35 > 16 Теңестіру орындалуда.
11. Объекттің сумен қамтылуын анықтау:
QВ = (VВ*dСЕТИ)2
мұндағы,
QВ – су тораптар жүйесінің су беруі, л/с;
VВ – құбыр бойымен судың қозғалыс жылдамдығы , м/с;
dСЕТИ – құбыр диаметрі, дюйм (1 дюйм = 25,4).
QВ = (1,3 *6)2 = 61 л/с
Объект сумен қамтылған.
12. Өрт автомобильдерінің қажетті санын анықтау:
NМ = Q/0,8*QН
мұндағы,
QН – өрт автомобилінің сорғышының шығыны, л/с.
NМ = 35/0,8 * 40 = 2 ПА
13. Бөлімшелер санын анықтау:
NОТД = Q/QОТД
мұндағы,
QОТД - бір бөлімше бере алатын өрт сөндіру заттарының шығыны, л/с.
NОТД = 35/14 = 3 отд.
Ірі өрттерді сөндірудің практикалық икемділігінен шыға отырып, түтінденген бөлмеде жұмыс жасап жатқан ГТҚҚ жеке құрамын ауыстыруға резерв қарастыру керек. Резерв өрт сөндіруде жұмыс жасап жатқандардың ГТҚҚ буынының санынан 30 % құрауы қажет.
NЗВ.ГДЗС = NЗВ.РАБ + 30 % = 4 + 1,2 = 4,8 (5 ГТҚҚ буынын аламыз)
14. Қажетті жеке құрам санын анықтау:
NЛС = N*3 + N*2 + NМ + NПБ + NСВ + NРАЗ =
5*3 + 5*2 + 2 + 5 + 3 + 4 = 39 чел.
мұндағы:
N*3 – өрт сөндіру бойынша оқпандар позициясында тұрған адамдар саны, оқпаншыларды қоса (ГТҚҚ буындары да ескеріледі);
N*2 – қорғау бойынша оқпандар позициясында тұрған адамдар саны, оқпаншыларды қоса;
NМ – қысымды-жең жұйесіндегі жұмысты бақылаудағы адамдар саны (машина саны бойынша);
NПБ – қауіпсіздік постындағы адамдар саны (ГТҚҚ буындарының саны бойынша);
NСВ – байланысшылар саны;
NРАЗ – таратқышта және т.б. жұмыс жасаушылардың саны.
15. Негізгі тағайындалған бөлімдердің қажетті санын анықтау және гарнизонды кесте бойынша өртке шақыру номерін анықтау:
NОТД = NЛС/4
NОТД = 39/4 = 10 отд.
16. Өрт сөндіру құралдарын беру бойынша шекті арақашықтықты анықтау:
LПР = [HН - (HР ± ZМ ± ZСТ)/SQ²]*20
мұндағы:
HН – сорғыштағы қысым, м.;
HР – таратқыштағы қысым, м., (HР = HПР + 10);
ZМ – шекті арақашықтықтағы жергілікті жердің аса жоғары көтерілу (+) немесе түсу (-), м.;
ZСТ – таратқышты орнату орынынан немесе өрттегі жергілікті жердің аса жоғары оқпандардың көтерілуі немесе түсуі, м.;
S – бір өрт жеңінің кедергі келтіруі;
Q – бір аса жүктелген магистралды жең сызығының суммарлы су шығыны, л/с.;
SQ² - бір магистралды жең сызығындағы қысымның жоғалуы, м.
LПР = [90 - (50 + 0 + 4)/0,015 * 10,52]*20 = 436 м.
17. АЦ-да АӨБ-1 қарауылы екі бөлімше құрамында бере алатын өрт сөндіру құралдарын анықтаймыз. АӨБ-1 қарауылы түтінденген бөлмеге бір оқпаннан бере алатын екі ГТҚҚ буыны ғана бар, сонда:
Qф = Nотд * nотд.ст * qст = 2 * 2 * 3,5 = 14 л/с,
мұндағы:
Nотд – өрт орынына келген АЦ-дағы бөлімше саны;
qст – оқпандағы су шығыны, л/с;
nотд.ст – өрт сөндіруге бір бөлімше бере алатын оқпандар саны (немесе қорғауға);
Qф = 14 л/с Qтр = 35 л/с
Сәйкесінше, өртке бірінші келген бөлім өрт сөндіруге қажетті оқпандар санымен қамтамасыз ете алмайды.
Бірінші келген бөлімнің күш пен құралдарды кіргізу сәтіндегі өрттегі жағдай және бірінші ӨСБ қабылданған шешімдер:
барлау барысында анықталды:
жанып жатқан бөлмеде адамдар жоқ, бірақ басқа қабаттарда адамдар бар, қауіпті факторлар олардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін;
рентген кабинеттегі өрт ауданы 66,6 м2 құрады;
өрттің тарау жылдамдығы 1 м/мин.
Бірінші өрт бөлімі келгенге дейін шешуші бағыт күш пен құралдары құтқару жұмыстарын қамтамасыз етту үшін жұмсалады.
Бірақ бірінші бөлім күш пен құралдарды өрт сөндіруді қамтамасыз ете алмайды, өртке келгендер:
МӨСБ-1 – АЦ-40 – 2 дана.
Өрттегі жағдайды және МӨСБ-1 жеке құрамының тактикалық мүмкіндіктерін ескере отырып адамдарды құтқару бойынша шараларды жүргізу үшін үш барлау тобы ұймдастырылды және ГТҚҚ буынымен өрт сөндіруге бір РС-50 оқпаны берілді. 1-ші ӨСБ ЦОУСС-қа қосымша күш пен құралдардың келуі үшін шақырудың жоғарылатылған номерін хабарлайды.
№ 2 жоғарылатылған шақыру бойынша күш пен құралдарды енгізу сәтіне дейінгі өрттегі жағдайды анықтау.
1. №2 шақыру бойынша келген өрттің пайда болуынан соңғы бөлім оқпандарын бергенге дейінгі өрттің даму уақытын анықтаймыз:
τсв2 = τсв1 + τсл2 + τбр = 18 + 8 + 2,5 = 28,5 мин.
мұндағы,
τсл = 60 *58мин.
40
τсл2 = τсл1 - τсл2 = 5,5 – 3 = 2,5 мин.
2. №2 шақыру бойынша келген ӨБ-9 оқпандарды беру сәтіне дейінгі өрттің ауданын анықтаймыз.
3 қабат бөлмелерін және көрші қабат бөлмелері қабырғаларының отқа төзімділік шегі 0,75 сағ. тең, яғни 45 мин, ал қосымша күштер мен құралдар өрт пайда болғаннан 28,5 минуттан кейі келеді, сонда өрттің дамуы өзгермейді, сондықтан:
Sт = 90 м2 Qтр = 35 л/с
Қорытынды: Қарастырылған шығу кестесімен өрт бөлімдерінің №2 шақыруы қонақ үйдегі асхананы сәтті сөндіруді қамтамасыз етеді. Күш пен құралдардың орналасуы (графикалық бөлімін қара 3-бет).
Өрттегі орташа көлемді температураны анықтаймыз.
Жылу алмасу беткі қабатын анықтаймыз:
S = Sпол + Sпер + Sст,
мұндағы, Sпол , Sпер , Sст - еден, аражапқыш және бөлме қабырғаларының ауданы, м2.
Sпол = 108 м2
Sпер = Sпол = 108 м2
Sст, = (6 * 3,5)*2 = 42 м2
S = 108 + 108 + 42 = 258 м2
Жылулық ағын тығыздығын анықтаймыз:
q = *Vм*Sп*Qнр
3,6 S
мұндағы,
- химиялық толық жанбаған коэффициенті;
Vм – материалдың жанып кетуінің массалық жылдамдығы, кг/( м2 ч);
Sп - бөлмедегі өрт ауданы, м2;
Qнр - жанудың төмен массалық жылулығы, кдж/кг;
= 0,97, Vм = 0,48 кг/( м2.мин);
Qнр = 31206,0 кдж/кг; Sп = 81 м2;
q = 0,97*28,8 *60 *31206,0 = 56315,9 вт/м2
3,6* 258
Газалмасуда қатысатын қуыстар бір деңгейде орналасқан, сәйкесінше ақпалы қуыстар ауданын S1 қуыстар ауданының 1/3 тең аламыз.
S1 = 45 м2
Алынған мағыналар бойынша S1 және V0
S
кестеге сәйке (қосымша 7 /14/), табамыз m
мұндағы, V0 = 4,20 м3/кг- жануға ауа шығыны.
S1 = 45 = 1
S 258 6
Sпола = 108
m = 3.8
Жылулық ағын тығыздығын ауа шығынының коэффициенті және өрттің мүмкін даму уақытын біле отырып «Өрт тактикасы» курсы бойынша әдістемелік көрсетулер номограммасы бойынша өрттің ортакөлемді температурасын анықтаймыз.
Есептеулер көрсеткендей өрттің ауданы бірінші келген бөлім сәтінен соңғы келген сәтіне дейінгі мезгілде өзгермеген, сонымен бірге ағу қуыстары мен жылу алмасу беттерінің ауданы өзгермеген. Сәйкесінше орта көлемді температураны тек қана келесі уақыт аралықтарында анықтаймыз:
I18 мин. , II28,5 мин. – бөлімнің келу уақыты
tср20 = 350оС; tср29 = 375оС.
Түтіндену дәрежесі:
Өрт сөндіруге күш пен құралдар көрші бөлмелер жағынан есік қуысы арқылы енгізілгенін ескере отырып және олардың саны уақыт аралығында III өзгермейді. Сәйкесінше газ алмасуға қатысатын қуыстардың ауданы өзгермейді.
Есік қуыстары 1/3 жұмыс жасауын, ал жану өнімдерін жоюға 2/3 жұмыс жасауын ескере отырып бейтарап аймақтың орналасу биіктігін анықтаймыз.
Сонда бейтарап аймақтың орналасу биіктігі болады:
hн.з.= Нпр ,
3 в +1
п.г
мұндағы,
Нпр = 2,25м – газ алмасуға қатысатын ең биік есік қуысының биіктігі;
вп.г – сыртқы ауа және жану өнімдерінің тығыздығы.
Жану өнімдерінің тығыздығын «Өрт тактикасы» курсы бойынша әдістемелік көрсетілулердің 4-қосымшасы бойынша интерполяция әдісімен анықтаймыз:
п.г = Iп г - Iп г - IIп г -( tср -t1) ;
tср11 - tср1
1. tср = 350оС кезінде, п.г = - - -( 350 -300) = 0,571 кг/м3
400-300
2. tср = 375оС кезінде, п.г = - - -( 375 -300) = 0,548 кг/м3
400-300
3. hн.з.= 2,25 = 0,96 м
3 +1
4. hн.з.= 2,25 = 0,95 м
3 +1
Газ алмасуға қатысатын қуыстар әртүрлі днңгейде ашық кезінде бейтарап аймақтың биіктігін анықтаймыз.
Есік қуыстарые аламыз – ағысқа жұмыс жасайтын.
Сонда бейтарап аймақтың орналасу биіктігі былай болады:
hн.з.= 1Hп+ hн.з.= 1Hп + H
2 2 S21 в +1
S22 п.г
в , п.г - сыртқы ауа және жану өнімдерінің тығыздығы, кг/м3;
S1 , S2 – қуыстар ауданы, м2;
Hп - қуыс биіктігі, м;
H - қуыстар орталығының арасындағы арақашықтық, м.
1. tср = 350оС кезінде,
hн.з.= 12,25 + 18,5 = 8,66 м.
2 1,342 +1
0,571
2. tср = 375оС кезінде,
hн.з.= 12,25 + 18,5 = 8,48 м.
2 1,342 +1
0,548
3. tср = 410оС кезінде,
hн.з.= 12,25 + 18,5 = 8,23 м.
2 1,342 +1
0,518
4.4. Хабарлағыш қондырғысы бар дабылдағышының өрт сөндіруін ұйымдастыру
Жеке құрам 35 л/с шығынымен су беруді қамтамасыз етеді, яғни сөндіруге ГТҚҚ буындарымен РС-50 4 оқпанын және қорғауға көрші бөлмелер мен жоғарға қабатқа және жертөреге РС-50 10 оқпанын береді. Сәйкесінше аға ӨСБ ЦУСС-қа күш пен құралдардың жеткілікті екендігі туралы хабарлайды.
Өртке аға жедел кезекшінің келуімен оған ӨСБ өртте қалыптасқан жағдайды, қабылданған шешімдерді баяндайды. Аға жедел бастығы өзі барлау әдісімен жағдайды анықтайды және ӨСБ әрекетін бағалайды.
Барлау барысында аға жедел бастық анықтайды:
адамдарға қауіптің төнуін;
олардың орналасу орынын, құтқару жолдары мен әдістерін;
өрт орыны мен өлшемін, оттың тарау жолдарын;
мүмкін күш пен құралдарды енгізу жолдары мен бағыттарды;
ғимаратта кернеудің шешілуі жүргізілгенін;
конструкцияны бұзу және ашу қажеттігін және орынын;
шешуші бағыттың дұрыс таңдалғанын;
көшіру жолдарын қорғау қажеттігін және жану өнімдерін шығару мүмкіндігін;
қымбат қондырғыны қорғауды немесе көшіруді ұйымдастыру.
Аға жедел бастық өрт сөндіру басшылығын өзіне алып өртте қалыптасқан жағдайды және №2 жоғарылатылған шақыруды ЦОУСС-қа ақпаратты хабарлайды.
Өрт сөндіруді басқару және ұйымдастыру үшін ӨСБ өрт сөндіру жедел штабын құрамында құрайды:
штаб бастығы;
тыл бастығы;
объект әкімшілігінің өкілдері;
қаланың өзара қызмет өкілдері.
Штаб бастығы болып ӨБ бастығының орынбасары тағайындалады. ӨСБ жедел штаб құрамына тапсырмалар қояды. Бөлімдерді жақсы басқару үшін штаб орыны негізгі кіруден 15-20 м қашықтықта болады.
Өртті сөндіру әртүрлі бағытта жүргізілетін болғандықтан ӨСБ бес жауынгерлік аймақ құруы туралы шешім қабылдайды.
1-ЖА 2 қабат бөлмелерінде.
Тапсырма: 2 қабат бөлмелеріндегі жануды жою, жалынның корридорға тарауына жол бермеу.
2-ЖА – 2 қабат бөлмелерінде.
Тапсырма: Қонақ үй 2 қабат бөлмелерінде жануды жою, жалынның көрші бөлмелерге тарауына жол бермеу.
3-ЖА – 2 қабат бөлмелерінде.
Тапсырма: 2 қабат бөлмелерінде жануын жою, жалынның көрші бөлмелерге тарауына жол бермеу.
4-ЖА - екінші қабатта.
Тапсырма: Екінші қабат бөлмелерін мүмкін болатын жанулардан қорғау.
5-ЖА - төртінші қабатта.
Тапсырма: төртінші бөлмелерін мүмкін болатын жанулардан қорғау.
ӨСБ өзі немесе ШБ арқылы жауынгерлік аймақ бастықтарын тағайындайды.
ӨСБ штаб бастығына өрт сөндіруге күш пне құралдарды енгізуі туралы анықтап тапсырмалар қояды. ӨСБ штаб бастығына тапсырмалар қояды: өрт сөндіру үшін күш пен құралдарды орналастыруын жүргізуді; өртте байланысты үйымдастыруды; өрт туралы мәліметтерді ЦОУСС-қа хабарлауды; жедел құжаттарды жүргізуді.
ӨСБ тыл бастығына өзі немесе штаб бастығы арқылы тапсырмалар қояды: №2 жоғарылатылған шақыру бойынша келген техникаларды күтіп алуын және су көзіне орналастыруын ұйымдастыруды; өрт сөндіруге екі РС-5 dн = 13 мм және төрт РС-50 оқпандарын беруді ұйымдастыруды.
Күш пен құралдар әртүрлі бағытта келгендіктен ӨСБ МӨСБ-1 бөлімше командирін тыл бастығы көмекшісі етіп тағайындайды.
Бұйрықтарды бергеннен кейін ӨСБ міндетті:
барлауды жүргізуге және өрттегі жағдайды бағалауға; тез арада адамдарды құтқаруды ұйымдастыруға және өзі басқаруға, бар күш пен құралдарды пайдаланып үрейді басуға;
шешуші бағытты, қажетті күш пен құралдарды, жауынгерлік әрекеттер әдістерін анықтауға;
бөлімдерге тапсырмалар қоюға, олардың өзара әрекеттерін ұйымдастыруға және қойылған тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етуге;
үзіліссіз өрттегі жағдайдың өзгеруін қадағалауға және сәйкес шешімдерді қабылдауға;
өрт орынына келісімен оның сырт көрінісі бойынша ПСЧ-ға ақпараттар беруге; шешімдерді қабылдап және бұйрықтар бергеннен кейін өрт мекен-жайын, не жанып жатқанын, қандай күш пен құралдар әрекетке кіргізілгенін, қосымша күш пен құралдар қажет екендігін хабарлауы керек; ЦОУСС-пен үзіліссіз байланыта болуға, жиі-жиі өрттегі жағдайларды және қабылданған шешімдер туралы хабарлап тұруға;
қосымша күш пен құралдарды бөлек-бөлек емес бір мезгілде шақыруға, және оларды қарсы алуды ұйымдастыруға;
өртке аға бастық келісімен жағдай туралы, өрт сөндіру бойынша қабылданған шешімдер туралы, өрт орынында қандай күш пен құралдар бар екендігін, әрекетке кіргізілгендерді, қосымша шақырылғандары туралы баяндауға;
жағдайға байланысты өртте жедел штабты ұйымдастыруға және оның орналасу орынын анықтауға;
жедел штабқа оның орналасу орынын және оған барлық қабылданған шешімдерді хабарлауға;
күш пен құралдардың резервін ұйымдастыруға, жұмыс жасаушыларға дем алуға, жылынуға және құрғақ киімге киінуге мүмкіндік беріп жиі-жиі ауыстыруға;
басқарушы құрам арасынан қауіпсіздік шараларын сақтауға міндеттіні тағайындауға; қажет жағдайда медициналық көмек пунктін ұйымдастыруға;
өртке күш пен құралдар әртүрлі бағыттардан келген жағдайда тыл бастығына қозғалыс және байланыс құралдарымен көмекшілер бөлуге;
өрт сөндіруге қатыстырылатын қызметтермен өзара әрекет ұйымдастыруға, объекттің инженерлі-техникалық жұмысшыларымен тұрақты байланысты ұстауға және объек нұсқауымен және ұсыныстарды ескере отырып сөндіру құралдары және әдістері туралы шешімдер қабылдауға;
өрт себебін анықтауға шаралар қабылдауға;
нақты өртеу немесе өрттің басқа себептері белгілі болған кезде өрт алғаш пайда болған орынын сақтауға, мемлекеттік өрт бақылау жұмыскерлерін қатыстырып өрт туралы акт толтыру үшін қажетті өрт себебі болған заттар мен мүліктерді сақтауға;
өзі жанудың жойылғандығына көз жеткізуге, жойылған өрт орынын бақылау қажеттігін анықтауға;
құнды материалдарды көшіру бойынша, төгілген судан қорғауды және полиция қызметкерлері келгенше көшірілген құнды материалдардың күзетіне шешімдер қабылдауға;
өрт орынынан бөлімдердің және өзара әрекетті қызметтердің кету тәртібін анықтауға.
Өрт сөндіру үшін қоымша күш пен құралдардың қажеттігін анықтаған кезінде ӨСБ ескеруі қажет:
шақырылған күш пен құралдарды енгізгенге дейін от қандай ауданға тарау мүмкіндігін;
оқпандарды беру үшін, адамдарды құтқару бойынша жұмыс көлемін, ғимарат конструкциясын бұзу мен ашу және мүліктерді көшіру бойынша қажетті күштер санын;
арнайы қызметтердің қатыстыру қажеттігін;
суды автоцистерналармен жеткізу қажеттігін немесе суды айдаумен беруді ұйымдастыруды.
ӨСБ-нан штаб бастығы тапсырма алып ӨСБ шешімін жүргізуді қамтамасыз етеді және штаб жұмысын ұйымдастырады. Күш пен құралдарды басқару үшін ШБ өртте байланысты ұйымдастырады. ӨСБ-мен, тыл бастығымен және жауынгерлік аймақ басшысымен байланыс үшін штаб бастығы өзімен алып жүретін радиостанция пайдаланады, ал ЦОУСС-пен байланыс үшін АЦ-40(130)63Б радиостанциясын және жергілікті ауданның телефонын пайдаланады. ӨСБ бұйрықтарын бөлім бастықтарына жеткізуді қамтамасыз етеді. ӨСБ қабылданған шешімдер туралы хабарлайды. Өрт сөндіру барысында штаб бастығы өрттегі жағдайды меңгереді, үзіліссіз барлауды қамтамасыз етеді және жауынгерлік аймақ бастықтарынан және объект өкілдерінен мәліметтер алады; ӨСБ барлау қорытындысы туралы және өрт сөндіру барысын хабарлайды. Штаб бастығы тұрақты ӨСБ бұйрықтарын орындалуын бақылауды қамтамсыз етеді, жедел құжаттарды жүргізеді.
Тыл бастығы ӨСБ тапсырма алып келген техникаларды күтіп алуды және жақын су көздеріне орнатуды ұйымдастырады. Жақын су көздері гидранттар болып табылады.
Үзіліссіз су беру үшін тыл бастығы сорғыштардың жұмыс режимін орнатады. Жұмыс барысында тыл бастығы техниканы толық қуатында пайдаланады, жең сызықтарын күзетуді қамтиды және полиция қызметкерлері көмегімен өрт ауданын қоршауды жүргізеді, су жүйесінде қысымды жоғарылату бойынша шаралар қолданады және жедел құжаттарды жүргізеді.
Өрт сөндіру кезіндегі техника қауіпсіздігі.
1. Өрт сөндіруді жеке құрам ТОЖҚҚ-да жүргізуі керек. ТОЖҚҚ-дағы жұмыс «Өртке қарсы қызметінің газ-түтіннен қорғау қызметі бойынша тәлімдемесі» № 446 ҚР ТЖМ бұйрығымен 22.12.2010 жылы бекітілген қауіпсіздік талаптарын сақтаумен жүргізіледі.
2. Автомобильдерді және үш иінді сатылардың орынын ауыстыруға жол берілмейді.
3. Тоқ және жарықтандыру жүйесін сөндіру қажет.
4. Өрт сөндіру кезінде әр жұмысшы құрылыс конструкцияларының жағдайын қадағалап отыруы қажет.
5. Өртті жою кезінде техника қауіпсіздігіне жауапты тағайындалады.
6. Қабаттардан әртүрлі материалдарды лақтыруға ғимарат жанындағы жұмыс жасаушыларға ескертпей тыйым салынады.
7. Жүргізуші өрттегі жұмыс кезінде ӨСБ бұйрығысыз суды беруге немесе тоқтатуға, автомобильді сорғыш жұмыс жасап тұрған кезінде қозғалтуға тыйым салынады.
5. Өртте адамдарды құтқару
5.1. Өртте адамдарды құтқарудың әдістері мен жолдары
Өртте адамдарды құтқару жауынгерлiк iс-қимылдардың маңызды түрi болып табылады, қауіпті факторлардың және олардың екiншi рет бiлiнген немесе әсер ету аймағынан адамдарды құтқару шараларының жиынтығы болып табылады.
өртте адамдарды құтқару – өз бетiмен өрт аймағынан шыға алмайтын және оларға қауiптi фактордың әсер ету мүмкiндiгi туындағанда адамдарды құтқарудың iс-қимылдары;
өрттегі адамдарды көшiру – өрттiң қауiптi факторлары әсер ету мүмкiндiгi бар аймақтан, адамдарды өздiгiнше көшуге мәжбүрлейтін процесс.
Құтқару жұмыстары:
адамдар тұрған жерге от, жоғары температура, жарылу немесе конструкцияның құлау қаупi төнгенде немесе бөлменің iшi түтiнмен немесе зиянды газдармен толғанда;
адамдар қауiптi жерден өздiгiмен кете алмайтын немесе үрейленген жағдайда;
көшiру жолдарына от пен түтiннiң таралу қаупi болғанда;
адамдардың өмiрi және денсаулығына қауiптi от сөндiргiш заттар мен құрамдар қолданылатын жағдайда ұйымдастырылады және жүргiзiледi.
Жоғары қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн техникалық құралдар мен әдiстердi қолдана отырып, өртте адамдарды құтқару және қажетiнше үрейдi болдырмау шараларын iске асыру керек.
Өртте адамдарды құтқару, әдетте өрттi сөндiру үшiн күштер мен құралдардың қанат жаюымен бiр мезгiлде жүргiзiледi.
Егер от адамдарға тiкелей қауiп төндiрсе және құтқару жолдары кесiлсе немесе оны от бөгейтiн болса, адамдарды қауiпсiз құтқару жағдайын қамтамасыз ету үшiн оқпан беру мiндеттi.
Егер адамдарды құтқару және өрттi сөндiру жөнiндегi жұмыстарды бiр мезгiлде өткiзу үшiн күштер мен құралдар жеткiлiксiз болса, адамдарды құтқару үшiн өртке қарсы қызметі бөлімшелерінің жеке құрамы толық пайдаланылады және қосымша күштер мен құралдар шақырылады, басқа жауынгерлiк iс-қимылдар жүргiзiлмейдi.
Адамдарды құтқару үшiн:
қысқа және қауiпсiз жолдар;
негiзгi кiру және шығу есіктері;
қосымша шығатын есіктер;
терезе ойықтары, балкондар, лоджиялар мен галереялар;
егер олар арқылы ғимараттан шығатын болса немесе оның қауiпсiз жағына көшуге болса аражабындағы люктер;
өрт сөндiрушiлер жасаған қалқа, шатыр арқалығы және қабырға тесiктерi пайдаланылады.
Сонымен қатар:
тұрақты және өрт сөндіру қол сатылары;
автосатылар және автокөтергiштері;
авариялық-құтқару жабдықтары және құрылғылары;
құтқару құрылғылары (құтқару жеңдерi, арқандар, басқыш және жеке құтқару құрылғылары);
үрлемелi және амортизациялық жабдықтары;
ТОЖҚҚ;
ұшу аппараттары құралдары пайдаланылады.
Адамдарды құтқарудың негiзгi тәсiлдерi:
өртке қарсы қызметінің қызметкерлерi көрсеткен қауiпсiз бағытқа адамдардың өздiгiмен шығуы;
құтқару жолдарын түтiн алғанда немесе қауiптi аймақтан өздiгiнен шығу мүмкiндiгiне жағдайы мен жас шамасы мүмкiндiк бермегенде өрт сөндiрушiлердiң көмегiмен құтқарылатындарды басқа орынға шығару;
өздiгiнен жүрiп-тұруға мүмкiндiгi жоқ адамдарды алып шығу;
құтқару жолдары от, түтiн немесе үйіндімен бөлiп тасталған және құтқарудың басқа тәсiлдерi мүмкiн болмаған кезде құтқарылатындарды тұрақты және өрт сөндіру қол сатыларымен, автосатылармен және өрт автокөтергiштерiмен, техникалық құтқару құралдарының көмегiмен түсiру болып табылады.
Адамдарды құтқару тәсiлдерi мен тәртiбiн, өрттегi жағдайға байланысты және көмектi қажет ететiн адамдардың жағдайына қарай ӨСБ анықтайды.
5.2. Үрейді болдырмау әдістері, адамдарды іздеу ерекшеліктері және оларды құтқару
Құтқару жұмыстарын жүргiзу кезiнде:
iшкi хабарландыру жүйесiн және басқа құралдарды пайдаланып үрейленудi болдырмау жөнiндегi шараларды қолдану;
әкімшілік, қызмет көрсетушілерді өртке қарсы қызметi құрылымдарының жеке құрамын жұмылдыру;
медициналық жедел жәрдемдi шақыру және ол келгенге дейін зардап шеккендерге өртке қарсы қызметі жеке құрамының және өрт орнындағы медициналық қызметкерлердің күшімен алғашқы көмек көрсету;
құтқарылғандарды уақытша орналастыру үшiн орындар қарастыру қажет.
Егер адамдар бар орындар туралы мәлiметтер болса және құтқарушылар оларды сол жерден таба алмаса, адамдар болуы мүмкiн деген барлық түтiндеген және жанған барлық көрші бөлмелерді ұқыпты қарап, тексеру қажет. Адамдарды iздестiру тек құтқаруды қажет ететiндердiң жоқ екендiгi анықталғаннан кейiн ғана тоқтатылады.
Өрттегі мүлiктердi құтқару жауынгерлік тапсырмалардың маңыздылығы мен жеделдігіне байланысты ӨСБ нұсқауы бойынша iске асырылады.
6. Қабылданған шешімдердің экономикалық негізделуі
Өрттен болған шығын оның жану ұзақтығына және температурасына байланысты. Өрттің анықталған ұзақтылығы және температурасы кезінде құрылыс конструкцияларының бұзылуы болады.
Ғимараттың тасушы конструкцияларының бұзылуы көбінесе максималды шығынмен байланысты, өйткені өрт кезінде ауыр конструкциялар құлаған кезінде бөлмедегі бар заттың барлығын қиратады. Құрылыс материалдарының бұзылуы локальді және жалпы сипаты бар, ол тапсырманы конструктивті-жоспарлы шешуіне байланысты, сонымен бірге өрт сөндіру бойынша өрт бөлімдерінің сәтті жұмыстарына байланысты. Негізгі өрт сөндіру құралы су болып табылады.
Экономикалық көрсеткіштерді анықтау:
K1,2 – капиталды шығындар,
l1,2 – экономикалық шығындар,
I1,2 - өрттен болған шығын.
Қонақ үйдегі өртті сөндіру үшін шығу кестесіне сәйкес гарнизон техникалары пайдаланылады. Осы кезде автоматты түрде №2 шақыру бойынша күш пен құралдар бірінші нұсқадағыдай екінші нұсқада да шығады.
Сумен сөндіру уақытын статистикалық көрсеткіштер анализінен 30 минутқа тең деп аламыз, пайдалану шығындары келесі формула бойынша анықталады:
l1=1ам+lгсм+lзп+lос+lтрто
мұндағы:
lзп – төлем ақыға шығындар;
lтрто – сөндіруге, жөндеуге, техникалық қызмет көрсетуге шығындар;
1ам – аммортизациялық есептеулер
lос - өрт сөндіру заттарына шығындар;
lгсм – жанар-жағар май материалдарына шығындар.
Барлық пайдалану шығындарының көлемі екі нұсқадағы шығындары тең, сондықтан оларды анықтамаймыз, жанар-жағар майдан басқаларын.
Өртті сумен сөндіру үшін пайдалану шығындарын анықтаймыз.
Qобщ = 24,5 л/с, өрт сөндіру уақытында (Tтуш=30 мин.) су шығындалады:
1 м3 судың құны – 150 теңге.
W=Qобщ * Tтуш * 60 = 0,0245 * 30 * 60 = 44,1 м3
Со.с=Свод. = W * 150 = 44,1* 150 = 6615 теңге.
Өрт сөндіруге 1 өрт автомобилін орнату қажет және сөндіруге 4 «Б» оқпанын, қорғауға 2 «Б» оқпанын беру қажет. Өрттегі жұмыстар үшін жеке құрамның 10 бөлімшесі қажет.
Жанар-жағар май шығынын анықтаймыз. Су беруге АЦ-40 бір автомобиль және басқа арнайы техника жұмыс жасайтын болады. Жанар-жағар майдың шығынын анықтау үшін кесте құрамыз.
Кесте 1.
ӨА маркасы
|
Мөлшері
(шт.)
|
Жұмыс уақыты
(мин.)
|
жағармайдың шығыны
|
Жалпы шығын
(л.)
|
Жағармай маркас
|
1 литрге құны
|
Сумма
|
АЦ-40
|
1
|
30
|
0,33
|
9,9
|
дизель
|
108
|
1070
|
Майлауға шығындалғанды ескере отырып шығындалған бензиннің құны құрайды:
Сгсм = С * 2,5 = 1070*2,5 = 2675 тенге.
Стр. то=5000 теңге әр автомобильге -
қорытынды 5000*10 = 50000 теңге.
Жалақы шығынын анықтаймыз, ол үшін ведомосттан берілгендерді аламыз:
1. 2 бөлімшеге Қараул бастығы 92000 тенге.
2. Бөлімше командиры 78000*2 = 156000 тенге.
3. Жүргізушілер 75000*2 = 150000 тг.
4. Өрт сөндірушілер 72000*4 = 288000 тг.
Барлығы: 686000 тенге.
Бір күндік жалақыны есептейміз, яғни 8 жұмыс сағаты ішінде:
686000:30 = 22870 тенге;
1,5 сағат жұмыс ішінде:
22870:8*1,5 = 4288 тенге;
10 бөлімше жұмыс істегенде жалақысын анықтаймыз
4288 * 10 = 42880 тенге.
Пайдалану шығынын анықтаймыз:
С1 = 6615 + 2675 + 50000 + 42880 = 102170 теңге.
Өрт кезіндегі мүмкін шығынды анықтаймыз.Қонақ үйде қымбат тұратын қондырғылармен әртүрлі кабинеттер жабдықталған.
Анализ көрсеткендей, жану ауданы 200 м2 құрайды, яғни асхана мен 3 қабат бөлмелері толық отпен алынған.
3 қабат бөлмелеріндегі өрт туындау қорытындысындағы шығын 5000000 теңгені құрайды, сонымен қатар қымбат тұратын қондырғылардың жойылуы 10000 мың теңгеден аса шығынды құрайды.
Өрттен жалпы шығын құрайды:
Y1’ = 5000000 + 10000000 = 15000000 теңге.
Қонақ үйлердегі өрттер 3 жылда бір рет болу мүмкіндігін ескере отырып, бірінші нұсқа бойынша келтірілген шығындар тең болады:
П1 = C1 + Y1/3 = 102170 + 15000000/3 = 5102170 теңге.
Қонақ үйдегі өрттен адамдардың өлуі 265 адамнан асуы мүмкін.
7. Өртті сөндіру кезінде техника қауіпсіздігі және еңбектң қорғау
Техника қауіпсіздігі бойынша шаралар объект мамандарымен бірге дайындалады және техника қауіпсіздігі бойынша жауаптылардың міндеттері көрсетілетін вкладыштары бар жедел жоспарда көрсетілуі керек. Ғимарат жоспарында температуралық әсерден қорғау қажет конструкциялардың құлауы мүмкін аймақтар белгіленуі керек.
Өрт сөндіруге қатыстырылатын қарауыл жеке құрамымен жыл сайын өрт-тактикалық сабақтар өткізілуі кезінде техника қауіпсіздігі сұрақтары қарастырылуы керек.
Өртке қарсы қызмет бөлімдерінің техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерінде № 355 15.10.2010 ж., көрсетілген талаптардан басқа ӨСБ техника қауіпсіздгі үшін жауапты тұлғалар арқылы қатты түтінденген және температурасы жоғары, жылулық радиациясы жоғары аймақтарда жұмыс жасайтын адамдарды қорғау бойынша шаралар қабылдауы қажет. Жеке құрам жылдам түтін люктерін ашуға дайындалған болуы керек.
Конструкциялардың, сөрелердің құлау қауіпі кезінде жеке құрамды қауіпті аймақтан көшіруге уақытында шаралар қабылдау керек.
Қоғамдық ғимараттарда өртті сәтті сөндіруді қамтамасыз ету үшін, гарнизондарда бірқатар дайындық шаралар жүргізу қажет. Бұл шаралар автоматты өртке қарсы қорғаныс жүйелерімен өртті табу және жою мүмкіндігін, күш пен құралдардың сөндіруде қажетті тез ойластыру, сонымен бірге өрт бөлімдері жеке құрамын тактикалық қамтиды.
Өртке бөлім келуі бойынша жеке құрамға барлау жүргізу кезінде, жауынгерлік қанат жаю және өрт сөндіру кезінде техника қауіпсіздігін сақтау туралы ескерту қажет. Барлау тобы кем дегенде 3 адамнан тұру керек, және дайындалған адам басқаруы қажет – командир.
Түтінденген ортада және улы заттар сақталатын қоймаларда барлауды жүргізу кезінде барлауды ГТҚҚ буыны үш адам құрамында жүргізу қажет.
ГТҚҚ жеке құрамы құтқару және өзін-өзі құтқару құралдарымен, жарықтандыру және байланыс приборларымен, конструкцияны ашу құралдарымен және сөндіру құралдарымен жабдықталуы керек. Барлауды жүргізушілер ӨСБ-мен, жедел штабымен тұрақты байланыста болып барлау қорытындысын баяндап отыруы керек. ӨСБ газ-түтіннен қорғаушылардың резервін құруға, оқшаулағыш противогаздарда жұмыс жасаушылар жеке құрамын уақытында ауыстыруды қамтамасыз етуге міндетті. Жеке құрам жанып жатқан бөлме есіктерін байқап ашуға міндетті, есік жақтауларын оттың мүмкін лапылдауынан немесе қыздырылған газдан қорғану үшін пайдалану керек. Терезе қуыстарымен капиталды қабырға бойымен қозғалып құрылыс конструкцияларының құлау мүмкіндігінен қорғану шараларын сақтау керек. Қол өрт сатыларын пайдаланған кезде оларды түтіндену аймағында, өрттің дамуы кезінде жану аймағында қалып қоймайтындай етіп орнату керек.
Өрт сөндіру кезінде суды шашыранды жолымен беріп жоғары температураны төмендету шараларын қолдану қажет. Судың босқа шығындалуы болмас үшін жабылатын оқпандар қолдануы қажет.
ҚОРЫТЫНДЫ
Берілген дипломдық жобада «Grand Nur Plaza» қонақ үйіндегі өрт қауіптілік анализі жүргізілген, емдеу ғимараттарының өрт анализі жүргізілді. Өрттің тарау жылдамдығы анықталды. Объекттің жалпы сипаттамасы берілген. Қонақ үйде өрттің мүмкін даму жобалануы жүргізілді, әртүрлі уақытта өрттің дамуы, орта көлемді температура, бейтарап аймақтың биіктігі, сөндіру ауданы анықталды.
Анализ және өртке қарсы қызмет гарнизонының тактикалық мүмкіндігінің негізінде мобильді топтармен өрт сөндіру мүмкіндігі анықталды. Ең жаман нұсқадағы мүмкін өртті жою үшін қажетті күш пен құралдардың есебі жүргізілді.
Өрт сөндіру нұсқаларын, бірінші бөлім келу уақытын, өрттен мүмкін шығынды және аурухана адамдар жаппай келетін объектке жататынын қарастыра отырып хабарлау жүйесімен автоматты өрт дабылын ұсыну дұрыс деп санаймын.
Ұсынылған шаралар өртті мағыналы аз материалды шығынмен жоюға мүмкіндік береді.
Әдебиеттер тізімі:
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Астана қ., 2014 жылғы 11 қараша «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол»
«Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының Жауынгерлік Жарғысы». ҚР ТЖМ 14.11.2009ж., шыққан №267 бұйрығы.
«ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет бөлімдері мен гарнизондарының жеке құрамдарын даярлау Ережесі». ҚР ТЖМ 12.07.2010ж., шыққан № 245 бұйрығы.
ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі еңбек қауыпсіздігі және енбекті қорғау жөніндегі Нұсқаулық. ҚР ТЖМ 15.10.2010 ж., № 355 бұйрығы.
«Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының Қызмет Жарғысы». ҚР ТЖМ 14.11.2009ж., № 266 бұйрығы.
«ҚР ТЖМ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының ГТҚҚ қорғау қызметін ұйымдастыру жөніндегі тәлімдеме». ҚР ТЖМ 22.12.2010 ж., № 446 бұйрығы.
Повзик Я.С. Клюс П.П. Матвейкин A.M. «Пожарная тактика». М. Стройиздат 1990г.
Повзик Я.С. «Пожарная тактика» М.,ЗАО Спецтехника. 2001г.
Иванников В.П., Клюс П.П. «Справочник РТП». М. Стройиздат1987г.
Повзик Я.С. «Справочник РТП» М., ЗАО Спецтехника. 2001г.
Кимстач И.Ф., Девлишев П.П., Евтюшкин Н.М. «Пожарная тактика». Стройиздат 1984г.
«Қатты заттар мен материалдарды, мұнай мен мұнай өнімдерін сөндіру бойынша күш пен құралдарды есептеу анықтамасы». Бұлқайыров А.Б. Көкшетау 2007 ж.
Клюс П.П. «Тактические возможности пожарных подразделений». М. 1976 г.
«Өртті барлау» Тұраров С.Ж., Бұлқайыров А.Б., Жақсыбеков Б.У. Көкшетау 2009ж.
ӨСД Тәлімдемесі, Астана 2006 ж.
Теребнев В.В. «Управление силами и средствами на пожаре». М. 2004 г.
Кимстач И.Ф. «Организация тушения пожаров в городах и населенных пунктах». М. Стройиздат, 1977г.
Повзик Я.С. Панарин В.М. «Тактическая и психологическая подготовка РТП». М., Стройиздат 1987г.
«Резервуарлардағы мұнай мен мұнай өнімдерін сөндіру бойынша Нұсқаулар». Алматы., ҚР ІІМ қарамағындағы МӨҚММ (ГУГОПС при МВД РК), 1996ж.
«Организация и проведение занятий с личным составом ГДЗС противопожарной службы МВД СССР». Методические указания. ГУПО и ВНИИПО МВД СССР. 1990г.
Климушен Н.Г. Кононов В.М. «Тушение пожаров в зданиях повышенной этажности». М. Стройиздат 1993г.
«Указание по тактической подготовке начальствующего состава пожарной охраны МВД СССР». М. ГУПО МВД СССР ,1986г.
Теребнев В.В., Теребнев А.В., Подгрушный А.В., Грачев В.А. «Тактическая подготовка должностных лиц органов управления силами и средствами на пожаре» М. 2004г.
Теребнев В.В., Грачев В.А., Теребнев А.В. «Организация службы начальника караула пожарной части» М. 2006 г.
«Өрт сөндірудің жедел жоспарлары мен карточкаларын жасау және толтыру Инструкциясы». Астана., ҚР ТЖМ № 140 26.04.2010ж.
«Рекомендации по тушению газовых и нефтяных фонтанов». М. ГУПО МВД СССР, 1976г.
«Временные рекомендации по тушению пожаров в подземных сооружениях метрополитена». М. ГУПО и ВНИИПО МВД СССР, 1978г.
«Временные рекомендации по подготовке личного состава противопожарной службы на огневых полосах психологической подготовки». М., ГУПО МВД СССР, 1980г.
«Указание по тушению пожаров на открытых технологических установках по переработке горючих жидкостей и газов». М., ГУПО МВД СССР, 1982г.
«Рекомендации по предупреждению и тушению пожаров в резервуарах с понтоном и плавающей крышей». М. ГУПО МВД СССР, 1982г.
«Рекомендации по методам к тактике тушению пожаров на воздушных судах, на аэродромах гражданской авиации». М., МГА, 1984г.
«Временные рекомендации по тушению пожаров в силосах элеваторов, комбикормовых заводов». М., ГУПО МВД СССР, 1985г.
«Временные рекомендации по тушению пожаров передвижной пожарной техникой в высотных механизированных стеллажных складах, оборудованных автоматическими установками пожаротушения». М., ГУПО МВД СССР, 1985г.
«Өртке қарсы қызметтің техникалық өызмет бойынша Тәлімдемесі». ҚР ТЖМ 07.07.2005ж., шыққан №170 бұйрығы
«Өрт жеңдерін эксплуатациялау және жөндеу интсрукцияясы». ҚР ТЖМ 12.09.2005ж., шыққан №250 бұйрығы.
«Өрттерді зерттеу бойынша инструкция». Алматы., ҚР ТЖА ӨҚҚД 1999ж.
«Тактика тушения электроустановок, находящихся под напряжением». Рекомендации. М., ГУПО и ВНИИПО МВД СССР, 1986г.
Организация и тактика тушения пожаров в подвижном составе железнодорожного транспорта. Рекомендации. М., ГУПО и ВНИИПО МВД СССР, 1987г.
«Тушение пожаров на открытых складах лесоматериалов». Рекомендации. М., ГУПО и ВНИИПО МВД СССР, 1987г.
«Временные рекомендации по тушению пожаров в зданиях повышенной этажности». ГУПО и ВНИИПО МВД СССР, 1986г
Самонов. А.П. «Психологическая подготовка пожарных». М., Строииздат 1982г.
Чепыжев А.И. «Боевые действия пожарного караула». М. Стройиздат.1985г.
Плеханов В.И. «Организация работы тыла на пожаре». М., Стройиздат, 1987г.
О. Л. Гомовенко, Ю. М. Сверчков. Методические указания к решению тактических задач по теме «Основы построения схем подачи огнетушащих средств к месту пожара». Москва 2001.
О. Л. Гомовенко, Ю. М. Сверчков. Методические указания к решению тактических задач по теме «Тактические возможности пожарных подразделений». Москва 2001.
Достарыңызбен бөлісу: |