Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде


Махаянаның Үндістандағы тармақтары



бет107/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   126
Діндер тарихы

5. Махаянаның Үндістандағы тармақтары


І – ғасырдан бастап махаяна буддизмі бір тармағы империяның шекарасының ішіндегі Батыс Түркістанға, екінші тармағы Қытайға тарады. Үндістанда ІІ ғасырда буддист түсінігінің аналитикалық принциптерінің махаянаның ішінде дамытылған бір түрі ретінде мадхиямика мектебі пайда болды. Бұл мектепте буддист түсінікке анализ жасау ең биік шыңына жетті. Бұл мектептің құрушылары Нажаргуна мен шәкірті Ариядева болатын. 226 жылы Кушан империясы орнын кіші князьдықтарға қалдырды. Магадха ІV ғасырда маңызды мемлекет болды. Бұл кезеңде Буддизм қайтадан жанданды. Екінші жағынан сананы ақиқат деп қабылдамайтын буддистік мадхиямика мектебінің шектен шыққан ойшылдарына қарсы Асанга және Васубанду бастатқан сананы ақиқат деп біліп, оны тазалау және сәулелендіру жолымен рухани ақиқатты тікелей ұғынуға сүйенетін йогажара мектебі де осы ғасырларда пайда болды. Махаянаның Үндістанда соңғы даму кезеңі VІІІ ғасырда мантраяна және одан кейін важраяна мектептері арқылы болды.
Индуизм VІІІ және ІХ ғасырларда Санкара (788-820) мен Кумайла секілді буддистер аяқ тартатын екі үлкен философтың ықпалымен әрекетке көшті. Олардың мән беріп қарайтын медитация методы және жүйесін одан әрі ілгерілететін мантраяна мантра, яғни қасиетті діни өлеңдер, символдар және сыпайы іс-қимылдарымен буддист еместерге орын беру арқылы сәулеленуге қол жеткізу жолын ұстанды. Біршама кездескен қарама-қайшылық, біршама бұрмалануға бет бұруының салдарынан буддизм барған сайын индуизмге жақындай түсті және абыройын жоғалта бастады. 712 жылы синдтің мұсылмандар тарапынан алынуы мұны одан да арттыра түсті. Міне сол уақытта Мантраянаныкіне дуаланған жәдігерлерді қосып нирвана мақсатынан тыс зейіндік тәжірбиені жиі қолдануды ұстанатын және Шығыс Үндістанда дамыған важраяна немесе тантра пайда болды. Бұл тантрик индуизмнің көшірмесі болатын. Осы себепті ХІІ ғасырдан бастап сахнадан жоғалды. Бенгалдағы Пала ақсүйектерінің патшасы (800-1050) буддизмді қорғаған болса, олардан кейінгі Сена патшалары индуизмді ұстанды. Буддизм 1200 жылдары Магадханың мұсылмандардың қолына өтуімен Үндістанда жойыла бастады. Оудхта 1220 жылдары әлі толығымен жоқ болмаған еді. ХVІ ғасырда Бенгалда да аз бөлігі бар болатын. Сол ғасырдың орталарында Ориссадан буддизм тарап кетті. Кашмирде 1340 жылдарда бұл дінге тыйым салынған болса, Непальда ол индуизмге жақындап, бұзылған күйде қазіргі таңға дейін келіп жетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет