Інжілдерде «христиан», «христиан діні» секілді сөздер кездеспейді. Бұл терминдер тұңғыш рет Хз. Исадан 20-30 жылдан кейін Антакияда қолданыла бастады (116). Бұл Інжілдер Хз. Исаның өмір жолдары жазылған кітап секілді ерекшелікке ие.
Христиан діні монотейстік дінге жатады. Інжілдерде және өзге жазбаларда осы пікірімізді растай түсетін сөздер бар. Онда Құдайдың бірлігі туралы сөз болады (117). Бірақ дәл сол Інжілдердегі бірқатар сөйлемдер, астарлы сөздер кейініректе үштік түсініктің шығуына жол ашты. Бұл мәселеде Інжілдің авторлары өздеріне жеткен деректерді жинап, топтастырды. Шіркеу дұрысқа шығарған бұл жазбаларда Иса «Тәңірдің ұлы», ал Құдай «Исаның әкесі» ретінде сипатталды. Сонымен қатар дәл сол жазбаларда Иса үшін «пайғамбар» атауы қолданылады Інжілдерде Исаның Тәңірге дұға еткендігі, сонымен бірге кейбір адамдардың Исаға сәжде еткендігі, оның күнәларды кешіргендігі айқын көрінеді.
Інжілдерде Тәңірге қатысты баяндаулар Исаға қарағанда тым аздау. Сондай-ақ Құдай «көк пен жердің тәңірі», оның «бір» екендігі де сөз болады.
Үштік түсінікті өте айқын түрде христиан дінінің қасиетті кітабының ешбір жерінен кездестіре алмаймыз. Бірақ « Мен және Әке – бірміз», «Әкеміздің рухы», «Құдайдың рухы» сияқты тіркестер бірте-бірте Құдайдың қатарында Иса мен Киелі Рух та бар деген пайымдауларға жол ашты. Мұндай пікірді алғаш айтқан хауариларға кейіннен қосылған Павел болатын. «Исаның ғасырының ең үлкен теологы» деген Павел қазіргі христиан дінінің негізін салған тұлға ретінде көрінеді. Қазіргі заманның ғылыми болжамдары бойынша қазіргі таңдағы христиан діні – Иса әкелген жүйе дегеннен гөрі Паувелдің жеке пайымдаулары, пікірлері болып табылады. Тіпті кейінгі ғасырларда христиандар діни сенімдерін Інжілдерден гөрі Павелдің жорамал, пайымдауларынан ала бастағандығы айтылады. Павел Құдайды емес, Иса Мәсіхті ерекше дәріптеді. Оның пікірінше Иса жай бір адам емес, Құдайдың құдіретімен тірілген тұлға. Иса Мәсіх еді. Павел Исаның туылуы, өмірі, уағыздары және іс-әрекеттері туралы сөз қозғамайды. Оның бар әңгімесі Исаның айқышқа керілуі және қай тірілуі төңірегінде. Хз. Иса жайында тоқталмаса да Павел негізгі күнә жайындағы ойларында өте мұқиятты. Оның пайымдауынша адам қатаң Таураттың талабымен емес, Исаның өлімі мен қайта тірілуімен өзін кемелдендіретін шомылу арқылы құтыла алады (118).
Павелдің айтуынша Таураттың мақсаты бір айнада өз бейнесін көргені секілді, адамға күнәһәр екенін көрсету. Өлімнің себебі күнә болатын және Павел күнәнің бастауын адамзаттың атасы Хз. Адам (а.с.)-ның мойынсұнбағанына дейін апарады (119). Бұл негізгі күнә сенімі тек Павелдің ғана емес, біршама иудей ғұламаларының көзқарасы. Бірақ бұл көзқарас христиандарда болғаны сияқты, яхудилердің арасында да оның жақтаушылары кездеспейді.
Павелдің пайымдауынша барлық адам – күнәһар. Павел «адам –тумысынан күнәһар» деген көзқарасты қатаң ұстанды. Оның ойынша Адам (а.с.) пайғамбар абайсызда тыйым салынған жемісті жеп қоюының кесірінен әрбір туылған нәресте дүниеге күнәһар болып туылады. Бұл күнә олар жасап қойған жаман әдеттерден, олардың лас, күнәһар табиғатынан туындайды. Бірақ Иса адам табиғатындағы осындай жамандықтан құтылар жолды тапты. Исаның өлімі арқылы бүкіл адамзаттың күнәсі кешірілді. Исаның қайта тірілуі соның бір дәлелі. Адам пайғамбар және Иса – адам баласының өкілі. Біріншісі – адамзатты күнә батпағына белшесінен батырса, соңғысы – сол күнәні жоятын жолды көрсетіп кеткен. Бұның бір ғана жолы – шомылдыру рәсімінен өту. Адам шомылдыру рәсімінде Исаның өлімі мен тірілуін өзімен бірлестіру арқылы толықтай құтқарылады (120).
Негізінде Исаның тұлғалығы және қайта тірілуі жөніндегі Павелдің ой-пікірлері шешімі қиын көптеген проблемаларға жол ашты. Бұл проблемаларды былайша тізбектеуге болады: Исаның Құдай және адаммен қатынасы қаншалықты? Оны адам немесе Құдай ретінде түсіну керек пе? Әлде бір бөлігі адам, бір бөлігі Тәңір ме? Ол бір көзқараста «Тәңірдің бір жаратқаны» ма, әлде Одан пайда болған жаратылыс па? Мәдени негіздері басқа болса да барлық адамдар күнәһар және Исаның жолынан басқа жолда болғаны үшін сынақтан өте алмаған бола ма? Адам атадан тараған барлық адамзат күнәлі, тумысынан күнәһар болса, Исаның өлімі және қайта тірілуіне байланысты жауапты бола ма?
Жиырма ғасырға жуық уақыт өтсе де әлі күнге дейін жауабы жоқ осындай сұрақтар сансыз ой-пікірлер ағымы мен мазхаптардың шығуына себеп болған еді.
Исаның табиғаты, үштік сенім, Киелі Рух, негізгі күнә, сүндеттің және яхуди дінінің дәстүрлерінен бір бөлім тыйымдарының күшін жоғалтуы сияқты мәселелердегі пікірталастар, бөлінулер, мәзһәбтар, әлі де жалғасып келе жатқан бөлінулер, адасулардың да басым бөлігі Павелдің көзқарасынан және христиан киелі кітабындағы кейбір мәліметтерден туындайды. Қазіргі таңдағы христиандық көріп тұрғанымыздай Павелдің көзқарастарына сүйенеді. Негізінде Інжілдердегі «Әкемнен естідім», «Маған берген уәделерің», «Інжілдер» секілді мәліметтерді саралар болсақ, қазіргі Христиандардың қолдарындағы Інжілдерден де бұрын кейбір Інжілдердің бар болғандығы мәлім. Лұқа Інжілінің басындағы мына сөздер мәселені анықтай түседі: «Арамызда болып жатқан оқиғаларды, басы-қасында болып, көзімен көрген және бұл сөздерге қызмет етушілердің бізге жеткізгендеріне көңіл бөлсек біршама адам оны реттестіруге кірісті, мен де басынан бастап мұқият зерттеп, анықтай отырып, Уа абзал Теофилос, болғандарды болғанындай етіп саған жеткізуді дұрыс деп таптым. Есіңде болсын саған үйретілген кәләмнің тура екендігін біл» (121)
Көңіл аударатын тағы бір мәселе ең маңызды Інжіл авторы Лұқаның Павелдің шәкірті болуы. Сол себепті киелі мәтіндер алғашқы шіркеу, алғашқы христиан сенімдері қортындылайтын болсақ христиандық Павелдің еңбегінің жемісі. Павелдің жазғанын алып тастасақ, Хз. Иса пайғамбар, Аллаһ бір, сүннет бар, доңыз етіне тыйым салынған. Сондықтан-да түпнұсқасы сақталмаған, бұрмаланған болса да, Інжіл христиандығында таухид іздерін көре аламыз (Үштік сенімі кейіннен пайда болған). Бұл тәсілді христиандық, христиан әлемі қабыл етпесе де, Барнаба Інжілі мен эбионитердің киелі жазбаларынан анық байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |