Тхеравада буддистер бойынша сенімді саналған пали жазбаларын трипитака (үш себет) деп атайды. Ең көне буддистік жазба трипитака үш бөлімге бөлінеді:
1. Виная-питака (тәртіп-ережелер себеті): сангха және монахтарға тән ережелер мен қағидаларды қамтиды. Монахтар мен монах еместерге қатысты негіздер, монахтар мен монах әйелдер бағынуы тиіс қағидалар, діни рәсімдер, уағыз-насихат, қоректену, киіну сияқты мәселелер осы бөлімде қозғалады.
2. Сутта-питака (уағыздар себеті): Будда және кейбір шәкірттерінің кезеңіндегі адамдармен өзара әңгіме-дүкендері, уағыз-насихаттары. Бес никаядан тұрады. Бұл жинақ буддизмнен бұрынғы туылу оқиғаларын әңгімелейтін жатака және доктринаның ықшамдалған түрі дхаммапада сияқты кітаптарда бар. Трипитаканың ең маңызды бөлімі Будданың ой-пікірлерін құрайды. Сондықтан «дхамма себеті» деген осы бөлімге жатады.
3. Абхидхамма-питака (толықтырылған доктрина, философиялық және психологиялық гипотезалар себеті): сутталарда халыққа арналған және қорғау түріндегі доктриналардың жеті кітапта ықшамдалуы және тақырыптық тізімдерге жүйелендірілуі болып табылады. Буддизм философиясы мен психологиясы осы бөлімде қозғалады
Тхеравада тармағына жатпайтын буддистік ағымдардың қасиетті кітаптары (трипитака) санскритшеден қытай тіліне аудармалар ретінде, тибетше және буддистік ассимилияцияға ұшыраған санскритше болып сақталған. Қытай буддистерінің қасиетті кітап жазбалары (сан цанг) – әсіресе қытай және жапон махаянасы үшін ең маңызды қайнаркөз болып табылады. Буддизмнің Қытайға кіруінен бастап санскритше мәтіндердің қол жеткізуге және тәржіма жасалуына үлкен мән берді. Уақыт өте келе каталогтардың жасалуы қажет болды. Тхеравада қасиетті мәтіні секілді үш бөлімнен құралған болса да, буддист тармақтарының қасиетті кітап бөлімдерінің құрамы және құрылымында өзгешеліктер бар. Мәселен трипитаканың сутта-питака бөлімінде қытай коллекциясында алғашқы төрт никаяға тең келетін төрт ағама осы сарвастиваданың абхидхарма-питакасы, тхераваданікінен кейбір тақырыптары ұқсаса да, кітап аттары тұрғысынан толықтай өзгеше. Қытай қасиетті мәтінінде біршама қытай буддист жазбалары (зен де кіреді) алынып төртінші бөлім құралған. Айрықша қытай мәтінінде үш бөлімде де бір-біріне қарсы екі тараптың да қасиетті жазбалары бар. Айта кететін нәрсе хинаяна жақтаушылары, махаянаның қасиетті мәтіндерін бұлар тарих бойынша танымал емес деп қабылдағылары келмейді. Махаянаның болса хинаянаның қасиетті мәтіндерін сенімді қабыл етулерімен қатар, өздерінің сутраларына өздерінің сенетіндіктерін айтады. Олардың да тарихи түбірі бар екендігін, Будданың олардағы ақиқатты айтқандығын, бірақ хинаянашылардың түсіне алмағандығын, Нирванаға жеткізетін ақиқат доктринасының өздерінікі екендігін алға тартуда.
Достарыңызбен бөлісу: |