Зертханалық жұмыстарды орындау тәртібі
Кіріспе сабақ. Организмнің физиологиялық функцияларын зерттеу әдістері мен физиологиялық объектілері.
Мақсаты: Студенттерді организмнің физиологиялық функцияларын зерттеу негізгі әдістерімен таныстыру. Физиологиялық зерттеулер үшін қолданылатын аппаратуралар мен құрал-жабдықтар, физиологиялық препараттың тіршілік қасиетін сақтау үшін қажетті ерітінділер және жануарларды жансыздандыру тәсілдерімен таныстырып игерту.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: хирургиялық аспаптар жиынтығы, кимограф, универсальды штатив, миограф, электр тітіркендіргіштер, Рингер ерітіндісі, бақа.
1-тақырып: Қозғыш ұлпалардың физиологиясы
1-зертханалық сабақ
Мақсаты: Бұлшықет-нерв препаратын дайындау техникасымен танысу. Тітіркендіру арқылы нерв пен еттің қозғыштық қасиеттеріне баға беру.
1-жұмыс. Бұлшықет-нерв препаратын дайындау.
2-жұмыс. Нерв пен бұлшықет тітіркенуін салыстыру (тура және жанама тітіркендіру).
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: хирургиялық аспаптар жиынтығы, Рингер ерітіндісі, кимограф, миограф, электр тітіркендіргіш, сия, қағаз.
Жұмысты қорытындылау: Жұмыстың барысын дәптерге жазу. Алынған кимограмманы дәптерге жапсырып, оны белгілеу. Нерв пен бұлшықет қозғыштығына салыстырмалы баға беру.
Зертханалық сабақтарға арналған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
Нұрғалиев Ж.Н., Нұрғалиева Қ.Ж. Қалыпты физиология бойынша практикум.
– Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 125 б.
Сәтбаева Х.К., т.б. Адам физиологиясы. – Алматы: Дәуір, 2005.
Қосымша әдибиеттер:
Руководство к практическим занятиям по физиологии ./под ред. Г.И. Косицкого, В.А.Полянцева. – М.: Медицина, 1988.
Практикум по нормальной физиологии. /под ред Н.А. Агаджаняна, А.В. Коробкова. – М, 1983.
Дүйсембин Қ.Д., Алиакбарова З. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. – Алматы, 2003. – 400 б.
Достарыңызбен бөлісу: |