«адам қҰҚЫҒЫ» ПӘннін оқУ-Әдістімелік кешені


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет5/8
Дата13.06.2016
өлшемі0.66 Mb.
#134097
1   2   3   4   5   6   7   8

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Азамат саяси құқықтары мен бостандықтарының жалпы сипаттамасы.

  2. Саяси құқықтар мен бостандықтардың жіктелуі.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Искакова Г.К. Современность: права и свободы человека. Монография. Семипалатинск, 2013.-299 с

  2. Сборник документов по международному праву в области защиты прав человека. Алматы: САК, 2003.- Т.1. – 576 с.

  3. Права человека. Основные международные документы. - М.: Международные отношения, 2009. - 157 с.




9. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар

Тақырыптың мақсаты: қарастырылып отырған мәселеле бойынша негізгі анықтамаларға сипаттама беру, жан-жақты қарастыру, сипаттама беру.

Жоспары:


Жалпы сипаттама. Жеке меншік құқығы. Мұрагерлік құқығы. Кәсіпкерлік іс бостандығы. Еңбек бостандығы құқығы.Еңбек үшін сыйакы алу, жүмыссыздықтан әлеуметтік қорғалу құқығы. Жеке және ұжымдык еңбек дауларын шешу құқығы. Дем алу құқығы. Балаларға камкорлық жасау, оларды тәрбиелеу және ата -аналар құқығы.
Құрылып жатқан құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам бостандық, еркіндік, теңдік идеалдарына негізделген. Бұл конституциялық идея ұлтына, әлеуметтік жағдайына қарамастан адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бекітетін конституциялық нормаларға сүйенеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы тек мемлекеттің ғана емес, сонымен бірге қоғамның да басты заңы болып табылады. Бұл идея азаматтардың меншігіне, әлеуметтік құқықтары мен бостандықтарына, қоғамдық бірлестіктерге, отбасына және т.б. қатысты көптеген конституциялық нормаларда бекітіледі және негізделеді.

Әлеуметтік-экономикалық құқықтар адамға өмір сүрудің қолайлы деңгейін және әлеуметтік қорғалуды, шаруашылық қызметінің негізгі факторларымен және тұтыну құралдары индивидтеріне еркін иелік ету құқығымен: жеке меншік және еңбекпен, сондай-ақ іскерлікке және бастама көтеруді қамтамасыз етумен байланысты.

ҚР Конституциясының 24-бабына сәйкес «Әркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауына құқығы бар. Ерiксiз еңбекке соттың үкiмi бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол берiледi». Әркiмнiң қауiпсiздiк пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегi үшiн нендей бiр кемсiтусiз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғалуға құқығы бар екенін атап кету керек.

Бұл Конституцияның бабы әрбір адамға заңмен белгіленген ережеге сәйкес ұсынылатын демалу құқығына кепілдік береді.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында еңбекті қоғамдық ұйымдастыру мәселелері ерекше әлеуметтік маңызға ие болуда. Бұл өндіріс құралдарына жеке меншік қатынастардың түпкілікті түрленуімен, соған сәйкес қоғамның жаңа әлеуметтік құрылымын қалыптастырумен, еңбекті басқарудың тиімді механизмін құру қажеттілігімен, еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің жаңа түрлері мен әдістерін іздеуге байланысты. Бұл жағдайда қоғам мүдделері мен адам мүдделері арасындағы балансты қамтамасыз ету проблемасы Конституцияда және еңбек туралы қолданыстағы заңдарда принципті шешімдерін тапты. Сол кезде қоғамның құнды капиталы ретіндегі қолда бар еңбек ресурстары неғұрлым жаңартылған және өркениетті пішінде дамуы тиіс.34

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңының 4 бабына сәйкес (әрі қарай – еңбек туралы Заң) әрбір адам өз еңбек құқықтарын іске асыруда тең мүмкіндіктерге ие болады. Ешкімге еңбек құқықтарына шек қойылмайды немесе жынысына, жасына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, мүліктік және лауазымды жағдайына, тұрғылықты жеріне, дінге қатынасына, көзқарастарына, азаматтық, қоғамдық бірлестіктерге қатынасына, сондай-ақ жұмыскердің іскерлік сапасына және оның еңбегінің нәтижесіне байланысты емес басқа жағдайларға қарамастан оларды іске асыруда қандай да бір артықшылықтарға ие болуға шек қойылмайды.

ҚР Конституциясының 26-бабы әркiмнңѕ кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне, өз мүлкiн кез келген заңды кәсiпкерлiк қызмет үшiн еркiн пайдалануға құқығы бар екенін атап көрсетеді.

Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады. Қазақстан Республикасының азаматтары жеке меншікке кез келген заңды түрде сатып алған мүлікке ие бола алады. Әркім кәсіпкерлік қызмет бостандығына, өзінің мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқылы.

Конституцияның 26-бабының 1-тармағы ережесінің әрі қарай дамуы ҚР МК 191бабында көрініс табады, соған сәйкес жеке меншік түрінде заңнамалық актілерге сәйкес азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесілі емес мүліктің кейбір жеке түрлерінен басқа кез келген мүлік болуы мүмкін. Жеке меншік түрінде болатын мүліктің саны мен құнына шек қойылмайды. Иесі қайтыс болған жағдайда оған тиесілі мүлік мұра бойынша өсиетнама және заңға сәйкес басқа тұлғаға беріледі.

Мемлекет кәсіпкерлік қызмет бостандығына кепілдік береді және оны қолдау мен қорғауды қамтамасыз етеді. Заңмен тыйым салынбаған қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлер құқығы лицензия алған қызмет түрлерінен басқа қандай да бір рұқсат алмастан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мүмкіндігімен; мемлекеттік органдар жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметті тексерудің заңнамалық актілерін шектеумен; заңнамалық актіде қарастырылған негіздеме бойынша шығарылған сот шешімі бойынша кәсіпкерлік қызметті мәжбүрлі тоқтатумен қамтамасыз етіледі.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 28-бабы Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негiздерде оған ең төменгi жалақы мен зейнетақы мөлшерiнде әлеуметтiк қамсыздандырылуына кепiлдiк берiледi.

Конституциямен нарықтық экономиканы қалыптастыру жағдайындағы республика халқын әлеуметтік қорғаудың құқықтық негіздері, мемлекет тарапынан еңбек ақы мен зейнетақыны ең төменгі мөлшерден кем емес белгілеуге кепілдік, сондай-ақ басқа да әлеуметтік кепілдік беру анықталған. Қазақстан Республикасының азаматтарына, яғни қартайған, ауру, мүгедек, қамқоршысыз қалған адамдарға зейнетақы көлеміндегі және төменгі мөлшердегі еңбекақымен әлеуметтік қамтамасыз ету құқығын ұсынады. 35

Қосымша сақтандыру, денсаулықты қосымша әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша объектілер әзірленеді.

Әлеуметтік қорғау – бұл өмірлік қажетті игіліктерге және азаматтардың әл-ауқатының белгілі деңгейіне қол жеткізуде белгілі бір деңгейді қамтамасыз етуге шақырған шаралар жүйесі, бірқатар жағдайларға байланысты экономикалық жағынан белсенді бола алмауы мүмкін және тұрақты төленетін еңбекке араласу арқылы өзін табыспен қамтамасыз ете алмауы мүмкін.

Мемлекет әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша шаралар қабылдайды. Осы бағытта Қазақстан Республикасы-ның 2001 жылғы 17 шілдеде 246-11 «Мемлекеттік мекен-жайлы әлеуметтік көмек туралы»Заңы қабылданды.

Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 4 шілдеде 1541-12 «Ұжымдық келісім шарт туралы» Заңында жұмыскерлерді әлеуметтік қамтамасыз етудің қосымша нысандарын қалыптастыру мүмкіндігі қарастырылады. Демек, ұжымдық келісім шартпен басқа да жағдайлар, сондай-ақ жұмыскерлерді, олар жұмыстарын жоғалтқан жағдайда, сақтандыру тәртібі мен жағдайы; өндіріс уақытша тоқтаған кезде оларды қорғау шаралары; жұмыссыздық бойынша жәрдем ақша мөлшері мен төлем мерзімін ұлғайту мүмкіндігі; зейнеткерлерге, мүгедектерге, көп балалы және толық емес отбасыларына қосымша жеңілдіктер ұсыну және көмек көрсету; ерікті және міндетті әлеуметтік сақтандыру; жұмыскерлерді және т.б. жұмыспен қамту және қайта оқыту міндеттерімен анықталады.



«Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар» (ҚР Конституциясының 29-бабы). Қазақстан Республикасының азаматтары заңмен белгiленген кепiлдi медициналық көмектiң көлемiн тегiн алуға хақылы. Медициналық көмекті алу мемлекеттік және жеке меншік медициналық мекемелер туралы белгіленген заң негізінде және тәртіпте жүзеге асырылады.

Азаматтардың денсаулығын қорғау жүйесі кең мағынада адамның өмірдегі және еңбек процесіндегі жұмысқа қабілеттілігін және денсаулығын қорғау қауіпсіздігіне кепілдік беретін әлеуметтік экономикалық, ұйымдастыру, техникалық, гигиеналық, емдеуалдын алу шараларын жүргізуді енгізеді. Азаматтардың денсаулығын қорғаудың құқықтық, экономика-әлеуметтік негіздері, мемлекеттік органдарға қатысуы, жеке және заңды тұлғалардың меншік нысандарына қарамастан, азаматтардың денсаулығын қорғаудың конституциялық құқықтарын іске асыру Қазақстан Республикасының 1997 жылы 19 мамырдағы «Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын қорғау туралы» Заңымен және 2002 жылғы 4 желтоқсандағы 361-11 «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы» Заңымен анықталған. Көрсетілген заңдар азаматтардың денсаулығын қорғауды ұйымдастыруды, халыққа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру үшін мемлекеттік органдардың және жеке меншік медициналық мекемелердің жауапкершілігі, денсаулықты қорғау саласындағы азаматтардың құқықтары мен міндеттемелері, денсаулықты ұйымдастыруды кадрлық қамтамасыз ету, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын қарастырады.36

Өндірісте жұмыс істейтін адамдардың денсаулығын қорғау мәселелері ерекше маңызға ие. Қауіпсіздік пен гигиена талаптарына жауап беретін еңбек жағдайына құқық – жұмыс берушілердің негізгі құқықтарының бірі (Заңның 7- бабының 1-тармағының 3-қосымша тармағы).

Тегін медициналық көмек көрсетудің кепілденген көлемі Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына көрсетілетін, әрі республикалық және жергілікті бюджеттен тікелей қаржыландырылатын медициналық көмектің көлемі республиканың барлық аумағына ұсынылады.

ҚР Конституциясының 30-бабы азаматтардың білім алу саласындағы құқығын анықтайды. Азаматтарға мемлекеттік оқу мекемелерінде тегін орта білім алуға кепілдік беріледі. Орта білім міндетті. Азамат конкурстық негізде мемлекеттік жоғары оқу орындарында тегін жоғары білім алуға құқығы бар. Жеке меншік оқу мекемелерінде білім алу заңмен белгіленген негізде және тәртіпте жүзеге асырылады. Мемлекет міндетті білім Стандартын белгілейді, ол барлық білім мекемелерінің қызметіне сәйкес келуі тиіс.

Білім алу құқығы – мемлекеттің Ата заңында белгіленген республиканың әрбір азаматының негізгі құқықтарының бірі. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат принциптерінің бірі оқу мен тәрбие бірлігін, сабақтастығын қамтамасыз ететін білімнің үздіксіз процесі болып табылады (1999 жылғы 7 маусымдағы ҚР «Білім туралы» Заңының 3-бабы). Үздіксіз білім беру жүйесіндегі негізгі деңгей орта білім болып табылады және оған мыналар жатады: 1) жалпы орта; 2) бастапқы кәсіптік білім (кәсіптік лицейлер); 3) орта кәсіптік білім (колледж, училище). Конституцияда азаматтардың конкурстық негізде мемлекеттік жоғары оқу орындарында тегін жоғары білім алуға құқығы бар екені белгіленген.

Жоғары білім беру саласындағы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздер «Білім туралы» Заң және «Жоғары білім туралы» Заңмен іске асырылады.

Жоғары оқу орындарында тегін жоғары білім алу құқығы мемлекеттік білім грантын алған жағдайда, конкурстан сәтті өткенге мемлекеттік білім несиесі ұсынылады. Конкурс шарттары барынша қабілетті азаматтарға мемлекеттік грант пен несиелер алуға кепілдік береді. Бұдан басқа, мемлекет мемлекеттік емес несие беруді ынталандырады.

«Білім туралы» Заңға сәйкес республикада мемлекеттік білім беру ұйымдары және мемлекеттік емес білім беру ұйымдары әрекет жасауы мүмкін. Мемлекеттік білім грантын алған немесе мемлекеттік білім несиесін алған азамат өзіне кәсіптік білім алғысы келетін жоғары оқу орны мекемесін (меншік нысанына қарамастан) таңдауға хақылы.

Әрбір азамат Конституцияны және Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға, басқа тұлғалардың құқықтары, бостандықтары, ар намысы мен абыройын құрметтеуге міндетті. Әрбір азамат Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті. Конституция нормаларын және ҚР заңдарын сақтау, сондай-ақ басқа тұлғалардың құқықтары, бостандықтары, ар намысы мен абыройын құрметтеу азаматтардың негізгі Конституциялық міндеттеріне жатады.37

Біздің республиканың әрбір азаматы оның қауіпсіздігі Конституциямен қамтамасыз етілген және кепілдік берілген, сондықтан сенімді өмір сүреді, оқиды, еңбек етеді, құқықтары мен бостандықтарына қысым жасалады деп қорықпай-ақ, еркін жүріп-тұрады. Біздің Конституциямыз бен заңдарымыз адамның шығармашылық және жасампаз жігерін белсенділендіре отырып, оның кәсіпкерлік бастамасын ынталандырады.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Экономикалық құқықтар: жалпы сипаттама.

  2. Әлеуметтік құқықтардың ұғымы мен жіктелуі.

  3. Мәдени құқықтар және олардың жүзеге асырылуы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Искакова Г.К. Современность: права и свободы человека. Монография. Семипалатинск, 2013.-299 с

  2. Сборник документов по международному праву в области защиты прав человека. Алматы: САК, 2003.- Т.1. – 576 с.

  3. Права человека. Основные международные документы. - М.: Международные отношения, 2009. - 157 с.



10. Қазақстан Республикасындағы адам және азамат міндеттері

Тақырыптың мақсаты: қарастырылып отырған мәселеле бойынша негізгі анықтамаларға сипаттама беру, жан-жақты қарастыру, сипаттама беру.

Жоспары:


Конституциялық міндеттер. Басқа тұлғалардың құқығын, бостандығын, абыройын құрметтеу. Қазақстан Республикасын қорғау.
Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негізде алынғанына қарамастан, бірыңғай және тең болып табылады. Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды.

3. Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды. Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге болмайды. Республика өзінің одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік береді.

Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.

Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады. Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады. . Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады.. Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс.

1. Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы.

2. Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегі тегін көрсетіледі.

Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.

Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.

1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.

2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар.

1. Әркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.

2. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы беріледі. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады.

3. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы.

1. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.

2. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.

1. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар.

2. Әркім өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар. Бұл құқықты шектеуге заңда тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.

3. Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

19-бап

1. Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы.

2. Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.



20-бап

1. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады.

2. Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясы болып табылатын мәліметтер тізбесі заңмен белгіленеді.

3. Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді.



21-бап

1. Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбір адам, заңда көрсетілгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар.

2. Әркімнің Республикадан тыс жерлерге кетуіне құқығы бар. Республика азаматтарының Республикаға кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар.

22-бап

1. Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар.

2. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.



23-бап

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығына құқығы бар. Қоғамдық бірлестіктердің қызметі заңмен реттеледі.

2. Әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар партияларда, кәсіптік одақтарда болмауға, қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс.

24-бап

1. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.

2. Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.

3. Ереуіл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгіленген тәсілдерді қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалады.

4. Әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі.

25-бап

1. Тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.

2. Қазақстан Республикасында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін ақыға беріледі.

26-бап

1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.

2. Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі.

3. Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін.

4. Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Монополистік қызмет заңмен реттеледі әрі шектеледі. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады.



27-бап

1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.

2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу — ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.

3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.



28-бап

1. Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.

2. Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайы-рымдылық көтермеленіп отырады.

29-бап

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

2. Республика азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемін тегін алуға хақылы.

3. Мемлекеттік және жеке меншік емдеу мекемелерінде, сондай-ақ, жеке медициналық практикамен айналысушы адамдардан ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүргізіледі.



30-бап

1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.

2. Азаматтың мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.

3. Жекеменшік оқу орындарында ақылы білім алу заңмен белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

4. Мемлекет білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын белгілейді. Кез келген оқу орнының қызметі осы стандарттарға сай келуі керек.

31-бап

1. Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды.

2. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

32-бап

Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға хақылы. Бұл құқықты пайдалану мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделері үшін заңмен шектелуі мүмкін.


1. Қазақстан Республикасы азаматтарының тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар.

2. Республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар.

3. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ.

4. Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар. Мемлекеттік қызметші лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына ғана байланысты болады және заңмен белгіленеді.

1. Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.

2. Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті.

Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады.

1. Қазақстан Республикасын қорғау — оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.

2. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады.

Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті.

Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.

1. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін.

2. Ұлтаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады.

3. Саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір түрде шектеуге жол берілмейді. Конституцияның 10; 11; 13-15-баптарында; 16-бабының 1-тармағында; 17-бабында; 19-бабында; 22-бабында; 26-бабының 2-тармағында көзделген құқықтар мен бостандықтар ешбір жағдайда да шектелмеуге тиіс



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет