«Адам және жануарлар физиологиясы» пәні, негізгі оқу пәні ретінде биология және биотехнология факультетінің биология, биотехнологияның және биология педагогика мамандықтары бойынша 3-курс студенттеріне оқылады


И.П. Павловтың ас қорыту физиологиясын дамытудағы еңбектерінің маңызы



бет66/103
Дата12.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#477263
түріБағдарламасы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   103
ЛЕКЦИЯ АЖФ сонгы

10.3. И.П. Павловтың ас қорыту физиологиясын дамытудағы еңбектерінің маңызы

Орыс ғалымы И.П. Павлов ас қорыту физиологиясының негізін қалаушы деп есептеледі. Ол ХІХ ғасырдың аяғында ас қорыту сөлін эксперименталды түрде бөліп алу үшін өз тәжірибелерін өткізіп дәлелдеп берді. Сол үшін ол, көбінесе, иттерді пайдаланды. Себебі иттерде сілекей бездері, сілекейі тек тамақты көргенде немесе ас қорыту органдарына келіп түскенде ғана бөлінеді. Сондықтан да ит бездерінің сөл бөлуін зерттеу қолайлы болды.


И.П. Павловтың ұсынысы бойынша таза сілекей алу үшін осы бездердің түтігін терісі арқылы сыртқы операция жасап, терінің сыртқы бетіне тігіп қою деп санады. Ал таза қарын сөлін бөліп алу үшін және астың құрамының асқазан бездеріне тигізетін әсерін байқау үшін қарынның бір бөлігін операция арқылы басқа бөлігінен бөліп алып, тек қан тамыры мен нерв жүйесіне тимей зерттеуді ұсынды. Оны кейіннен “кішкене қарын” немесе “Павлов қарыншасы” деп атап кетті. Сөйтіп, іштің асқазанын екіге бөлді: біріншісі – бір қалыпты жүре береді; ал екіншісі – “кіші қарын”, бұл жерге арнаулы жасалған тесік фистула арқылы таза қарын сөлі келіп құяды. Айта кететін жай, қарынның екі бөлігінде де қан айналу жүйесі, нерв жүйесі бұзылмаған.


10.4. Зат және энергия алмасуы

Зат алмасудың нәтижесінде клетканың құрылымы өзгеріп, жаңарып, әртүрлі химиялық қосылыстар синтезделіп және ыдырап, қайта қалпына келіп отырады. Сонымен қатар энергия бір күйден екінші күйге ауысып, химиялық қосылыстардағы потенциалды энергияға айналады (энергия ыдырау кезінде пайда болған). Кинетикалық энергияға айналып (негізінен жылу және механикалық, аздап электрлік) отырады.


Ағзаның жұмсаған энергиясын қалпына келтіру үшін, дененің салмағын бір деңгейде сақтау үшін, оның өсуіне, дамуына қажетті заттарға қамтамасыз ету үшін сыртқы ортадан құрамында әртүрлі белоктар, майлар, көмірсулар және минералды заттардан тұратын қорек келіп тұру қажет.
Белоктың алмасуы. Органикалық қосылыстардың ішіндегі алдыңғы орынды белок алады. Клетканың құрғақ массасының 50% гр белоктың үлесіне жатады.

Ағзадағы зат алмасудың жиынтығын алатын болсақ (тыныс алу, ас қорыту, зәр шығару), белоктан тұратын зат ферменттері арқылы іске асырылады. Ағзаның барлық іс-қимыл, әрекеттері жиырылғыш белоктар – ацин, миозиннің қатысуымен жүреді. Тамақтың құрамындағы белоктық заттар пластикалық және энергиялық қызмет атқарады.
Белоктардың құрамындағы аминқышқылдар әртүрлі келеді. Сондықтан да организмде синтезделіп пайдаланылуы бірдей емес. Осы тұрғыдан белоктың құрамында толық қанды бағалы аминқышқылдары болатын болса, онда синтезделу үдерісі бір қалыпты келеді де, ондай белокты биологиялық бағалы (сапалы) қоректік тағам деп атайды. Ал белоктың құрамында бір ғана аминқышқылы жетіспесе, (тіпті, аз мөлшерде де) ондай тағамды биологиялық сапасы нашар, төмен деп атайды. Мысалы, сапасы төмен белок желатина, онда тек цистеннің ізі ғана көрінеді, триптафан, тирозин, зейн (жүгері белогі) жоқ. Триптафан, лизин және глиадин (бидай белогы), т.б. Биологиялық белогы жағынан бағалы тағамдар: ет, жұмыртқа, балық, уылдырық, сүт.
Азоттық баланс дегеніміз – тамақтың құрамымен ағзаға түскен азоттың ағзадан шыққан азотқа қатысы. Біздің ағзамыздағы азоттың негізгі қоры белок болып есептеледі. Осы азоттың балансын анықтау арқылы белоктың арақатынасын да әрі ағзаға түскен азоттың саны арқылы белоктың арақатынасын да анықтауға болады. Сондықтан да ағзаға түскен азоттың саны ағзаға сіңген азоттың санынан өзгеше, себебі адам нәжісі арқылы кейбір бөлігі кетеді. Ағзаға сіңген азоттың мөлшерін тамақтың құрамындағы азот пен адам экскриментіндегі азот айырмасының көрсеткішімен есептеп шығарады. Ағзаға сіңген азоттың мөлшерін білу арқылы ағзаға сіңген белоктың жалпы санын біліп, есептеп шығаруға болады. Егер белоктың құрамында 16% азот болса, 1 гр азотта 6,25 гр белок болады. Табылған азоттың көрсеткішін 6,25-ке көбейткен белоктың мөлшерін анықтауға немесе белок белгілі болса, оны 6,25-ке бөлсе, азоттың мөлшерін табуға болады. Ал ыдыраған белоктың мөлшерін анықтау үшін ағзадан шыққан азоттың мөлшерін білу керек. Белоктың алмасуынан пайда болған ақырғы өнімдер мочевина, зәр қышқылы, креатинин бүйрек және тері арқылы бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет