Жоспар
1.Психолог жұмысы
2. Психологиялық ағарту
Психолог білім беру мекемесіндегі тәрбиешілер мен педагогтарға «Жедел жәрдем», балаларға «күтуші» ретінде емес, кәсіби маман ретінде келеді [2, б. 17]. Психолог педагогикалық ұйымның бір мүшесі және ол балалардың психикалық дамуын, психологиялық денсаулығын қамтамасыз етеді. Психолог өз жұмысында кәсіптік біліміне, индивидуалды психи-калық дамуына, психологиялық іс-әрекет пен адамның мінез-құлық мотивтеріне, тұлғаның онтогенез кезіндегі дамуына сүйенеді.
Практик психолог балалар бақшасында, мектепте, интернатта жұмыс істей отырып, әр-түрлі жас аралығындағы оқушылармен жұмыс жүргізді. Өзіндік жағдайды анықтауда психологиялық даярлық біртіндеп, баланың туғаннан бастап – үлкендермен, құрдастарымен қарым-қатынасы кіреді [2, 11, б. 49].
Психолог баланың психикалық даму шарттарының жолдарын анықтайды. Енді бұл жерде туындайтын сұрақ – білім беру мекемесіндегі психолог кімге бағынады және кіммен жұмыс істейді? Бұл сұраққа былай жауап беріп көрейік: Психолог екі жақты бағынушылықта болады. Ұйым-дастырушылық басқару бойынша мектеп директорына, ал кәсіптік жағынан - әдістемелермен қамтамасыз ететін, кәсіптік қарым-қатынас жасайтын психологиялық орталықтың маман психологтарына бағы-нады.
Мұндағы психикалық даму заңдылықтарының зерттеу нәтижелері психикалық үрдіс ерекшеліктерімен, соны-мен қатар оқу іс-әрекет ерекшіліктерін нығайтудағы психологиялық әдістердің негізінде жатыр.
Үрдістердің сенсорлы - перцептивті зерттелінуі, жадының, ойлаудың, қызығушылық қызметтің құрылулары және оның дамуы ерекшіліктері заңдылық аймақтар және психомоторлық мінез-демелер кіші оқушылардың ерекшеліктерінің аймақтарын айқындауға мүмкіндік береді. Бастауыш сынып жастағы оқушылардың мотивациялық аймағы, сана-сезімнің және өзін-өзі бағалаулары, мінез-құлық, әлеуметтік хабардар болулардың және т.б даму ерекшеліктері көрсетілген [6, 7, 9].
Бұл күнде осы сөздің авторы чехиялық Ян Амос Коменскийді көпшілік қолдайды. Бірақ бұндағы дауыл мәселе – білім беру, білім алу қандай түрде болуы керек? Болып жатқан өзгерістер әсері қандай? Ал өзгерістер деп отырғанымыз:
- толық он бір жылдық білімді енгізу және он екі жылдық оқуды талқылау;
- жаңа оқу дисциплиналарын (пәндерінің) пайда болуы;
- мемлекеттік және жеке меншік мектептердің құрылуы т.б.
Өкінішке орай, барлық жаңа ашылымдар жеткілікті түрде ойлас-тырылып, негізделмеген. Бірінші сыныпқа алынған оқушылардың ата-аналары оның оқу біліктілігі, санай алу, әріптерін жаза алуын тексергенде, бұның барлығы мектеп мойнында емес пе деп ойлайтындар да баршылық. Бұдан: қандай бағдарламамен оқушылар оқу керек деген сұрақ туындайды. Осы сияқты сұрақтар жауап-сыз қала беруі де білім берушілерге деген сенімсіздік тудырады. А.Г. Асмолова айтуы бойынша білім - қоғамды дамытады [8, б. 9].
Білім беруде екі басты іс-әрекет жасаушы – мұғалім және оқушы. Бірақ педагог пен балаға психологиялық кеңес беруді қажет етеді. Неге мектепте балалар пән мағлұматтарын меңгеріп үлгермейді, неге қарым-қатынаста қиыншылықтарға кездеседі, неге кейде агрессивті, жалқау. Осы және тағы басқа сұрақтар ата-аналар мен педагогтарды ойландырады. Осындай мәселелермен олар психологқа жүгінуге даяр. Ал психолог бұл мәселелерді шешу үшін келесі талаптарды орындауы қажет.
Психологиялық кәсіптілік – бұл психологиялық мәселелерді шеше алу және оларды көріп қорытынды жасау болып табылады.
Л.С. Выготский педагогикалық және әдістемелік айырмашылықтарды көріп, оны психологиялық жағынан қарастырды. Педагогикалық анализдің, педагогикалық үрдістің міндеті – оқыту актісінің дамуы емес, мектептегі оқытудың ішкі даму үрдісіне әсері [14, б. 312].
Ресейлік психологияда нені қалай оқыту керек туралы сұрақтарды Л.С. Выготский, П.П. Блонский, В.В. Давыдов, Д.Б. Эльконин, П.Я. Гальперин тағы басқалар қорытып шығарды. Н.Ф. Талызина [21, б. 87], П.Я. Гальпериннің [5, б. 89], ал Қазақстанда С. Елеусізова, Р. Қарамұратова зеттеулеріне сүйене отырып, оқыту мазмұнына байланысты үрдістік бірнеше жағдайларды бөліп көрсетті.
1) Оқытудың негізін базалық білім құрауы қажет;
2) Оқытудың мазмұнына базалық біліммен жұмыс істеу тәсілі жатуы қажет;
3) Білімді меңгеру, оқыту тапсыр-маларын шешу формасында орындалып, бұл оқытуды ешқандай жаттаусыз-ақ қамтамасыз етіліп, есте сақтау қорытынды негізінде қалыптасуы керек;
Психолог жұмысы білім беру жүйесінің түрлеріне (шығармашылық және математикалық мектептер, гимназия, лицейлер) байланысты қызмет міндеттері анықталады.
Психолог өз жұмысын жүргізу үшін ыңғайлы орын қажет. Кабинет – бұл қажетті психологиялық қызметтердің компоненті. Психолог кез-келген мекемеде жұмыс істей отырып, негізгі тапсырмаларды шешеді. Кейбір неғұрлым қажетті іс-әрекеттерге көңіл бөлейік: практикалық психолог ең бірінші психология – педагогикалық шарттарды бақылауға міндетті. Ол балалардың даму ерекшеліктері баланың негізгі даму барысында қалыптасқанын ескеру керек.
Баланың дамуындағы шарттарды талқылау барысында Л.С. Выготскийдің «дамудың жақын аймағы» принципін қолдану дұрыс [2, б. 156]. Бұл принципті қолдау арқылы психология-педагогикалық бағдар дамудың сол деңгейінде бала жақын арадағы уақытта неге жете алатындығын бейнелейді. Педагогикалық тәжірбиеде бұл принциптің негізгі қиындығы «дамудың жақын аймағы». Дамудың жақын аймағы жасөспірімдерде және жоғарғы сынып оқушыларында ересек адамдармен өзін тану, интелектуалды және тұлғалық рефлекция, өзіндік ұйымдастыру мәселесі аумағында құрылады. Дәл осы кезеңде өмірлік көрінісі, өзін-өзі тануы, өз мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызы-ғушылықтарын сынап көруі қалыптасады.
Педагогикалық ұйымда, сол сияқты жанұяда үнемі әр түрлі қақтығыстар болады, көбінде ересек адамдардың психологиялық хабарсыздығынан, бірін-бірі тыңдай алмауынан, тыңдағысы келмегеннен, түсінбеуден, кешірмеуден болады.
Сондықтан да, тәжірбиелі психологқа балалармен жұмыс істейтін адамдардың психологиялық мәдениетін көтеру қажет.
Психологиялық ағарту – бұл үлкендердің және балалардың психоло-гиялық біліммен қатынасы. Психологиялық ағартудың негізгі мағынасы:
1) Баланың психикалық дамуының сәтті шарттарымен мұғалімдерді, тәрбиеш-ілерді, ата-аналарды таныстыру;
2) Жаңа психологиялық зерттеулерді талқылап көпшілікке таныту;
3) Психологиялық білімдер қажет-тілігін құрып, оны жұмыс кезінде баланың немесе өзіндік тұлғалық дамуда қолдану;
4) Оқушыларды өзіндік таным және өзіндік тәрбие туралы түсініктердің негіздерімен таныстыру;
5) Практик психологтың сол меке-меде керек екендігін түсінуге қол жеткізу.
Психологиялық ағарту әр түрлі формада болуы мүмкін: дәріс, практикалық сабақтар, семинар, әңгімелеу, көрме, әдебиеттерді талқылау тағы басқа. Бұл жұмыстарды барлығын психолог өзі жүр-гізбей-ақ басқа мамандарды шақы-руына болады. Барлық жұмыстардың мазмұнын психолог өзі қамтамасыз етуі, тиіс, және өтетін жұмыс түрлерінің нақты жұмысқа байланысты мәселелері қаралған жөн.
Психологиялық ағартудың ең бір көп тараған түрі психологиялық консультация (кеңес беру). Яғни, психолог консуль-тациялық іс-әрекетті бағдар беру, ағартуды, сабақтарда жүзеге асыру. Бұл маманның клиентке кеңесі, нақты бір мәселеге қатысты жиналыс, нақты бір жағдайдағы адамның мінез-құлқы бойынша пікірін білдіру деп түсіндіріледі [9, б. 7].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Ф.Бизақова .Психологиялық түзету-дамыту жұмысы Тараз 2013 2. Абрамова Г. С. Алгоритмы работы психолога со взрослыми. М. - 2003 3. Абрамова Г.С. Практическая психология. М.,2000 4. Битянова М.Р. Организация психологической работы в школе. Б., 2000 5. Дружинин В.Н. Практическая психология М.: Речь,2008. 6. Дубровина И. В. школьная психологическая служба: Вопросы теории « практики М., 1991 | 7. Ковалев С.В. подготовка старшеклассников к семейной жизни. М., 1991
№29 дәріс. Адам өміріндегі уақыттың маңызы туралы. Жоспары: 1. Ересектерге арналған тренингтер Ересектерге арналған тренингтер Тақырыбы: «Тайм-менеджмент» Танысу. Өзің туралы айтып берші: нені ұнатасың, не ұнамайды? Тақырып бойынша жұмыс. «Уақытты басқару» жаттығуы. Нұсқау: Уақытқа байланысты барлық негізгі сөзді мұғалім тақтаға жазады. Қатысушы «Уақытты басқару дегеніміз -...», өзіндік ойтүйінін жазады. Кері байланыс. «Уақыт туралы ой» жаттығуы. Нұсқау: «Уақытты басқару» терминіне қысқаша эссе жазу. Осы термин қаншалықты шынайы? Уақытты басқаруға болады ма? Басқарса қандай жолмен? Адам өміріндегі уақыттың маңызы қаншалықты? «Уақыт ұту» сөзінің астарында не жатыр? Әрқайсысы өзінің жазған эссесін оқып береді. Топпен талқыланады. Кері байланыс. “Миллион доллар” жаттығуы. Нұсқау: Сізге миллион доллар береді. Сіз 3 минуттың ішінде оны ең қонымды нұсқада көбейтудің жолын ұсыну қажетсіз. Жұмсалмаған ақша көршіңізге беріледі. Барлығы тусінікті ме? Сұрақ болса, жауап беруге дайынмын. Уақыт басталды. Жаттығуды талдау. «Уақыт дұшпаны» жаттығуы. Қажетті құрал: таза парақ пен қаламсап (адам санына қарай) Нұсқау: Уақытты тиімді пайдалануға кедергі келтіретін әрекет түрінің тізімін жасаңыз. Кері байланыс. М &М» жаттығуы. Нұсқау: қатысушыларға майда кәмпит немесе дәнек салынған тәрелке ұсынылады. Олар тәрелкеден қалағанынша алады, тек барлық қатысушыға жетсе болғаны. Тәтті таратылып болғаннын кейін, өзінің «алтын» уақытын жоспарлауы жайлы айтады. Оның жолы алған тәттісінің санымен сәйкес келуі керек. Кері байланыс. Қоштасу. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Ф.Бизақова .Психологиялық түзету-дамыту жұмысы Тараз 2013 2. Абрамова Г. С. Алгоритмы работы психолога со взрослыми. М. - 2003 3. Абрамова Г.С. Практическая психология. М.,2000 4. Битянова М.Р. Организация психологической работы в школе. Б., 2000 5. Дружинин В.Н. Практическая психология М.: Речь,2008. 6. Дубровина И. В. школьная психологическая служба: Вопросы теории « практики М., 1991 |
№30 дәріс. Адам өміріндегі уақыттың маңызы туралы. Жоспары:
Достарыңызбен бөлісу: |