Пельвиометрия жүргізу
1
|
Дәрігер қолын дайындауы
|
Заласыздандыру уақыты 30секундтан кем болмау керек.Әр қимыл кем дегенде 5 рет қайталанады.
1.Антисептиктің қажетті мөлшерін құрғақ қолға жағу-5рет
2.Алақанды алақанға ысқылау -5рет
3.Сол қолдың алақанымен оң қолдың алақанының сырт жағын ысқылау және керісінше-5 рет
4.Саусақтарды айқастыра алақандарды бір-біріне ысқылау-5рет
5.Саусаақтарды «құлып» секілді қосып,бүгілген саусақтың сыртқы жағымен келесі қолдың алақанын ысқылау-5рет
6.Екі қолдың бас бармақтарын айналдыра кезек ысқылау-5рет
7.Саусақтардың бас жағымен екінші қолдың алақанын шеңберлете ысқылау және керісінше-5рет
8. Енді қол қауіпсіз, перчатка киіп іске кірісе беруге болады.
|
2
|
Жүкті әйелді дайындау және жатқызу
|
Пельвиометрияны бойы 150см –ден төмен әйелге клиникалық тар жамбас болуы мүмкін деген күмәнмен жүргіземіз. Өйткені, жамбастың тар болуы босану ағымының асқынуына алып келеді. Содан кейін оны керуетке жатуын өтінеміз. Жамбасты өлшегенде жүкті әйелді шешінген күйінде шалғасынан жатқызып, аяқтарын ашып жатуын сұраймыз. Дәрігер әйелдің оң жағына бетіне қарап тұрады. Тазомердің түймелерін 1-2 саусақтарымен ұстап, қолға аламыз. Шкалалары жоғары қараған болуы керек. Сұқ саусақпен өлшенетін аралықты тауып, тазомердің екіге ажыратылған тармақтарының түймелерін басады. Шкала бойынша сәйкес өлшемнің шамасын белгілейді.
|
3
|
Пельвиометриялық құралдар
|
Пельвиометрия жүргізу үшін сантиметрлік лента немесе жамбас өлшеуіш (Мартин тазомері сантиметрлік және жартылай сантиметрлік бөлінділері бар шкалалардан құралған, циркуль пішінді құрал болып тұрады. Тазомердің ұштарында түймелері болады, осы түймелерді үлкен жамбастың шығыңқы нүктелеріне, теріасты шел-май қабатын аздап басып қояды. Жамбас шығаберісінің көлденең өлшемін анықтау үшін қиылыстырылған тармақтары бар тазомер )қолданылады.
|
4
|
Үлкен жамбас өлшемдері
|
Distantia spinarum – мықын сүйектерінің алдыңғы-жоғарғы қанаттары өсінділерінің аралығы. Қ.ж – 25-26 см
Distantia cristarum – мықын сүйегі қырларының алшақ нүктелерінің аралығы. Қ.ж – 28-29 см
Distantia trohanterica – екі ұршық аралығы. Қ.ж – 31-32 см
Conjudata externa - жамбастың сыртқы тік өлшемі. Қ.ж – 20-21 см (шаттың сыртқы жоғарғы қыры ортасына, екінші ұшы – сегіз көз үсті ойпатына орналасады.)
|
5
|
Кіші жамбас өлшемдері
|
1.Жамбасқа кіреберіс жазықтық – алдынан симфиздің жоғарғы ішкі жиегі, бүйірінен мықын сүйегінің доғал сызығымен, артынан сегізкөз мүйісімен шектеледі.
Тік өлшем – алдынан симфиздің жоғарғы ішкі жиегі, артынан сегізкөз мүйісімен шектеледі – 11см
Көлденең өлшем – мықын сүйегінің доғал сызығы арасы- 13-13,5см.
Оң және сол қиғаш өлшем – сегізкөз –мықын буындасы мен шат-мықын буындасы арасы- 12-12,5см
2.Жамбас қуысының кең бөлігінің жазықтығы – алдынан симфиздің ортаңғы ішкі жиегі, бүйірінен ұршық ойығының ортасымен, артынан ІІ-ІІІ сегізкөз омыртқаларының жалғасқан жерімен шектеледі.
Тік өлшем – алдынан симфиздің ортаңғы ішкі жиегі, артынан ІІ-ІІІ сегізкөз омыртқаларының жалғасқан жерімен шектеледі – 12,5см
Көлденең өлшем – екі ұршық ойығының арасы – 12,5см
3. Жамбас қуысының тар бөлігінің жазықтығы – алдынан симфиздің төменгі ішкі жиегі, бүйірінен шонданай сүйектерінің қырлары, артынан сегізкөз-құйымшақ буындасымен шектеледі.
Тік өлшем – алдынан симфиздің төменгі ішкі жиегі, артынан сегізкөз-құйымшақ буындасымен шектеледі – 11-11,5см
Көлденең өлшем – екі шонданай сүйектерінің қырларының арасы – 10,5см
4.Жамбастың шығаберіс жазықтығы – алдынан симфиздің төменгі ішкі жиегі, бүйірінен шонданай сүйектерінің төмпешіктері, артынан құйымшақ ұшы.
Тік өлшем – алдынан симфиздің төменгі ішкі жиегі, артынан құйымшақ ұшы- 9,5 см. Босанған кезде құйымшақ артқа қарай жылжиды, сонда бұл өлшем – 11,5 см-ге тең болады.
Көлденең өлшем – екі шонданай сүйектерінің төмпешіктері – 11см
|
6
|
Михаэлис ромбысын өлшеу
|
Жоғарғы бұрышы бесінші бел омыртқаның қылқанды өсіндісінің шұңқыры. Бүйір бұрыштары мықын сүйегінің артқы жоғарғы өсінділеріне сай келеді. Төменгі бұрышы құйымшақтың ұшына жетеді. Ал жоғарғы және сыртқы жағынан ромбы арқаның үлкен бұлшық еттерімен, төменгі және сыртқы жағынан бөксе бұлшық еттердің қырымен шектеледі.
|
7
|
Шынайы коньюгатаны өлшеу
|
Сыртқы коньюгатадан 9 см аламыз. Сонда шынай коньюгата 11см-ге тең болады.
|
8
|
Биялайларды утилизациялау
|
Биялайларды ережеге сәйкес шешіп, Б тобының қалдық заттар қорабына тастаймыз.Қолымызды жуамыз.
|
Достарыңызбен бөлісу: |