Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет53/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   126
Діндер тарихы

2. Ұл (Иса Мәсіх)


Әуелде Әке, Ұл, Киелі Рух бір-бірінен бөлек нәрсе деген түсінік қалыптасқан еді. Осы үшеуінің өзара тығыз байланысы 381 жылы Стамбулдағы өткен мәжілісте былай түсіндірілген болатын: Әке Құдай туылмаған, тумаған. Ұл Иса туылған. Киелі Рух құдайдан шыққан. Кейініректе 431 жылы өткен Эфес мәжілісінде Мәриям – Құдайдың анасы, Құдайтуғыш (Teotokos); ал Иса – шынайы Тәңір, тәңірлік-жаратылыстық екі табиғатқа ие адам және Иса Әке құдаймен бір негіз болып саналады. Қадыкөй мәжілісінде (451 жылы) Исаның бойында екі бөлек табиғат бар, Мариям әке жағынан алғанда құдайды, ал шешелік жағынан алғанда адам Исаны туған деген бір шешімге келді. Бірақ дегенмен Исаның бойында бір ғана табиғат бар, яғни құдайлық және жаратылыстық табиғаттың біріккенін айтып, қорғағандар болды. Кейіннен осы көзқарасты ұстанушылар Монотип болып аталып кетті.
Кейбірі айрықша Хижаз өлкесінің христиандары үштікті, ішінде Иса болумен қатар, Киелі Рухтың орнына Мәриямды қойып қалыптастырған. Христиандықта Иса және Мәриям жайында жазылғандар «кристология және мариология» деген екі білім саласының пайда болуына жол ашты.
Інжілдер бойынша Иса мәселесі айтылып жатқанда оның жеке тұлғасы пікірталасқа жол ашады. Інжілді түсіндіруде айрықша Павел Исаның өлуі, тірілуі және тәңірлігіне қатысты көзқарастарына тоқталады. Бұған тағы да Исаның туылуын, өміріндегі таңғажайып оқиғалары, кереметтерін де қосуға болады. Осылайша «Құдайдың ұлы» деген атаумен басталған түсінік оның тәңір ретінде қабылдануына әкеп соқтырды.
Павел христиандықты негізгі Исаның адамзатты құтқарған өлімі діни сыр халіне келтірген (Ежелгі Грециядағы секілді). Бұл жаңа көзқараста алғаш шәкірттерінің көргені сияқты, жалғыз тарихи адам ретінде емес, өліп тірілген және көкке көтерілген Раббысы (kyrios) ретінде сипатталады. Бұл «kyrios» термині христиан теологиясы бойынша мұғалім әрі иләһи Раббысы және патша мағынасын қамтитын барлық абыройлы атақты білдіреді. «kyrios» лақабы Исаға бағытталған дұғаларда маңызы жоғары. Сондықтан да ежелден бері христиандар иләһи Раббысы ретінде қабыл еткен Иса Мәсіхке дұға немесе оның атымен Тәңірге жалбарынады.
Христиандықта Иса адам бейнесіндегі Тәңір. Аллаһ Исада тәнге енген. Әке Аллаһ адамдарға, сүйіспеншілігі мен мейірімін көрсету үшін Иса Мәсіх бейнесінде жақындап араларында өмір сүрген. Осылайша Аллаһтың жәрдемі адамдарға Иса Мәсіх арқылы жетеді. Исаға табыну, оған құл болу, Әке Аллаһпен байланыс құру болып есептеледі. Өйткені ол Әкемен бір негіз және Әке сияқты кәміл. Ол шынайы Аллаһ. Өйткені ол түрлі мұғжизаларымен, өлуі мен тірілуі «Тәңір» екендігін көрсетті. Аллаһтың ұлы. Ол сонымен қатар адам. Бір адамды тәңір дәрежесіне көтеру пайғамбарда көрінген мұғжизалардың Аллаһқа емес ол адамға берілуінің салдарынан болғанындай, тарихта болған оқиғалар ықпал еткен болуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет