«Адам және жануарлар физиологиясы» пәні, негізгі оқу пәні ретінде биология және биотехнология факультетінің биология, биотехнологияның және биология педагогика мамандықтары бойынша 3-курс студенттеріне оқылады



бет70/103
Дата12.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#477263
түріБағдарламасы
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   103
ЛЕКЦИЯ АЖФ сонгы

Бүйректің секрециялық қызметі – бүйрек түтікшелерінің эпителий қабаты секреция бөлу. Түтікше қуысынан, шумақ эпителийнен өтпеген, алғашқы несепте коллоидты бояулы заттар, пеницилин, т.б. сияқты дәрілік заттар соңғы несепте пайда болады.
Қазіргі ғылыми мәліметтерге сүйенсек, секреция деген сөздің екі түрлі мәні болатындығын көрсетеді.
Бірінші түсінік бойынша, секреция – қандағы заттардың бүйрек түтікшелеріне өзгермеген күйде өтуі. Екінші түсінік – бүйрек түтікшелерінің клеткалары органикалық қышқылдармен негіздерді ғана секрециялап қоймай, олар кейбір бейорганикалық заттарды да синтездеп шығарады. Егер организмде калий ионының мөлшері шамадан тыс көп болса, бүйрек түтікшелерінің диастолдық бөлімімен несеп жинайтын түтікшелердің ішіне қарай өтеді (секрецияланады). Сөйтіп, соңғы несептің құрамымен сыртқа шығарылады.
Бүйректе креатинин синтезделіп, фосфаттар қайта пайда бола бастайды.
Бүйректің эпителий клеткаларынан гиппур қышқылы түзіледі (қандағы бар гликояменбензай қышқылынан). Ал аммиактан аммоний тұздары синтезделеді.
Бүйрек қанның рН реакциясын тұрақты сақтауға қатысады. Бұл үдеріс бүйрек түтікшелерінің клеткасында жүретін ацидогенез және аммонигенез үдерістеріне өте тығыз байланысты келеді.
5–ТАРАУ


3.5. ТалдаҒыштар (анализаторлар)


14-15-дәріс жоспары


5.1. Талдағыштарды зерттеу әдістері
5.2. Талдағыштардың негізгі атқаратын қызметі
5.3. Көру талдағышы
5.4. Көз алмасының қозғалысы
5.5. Торлы қабаттағы бейненің көрінуі
5.6. Заттың түсін көріп ажырату
5.7. Есту мүшесі
5.8. Кортиев мүшесі
5.9. Дәм сезу рецепторлары
5.10. Иіс сезу рецепторлары



  • Анализаторлар – бұл нерв жүйесінің бір бөлігі, көптеген қабылдағыш приборлар-рецепторлар және аралық, сонымен қатар орталық нерв клеткаларынан тұрады.

  • Анализатор – миға ақпаратты жеткізіп оған талдау жасаушы жүйе.

Анализатор жайлы ілімді қалыптастырған ғалым И.П.Павлов.


5.1. Талдағыштарды зерттеу әдістері

Оған көптеген эксперименталды және клиникалық әдістер, адамның психологияны қабылдауын зерттеу әдістері және шартты рефлекс әдістері, электрофизиологиялық, морфологиялық, биохимиялық анализ және вегетативтік нерв жүйесінің сезімталдық процестерінің көрсеткіштері қолдалынады. Соңғы жылдары сезгіш мүшелер қызметін моделін жасау арқылы.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет