1-БӨЛІМ
1.1. АДАМ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ФИЗИОЛОГИЯСЫНЫҢ
НЕГІЗГІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Биология мамандығына арналған
1. ҚҰРАСТЫРҒАНДАР: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биология және биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина кафедрасының профессоры, б.ғ.к. Н.Т.Торманов және б.ғ.к., доцент Г.Т.Сраилова.
2. ПІКІР ЖАЗҒАНДАР: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының профессоры, б.ғ.д. Қ.А. Сапаров Республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Адам және жануарлар физиология» институты, Физиологиялық мембрана зертханасының бас ғылыми қызметкері, биология ғылымының докторы, профессоры М.К. Мырзахметова.
3. Негізгі оқу бағдарламасы Биология мамандықтар тобы бойынша білім беру-кәсіби бағдарламасының мамандығына сәйкес әзірленген.
ТҮСІНІКТЕМЕ
«Адам және жануарлар физиологиясы» базалық пән ретінде биология, биология педагогика мамандықтарының 3-курс студенттеріне ұсынылады. Бұл пән бакалавр мамандарын адамгершілікке тәрбиелеуге, сонымен қатар арнаулы пәндерімен қатар басқада ғылыми-жаратылыстану және жалпы кәсіптік пәндерге негізделіп дайындалған. Физиология – ағзалардың қызметін және біртұтас ағзалар жүйесінің тіршілік қызметін зерттейтін ғылым. Ол биология ғылым салаларының және жаратылыстану пәндерінің бірнеше түрлерімен – физика, химия, биофизика, биохимия, анатомия, гистология, эмбриология және экология, спорттық физиология және т.б. тығыз байланысты
Физиология ғылымың қалыптасып дамуына адам анатомиясы, гистология және цитология ғылымдары орасан ықпал жасады.
Бағдарлама өзектілігі: тірі ағзалардың тіршілігіндегі заңдылықтар барлығына да бірдей. Бірақ әрбір ағзаның эволюциялық даму формаларыбіртіндеп өзгеріп, күрделене дамыған. Сондықтанда физиология өзінің даму барысында эволюциялық ілімге сүйене отырып оның әрбір даму кезеңдеріне мән беріп, қадағалап зерттеп, қорытынды жасайды. Осыған орай «Адам және жануарлар физиологиясы» болашақ педагогтар, психологтар, дәрігер мамандары және дене тәрбиесі үшін ең маңызды пән болып саналады. Сонымен қатар бұл пән болашақ педагог тәрбиеші мамандар үшін, ағзаның тіршілік қызметіндегі заңдылықтарды аша отырып, жас ұрпақтардың денсаулығын сақтауға, оның еңбек қабілеттілігін арттыра отырып, оқу үдірісінің қиындықтарын оңай жеңуге үйретеді. Физиология пәніндегі ағзалар мен ағзалар жүйесінің заңдылықтарын білу жалпы педагогика, психология, жасқа сай физиология, пәндерін, оңай игерудің басты ірге тасы деп есептеледі. Осы пәнді оқу барысында студентте төмендегіше құзырлылық қалыптасуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |