8.4 сурет. Секционды жоспары қабатында өрттің таралу сызбанұсқасы.
Өрт сөндірудің құралдары және әдістері
Бірінші топтағы бөлмелерде өртті сөндіру кезінде жануды тоқтату үшін барлық отты сөндіру заттары қолдынылуы мүмкін (су, көбік, жанбайтын булар мен газдар және т.б.). Осы топтың бөлмелері көлемінде жануды тоқтату отты сөндіру заттарын жанатын беттерге жанбайтын булар мен газдарды енгізумен немесе бөлмені сумен немесе көбікпен толтырылуымен жүзеге асырылады (2 кесте).
Екінші топтағы бөлмелерді сөндіру кезінде негізінде су мен көбік қолданылады. Жанбайтын булар мен газдардың қолданылу себебі осы топтың бөлмелері көлемі бойынша үлкен болғандықтан (500 м3 көп) немесе ағудың мәнді коэффицентін алу.
Бөлмеде өрт сөндіру кезінде осы немесе басқа отты сөндіру заттарын қолдану мүмкін дәрежесі тек, олар физико-химикалық қасиеттерімен жануды тоқтату үшін жағдай туғызуы ғана емес, технико-экономикалық және тактикалық көрсеткіштерімен анықталады.
Өрт сөндіру практикасы көрсетеді, технико-экономикалық және тактикалық көрсеткіштері бойынша екінші және бірінші топтағы бөлмелерді ең тиімді отты сөндіру заттары болып су мен көбік табылады.
Су мен көбікті жіберу үшін негізгі өрт автокөліктері қолданылады (автоцистерналар, автосорғыштар).
Ғимараттарда өрт сөндіру кезінде олардың сипаты бойынша бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылының негізгі түрі болып отқа үзілмей жабылуы (шабуыл іс-әрекеті) оның толығымен жойылғанына дейін. Көпшілік жағдайда бөлімшелер жанбайтын беттер мен конструкцияларды жылу ықпалынан қорғауы мүмкін.
Жауынгерлік іс-қимылдар келесі әдістермен жүзеге асырылады:
күштер мен құралдарды таралуы және енгізілуі, тек оттың таралу сызығы бойынша бөлменің барлық тереңдігіне;
күштер мен құралдарды таралуы және енгізілуі, тек оттың таралу сызығы бойынша барлық бағытқа;
өртке дайындық шабуыл.
Бөлмелерде өртті сөндіру үшін РСК-50, РС-50, РС-70 және лафетті оқпандары қолдану мүмкін.
РСК-50 және РС-50 оқпандарын олардың биіктігі 6 м дейін екінші топтағы бөлмелерде қолдану керек (мысалы, бөлмелер қабаттарында). Бұл мынамен түсіндіріледі, бөлмелердің үлкен емес өлшемі ағыс істерін қанағаттандырмайды. РС-50, РСК-50 оқпандары ең маневрлі болып саналады, сондықтан жануды тоқтату жағдайын туғызу үшін РСК-50,РС-50 оқпандарымен берілетін суды қолдану коэффиценті ең жоғары болады.
Биіктігі 6 м жоғары бірінші және екінші топ бөлмелерінде РС-70 және лафетті оқпандары берілу керек. Биіктігі 6 м төмен бірінші топтағы бөлмелерде РСК-50, РС-50 оқпандарын қолдану ұсынылмайды, себебі осы бөлмелерде өрт ауданы өте мәнді болуы мүмкін, сондықтан олардан қуатты оқпандарды, ағыс ұзындығы көп, қолдану керек.
Биіктігі 6 м жоғары бірінші және екінші топ бөлмелерінде биіктігі бойынша мәнді ара қашықтықтарға суды жіберу керек болады, бұны РС-70 және лафетті оқпандары арқылы жүзеге асырылады. РС-50 оқпанын барлық бөлмелерде қолдану мүмкіншілігі жойылған емес, әсіресе келген бөлімшелер өртті дамудың бірінші фазасында тапқан кезде.
Бөлмелерде өрт сөндіру процессі кезінде қорғау іс-қимылдарын жүзеге асыру үшін РС-50 оқпандары қолданылады.
Қолданылатын оқпандарына типіне тәуелсіз өрт сөндірушілер жану беттерін суды, ағысты шашырағыш максималды ауданын қолданып, жіберу керек.
Практикада осындай жағдайлар орын алуы мүмкін, оқпаншылар орнын алып, бірақ олар ағыстың қолдану коэффицентін максималды түрде қамтамасыз ете алмайды (мысалы, ішінде ара жапқыштардың, ара қабырғалардың жануы кезінде). Осындай жағдайда оқпаншылар орындарында конструкцияларды ашу және бұзу керек.
Бөлімшелердің іс-әрекеті жайылтпаушылыққа керекті жағдайларды жүзеге асырылуы бөлмелерде түтіннің болуы күрделендіреді. Өртті сөндіру кезінде түтіндену оқпаншылардың жану аймағына кіру үшін негізгі кедергі болып табылады. Сондықтан өрт сөндіру кезінде оқпаншылар үшін жұмыс аймағын туғызу керек, ол былай түсіндіріледі, бөлменің ішіндегі оқпаншы жұмыс жасай алатын кеңістік. Бұл кеңістік әр уақытта нейтрал аймағынан төмен болады, бұл жерде қысым атмосфералықтан төмен болады. Осы кеңістіктің мөлшері биіктігі бойынша бөлме еденінен 1,5-2 м болуы мүмкін. Оқпаншы үшін жұмыс аймағын туғызу үшін нейтрал аймағының жоғарытылуын қамтамасыз ету керек.
Нейтрал аймағының жоғарлауы екі әдіспен жүзеге асырылады: табиғи және жасанды желдетумен. Көпшілік жағдайларда нейтрал аймағының жоғарлауы жасанды желдетумен жүзеге асырылады. Ауа алмасу қоршаулардағы тесіктер арқылы жүзеге асырылады.
Теңдігінен (8.3) көрінеді, өткізулер аймағы тең болған кезде нейтрал аймағы геометриялық орталығының тесіктерінің биіктігінің жартысында орналасады; тесіктер ауданы көбейген немесе жоғарлаған кезде нейтрал аймағы ауданы үлкен тесіктерге жақын орналасады.
Жасанды желдету арқылы нейтрал аймағының жоғарлауы екі тәсілмен жетуі мүмкін:
бөлмеден жану өнімдерінің үзуіне жасайтын, жоғарғы тесік ауданының жоғарлауымен (ара жапқыштарды, шатырды ашу және бұзу). Кейбірде цехта өрт жайылтпау үшін жабынды құрылымдарын жару керек;
бөлмеге судың келуіне жасайтын, төменгі тесіктер ауданының төмендеуімен (есіктерді жабу немесе басқа өткізулерді жабу).
Бірінші тәсіл бойынша жұмыс аймағын жасау үшін жоғардағы бөлімде төменгі бөлімдегіні шамамен 1,5-2 есе көп болатын тесіктерді ашу керек, ал екінші тәсіл бойынша – керісінше.
Жасанды желдету көмегімен газ ағындарын басқару мүмкін болмаса, түтінсорғыштарды қолданады. Көпшілік жағдайда бірінші топтағы бөлмелерде, қосымша тесіктерді жасау өте күрделі болып табылады, нейтрал аймағын жоғарлату үшін арналған.
Түтінсорғыштармен жұмыс істеу биіктігі 6 м дейін бірінші топты бөлмелерде ұсынылады. Түтінсорғыш жасаған кезде түтін ауа ағынының берілуі әсерінен шашырайды, осымен оқпаншы үшін жол ашылады.
Жану өнімдерін сору үшін түтінсорғышты тарту тесігінде орнату керек. Сор арқылы ағын тесіктерінің ауданын төмендету керек. Түтінсорғыштар өрт кезінде өрт сөндірушілерге үлкен көмек береді, әсіресе сонымен бірге брезентті жабынды болса.
Таза ауаны жәбірлеу үшін түтінсорғыштар күрделі жағдайда қолданылады.
Егер нейтрал аймағын көтеру мүмкін болмаса, оқпаншылар тыныс алу органдарының жеке қорғау құралдарын қолданып өрт ошағына жылжу керек.
Нейтрал аймағының жоғарлауы бөлмедегі температураның төмендеуіне әкеледі.
Өрттерді жайылтпау жағдайларын орындау кезінде құрылымдардың жағдайын қарау керек, ал егер төтенше жағдай болса олардың құлмауына арналған шаралар өткізу керек.
Ғимараттарда өрттерді жайылтпау және жою керекті күш пен құралдарды уақытында горизонталды және вертикальді бағыттарда енгізуіне қатысты болады, орны мен ретінен оқпандарды енгізу сөндіру мен қорғауға жіберу.
Ғимараттарда өрт сөндіру кезінде оқпандарды енгізу орны мен реті негізінен оларда жану мен түтіннің таралу схемеларына қатысты болады.
Осылай, ғимаратта өрттің дамуы кезінде 1 схема (8,2 сурет) бойынша оқпандар бөлмеге сол жердегі жануды жайылтпау мен жою үшін, ал көрші және жоғарыда орналасқан бөлмелерге жану ықпалынан қорғауға енгізілген.
2 схема (8,2 сурет) бойынша өрт дамыған кезде оқпандар жанып жатқан, қосылған, жоғарыда және төменде орналасқан бөлмелерге енгізіледі.
Өрт таралған жағдайда 3 схема (8,2 сурет) бойынша оқпандар жоғарыда жанып жатқан, қосылған және төменде орналасқан бөлмелерге енгізіледі.
Ғимараттарда өрттің даму мына немесе басқа схемалары бойынша оқпандарды енгізу реті өрт туралы нақты берілгендеріне қатысты болады.
Ғимараттарда өртті жою өрт ауданының азаюымен, отты сөндіргіш заттардың шығынымен, күшпен құралдардың жаймен жиналуымен, жанып жатқан конструкцияларды дұрыстап сөндіріп және ашуымен, бөлмелерден суды жоюымен және т.б. сипатталады.
Ғимараттың бөлек құрылымдарды ашу тек керек кезде жүзеге асырылады.
Рис 8.5 Тұрғын ғимарат қабаттарында өртті сөндіру сызбанұсқасы.
Өртті жою кезінде ғимараттың барлық бөлмелерін, өрттің қайтып пайда болмау мақсатында қарауын өткізу керек.
Ғимаратта өртті сөндірудің жалпы уақыты өртті барлық бөлмелерде жайылтпау мен жою уақытын қосып алынады.
1.4. Адамдардың бұқаралық мекендеу ғимараттарында өрт кезінде құтқару жұмыстарын ұйымдастыру
Адамдардың бұқаралық мекендеу ғимараттары бұл ішінде бірдей уақытта 50 және одан көп адамдар орналасатын ғимарат. Бұларға театрлар, мәдениет сарайлары, кинотеатрлар, оқу мекемелері, сауда мекемелері, әкімшілік ғимараттары, ауруханалар, көрмелер, қонақ үйлер жатады.
Адамдардың бұқаралық мекендеу ғимарат бөлмелерінің биіктігі 3-тен 9- ға дейін және одан көп. Мысалы, театр ғимараттарыныцң сахналық бөлімінде ол 25-40 м жетеді.
Адамдардың бұқаралық мекендеу ғимараттарында коридорлар негізгі горизонтальді коммуникация, қабаттар шегінде бөлмелер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, және бөлмелерден баспалдаққа жүру жолдары болып табылады.
Бұқаралық жүру коридорларының минималды ені 1,5м және қосымша (10м ұзындығында) 1,25м қабылданады. Емдеу мекемелерінде коридорлар ені 2,2м аз емес орнатылады. Оқу бөлмелерінің есіктеріне шығатын коридорлар, оның ішіне ашылатын есіктермен 1,8м кем емес орнатылады.
Адамдардың бұқаралық мекендеу ғимараттарында вертикалды коммуникация ретінде баспалдақтар, кезеңдік және үзбей ісіндегі көтергіштер, адамдар үшін және жүк лифттары және эскалаторлар қолданылады.
Өрттің нақты жағдайларында адамдардың өліміне және есінен тануға әкелетін негізгі факторлары: жалынмен тура қатынас, жоғарғы температура, кислородтың жетіспеушілігі, көмірқышқыл оксидінің және басқа токсикалық заттардың бар болуы, механикалық ықпалдар болып табылады. Ең қауіптісі болып кислородтың жетіспеушілігі және токсикалық заттардың бар болуы, себебі өрт кезінде өлімдердің 50-60% уланғаннан болады.
Тәжірибе көрсетеді, жабық бөлмелерде бөлек жағдайларда оттегі концентрациясының төмендеуі өрт пайда болғанна бастап 1-2 мин кейін болуы мүмкін. Мысалы, сахна мен көрме залының көлемі 25 000 м3 болатын театрларда көрмелер жанған кезде оттегі концентрациясы 2- мин ішінде қауіпті мәндерге дейін төмендейді.
Өрт кезінде адам өміріне ерекше қауіп төндіретін организмдеріне түтін газдарының ықпалы болып табылады, олар токсикалық жану өнімдерін құрайды және әр-түрлі заттар мен материалдардың салуына әкеледі. Осылай, түтіндегі көміртегі оксидінің концентрациясы 0,05% мөлшерінде адам өміріне қауіпті.
Кейбір жағдайларда түтін газдары күкірт газын, азот, синильді қышқылын және басқа токсикалық заттарды құрайды, олардың адам организміне қысқаша ықпалы (күкіртті газ 0,05; азот қышқылы 0,025%; синиль қышқылы 0,2%) өлімге әкеледі.
Жоғарлатылған қабат ғимараттарында адам өміріне нақты қауіпі бірнеше есе көбейеді. Зерттеу көрсеткіштері және жоғарлатылған қабат ғимараттарында орын алғандарының айтуы бойынша, жану өнімдері ғимарат қабаттары бойынша 2-3 мин уақытында таралады. Осы уақытта ғимараттан адамдарды эвакуациялау үшін 10-15 мин бойы талап етіледі, одан көп болмаса.
Адам өміріне қауіп төндіретін жану өнімдерінің жоғары температурасының ықпалы тек жанғанда ғана емес, қосылған жанып жатқан бөлмелерде де. Адам денесінің температурасынан қыздырылған газдардың жоғарлатылуы осындай жағдайларда жылу соққысына әкеледі. Адам терісінің температурасы 42-46оС дейін көтерілген кезде ауыратын сезімдер (жану) пайда болады. Қоршаған орта температурасы 60-70°С болса адам өміріне қауіпті болады, әсіресе мәнді ылғалдылық және жану газдарымен дем алған кезде, ал температура 100°С жоғары көтерілсе есінен тану болады және бірнеше минуттан кейін өлім болады.
Жоғары температура ғана емес, адам денесінің ашық беттеріне жылу шығылдыру да қауіпті. Осылай 1,1-1,4 кВт/м2 қарқындылығы бар жылу шағылдыру, 42-46°С температура болған сезімдерге әкеледі.
Сәулелену қарқындылығының критикалық мәні болып 4,2 кВт/м2 тең қарқындылықты айтады. Сәйкестендіру үшін 4 кестеде әр-түрлі сәулелену қарқындылығы болғанда адам жүре алатын уақытты көрсетеді.
4 кесте
Жылу ағынының тығыздығы, кВт/м2
|
Адамдар жүруге берілетін уақыт, мин
|
Адамдарға талап етілетін қорғау
|
Адам терісіне жылу ықпалының дәрежесі
|
3,0
|
Шектелмеген
|
Қорғаусыз
|
Ауыру сезімі жоқ
|
4,2
|
Шектелмеген
|
Жауынгерлік киімде және қорғау әйнегімен
|
20 с кейін шыдамайтын ауыру сезімдері
|
7,0
|
5
|
Жауынгерлік киімде және қорғау әйнегімен
|
шыдамайтын ауыру сезімдері, күрт пайда болатын
|
8,5
|
5
|
Суға батырылған жауынгерлік киімде, қорғаныш әйнегі бар кескемен.
|
20 с кейін күйік
|
10,5
|
5
|
Сол,бірақ судың шашыранды ағыстарының астында
|
Күрт күйіктер
|
14,0
|
5
|
Жылушағылдырғыш киімдерінде сулы ағыстарының қорғанышы астында
|
Күрт күйіктер
|
85,0
|
1
|
Сол, бірақ жеке қорғау құралдарымен
|
Күрт күйіктер
|
Адамдар одан сайын қауіпке төндіріледі егер отпен тура ықпалына тисе, мысалы, құтқарылу жолдары отпен жабылса кейбір жағдайларда өрттің таралу жылдамдығы қарқынды алуы мүмкін, осыдан өртпен кездескен адамды құтқару өте қиын немесе мүлдем құтқарылмайды. Өте үлкен қауіп адамның үстіндегі киім жанса төнеді. Егер уақытында киімнен от алынса, сонда адам күйік алуы мүмкін, ал олар өлімге әкелуі мүмкін.
Соңында өрт кезінде ең үлкен қауіп төндіретіні үрей болып табылады, ол өзін күрт, есепсіз, ұсталынбайтын қорқуды ұсынады. Ол күрт пайда болған қауіптен шығады.
Адамдарды құтқару үшін біріншіден ең қысқа және қауіпсіз жолдарды таңдайды.
Адамдарды құтқару тәсілдері өрттегі жағдайға және көмек керек болған адамдардың жағдайына қатысты болады. Адамдарды құтқарудың негізгі тәсілдері: адамдардың өздігінен шығуы; адамдарды өрт сөндірушілер көмегімен шығару; адамдарды арқалап алып шығу; биіктіктен адамдарды түсіру.
Көпшілік жағдайда адамдар қауіпті көріп, өрт бөлімшелері келгенше шығып кетеді.
Құтқару жолдары түтінденген болса немесе құтқаратындар оларды білмесе, және құтқаратындардың жасы мен жағдайы қауіпті аймақтан өздігінен шығуға мүмкін болмаса, құтқаратындардың шығарылуы ұйымдастырылады.
Адамдарды қауіпті аймақтан алып шығуы, егер адам өздігінен жүре алмаса (есінен танды, кішкентай балалар, мүгедектер және т.б.), жүзеге асырылады.
Құтқаратындарды биіктіктен түсіру, егер құтқару жолдары отпен кесілген және басқа тәсілдерді қолдануға болмаса, жүзеге асырылады. Сол үшін, жоғарыда көрсетілгендей, тұрақты, жылжымалы және таситын сатылар, тізлік көтергіштер, құтқару жіптері және басқа да құралдар қолданылады.
Кейбір жағдайларда құтқару тәсілдеріне комбинация қолданылады. Мысалы, анықталған орынға дейін өздігінен шығу және кейін өрт сөндірушілер көмегімен шығу; адамдарды балконға немесе шатырға шығару және вертолеттар, құтқару жіптері, жылжымалы сатылар көмегімен оларды түсіру.
Шақыру орнына келгеннен кейін ӨСБ объекттің қызмет көрсету персоналымен байланыс табу керек және жанып жатқан және солармен қосылған бөлмелердегі адамдардың бар болуы туралы мәлімен алу керек (кейбірде бұл мәліметтер өрт туралы хабар берілгенде келеді), содан кейін түтінденген бөлмелерде барлау жүргізу керек.
Барлау адам өмірі үшін қауіптің бар болуын, олардың орналасуын және өздігінен жүре алатын қабілеттілігі, оларды құтқару жолдары; құтқару жұмыстарын өткізу реті; құтқару жолдарына от пен түтіннің қауіп төну мүмкіншілігі; адамдарды құтқару үшін күш пен құралдардың бар болуы; құтқару жұмыстарына ілігетін қызмет көрсету персоналының бар болуы; өрт бөлімшелердің келуі алдында қолданылған шаралар; құтқарылған адамдар үшін орынды анықтау (әсіресе қысқы уақытта) туралы хабар алады.
Жағдайға байланысты барлау бірнеше бағатта жүргізілуі мүмкін.
Бөлмелерде адамдарды іздеген кезде оларды дауыспен шақыру керек. Ересектерді бөлмеден шығу жолдарында терезелер, есіктердің қасында, коридорларда. Балаларды төсек астында, шкафтар ішінде, пеш артында, үстел астында және т.б. іздеу керек.
Бөлмені тексеру барлық жағдайда жасайды, оны тек дұрыс тексергеннен кейін тоқтатады.
Барлау барысында алынған мәлімет негізінде, ӨСБ шешім қабылдайды және адамдарды құтқаруға керекті бұйрықтар береді. Осы уақытта бөлімшелердің әр-түрлі іс-қимыл нұсқалары жасалынуы мүмкін:
егер өртке керекті күш пен құралдар саны келсе және құтқару жұмыстару өткізілу керек болса, ӨСБ адамдардың құтқаруын ұйымдастыру керек. ӨСБ өзі құтқару жұмыстарын басқару, сол уақытта өртті сөндіруді да басқару керек;
егер адамдарға от қауіп төндірсе және құтқару жолдары кесілген, немесе кесілуі мүмкін болса, адамдарды құтқаруын қаматамасыз ету үшін оқпандардың берілуі міндетті;
егер өртке керекті күш пен құралдар саны келсе және адамдар өміріне тура қауіп болмаса, ал өрттің таралу жолдарына енгізілген оқпандар арқылы жылдам сөндірілсе, және сол уақытта адам өмірлері қауіпсіздікпен қамтамасыз етілсе, бөлімшелердің іс-қимылы үрейді жоюға бағытталады;
өртті сөндіру және адамдарды құтқару жұмыстарын жасау үшін күш пен құралдар жеткіліксіз болған жағдайларда, барлық келген өрт бөлімшелерінің жеке құрамы құтқару жұмыстарына бағытталады және болғандықтан өртті сөндіруге жіберіледі. Бұл жағдайда адамдарды құтқару үшін оқпандарды адамдарға тікелей от қауіп төндірген орындарында құтқару үшін қамтамасыз ету үшін, және өрттің таралуы мүмкін болатын орындарға да жіберілу міндетті.
Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің адамдарды құтқару жұмыстарының практикасында өрттегі жағдайға байланысты басқа да іс-қимыл түрлері қолданылу мүмкін.
Құтқару реті адам санымен емес, олардың өміріне қауіп төндіру дәрежесімен анықталады. Бірінші кезекте ең қауіп төнген жерлерден адамдарды құтқарады. Қауіптілік дәрежесі бірдей болған жағдайда алдынан балаларды, ауруларды және қарттарды құтқарады.
Құтқару жұмыстары өткізуінің барлық жағдайларында, ӨСБ күштер мен құралдарды қанат жаю кезінде жедел медициналық жәрдемді шақырту керек. Медициналық персонал өртке келуге дейін жарақаттанғандарға алғашқы көмекті өрт бөлімшелерінің жеке құрамы көрсету керек.
Өрт кезінде (барлық объектілерде) құтқару жұмыстары үлкен қиындықтармен жағаласып келеді. Оларды орындау үшін мәнді күштер мен құралдар талап етіледі. Сондықтан, адамдардың бұқаралық мекендеуді орын алатын объектілерге, өрт бөлімшелерінің шығу кестесінде өрт туралы бірінші хабар кезінде жоғарлатылған номерлердің жіберілуі, шақырудың максималды номеріне дейін қарастырылады (есеппен орнатылады).
Өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамы, әсіресе басқару құрамы шығу аймағында орнатылған ғимарат пен имараттардың ерекшеліктерін білу керек, қауіпті орындардан адамдарды эвакуациялау туралы шараларды жылдам беру үшін.
Өрт сөндіру жедел жоспарын өңдеу, және өрттерде адамдарды құтқаруындағы жеке құрамның жұмысы туралы талдауы кезінде, құтқару жұмыстарын енгізуге керекті жеке құрам есебін жүргізу керек.
Осы жағдайларда есебі үшін алғашқы берілгендер мыналар:
құтқарылатын адамдардың саны, олардың жасы және жағдайы;
өрттегі жағдай есебімен құтқару жүзеге асыру үшін кететін уақыт (болатын құтқару уақыты);
бір адамның (адамдар тобының) құтқару уақыты;
құтқару кезінде жүретін ара қашықтық;
құтқаратындардың және өрт сөндірушілердің жарақаттанғандармен бірге жылдамдығы;
көмекті бірдей уақытта көрсету пункттері (орындары).
Құтқаруға керекті адамдардың санын анықтау кезінде өрттегі ең күрделі мүмкін жағдайдан және ғимарат пен имараттың тағайындалуынан шығу керке. Мысалы, көрме-театр мекемелерінде, көрме залы көрермендермен толған кезде, ауруханада – жататын аурулар және т.б. бар, өрт қабатта пайда болған кезде, ең қиын нұсқа болып табылады. Адамдардың жасы мен жағдайына қарасақ, ең үлкен күрделілікті балаларды, қарттарды, есінен танғандарды, және үрей жағдайындағы адамдарды құтқару болы табылады. Осы кезде қауіпті орында (жағдайдан шыға отырып) болуы мүмкін балалар мен қарттар саны туралы хабар бар, есінен танған және үрейге шалдыққан саны өртті сөндіру тәжірибесі негізінде анықтау керек. Жалпы типті ауруханада, шамамен аурулардың 50% жататын болып келеді.
Құтқару жұмысын өткізу керекті факторы уақыт болып табылады (берілетін құтқару уақыты). Бұл жағдаймен (оттың тарлау жылдамдығы, қауіпті орындарындағы адамдар жағдайы; 60°С жоғары температуралы бөлмедегі орнатылу жылдамдығы, бөлмелердің түтіндену жылдамдығы, құтқару жолдары және с.с.) анықталады және әр-түрлі ғимараттарда адамдарды құтқару кезінде кең шегінде тартылады. Мысалы, тұрғын және қоғамдық ғмараттары, аурухана ғимараттары үшін өрттің пайда болуы кезінен бұл уақыт 5-15 минут; театрлар үшін – 4-6 минут және т.б. құрауы мүмкін.
Әрбір орындардан адамдарды құтқару үшін керекті өрт сөндірушілер санын, қолданылатын құтқару құралдары арқылы анықтайды. Осылай, саты бойынша құтқару кезінде үш өрт сөндірушіден аз болмауы керек: біреуі астында адамдарды қабылдайды, екеуі жоғарда оларды түсіреді, жіппен сақтап. Бір адамды құтқару жібі арқылы құтқару кезінде де үш адамнан аз болмауы керек. Бұл және екінші жағдайда аз құтқару уақыт болған кезде бір орынға 1,5-2 есе көп өрт сөндіруші талап етіледі.
Өздігінен жүре алмайтын адамдарды шығару ұсынылса, өрт сөндірушілердің физикалық мүмкіншіліктеріне және жарақаттанғанның жағдайына байланысты, соңғысын бір немесе екі өрт сөндіруші алып шығады. Осыдан шыға отырып, есептелген уақытындағы құтқару жұмыстарын өткізуге керекті өрт сөндірушілердің жалпы саны анықталады.
Тәжірибе көрсетеді, көпшілік жағдайда құтқару жұмыстары, күштер мен құралдарды сөндіруге қанат жаю немесе құтқару жолдарын қорғауына оқпандарды жіберу, бірдей уақытта өткізіледі. Осында, жең сызықтарын салудан босанған жеке құрамның бір бөлігі, құтқару жұмыстарын жасауға жіберілуі мүмкін.
Адамдарды тура құтқаруға керекті күштер мен құралдардың есебінен басқа, құтқару жолдарын (орындарын) қорғауына керекті және құтқаруға жақсы жағдайлар туғызу үшін (мысалы, сулы завесаны туғызу үшін жеке құрамның санын сулы оқпандар саны арқылы анықтайды) жеке құрамның санын анықтау керек.
60-ға дейін өртке қарсы қызмет гарнизондарында әр-түрлі адамдарды құтқаруға керекті техникалық құралдар қолданылды: бұл құтқару маталары, жеңдер, жеке құралдар және т.б.. олар 4-5 қабат биіктігінен адамдарды құтқаруды қамтамасыз етті, бірақ жауынгерлік есептен шешілді.
1987-88 жылдарында ВИПТШ ІІМ-нің өрт тактикасы және қызмет кафедрасында “Амортизацияланған ауалы жастық” құрылғысы өңделді. Жастық эластикалық материалдан жасалынған, өрт орнына өрт автокөлігімен әкелінеді.
Жастық ғимарат қабырғасының қасында салынады және түтінсорғыш арқылы ауамен үріледі.
50-60 сек. ішінде жастық ауамен толтырылады және параллепипед формасына ие болады, қысым астында болады, жастық ауданы 42-45 м2, биіктігі 2-36 м.
Адам жастыққа құлаған кезде пайда болатын мол қысымы әсерінен жастықта автоматикалық түрде клапандар ашылады, олар арқылы атмосфераға ауаның жіберілуі болады, адамның биіктіктен бос құлау процессіндегі қабылданған кинетикалық энергия жастықты құшақтау есебінен жойылады.
Адам жастықтан түсу кезінен бастап 30-40 секунд ішінде ол алғашқы күйіне келеді.
Кафедрада орындалған теориялық есептер көрсетеді, 80-100м биіктіктен адамдарды құтқару үшін осындай құралдарды жасау техникалық жағынан мүмкін.
Германия мен Чехияның өртке қарсы қызметінде осы құралдардың сынауы көрсетті, биіктігі жоғарлаған кезде психологиялық факторынан (биіктікті қорқу) олардың эффективтілігі азайады. Бірақ та құтқарудың бір мүмкіншілігі қалған жағдайда, адам қорқудан өтеді.
Өңделген құрылғы ғимараттың қасындағы шектелген алаңда қолданылуы мүмкін.
Амортизацияланған жастықтың тактико-техникалық берілгендер:
құтқару биіктігі 25-50 м;
жауынгерлік қалпына келу уақыты 60-90 сек.;
жастық салмағы – 20-70 кг;
құтқару жылдамдығы - 1 адам/мин.;
қызмет ету мерзімі - 20 жыл.
Жауынгерлік қолданудың схемасы 4 суретте берілген.
Рис 4. Ауалы амортизацияланған құрылғысы көмегімен адамды құтқарудың схемасы:
1-амортизацияланған жастық; 2-түтісорғыш жеңі; 3-түтінсорғыш.
2. Жедел-тактикалық қатынаста объекттің сипаттамасы
2.1 Объекттің жедел-тактикалық сипаттамасы
«Grand Nur Plaza» қонақ үй ғимараты 5 қабатты, отқа төзімділігі 2 дәрежелі. Құрылыс салыну ауданы 5446,2 м2. Жалпы ауданы 14531,7 м2. Негізгі аудан 9461,6 м2. Үй-жайлар (бөлмелер) саны – 791.
Ғимарат іргетасы – таспалы-бетонды. Сыртқы және ішкі негізгі қабырғалар – ұлутас. Аралық қабырғалар ұлутас, гипсті картон, шлакблок. шатырдағы және қабат аралық жабындар – темірбетонды тақта. Төбесі – қосарланған рубероидты, металл табақтар.
Бірінші және кейінгі қабаттардың едендері – ковролан, паркет, ламинат.
Ойындылар (терезелер) мен есіктер – қосарлы шыныланған метал-пластик, ағаш.
Сыртқы өңдеу – өңдегіш плиткалар, сылақ, ақтау. Қабырғалардың ішкі өңдеуі – сылау, тұсқағаз, плитка. Төбелердің өңделуі – гипсті картон. Ғимаратта 4 баспалдақ бар. Баспалдақтар құрамалы – темірбетонды.
Ғимаратта мәжбүрлі, жасанды вентиляция бар.
Ғимаратта дербес жылыту қондырғысы, газ қолданатын қазандық бар.
Электр қуаты
Ғимарат орталықты 380 Vol электр қуатымен жабдықталған.
Басты электр есептеуіш (қабаттарға таратушы) бірінші қабатта мейрамханада орналасқан. Ғимараттың ішкі жарықтандыруы – орталықты. Әрбір қабатта электр есептеуіш (автомат) бар.
Ғимаратта ауаны салқындату жүйесі, сонымен қатар өрт сөндіру және күзет дабылдамасы жүйелері бар.
2.2 Сыртқы өртке қарсы сумен қамтамасыз ету
Ғимаратта ішкі өртке қарсы сумен жабдықтау және дренчерлі өрт сөндіру жүйесі (қабатты) бар.
Территорияда өрт сөндіру суқоймасы бар – 300 м3.
Ең жақын ӨСГ 100 метр қашықтықта 29-9 мекен-жайы бойынша орналасқан.
Әрбір қабатта 5 ӨК бар. ӨК жалпы саны 37 дана.
Ғимараттың ЖЭС-нан орталықты жылытуы бар. Су құбыры – орталықты.
Ғимаратта ОП-5 типті өртсөндіргіштер бар.
2.3. Технологиялық процесстің өрт қауіптілігі
Қонақ үй ғимараты адамдардың бұқаралық мекендеу ғимараты болып табылады және өзін ерекше өрт қауіптілігін ұсынады. Ғимарат өзін әр-түрлі тағайындалуы бар бөлмелерден құралатын архитектуралық имарат болып ұсынады. Сондықтан басында ғимарат бөлмелеріндегі өрт жағдайын анықтайтын жалпы факторларды қарастырылады.
Ғимараттың кез келген бөлмедегі өрт жағдайы қазіргі уақытта келесі негізгі орташа көлемді жағдай параметрлерімен сипатталады: жанып жатқан бөлме көлемінде газды ортаның тығыздығы, газды орта компоненттерінің температурасы мен концентрациясы.
Ғимарат бөлмелеріндегі өрттің дамуы кезінде осы параметрлердің өзгеруін анықтайтын басты факторлар болып табылады:
агрегаттық жағдай, өрт жүктемесінің мөлшері және оның бөлмедегі таралуы (нақтыланған және бірдейтаратылған);
бөлмелерде өрттің даму кезінде газалмасу жағдайының коэффициенті Кг.
Ғимаратта өрттің дамуын болжамдау кезінде, азаматтық және өндірістік ғимараттарында оттың таралудың негізгі жолдары жанатын конструкциялардың ішкі беттерді (қабырғалар, ара қабырғалар, ара жапқыштар, шатырлар); конструктивті элементтердегі өткізулер және әр-түрлі тесіктерді; баспалдақ торларын, көтергіш шахталарын (лифттарды), желдету каналдарын есепке алу керек. Жолдардың соңғы екі түрі ғимаратта өрт кезінде түтін толуының негізгі жолы да болады.
І,ІІ,ІІ өртке төзімділік дәрежесіндегі көп қабатты ғимараттарда өрт кезінде басыңқы бағыты болып горизонтальді бағытты деп санауға болады, және коридорлы жүйесіндегі ауалы өткізгіштері бар конструкциялар. Бірақ та бұл ғимараттарда жанып жатқанға қатысты от жоғары және төмен орналасқан бөлмелерге таралуы мүмкін, қабырға мен жабындылардағы әр-түрлі тесіктер, лифттар мен баспалдақ торларының шахталары, желдету каналдары арқылы.
IV отқа төзімділік дәрежесіндегі жанудан қорғалған ғимараттарда, от басыңқы түрде горизонтальді бағытта таралады, бірақ вертикальді бағытта оттың таралу қауіпі І,ІІ,ІІ өртке төзімділік дәрежесіндегі ғимараттардағыға жоғары болады. IV отқа төзімділік дәрежесіндегі ғимараттарда өрт кезінде оттың таралу басыңқы бағыты вертикалді (жоғарға)0 болуы мүмкін. Ғимараттарда өрт кезінде түтін таралуының негізгі бағыты вертикалді (жоғарға) болады.
Ғимаратта өрт кезінде жанудың қарқындылығы жоғарлауына, түтін мен оттың таралуына құрылыс конструкцияларының құлауы әсер етуі мүмкін.
Өрт жағдайында тасушы қасиеттің жоғалуы температура әсерінен және конструкция қимасының жануы есебінен оның төмендеуінен болады.
Ғимаратта өрт сөндіру кезінде конструкцияның отқа төзімділік дәрежесін бағалауын қарастыру кезінде қате шешімдер қабылдануы мүмкін. Тәжірибеде мынадай жағдайлар орын алды, күштер мен құралдар қабылданған орындардан конструкциялардың құлау қауіпі болмаған жағдайда шығарылады, немесе керісінше, олар құлау қауіпі пайда болған жағдайда шығарылмаған, бұл кейбір жағдайларда жеке құрамның өліміне әкелуі мүмкін. Өрт сөндіру басшысы, отқа төзімділік нормативті шегіне қарап, кейбірде (үлкен нормативті отқа төзімділік шегі болғанда) конструкцияларды қорғау үшін күштер мен құралдарды жібермейді, олар тасушы қасиетін жоғалтуы мүмкін.
Қазіргі жағдайларда құрылыс конструкцияларының жағдайын анықтау кезінде конструкциялардың алдын алатын сипатты көрсеткіштерді білу керек.
Осылай, мысалы, темірбетонды конструкциялардың құлауын майысу мен тесіктердің пайда болуы көрсетеді. Штукатурка қабатымен қорғалған, ағаш конструкциялардың құлауын штуктурканың ұлауы және т.б. көрсетеді.
Құрылыс конструкцияларына әр-түрлі динамикалық және статистикалық уақытша жүктемелер әсер етуі мүмкін (жоғарыда жатқан конструкциялардың құлауы, жеке құрамның жиналуы, судың үлкен саны және с.с.).
Әр-түрлі схема бойынша өрттің даму процесін анықтайтын барлық факторлардан шыға, келесі шешімдер жасауға болады: ғимаратта өрт дамуы кезінде ең үлкен өрт ауданы және түтіндену аймағы бірінші және екінші схема бойынша, ең кішісі – үшіншісі бойынша.
Ғимаратты қанау процессі кезінде өрттің себебі болуы мүмкін:
отпен қауіпсіз қолдану;
электр қондырғылармен қолдану ережелерін бұзу;
әдейі жандыру.
Өрт кезінде адамдардың топтық өлімі
Бір себептен адамдардың көп санының бір уақытта өлуі, өрт, жер сілкінісі немесе су тасқыны болсын, қоғаммен осындай адам санының әр-түрлі себептер мен әр-түрлі уақытта өлуінен бірнеше есе қауіпті болып қарастырылады. Ресейде 1993-1995 жж тәулік ішінде өрт кезінде бір адамнан шамамен 40 адам қаза тапты және осы сұрақ бойынша қоғам да, бастықтар да ерекше дабыл көтерген жоқ. Ал өрт кезінде бір уақытта 40 адам қаза тапса, бұл хабар бүкіл жерді бір мезгілде айналып келеді. Неге осындай, бірдей сияқты, осы екеуіне осындай жағдай? Себебі қоғам осындай теңдікті қабылдамайды. Ұлыбритания халқының әлеуметтік сұрауы бойынша көрсетті, адамдардың өрт кезінде көрсетілген өлім түрлерін бөледі.
Соңғы он жыл ішінде өрт кезінде адамдардың топтық өлімін зерттеу облысындағы ғылыми ой белсендетеді. Осы кезде бір сұрақты зерттеудің үш әр-түрлі бағытын анықтауға болады. Бірінші бағыт ғимаратта өрт кезінде адамдарды табысты эвакуациялау мүмкіншілігін есептеу, егер өрт басынан әр-түрлі уақытта эвакуация басталады. Бұл жағдайда ғимарат ішінде өрттің қауіпті факторларымен (ӨҚФ) жабылған адамдар санын есептеуге болады. Екінші бағыт өрттің жылуфизикалық сипаттарын зерттеумен байланысты және олардың мүмкін өзгерістерімен уақыт және кеңістік масштабында. Мысалы, ауруханада өрт кезінде өрт ошағы қуатының жоғарлауы 50 кВт артық болады (жұмсақ отырғыштың жануы) 0,8 мүмкіншілігімен адамдардың топтық өліміне әкеледі (осыдан өрт сөндірушілер мен дәрігерлерге тәжірибелік кеңес: ауруханаларда өрт кезінде адамдардың топтық өлімін тоқтату үшін горизонталді эвакуацияны жүзеге асыру керек). Үшінші бағыт өртпен байланысты, талдау мен тәжірибені жалпылау кіреді, адамдардың топтық өлімімен байланысқан. Бұл үш бағыт бір-біріне толтырылатын болып табылады және бір мақсатқа қызмет етеді - өрт кезінде адамдардың топтық өлімін алдын алу. Бірінші екі бағыт (теория) үшіншінің (практика) нәтижелері бойынша өзінің модельдерін толық және адекваттылығын тексеру үшін бағытталған. Үшінші бағыт рамкасында өзінің мақсаты болып ғимаратта өрт кезінде адамдардың топтық өлім заңдылығын шығаруын қою, мынаны табу, ғимаратта адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін теория мен практиканы шығару соңғы кезекте, және керекті шараларды қолданбасақ бізді не күтеді. Кестеде 1902 мен 1984 жылдар аралығында 5 және одан көп қаза тапқандар санымен азаматтық ғимараттарда адамдардың топтық өлімі бар өрттердің классификациясы ұсынылған, ал кестеде – осындай өрттердің мүмкін мөлшер параметрлері көрсетілген.
Ғимараттардың функционалды тағайындалуы
|
Өрттер саны
|
Өрттер бөлігі, %
|
Қонақ үйлер
Пәтерлер
Емдеу мекемелері
Қарттар үйлері
Кафелер, автопаркингтер, би жерлері және т.б.
Әмбебаптар
Мектептер
Кинотеатрлар
Әкімшілік ғимараттар
Демалу үйлері, санаториилер, пансионаттар
Түрмелер
Жатақханалар
Балабақшалар
Театрлар
Спорттық имараттар
Цирктар
ЖОО
Метролар
Киностудиялар
Көрме павильондары
|
85
39
38
20
19
17
8
8
8
7
7
6
5
4
3
2
2
1
1
1
|
30,2
13,9
13,5
7,1
6,8
6,0
2,8
2,8
2,8
2,5
2,5
2,1
1,8
1,4
1,1
0,7
0,7
0,4
0,4
0,4
|
Барлығы
|
281
|
100,0
|
2.4. Өрт сөндіру құралдарын таңдау
Отты сөндірудің негізгі параметрлері болып табылады:
берілген жанғыш заттар мен материалдарға керекті әр-түрлі отты сөндіргіш заттардың қызмет ету мерзімі;
берілген әдіспен берілген заттар мен материалдарды сөндіруге керекті отты сөндіргіш құралдарының саны;
сөндіру уақыты;
отты сөндіргіш құралының беру қарқындылығы.
Отты сөндіру құралдарының қызмет ету мерзімі көрсетеді, берілген материалды сөндіру үшін берілген отты сөндіру құралын қолдануға болатындығын. Отты сөндіру құралының қызмет ету мерзімінің критерийі жарылыстардың жоқ болуы, жоғарлатылған жануы, жанып жатқан өнімнің қайнауы және сөндіру эффектісіне жетуі болып табылады,
Басқа тарауларда заттар мен материалдардың, технологиялық процессінің өрт қауіптілігі анықталған және сипатталған. Көрме залында және сахнада негізгі өрт жүктемесі болып қатты көміртектер және целлюлозды материалдар (ағаш, қағаз, пластмасса, хлопок және т.б.) болып табылады.
4.1. 10 кестесіне сәйкес ең таралған, арзан, қолдануда жеңіл отты сөндіру затын – суды қабылдаймыз.
Су әр-түрлі заттар мен материалдарды сөндіруге керекті ең кең қолданылатын құралы болып табылады. Сөндіру құралы болып, су жетістігіне арзаншылық, мәнді жылу сыйымдылық, жоғары қорғалған жылу булануы, іс-қимылдылық, химикалық нейтралдылық және токсиктіктің жоқтығы табылады.
Су тек қана көптеген жанғыш материалдардың сөндіруін қамтамасыз етеді және де оларды суытады, жанып жатқандарға көрші объектілерді жанудан қорғайды.
Судың жетіспеушілігі болып сәйкесінше жоғары қату температурасы, көпшілік жағдайда сулау қабілеттілігінің жоқтығы, сәйкесінше жоғары электр өткізгіштік, және үлкен салмақ болып келеді. Тағы бір жетіспеушілігі су металло органикалық қосылыстармен химикалық реакцияға түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |