Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет52/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   126
Діндер тарихы

Үштік сенімнің элементтері


Үштік сенім – Әке, Ұл, Киелі Рух сияқты үш элементтен тұрады.

1. Әке (Құдай):


Христиан дінінде үштік сенімнің ең бірінші әрі басты элементі – Әке. Христиандықта Құдай тағала Әке ретінде танылады. Құдай ең кәміл, мәңгі саф таза рух. Ол барлық нәрсенің жаратушысы әрі иесі. Мәңгілік, барлық жерден табылады және бүкіл нәрсені біледі. Бірақ Құдай тағалада осы қасиеттердің барлығы бөлек, жеке-дара емес, бір бүтін болып табылады. Құдай бәрін де көріп тұрушы. Ешкім Оны көре алмайды (Христиан шіркеуінің көзқарасы бойынша болмысы көрінбеген Құдай тағала өзін Иса Мәсіх арқылы көрсеткен). Христиандардың сенімі бойынша Құдайдың мән-мағынасы – сүйіспеншілік. Өз ұлы Исаны адамдарды күнәдан құтқару үшін мына дүниеге жіберуі арқылы Құдай осы сүйіспеншілігін көрсетті. Құдайдың негізі – Әке құдай, Ұл құдай және Киелі рух құдай болып көрінсе де, бәрібір бұлардың барлығы бір-ақ нәрсе. Бөлінбейтін негіз. Өйткені негіз – ол рух. Рухта бөліну қасиеті жоқ. Сондықтан Құдай бір. Құдай қасиетті үштік болып табылады.
«Киелі Үштіктің әрбірі Тәңір. Әке Тәңір, Ұл Тәңір және Киелі Рух Тәңір. Бұларды бір тәңірдің түрлі көріністері, сипаттары ретінде түсіндіруге күш салуда. Христиандықта бұл үштік түсіндірілуі қиын, бірақ сенілуі тиіс бір сыр ретінде қарастырылады.
Төрт інжілде де Тәңірдің бірлігі, ұлылығы, шексіз құдіреті, жарату қасиеті бар. Інжілдер Тәңірдің бар екендігі жайында қайшы пікірге түспейді. Жалғыз Тәңірдің ежелден әрі соңы жоқ екендігінен сөз қозғайды. Мысалы Жоқан Інжілінде Тәңір жайында тек қана «бар еді» дегеннен басқа түсіндірулер жоқ (195). Мұнымен қатар бұл жағдай Тауратта да солай. Христиан сенімі бойынша «Әке» ретінде бейнеленген Тәңір нұр, Иса Оның ұлы. Тәңір Исаның тұлғасында адамммен бірлескен, Исаның денесі адам, рухы тәңір. Онда тәңірлік негіз бар. Адамды Тәңірмен біріктіретін сүйіспеншілік. Тәңір адамзатты Адам (а.с.)-нан бері қарай жалғасып келе жатқан негізгі күнәдан құтқару үшін ұлын жіберген. Ол айқышта өзін құрбан етіп адамзатты құтқарған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет