1-жұмыс. Рефлекторлық доғаны талдау.
2-жұмыс. Бақаның жұлынмен байланысты рефлекстеріне зерттеу жүргізу.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: хирургиялық аспаптар жиынтығы, Рингер ерітіндісі, бақаны қыстыратын штатив, сорғыш қағаздар, электр тітіркендіргіш, медициналық үш стакан, су, күкірт қышқылының әртүрлі концентрациялы ерітінділері, новокаин, эфир, секундомер, мақта. Тәжірибе бақамен орындалады.
Жұмысты қорытындылау: Жұмыстың барысын дәптерге жазу. Моно- және полисинапстық рефлекторлық доғаның сызбанұсқасын сызу. Алынған нәтижені кесте түрінде толтыру және келесі сұраққа жауап беру: Рефлекторлық реакцияның толық орындалуы үшін қандай шартты жағдайлар қажет?
Зертханалық сабақтарға арналған әдебиеттер
Негізгі әдибиеттер:
Нұрғалиев Ж.Н., Нұрғалиева Қ.Ж. Қалыпты физиология бойынша практикум.
– Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 125 б.
Сәтбаева Х.К., т.б. Адам физиологиясы. – Алматы: Дәуір, 2005.
Қосымша әдибиеттер:
Руководство к практическим занятиям по физиологии ./под ред. Г.И.Косицкого, В.А.Полянцева. – М.: Медицина, 1988.
Практикум по нормальной физиологии. /под ред Н.А.Агаджаняна, А.В. Коробкова. – М, 1983.
Дүйсембин Қ.Д., Алиакбарова З. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. – Алматы, 2003. – 400 б.
4-зертханалық сабақ
Мақсаты: Нерв орталықтарының қозуды уақытша және кеңістіктік жинақтауын бақылау. Жұлыны сақталған бақада қозудың таралу заңдылықтарын анықтау.
1-жұмыс. Орталық жүйке жүйсіндегі қозудың уақытша және кеңістіктік жиынтығы (суммация).
2-жұмыс. Орталық жүйке жұйесіндегі қозудың таралуы (иррадиация).
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: хирургиялық аспаптар жиынтығы, Рингер ерітіндісі, электр тітіркендіргіш, операция столы, лоток, салфеткалар, мақта, секундомер, кукірт қышқылы, стакандар, су, ілмекті штатив.
Жұмыс бақамен орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |