Бурма буддизмі оңтүстік шығыс Азияда басқа жерлерде болғаны сияқты монастырь өміріне кіргендер мен кірмегендер болып екі бағыт болып бөлінді. Бұл екі бағыт бір-бірінсіз болмайтындай байланыста еді. Бурмада тхеравададан бөлек аз мөлшерде жекеленген махаяна монастырьлары бар. Махаянаның ұстанушылары солтүстіктегі таулы өлке және шығыс Бурма Шан өңірінде өмір сүріп жатқан жергілікті Гурка және Рангундағы Қытай қоғамынан.
Буддизм Бурмаға ІІІ ғасырларда кірді. Бурмада бұрын сарвастивада және махаяна, санскритшеге негізделген буддизм бар болатын. Одан кейін пали буддизмі орнықты. VІІ ғасырдан бастап тхеравада және де сарвастивада ұстанушылары Бурмада болғандығы Қытай саяхатшыларының жазбаларынан белгілі. Махаяна буддизмінің Бурмада VІІІ-ІХ ғасырларда болғандығын көре аламыз. Айрықша Промадағы мұндай буддизм, ол жерге солтүстік шығыс Үндістандағы Бенгалдан келген. Көп уақыт өтпей бұл буддизм Үндістандағы дамуымен ілесе отырып тантрик құрылымға жетті. Жоғары Бурмада ХІ ғасырда тантрик буддизмнің бұрмаланған түрі бар болатын. Мондар, оңтүстік шығыс Бурмада орналасқанда ендігі Бурма патшалығына орталық өзен айналасында өмір сүріп жатқандарға қазіргі таңға дейін жалғасатын тхеравада буддизмін әкелді.
Тхеравада буддизмі мен жергілікті сенімдердің уақыт өте келе араласуы салдарынан бурма буддизмі пайда болды. Бурманың басқа Тхеравада өлкелермен айрықша Цейлонмен байланысы болды. ХІХ ғасырдағы Британияның Бурмаға басып кіруімен Сангха бірлестігінің дәстүрлі құрылымына зиянын тигізді. Бурма 1947 жылы тәуелсіздігін алуып Сангха бұрынғы абыройына қауышты. 1066 жылы Будданың нирванаға жетуінің 2500 жыл айналымы Рангоннан басқа ерекше халықтың көмегімен дайындалған бір үңгірде трипитаканың барлық мәтіндерінің оқылуы және қарап шығу үшін атқарылған буддист консилі аталып өтілді. 1961 жылы Рангон парламентінің 20 пайызын құрайтын буддист емес халықты жікке бөлмеу үшін буддизмді ресми дін деп қабылдады. Бұл шешім 1962 жылы генерал Не Виннің әскери үкіметі бойынша күшін жойса да бұл тәуелсіздік кезеңінде Бурмада буддизм қорғалған.
Бурмада монастырьлар халықтың моральдық және тәрбие істерінде жәрдемші болуда. Патшалар тарапынан салынған пагодалар (ғибадатхана сияқты қасиетті жер) көңіл аудартарлық. Біршама қала мен қалашықтарда монах болмағандар да монастырьлармен байланыста. Халық тарапынан сыйға тартылған алтын жапырақтармен қапталған Рангон Шве Дагон пагодасы Мандалайдағылар сияқты зиярат орны. Мерекелік ойын-сауық күндері, атақты адамдар осы жерлерде жиналады.