты Жарғының 1–бабында анықталған, ол – адам құқығы мен баршаға ортақ негізі бостандықтарды бағалауды дамыту және мадақтауда мемлекетаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру. БҰҰ-ның орталығы Америка Құрама Штатының астанасы Вашингтонда орналасқан. Бұл қалаға барлық БҰҰ-на мүше елдерінің өкілдері БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысу үшін жыл сайын жиналады.

    Жарғының 55-бабында БҰҰ-на мүше мемлекеттердің «нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарды жалпы сақтау мен бағалау барлығына ортақ» халықаралық құқықтық міндеттері анықталған, яғни БҰҰ-ның Жарғысы нәсіл, жыныс, тіл, дін тәрізді қаналуға жатпайтын төрт қағидаға басты мән бере отырып, баршаның тең құқылығын орнатады. 1 және 55-ші баптарда көрсетілген жағдайлар адам құқығы саласындағы БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің құқықтық негізін құрайды және бұл ынтымақтастықтың бағытын анықтайды. Жарғы БҰҰ мүшелеріне адам құқығы саласы бойынша міндеттемелерді жүктейді. Сол себепті БҰҰ Жарғысы адам құқығы мен бостандығы саласында тәуелсіз мемлекеттер мен халықтардың ынтымақтастығын нығайтудың негізгі саяси және заңдылық іргетасы болды.

    Адам құқығына қатысты  БҰҰ Жарғысының шарттары кейінірек әр түрлі халықаралық құжаттармен нақтыланып, дами түсті. Бүгінгі күнге дейін БҰҰ аясындакөптеген халықаралық құжаттар қабылданды, соның ішінде адам құқығын қорғаудың әр саласы бойынша мемлекеттердің әрекет етудегі міндетті заңдылықнормаларын қалыптастыратын келісімшарттар, конвенциялар мен фактілер де бар.

    Сан қырлы құжаттар негізгі төрт актімен сипатталады: Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы (1974), экономикалық, әлеуметтік және мәдениқұқықтыр туралы факт, азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық  факт (1966 жылы қабылданып 1977 жылы күшіне енді), егер жеке құжат деп танитынболса, азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық фактінің факультативті хаттамасы. Бұл құжаттардың заңдылық күштері әр түрлі, бірақ жиынтығындаолар адам құқығы саласы бойынша мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының негізін құрайды.

    Декларация нормаларының міндетті емес сипатына қарамастан, ол мемлекетке қатысты міндетті тәртіп ережелерінің қалыптасуына күшті ықпал етеді. Декларациянегізінде адам құқығы мәселелеріне қатысты міндеттілік сипатына ие болған халықаралық келісімшарттар құрастырылып, қабылданады. Қазіргі кезеңдегі халықаралық құқықта адам құқығын қорғау аясында мемлекетке қатысты заңдылық міндетті нормаларды құрайтын алпысқа жуық әрекеттегі халықаралық келісімдер, фактілер мен конвенциялар бар.

    Декларацияда көрсетілген ұсыныс беруші нормалар мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынасқа да әсерін тигізеді, яғни БҰҰ-ның мүшесі болып табылатын мемлекет, сол сияқты Қазақстан да, БҰҰ-ның нормативті актілерімен есептесуіне болмайды. БҰҰ-на мүше мемлекет БҰҰ-ның ереже-рекомендацияларын үнемі бұзған жағдайда, бұл халықаралық ұйым өз жарғылық міндеттеулерін осы мемлекеттің орындамағаны туралы мәселе көтеруіне болады. Декларация бұрынғыдай XXI ғасырда да құқық қорғау саласындағы құқықтың қайнар көзі және адама құқығын қорғаудағы жалпыға ортақ қозғалыстың негізі болып қалады.

    БҰҰ-ның маңызды жетістіктерінің бірі адам құқығын қорғау саласында барлығын қамтитын нормативтік базаның құрылуы болып табылады. Әлемдік қауымдастық тарихында алғаш рет адам құқықтарын қорғау мәселесі бойынша заңдардың жалпыға ортақ жиынтығы құрастырылды және бұған барлық мемлекет қосыла алады.

    Адам құқығы турлы халықаралық факт – бұл қатысушы мемлекеттер, яғни олардың ережелерін ұстануға ресми келіскен елдер, құқықтардың кең бағытын жүзеге асыруда құрметтеп, кепілдік беру үшін жасалған келісімдер.

    БҰҰ шеңберінде жасалған заңды міндеттемелік келісімдердің ішіндегі маңызы бойынша ең көлемдіреді «Азаматтық және саяси құқық туралы халықаралық факт» және «Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық факт» болып табылады. 1966 жылы қабылданып, 1976 жылы заңды күшіне енген осы құжаттар мемлекеттің өз азаматтарын қамтамасыз етуі тиіс адам құқығының ең төменгі стандарттарын орындатады. Бұл көзқарастан фактілер жалпыға ортақ декларациямен салыстырғанда бір саты алдыда тұр. 1998 жылға қарай Азаматтық және саяси құқық туралы халықаралық фактіге дамыған елдердің көпшілігімен қатар, 140 мемлекет қол қойды. Экономикалық, элеуметтік және мәдени құқықтар туралы фактінің қатысушылары 137 мемлекет болды. Көптеген мемлекеттер қатары, соның ішінде АҚШ бұл құжатты қабылдамады. Жоғарыда аталған құжаттарды қабылдау маңында орын алған пікірталастар, негізінен, фактілердің біреуін ғана немесе екеуін де қабылдау керектігі туралы сұрақтар төңірегінде бағытталған. Көпшілікітің пікірі көптеген мемлекеттерде азаматтық және саяси құқықтар заңды түрде қалыптасқан, сондықтан ол бақылау жүргізетін ерекше орган жағынан қарастырылатын нәрсе болуы мүмкін делінді. Экономикалық, саяси  және мәдени құқықтарды жүзеге асыру ол кезде көбінесе тез арада іске асуы мүмкін болмайтын мақсат ретінде қарастырылды, дегенмен Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы солар сияқты басқа құқықтарға мән берді, Қазақстан Республикасы 2005 жылы осы фактілерге қосылды. Осылайша, фактілер жалпыға ортақ декларацияларда мазмұндалған көптеген құқықтарды танып, нақтырақ анықтайды, сонымен қатар кейбір қосалқы құқықтарды қарастырады.

    Азаматтық және саяси құқықтар туралы фактіде нақтылы құқықтар мен бостандықтар айқындалған. Бұл әр адамның ажырамас құқығы – өмір сүру құқығы. Факт өлім жазасы алынбаған мемлекеттерде өлім жазасы ең ауыр қылмыс үшін шығарылатыны анықталды.

    Халықаралық бақылау жүйесін құрайтын, адам құқығы бойынша бірінші құжат – Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысанын жою туралы халықаралық конвенция болды (БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1965 жылы қабылданған). «Нәсілдік айырмашылыққа негізделген кез келген астамшылық теориясы ғылыми қатынаста жалған, моральдық қатынаста сыналған, ал әлеуметтік қатынаста әділетсіз, қауіпті және қайда болсын, теорияда да, практикада да, нәсілдік кемсітушілік ақталмайды». Конвенция кемсітушілікті «нәсілдік белгілерге, түсіне, туыстық, ұлттық немесе этникалық шығу тегіне негізделген, мақсатты мен салдары адам құқықтарын және саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени немесе басқа да негізгі бостантықтарды тануды, қолдануды және тең бастамада жүзеге асыруды жою мен төмендету болып табылатын кез келген айырмашылық, өзгешелік, шектеу немесе сілтеу» деп анықтады. Бұл конвенция нәсілдік кемсітушілік түсінігін анықтап, теріс жақтарын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар, нәсілдік тармақшылыққа немесе нәсілдік жек көрушілікке негізделген әр түрлі идеяны таратудың заңмен жазалануын жариялауды және нәсілдік кемсітушілікті көтермелейтін кез келген ұйымды заңға қайшы деп жариялауды міндеттеді.

    Конвенция қылмыс жасалған елде немесе кез келген басқа елде тұратын жеке тұлғалар, ұйымдар және мекеме мүшелері, сондай-ақ мемлекет өкілдері жайындағы апартеид қылмысы үшін халықаралық қылмыстық жауапкершілікті айқындайды. Айып тағылған тұлғалар кез келген конвенцияға мүше мемлекетте сотқа тартылуы мүмкін. Конвенцияға мүше мемлекеттер адам құқығы бойынша комиссия шеңберінде арнайы топқа конвенцияны жүзеге асыру мақсатында қабылданған шаралар туралы мезгілімен баяндамаларын ұсынып отыруға міндетті.

     Жалпы, адам құқығын қорғап, бостандығын ардақтау азаматтардың лайықты өмір сүріп, жақсы тұрмыс кешуіне ахуал қалыптастыру - Қазақстанның алдынақойған асыл мұраты. Адам құқықтары туралы білімді өрістету – адам құқықтарының сақталуына кепіл болады. Яғни, біздің ойымызша, әрбір адамда құқықтықсауаттылық болса, ол ешқашан өзгенің құқығын бұзбайды, және өзінің де құқықтарын бұзылмауын қамтамасыз етеді. Ал, өз құқықтары мен міндеттерін жете білгенадам еш уақытта жаңсақ баспасы анық.

Адам құқықтарын жетілдіру мақсатында біздің енгізер ұсыныстарымыз: қарапайым азаматтар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру керек. Ол үшін, мектепбағдарламасына Адам құқықтарының Декларациясын оқытуды енгізу қажет. Сонда жас жеткіншектердің құқықтық сауаттылығы біршама деңгейге көтеріледі.Сонымен қатар, газет – журналдарда адам құқықтарының қорғалуы жайлы мақалалар, заң саласындағы мамандарымен жүргізілген сұхбаттар жарияланып,телеарналарда адам құқықтары туралы түрлі бағдарламалар ашылуын қолға алу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет