Босанудың 3 кезеңін белсенді жүргізу
1
|
Дәрігер қолын дайындауы
|
Заласыздандыру уақыты 30секундтан кем болмау керек.Әр қимыл кем дегенде 5 рет қайталанады.
1.Антисептиктің қажетті мөлшерін құрғақ қолға жағу.
2.Алақанды алақанға ысқылау
3.Сол қолдың алақанымен оң қолдың алақанының сырт жағын ысқылау және керісінше.
4.Саусақтарды айқастыра алақандарды бір-біріне ысқылау
5.Саусаақтарды «құлып» секілді қосып,бүгілген саусақтың сыртқы жағымен келесі қолдың алақанын ысқылау
6.Екі қолдың бас бармақтарын айналдыра кезек ысқылау.
7.Саусақтардың бас жағымен екінші қолдың алақанын шеңберлете ысқылау және керісінше.
8.Қолына стерильді биялай киеді.
|
2
|
Метроррагияның профилактикасы
|
Босанудың 3 кезеңі – ұрық туылуынан кейін басталып, яғни плацента мен оның қабықшалары жатыр қабырғасынан ажырап, бала жолдасының туылуы аяқталады.Бұл кезең немесе бала жолдасын белсенді шығару-тракциясы деп аталады.Босанудың 3 кезеңін белсенді жургізу үшін босанар алдында босанушы әйелден қағаз жүзінде келісімін алады.
Негізгі көрсеткіш- қан кетудің алдын алу.
Метроррагияның алдын алу үшін бұлшықетішілік (санға) 2мл 10ЕД окситоцин жібереміз.
|
3
|
Қолды орналастыру
|
Оң қолды кіндікбаудың қысқыш қыстырылған жерінен сәл жоғары сұқ және ортаңғы саусақтарын сәл бүгіп қысады. Сол қолын жатырға қарсы қысым жасау үшін қасағаның үстіне сұқ саусағы мен бас бармақ арасын ашып доғал бұрыш жасай орналастырады, бұл кезде қалған үш саусақ жоғары бағытқа бағытталады (жатырдың кері айналуын алдын алу үшін жасалынады)
|
4
|
Бала жолдасын белсенді шығару-тракциясы
|
Кіндікбауды акушер өзіне қарай тартады, бір мезетте жатырға қарсы қысым түсіреді.Бала жолдасын шығару кезінде кем деген 3 рет тракция жасап шығарамыз
|
5
|
Жатырға бақылау қысымы. Бала жолдасын шығаруы
|
Қасағаның үстінен жатырға қарсы қысым жасап,бала жолдасын жаймен 3 тракциядан кейін шығарып аламыз. Жатырға қарсы қысымды тракция кезінде бір мезетте жасау керек, өйткені жатырдың кері айналып шығу қаупі жоғары.
|
6
|
Жатырдың сыртқы массажы
|
Кейін 2-3 мин соң жатыр түбін тауып алып, оң қолдың саусақтарымен жаймен басып пальпациялаймыз. Жатырдағы қанды сыртқы жағынан массаж жасау арқылы шығарады
|
7
|
Бала жолдасының бүтіндігін тексеру.Кеткен қан көлемін анықтау.
|
Бала жолдасы толық шыққаннан кейін,дәрігер оның бүтіндігін және де қан көлемін тексереді. Қалыпты жағдайда бала жолдас бүтін және де қабықшалары түгел, қан көлемі 500 мл болу керек .
|
8
|
Босанған әйелдің жалпы жағдайын бағалау.
|
Босанғаннан кейін, қынапты және сыртқы жатыр мойын аймағын,сыртқы ернеулер аймағын қанды бөліністерден тазартып, сол жерлерде босану процессінде пайда болған жыртылулар бар жоғын тексеру.
|
|
Гравидограмма жайлы түсінік.
|
Жүктіліктің мерзіміне байланысты жатыр түбі биіктігінің өзгерісін бейнелейтін графикалық кесте.
|
|
Гравидограмманы толтыру мақсаты
|
Жатыр түбі биіктігіннің өлшемін сантиметрлік лента арқылы жүктіліктің 20 аптасынан бастап, әр акушерлік тексерілуде өлшейді және оны алмасу картасына учаскелік гинеколог тексеріп жазып отырады. Бұл ұрықтың калыпты дамуын көрсетуде маңызы зор. Және де ұрық дамуының ауытқуы анықталған жағдайда алдын ала емдеу шаралары жүргізіледі.
|
|
Гравидограммадағы осьтер маңыздылығы.
|
Ох осі – жүктілік апталары. Оу –осі жатыр түбі биіктігі арқылы бағалаймыз.
|
|
Жатыр түбі биіктігін өлшеу
|
Тексеру кезінде жүкті әйел шалқасыннан жатып, киімін кеудесіне дейін көтеріп, аяғын сәл бүгеді, қуық алын ала бос болу керек. Пальпация арқылы ұрықтың қалпын анықтайды, себебі нәтиже ұрық ұзыннан жатқанда бағаланады. Жатыр түбі биіктігін өлшеген кезде сантиметрлік лентаны пайдаланады. Сантиметрлік лентаны дәрігер оң қолына 1 номерлі шкаласы жағынан сұқ және бас бармақ арқылы ұстап қасағаның жоғарғы қырына қойып тұрады. Ал сол қолының 4-5 саусақ арасына сантиметрлік лентаны қойып ұстайды да, сол қолының сырқы қырын l.mediana anterior-ға перпендикуляр орналастырып қасағаның жоғарғы қырынан жоғары қарай жатыр түбін табу мақсатында тері бетін сырғытып өтеді. Жатыр түбі анықталғаннан кейін анықталған шкаланы жазып алады. Осылайша жатыр түбі биіктігі анықталады. Жүктілік мерзіміне сәйкес жатыр түбі биіктігіннің қалыпты көрсеткіші гравидограммада екі сызықпен және қалыпты сызықпен көрсетіледі.
|
|
Гравидограмманы толтыру
|
Гравидограммада Ох өсі – жүктілік мерзімі (апталармен көрсетіледі), ал Оу –өсі жатыр түбі биіктігі болып табылады. Жүктілік мерзімі 20-41 аптаға дейін және жатыр түбі биіктігі 10см –ден 40см-ге дейін әр екі сантиметр сайын Оу осіне жазылады. Және де 3 сызық бар, бұл сызықтардың ортағы сызығы қалыпты ұрық дамуын көрсетсе, ал жоғырғы сызық суегіздікке, егіз ұрыққа, ірі ұрыққа көрсеткіш болып табылады. Төменгі сызық аз сулыққа, ұрықтың жатыр ішілік даму ақауына күмән туғызады. Әр тексеріс кезінде жатыр түбінің биіктігін нүктемен белгілейді, ол нүктелер сызықпен қосылады және ортасындығы қалыпты сызықпен салыстырады. Мысалы, әйел тексерілуге жүктіліктің 25 аптасында келетін болса, осы кезде жатыр түбі биіктігі 24см болды, оны нукте арқылы белгілейді, кейінгі тексеріліс 29 аптада жатыр түбі биіктігі 28 см болса осы аралықты сызық арқылы қосады.
|
|
№ 1 мәліметті гравидограммаға енгізу
|
№1 мәлімет дегеніміз жүкті әйелдің 20 аптасынан кейін тексерілу кезінде алынған жатыр түбі биіктігі болып табылады. Мұны нүкте белгісімен белгілейміз. Бұл қалыпты жағдайда нақты 20 аптада тексерілген болса, 18 см-ге тең болу керек.
|
|
№2 мәліметті гравидограммаға енгізу
|
№2 мәлімет дегеніміз жүкті әйелдің 40 аптасына дейін тексерілу кезінде алынған жатыр түбі биіктіктері болып табылады. Мұны нүкте белгісімен белгілейміз. Сосын осы аралықтарды сызық арқылы қосып, қалыпты сызықпен салыстырамыз.
|
|
Мәліметтерді қорытындылау
|
Қортындыны жасауда №1-№2 алынған мәліметтер арасын сызық арқылы қосқаннан кейін, ол қалыпты сызықпен салыстыру арқылы қорытындыны толық шығаруға болады. Егер сызық жоғары сызық деңгейінде болса суегіздікке, егіз ұрыққа, ірі ұрыққа көрсеткіш болып табылады. Ал сызық төменгі сызыққа қарай ауытқыса аз сулыққа, ұрықтың жатыр ішілік даму ақауына күмән туғызады.
|
|
Қадам орындалу критериі.
|
|
12. Креде Лазаревич
|
1
|
Көрсеткіш және қарсы көрсеткіш.
|
Ұрық жолдасының шығарудың үшінші кезеңді белсенді жүргізу, Абуладзе, Гентер әдісі тиімсіз болғанда қолданылады. Қарсы көрсеткіш: жатыр
Ұрық жолдасын босанғаннан кейін әйел жағдайын 2 сағат бақылаймыз.
|
2
|
Дәрігер қолын дайындау.
|
Заласыздандыру уақыты 30секундтан кем болмау керек.Әр қимыл кем дегенде 5 рет қайталанады.
1.Антисептиктің қажетті мөлшерін құрғақ қолға жағу.
2.Алақанды алақанға ысқылау (5 рет)
3.Сол қолдың алақанымен оң қолдың алақанының сырт жағын ысқылау және керісінше.(5 рет)
4.Саусақтарды айқастыра алақандарды бір-біріне ысқылау(5 рет)
5.Саусаақтарды «құлып» секілді қосып,бүгілген саусақтың сыртқы жағымен келесі қолдың алақанын ысқылау(5 рет)
6.Екі қолдың бас бармақтарын айналдыра кезек ысқылау.(5 рет)
7.Саусақтардың бас жағымен екінші қолдың алақанын шеңберлете ысқылау және керісінше.(5 рет)
8.Қолымызға бір рет пайдаланылатын стерильденген қолғапты киеміз .
|
3
|
Босанған әйелді дайындау
|
Жоғарыдан төменге қарай мақтамен сүртіп құрғатамыз. Қуыққа катетрді енгізіп, қуықты босатамыз.
|
4
|
Жатырдың сыртқы массажы.
|
Жатырдың сырт жағынан оң қолымен дөңгелетіп жеңіл массаж жасаймыз.
|
5
|
Жатырды ортаңғы қалыпқа келтіру.
|
Жатыр түбін оң қолмен қармап алып ортаңғы қалыпқа келтіреміз.
|
6
|
Қолын орналастыру және жатырды ұстау.
|
Әйелдің сол жағынан аяғының алдына орналасып, үлкен саусақ жатырдың алдыңғы қабырғасында, алақан жатып түбінде, төрт саусақ жатырдың артқы бетіне орналасу керек.
|
7
|
Бала жолдасын сығуы.
|
Жатырдың алдыңғы-артқы көлеміне және біруақытта түбін басу арқылы алға, артқа жамбас сызығы бойынша сығамыз.
|
8
|
Бала жолдасының бүтіндігін тексеру мен қан кетуді көлемін анықтау.
|
Ұрық жолдасты лотокқа салып, әр бөлігін тексереміз: шеті тегіс, үзілген қан тамыр жоғын тексереміз. Одан кейін ұрық жолдасты аналық жағымен төмен қойып қабығын қолмен бала орналасқандай келтіріп, қабық арасында үзілген қан тамырлар бар жоғын тексеріп болғасын, ұрық жолдасын өлшейді.
|
13.№ п/п
|
Критерии шагов задания
|
1
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |