6. Симха тора: Таураттың бастан-аяқ оқылу мейрамы. Әр жылы Таурат бір рет бастан-аяқоқылып соңында мейрам жасалады (яхудилердің әрбірінде Таурат бар. Тауратқа құрмет бәрінен маңызды. Бір топтың ішінде Таурат жерге түсетін болса, сол жердегілер 30 күн ораза тұтуы керек). Суккоттың ертесіне аталып өтіледі. Таурат жазуларын ұстап алып синагогтағы «бима»-ның жанында билейді. Діни әрі ойын сауық мейрамы.
7. Пурим: Тәтті мейрамы. Жоғарыда аталып өткен мейрамдар иудейлердің діни мейрамдары, пурим мен ханука ұлттық мейрамдары. Пурим Құдыста бір, басқа жерлерде екі күнге жалғасады. Бұл мейрам яхудилердің Иранда Эстер атты яхуди қызының көмегімен өлімнен аман қалғандарын еске алуға арналған. Сол себепті көңілді ойын-сауықтар ұйымдастырылып, қызықты ойындар ойналады.
8. Ханука: Шырағдан мейрамы. Ханука ивритше ашылу, құттықтау мағынасына келеді. Сирия патшасы Антиокусты яхудилердің жеңгенін естеріне түсіреді. Ұлттық әрі тарихи мейрам. Б.э. 168 де яхудилердің Селеуижустармен (Селевкосиар) болған соғыс кезінде ғибадатханадағы жеті тармақты шамның ыдысындағы (менораһ) бір күндік майдың сегіз күн жанғанын еске алу күні. Кислев (Қараша-жертоқсан) айының он бесінде басталып сегіз күнге жалғасады. Басқа күндерден айырмашылығы ханукия деген тоғыз тармақты шамның ыдысындағы шамнан әр күні біреуінің жағылуы.
Бөлім сұрақтары
1 - Хз. Мұсаға (а.с.) берілген он әмірді атаңыз!
2 – Қазіргі таңдағы Иудей мәзһәбтарын атаңыз!
3 – Хз. Мұсаға алғашқы уахи қай жерде келді?
4 – Яхудилер неліктен өздерін ең жоғары санайды, бұл дұрыс па?
5 – Иудаизмде сенбі күні өтетін рәсім қалай аталады?
6 – Реформист яхудилер кімдер?
7 – Яхудилерде ер бала қанша жасында синагогқа барады?
8 – Яхуди діни мейрамдардан бесеуін атаңыз!
9 – Яхудилікте діни кітабының аты не?
10 – Иудаизмнің иман негіздерін алғаш құрған кім?
ХРИСТИАН ДІНІ 1. Жалпы мағлұмат
Қазіргі кезде әлемнің әр түкпірінде христиан дінінің өкілдерін кездестіруге болады. Ол дүниежүзі халықтары санының 1/5-ін құрайды. Христиан діні ең алғаш рет Палестинада пайда болды. Ол 1 млрд. 400 мың өкілі бар әлемдік дінге жатады. Христиан діні уахи-аянға және қасиетті кітапқа сүйенетін, түп негізінде біртәңірлік сенімі бар, сонымен қатар үштік сенімге бас иетін тәңірден келген дін болып табылады. Бұл дінде де пайғамбар, періште ақырет, тағдыр сияқты діни түсініктер бар. Бірақ бұл ұғымдардың Ислам дінінен едәуір айырмашылықтары бар.
Христиандықта Иса маңызды орынға ие. Қазіргі таңдағы христиандық иудаизмнің сенім, құлшылық және дәстүрлерімен Грек-Рим әлемінің діни салт-дәстүрлерін біріктірген құтқарушы Тәңір діні.
Христиан дінінде Иса – ұлы тұлға. Христиан діні назареттік Исаны басшылыққа алатын иудей мәсіхшілігінің басты негізі болып табылады. Иса Израйльді келешекте жүзеге асатын Құдай Патшалығына әзірлеген болатын. Бірақ қазіргі христиан діні Исаның шәкірттерінің арасына кейіннен қосылған Павелдің пайымдауларымен мүлдем басқаша сипат алды.
Христиан дегеніміз – Мәсіхке бас иію дегенді білдірді. Бұл сөз грекшедегі Христостан шыққан. Ивритшесі – Машиях сөзі «майланған» деген мағынаны білдіреді. Патшалар қызметіне кіріспес бұрын маймен сыланғандықтан иудейлер ілгері заманда келуге тиісті құтқарушыларын осылай атайтын болған. Хз. Иса өзін иудей әрі мәсіх екендігін мәлімдеген болатын. Бірақ иудейлер оған сенбеді. Өйткені олар мәсіх бір келсе, Дәуіттің ұрпағынан келетініне, патша болатынына, тек қана еврейлерді құтқаратынына және оларды дүниежүзіне үстем ететініне бек сенімді еді. Дегенмен Хз. Иса пайғамбар ретінде адамдарды туралыққа, бауырластыққа, сүйіспеншілікке, жанқиярлыққа, қысқасы ақиқатқа шақырған еді. Иудей діндарлары діннің негізінен ауытқып, формализмге және пайдакүнемдікке ұрынды. Хз. Исаның айтқан сөздері, ой-пікірлері олардың мүдделеріне қайшы келді. Тек қана халық арасынан саф таза, күнәһар болса да көңілі шынайы аз ғана адам оған сенді. Мұның нәтижесінде ресми иудейлік орталардың және римдіктердің назары Хз. Иса мен оның төңірегіндегілерге ауды. Алайда иудейлер түрлі жаугершілік, соғыс, басқыншылықтар мен қиыншылықтардан кейін өздерін бұдан құтқарып, Хз. Дәуіттің кезеңіндегідей сән-салтанатқа жеткізіп, әлемнің билігін алып беретін құтқарушы патшаны күткен болатын. Хз. Иса оларға келетін Тәңір Патшалығымен қатар оларға осы дүниелік емес ақыреттік, рухани және ахлақи нәрселерге шақырды. Бұл насихатқа мойынсұнғысы келмеген және өздерінің пайдаларын алға қойған иудейлер айқыш ағашқа керілуге себепкер болды. Уақыт өте келе христиандар айқыш ағаш оқиғасы жайында сенім негіздерін ойластырып жатқанда, яхудилер Мәсіх жеңімпаз болады, айқышқа өлмейді деп Хз. Исаның Мәсіх еместігін айтып оның пайғамбарлығын қабыл етпеді. Иудейлер Хз. Исаны күнәһар, жай жүрген қарапайым адам ретінде көрсе, христиандар тіптен ұшқары кетіп, оны тәңірге айналдырып жіберді. Ислам діні «айқыш» оқиғасына жаңа түсінік қалыптастырып, айқышқа керілген Хз. Иса еместігін мәлімдеді. Інжілдерде Хз. Иса өз шәкірттерімен айқышқа керілгеннен үш күн өткеннен кейін 40 күндей бірге болғандығы айтылған. Ал Ислам діні Хз. Иса тәңірдің емес, Мариямның ұлы, Аллаһтың құлы әрі елшісі екендігін дәріптеді. Осылайша христиандар мен иудейлер арасындағы түрлі келіспеушіліктер, қайшылықтар мәселесі нақты айқындалды, екеуінің арасынан ортақ ерекшеліктер қалыптасты.
Достарыңызбен бөлісу: |