Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет51/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   126
Діндер тарихы

3. Үштік сенім (тройца, тәслис)


Бұл тақырыппен христиандық сенімінің ең басты тұғыры – үштік (тәслис, троица) сенім түсіндіріледі. Бірақ бұл мәселені қозғамас бұрын ол діннің сенім негіздерін жете түсініп алған жөн. Бұлардың кейбіріне қысқа-қысқа тоқталған болатынбыз.
Адамзат ғасырлар бойы Христиан дінінің сенім негіздері төңірегінде айтысып-тартысып келді. Қандай да бір адам христиан дініне кірсе, әуелі шомылдыру рәсімінен өтіп, иманға тілін келтіру керек болады. Жалпы, иман негіздері христиан дінінің киелі кітабында нақты көрсетілмеген. Иман негіздері алғашқы шәкірттер мәжілісінен бастап, әсіресе IV-V ғ.ғ. мәжілістерде мықтап орныға бастады. Кейінгі мәжілістерде да өзге мәселелермен қатар, сенімге жататын мәселелердің барлығын бір негізге біріктіруге тырысты. Бірақ сенім мәселесінде шіркеулер мен ағымдардың пікірлері ортақ болғаны сияқты әр түрлі көзқарас ұстанғандары да болды. Біз бұл жерде бүкіл христиан атаулы қабылдаған сенім жүйесі деп аталатын ортақ сенімдері туралы қысқаша мәлімет бере кетеміз. IV ғасырға тән үш бөлімді және он екі тармақты сенім жүйесі төмендегідей:
Мен:
Мен, Құдайға, құдіретті Әкеге
және Оның бірден-бір баласы Құдай Исаға
Исаның жас Мариям мен Киелі Рухтан туылғандығына
Пилат заманында айқышқа керілгеніне, өлгенініне және көмілгеніне
Үшінші күні өлілер арасынан тірілгеніне
Көкке көтерілгеніне
Әкенің оң жағында отырғанына
Ол жерден өлілер мен тірілерді соттау үшін түсетініне
Және Киелі Рухқа
Қасиетті шіркеуге
Барша күнәлардың кешірілетіндігіне
Өлілердің тірілетініне, мәңгі өмірдің бар екендігіне сенемін.
Жоғарыда айтылып өткен он екі тармақ үш бөлімге бөлінеді. Олардың алғашқысы Тәңірмен, екіншісі Иса, ал үшіншісі Киелі Рухпен, тоқ етерін айтқанда Шіркеумен байланысты. Сондықтан христиан сенімдері «үштіктің» үш тармағына шоғырланады.
Христиан киелі кітабында үштік сөзі және үштік сенімді түсіндіретін нақты бір белгі жоқ. Сонымен қатар Хз. Исаның хауарилерге «Әке, Ұл және Киелі Рух атымен баптизм жасаңдар» (194) түрінде бұйрық бергендігі білдіріледі. Бірақ алғашқы мәжілістерде бұл мәселе жайында пікірталас болған; Изник Соборында (325 жылында) Әке мен Ұлдың, Стамбұл соборында (381жылында) Киелі Рухтың тәңір екендігі туралы шешім қабылданды. Осылайша қабыл етілген «тәслис (үштік) сенімі» пайда болды.
Иудей дәстүрінде біртәңірлік басым болғанымен мұндай ортадан шыққан христиандықта үштіктің орын алуы, Исаны тәңір дәрежесіне көтеру теологиялық нәтиже ретінде байқалады. Киелі Рухтың да өз алдына құдайлық жаратылыс ретінде көрінуі үш бөлек тәңірді ортаға шығарды. Бұл жағдайға шешім табу үшін Әке, Ұл және Киелі Рух тәңірліктің үш бөлек көрінісі болғандығын қамтитын тәслис (үштік) үлгісі пайда болды. Грекше үштік сөзі (trias), алғаш рет антакиялық Теофил тарапынан шамамен 180 жылдары қолданылған. Үштік доктринасы христиандар бойынша өз басына адам ақылымен емес, тек қана аян арқылы түсінілетін бір сыр. Сондықтан да тәслис «түсіндірілуі» қиын, оған сену міндетті болған сыр ретінде қарастырылады. Алайда білуіміз тиіс нәрсе тәслис христиандардың алғаш болып тапқан доктринасы емес. Басқа кейбір діндерде философиялық-теологиялық мәселеде христиандықтан бұрын да үштік сенім кездеседі. Шумерлерде Ану-Энлил-Эа, Мысырда Осирис-Исис-Хорус, индуизмде Бхарма-Вишну-Шива, Тибетте Ом-Ха-Хум түрінде, Ежелгі Грецияда Зевстің айналасында құрылған троица (Зевс-Гера-Аполло) назар аудартады.
Христиан діні сол өркен жайған ортадағы үстем болған діндердің, сенімдердің және мәдениеттердің ықпалына ұшырап отырды, олардың кейбір ерекшеліктері мен қасиеттерін өзіне сіңірді. Осылайша бастапқыда болмаған үштік сенімі христиан дініне кейіннен кірген әр түрлі элементтердің бірі ғана еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет