Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет48/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   126
Діндер тарихы

б. Христиан дінінің тарихы


Хз. Иса туылған жылдары Палестина Рим империясының қарамағында еді. Иудейлер түрлі мәзһәбтарға бөлініп, діни тақырыптар мүдде мәселесіне айналған болатын. Құдыстағы қасиетті ғибадатхана сауда орнына айналып, формализмнің шырмауында еді. Бір Тәңірге иман еткен иудейлер пұтқа табынушы римдіктерден құтылу жолын іздеп жатқан болатын. Сондықтан бір құтқарушыны күткен еді. Осы уақытта Хз. Иса ортаға шықты. Ол адамдарды тура жолға шақырды. Алайда оған хауарилерден басқа аз ғана адам иман келтірді. Шағым айтқандар көбейгендіктен «Айқыш ағашқа асу оқиғасы» орын алды. Хз. Исадан кейін иман келтіргендердің саны күрт артты. Хз. Исаның пікірлерін қабыл еткендер көбейген сайын Римнің қысымы мен зұлымдығы арта түсті. Хз. Исадан біршама уақыттан кейін иман келтіргендер бір араға жиналды. Олар өздерін «христиан» деп атады. Христиандық оған иман еткендердің көмегімен түрлі өлкелерге жайылды. Алайда Павелдің христиан болуы жамағатқа жаңадан өзгеріс енгізумен қатар, қайшы пікірлердің туындап, олардың екіге бөлінуіне себепкер болды. Б.з. 49-жылдарында хауарилер мен Хз. Исаның туыстары жиналып мән-жәйды талқылады. Бұл жиын хауарилер консилі деген атпен танымал. Алауыздықтың шыққан жері жаңадан христиан болғандардың иудей әдет-ғұрыптарын орындап-орындамауынан бастап бірнеше мәселелер еді. Бұл алғашқы консильде Павелдің ұстанған көзқарасына жол берілді. Осылайша Павел ендігі христиандықта орнын алды, әрі Хз. Исаны тәңір қылуға дейінгі оның табиғатымен қатысты мәселелерді бастады. Павелға қарсы шыққандардың бірі «хауарилердің басшысы» Петр, «Эбиониттердің басшысы» Якоб болатын.
Бұл алғашқы «иудей – христиандар» басқа христиандардан ерекше өзгешеліктерге ие. Бұлар христиандықты иудейлер арасында жаюды мақсат еткен, бұл діннің яхудилерден басқаларға таралуын қаламады. Осы себептен яхуди діни дәстүрінен кейбір нәрселерді дінмен бірге алып жүрді. Иудей дәстүрінен сақтап келгендерінің басында бір құдайшылық сенімі еді.
Рим императоры Нерон 64 жылы Рим өртіне христиандарды жауапты деп білді. Сол себепті христиандарға деген қысым мен зұлымдық кезеңі басталды. Павел мен Петр Римде өлтірілді (142). Рим тәңірлеріне құрмет көрсетпеген христиандар түрмелерге жабылды, азапталды және өлтірілді. Мұнымен қатар христиандықтың таралуы тоқтаған жоқ және ІІ ғасырдың аяғына таман Алдыңғы Азиядан Галлерге дейінгі жерде жайылғандығын көрсетті. Бұл даму Рим Императорлығына да ықпал етті. 313 жылы Император Константиннің христиандарға қамқорлығы басталды. Осылайша христиандар сенімдерін еркін жайып, өмір сүре бастады.
Жоғарыда тоқталған христиандар арасындағы алғашқы келіспеушілікке жаңадан тағы бірі қосылды. Константин бұл келіспеушіліктердің шешімін табу үшін 325 жылы Изникте бір консиль жинады. Христиан сенімдері осы консильде талқыға түсті. Император Константиннің көмегімен Хз. Исаның тәңірлігіне келіспей оның жаратылғандығын айтқан арисшілерге қарсы Исаның тәңірлігін жақтаған Павелдің дәстүрін ұстанушылар басым түсті. Алдыңғы эбиониттердің сақтап келген таухид, Хз. Исаның тек пайғамбар болуы, сүннет, біршама дәрет, ғұсыл секілді сенім мен дәстүрлері ІV ғасырдан кейін сахнадан көрінбеді.
Император үлкен Теодиси (Theodosius) 380 жылы ресми сенім ретінде қабылдады. Рим Епископы басқаларының алдында күшке ие болды және Папа деген атқа ие болды. 476 жылы Римның саяси тұрғыдан әлсіреуінің нәтижесінде Папа тек шіркеудің емес, бүкіл Батыс елдерінің басшысы болды. Риммен қатар шығыс шіркеулерін Византия патриархы өкілеттілігі атқарды. Сонымен қоса Искендерия мен Антакияда да патриархтар бар еді. Шығыста Армения, Сирия, Эфиопия және копт шіркеулері ұлттық әрі тәуелсіз шіркеулер еді.
Батыста Ирландия шіркеуі егемен шіркеу болатын. ІV ғасырда Римге тәуелді визиготтар; V ғасырда болгарлар, француздар христиан болды. Одан кейін англосаксондар римдік мисионер тобының себепкерлігімен христиандықты қабылдады. VІІІ ғасырда қалған Европа елдері христиандықты қабылдады. Германия және Скандинавия өлкелері христиан болды. Саксондықтар VІІІ ғасырда күшпен христиандықты қабылдады. Даниялықтар болса ІХ ғасырда христиандар арасынан орын алды. Норвегия, Исландия, Швецияның христиандықты қабылдауы 1000 жылдары аяқталды. Славиандардың христиандыққа кіруі, Рим мен Византия арасында бәсекеге айналды. Поляк, Богемия, Моравия және Балтық жағалауында Рим, Ресей мен Балқан өлкелерінде Византия билігі басым болды.
Батыста христиандық саяси байланыстар, миссионерлік әрекеттер кей уақыттарда күшпен жүргізілді. Бұл таралу кезеңі ХІ ғасырда Скандинавия өлкелерінің христиандықты қабылдауымен аяқталды. Сонымен қатар ішінара қарсылықтар пайда болды. Бұл діни және саяси күрес 1054 жылы нақты бөлініп шығуына жол ашты. Рим шіркеуі «католик» (әлемдік мағынада), Византия шіркеуі «ортадокс» (түп негізіне қатысты мағынада) деп аталды. Мұнымен Исламның жайылуына және түріктерге қарсы крест жорықтары дайындалды. Бірақ крест жорықтары да оларды біріктіре алмады. Араларындағы дұшпандық шегіне жеткені соншалық крест жорықтары (1096-1204ж.ж.) кезінде латындардың Византияда жасаған зұлымдықтары мен әділетсіздіктері үшін ортадокс христиандар, түрік сәлдесін «кардинал» (Латын-Католик) қалпағына айырбастайтындай жағдайға келген еді. 1453 жылы түріктер Византияға соңғы және Стамбұлдағы түрлі христиан топтарына ешкім жасай алмаған қамқорлық көрсетті.
Батыста Шарлман (Charlemagne), папа мен епископтарға дүниелік атақ-абырой әперді. Осылайша шіркеу мен мемлекет арасында орта ғасырда қиыншылықтарға жол ашқан қырғи қабақ басталды.
Палестинадағы қасиетті топырақтарды мұсылмандардан алу мақсатымен крест жорықтарын бастатқан және мүмкіндіктерін жаман жолға қолданған Рим шіркеуі реформа әрекеттеріне себепкер болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет