Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет55/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   126
Діндер тарихы

а. Төрт Інжіл


Төрт Інжілге Матай, Марқа, Лұқа және Жохан Інжілдері жатады. Бірқатар айырмашылықтың болғандығына қарамастан алғашқы үш Інжіл арасында өзара ұқсастықтар байқалғандықтан оларды синоптикалық Інжілдер деп атаған. Деректерде синоптикалық Інжілдер 60-85 жылдары арасында жазылған делінеді. Төртіншісіне жататын Жохан Інжілі 100 жылдан кейін жазылды. Ол алғашқы төрт Інжілдің мазмұнын қамтиды.
Мәтіндік зерттеулердің нәтижесінде бір топ ғалым ең көне Інжіл – Марқа Інжілі деген қорытындыға келді. Матай кейініректе жазылған. Ал Лұқа Інжілі алғашқы екі Інжілге сүйенеді. Бірақ үш Інжіл де қазір қолда жоқ, жоғалып кеткен арамейше бір Інжілден жазылғандығы белгілі болды. Хз. Исаның б.з.д. 6 немесе 4 жылы туылғанын, шомылдыру рәсімінен 28 жасында өткенін, діни миссиясын 30 жасында немесе айқышқа 33 жасында керілгенін ескерсек, қолымыздағы ең көне Інжілдің одан ең кемі 30 жыл кейін жазылғаны белгілі болады.
Хз. Исаның шәкірттері арасында оқу-жазу білетіндер жоқ дерліктей аз еді. Інжілдерде берілген мәліметтер ауыздан-ауызға жеткен деректер болып табылады. Інжілдердің жазылуы мәселесі бас қатырарлық мәселе болып келеді. Қолдағы Інжілдерде Хз. Исаның бұларды жаздырғаны жайлы сөздерді кездестіру қиындау. Шындығында «маған берген сөздеріңді оларға бердім» (Жохан 17;8,14) секілді түсіндірулер кездеседі. Бірақ Інжілдердің қалай жазылғандығы жайында нақты деректер жоқ. Кейбір әдебиеттерде алғашқы христиандардың Інжілдері болғандығы келтірілген. Бұл Інжілдер иудейлер мен римдіктердің қудалауларына байланысты жазған кісілер сақтап қалу үшін кейбір жерлерге жасырған немесе қолды болып, жойылған. Қазіргі таңдағы Інжілдердің белгісіз әдебиеттерінің осылардың арасында екендігін алға тартылады.
Кейінгі Інжілдер ауызша жеткен деп есептелетін Ініжілдердің негізінде жазылған делінсе де, ғалымдар бәрібір нақты бір тоқтамға келе алмады. Бірақ кейбір христиан дерек көздерінде Інжіл мәтіндерінің үш-төрт мәрте өзгертілгендігі сөз болады. Бұл жағдайлар алғашқы христиандар арасында шыққан көзқарас айырмашылықтарына байланысты туындаған еді. Олар өз көзқарастарын қорғау үшін немесе сенбеген дінсіздерге ескерту үшін осындай әрекетке барған болатын. Бұдан басқа, Інжілдердің жазылуында белгілі бір ереженің болмауы, әрі бақылаусыз болуы, кез келгеннің Інжіл жазуы, соның салдарынан жүзге тарта Інжілдердің пайда болуы жоғарыдағы айтылып өткен Інжілдердің өзгергендігі жөніндегі көзқарастарды растай түседі. Қолымыздағы Төрт Інжіл осынау жүзге тарта Інжілдердің арасынан бір-біріне жақындау деп іріктеліп алынған. Бұлар әрі күмәнсіз, сенімді, әрі Киелі Рухтың жетелеуімен жазылған деп есептелді. Шіркеу бұдан басқа Павел, Петір, Жохан, Жақып және Яхуданың хаттарын, Елшілердің істерін (Лұқаныкі болуы ықтимал) және Уахи (Жоханның уахиі) кітаптарын сенімді етіп шығарып, барлығын Жаңа Өсиеттің құрамына кіргізді.
Шіркеу күмәнді санап, Жаңа Өсиетке кіргізілмеген Інжілдер мен жазбалар арасында Эбиониттер Інжілі Және Варнава Інжілі бар еді. Бұл Інжілдер Құдай тағаланың бірлігін, Хз. Исаның Құдайдың құлы әрі елшісі екенін, тәңір еместігін, айқышқа оның орнына басқа біреу керілгенін және Хз Исадан кейін пайғамбар келетінін хабарлаған болатын. Бұларда берілген мәліметтер Құрандағы хабарларға қатты сәйкес келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет