Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет110/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   126
Діндер тарихы

б. Цейлон Буддизмі


Цейлон буддизмі ежелгі буддизмнің маңызды орталығы. V ғасырда пали тілінде жазылған шежіре бойынша Будда Цейлонға үш рет келген. Бір келгенінде ол Суманаката төбесіне шыққан және сол жерде аяғының ізі қалған. Бұл жер қазіргі кезде «Адам шыңы» деп аталады. Бұл риуаяттың тарихи дәйегі болмаса да бұл жер қазіргі таңда маңызды зиярат орындарының бірі болып саналады.
Цейлонда халық бұл аралдың Будданың сенімінің қорғаушысы екендігіне сенеді. Ашока дәуірінде Цейлон патшасы буддизмді қабыл етіп, астанасы Анурадхапурада бір «вихара» (монастырь) салдырды. Бұл вихараның алғашқы тұрғындары Ашоканың ұлы Махиндамен бірге сол жерге келген сангха мүшесі монахтар (бхикку). Цейлонда көптеген ғасырлардан бері келе жатқан ағымның алғашқы сүйіншілеушілері осылар. Үндістаннан V ғасырда келіп, Махавихара жамағатының бір мүшесі Будхагхоса, трипитака жайлы жазылған Синхалесе түсіндірмелерін пали тілінде жаңадан қолға алған. Айрықша буддист сенімінің кең ауқымдағы қорытындысын жазды. Бұл екі еңбек Цейлонның тхеравада дәстүрінің дамуында маңызды үлесі болды. Цейлонға буддизмнің келуінен 1815 жылы ағылшындардың басып алуына дейінгі кезеңде мемлекетті басқаратын адамның буддист болуы талап етілді. Б.э. алғашқы ғасырында өмір сүрген патшаның Махавираға емес, жеке монахтарға сыйлық беруі Абхаягири тармағының пайда болуына себеп болды.
Сенім мен монастырь жүйесінде түрлі ерекшелікке ие болмаса да, бұл жаңа ағым сыртқы ықпалдардың орталығы болды. Алғашқы махавираның монахтары, тхеравада дәстүршілдіктің қорғаушылары ретінде, Абхаягири пайда болмай тұрып тхеравада қасиетті мәтіндерді Типитаканы І ғасырда жаздырды. Жаңа ағым абхаягириді ұстанушылыр әрі тхераваданы әрі махаяна сенімін зерттей отырып сыртқа ашық жолды ұстанды. Одан кейінгі үшінші ағым Жетаана да алдыңғы ағымның жолын ұстанды.
Кейінгі ғасырларда бұл үш ағым Цейлондағы Сангханың негізін құрады. Бұл ғасырда Оңтүстік Үндістан мен Үнді ықпалы барған сайын артты және мұның ықпалы ХІ-ХІІ ғасырларда Вишну, Шива сияқты Үнді тәңірлеріне ғибадат ететін жерлер салынғанға дейін жалғасты. Мұнымен қатартағы ХІ ғасырдағы ұлттық рухтың қайта жанданумен буддизм қайтадан күшіне енді. Тхеравада дәстүршілдігімен мәзһәбтар біріктірілді. Үнді буддистерінен алынған Будданың тісіне қатысты Абхаягири монахтарының қарамағында басталған культ бұл кезеңде қайтадан жандандырылды. Бұған қоса тағы бір жәдігер ретінде Будданың садақа кесесі де қосылды (қазір бұл кесе жоғалған). Португалиялықтар ХVІ ғасырда астананы басып алғанда бұл тістің жоғалғандығын айтса да жергілікті халық мұның жасанды екенін, негізгі жәдігердің Кандиде тұрғандығына сенеді. Цейлонда халық монахтардың өмір сүріп жатқан вихараларды киелі зиярат ететін жер деп есептейді. Алғашқы вихаралар ішінде бір жәдігердің көмілген дагабалар (пагода) және де «бо ағашынан» құралған бір бүтіні. Қазір Анурадхапурадағы «бо» ағашының саясында Будданың аянға қауышқан Гаядағы ағаштан кесілгендігі және Махинданың қарындасы тарапынан Цейлонға әкелінгендігі айтылады. ІV ғасырдан бастап осы уақытқа дейін Будданың мүсіндері қойылған жерлер, дагаба мен «бо» ағаштарымен бірге қазіргі таңда Цейлондағы вихаралардың өзгермес ерекшеліктері болған. Айрықша вихараларға ХІІ ғасырдан бері «девалая» деп аталатын Үнді тәңірлерінің пұттары да кірген, ХV15 ғасырдан бастап олар сол қалпында, бөлек бөлімде орын алған.
Сангха, Португалия, Голландия және Англияның басқыншығы кезеңінде кейінгі жоспарда қалғанымен ХІХ ғасырдың аяқ жағына қарай үлкен күшке ие болды. Уақыт өте келе екі буддистік университет (Видяланкара, Видиодая) құрылды. 1947 жылдан бастап қазіргі күнге дейін буддизмнің дамуы мен ұлттық өркендеу қатар дамуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет