Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет92/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   126
Діндер тарихы

2. Гатхалар-Авеста


Заратуштрадан кейін бәрібір көптәңірлік сенімдер қайта орнаса да, оның қасиетті кітабы – гатхалар Иранда өз күшін сақтап қалды. Гатхалардың тақырыбы – Тәңір және Ахура Мазда деп аталды. Авеста – Ежелгі Иранның және бүгінгі Үндістанда өмір сүретін, шыққан жері ирандық парсылардың қасиетті кітабы. Ол пехлеви (көне парсы) тілінде жазылды. Авеста (даналық, білім деген мағынаны білдіреді) үш кітаптан құралды.
1. Иесна: Діни салтанатты рәсімдерде оқылған мадақ жырлары. Заратуштраның гатхалары осы бөлімнің ішінде. Гатхалар – Авестаның көне мәтіндері мен бөлімдері. Гатхалар Заратуштраның сөздері боп саналды және оған ерекше құрмет көрсетілді. Пехлеви тілінде гатханың әрбір өлеңін «гас» деп атайды. Гатхалардың толығымен 17 тараудан, 338 өлеңнен, 896 өлең жолдарынан, 5560 сөзден құралғандығы айтылады. Авестадағы гатхалар – ешнуд гат, уштуд гат, спентмед гат, вони хиштер гат және вехиштвет гат болып беске бөлінеді.
2. Иешт: Иешт мақтау, мадақтау, жалбарыну мағынасын білдіреді. «Иешт» Тәңірді мақтау, мадақтау, қайырымды күштерге және періштелерге жалбарынып, тілек тілеу. Бұл бөлімде әр түрлі тәңірлерге арналған мадақ жырлары жазылған. Қазіргі кезде иешттер өлең түрінде кездеспесе де, поэтикалық түрде көлемді қияли әңгімелерді қамтиды.
3. Видевдат: «Шайтандарға қарсы заң» деп аталады; шайтандарға қарсы бойтұмар және тазалық ережелері осы бөлімде жазылған. 22 тараудан тұрады. Діни салтанатты рәсімдерде оқылмайды. Жер жүзінің жаратылуы, жақсылық пен жамандық, серт беру, уәдесінде тұру, келісімді бұзбау, жуыну және тазалық негіздері видевдатта айтылып өтіледі.
Авестаның басым көпшілігінің тілін түсіну оңайға соқпайды. Авеста Шапур ІІ (309-380) заманында классификацияланып жинақталған.



3. Заратуштра орнатқан діни принциптер


Заратуштра Ежелгі Иранға таухид сенімін әкелді. Оның діні біртәңірлікті уағыздайтын. Одан бұрын ирандықтар бірқатар тәңірлерге табынып, монахтар әзірлеген мас қылатын қасиетті бір ішімдікті ішумен байланысы бар Хаома культін жалғастырып келген еді (Хаома бүкіл әлемді сұйықтыққа толтырушы деп есептелген өмір құдайы еді).
Заратуштра адамдарды түзу жолға салып, әлемді құтқару мақсатымен дінін уағыздағанда Ахура Маздаға құлшылық, періштелерге құрмет, зұлым күштерге (шайтандар сияқты) қарғыс айту және жақсылық істеуде жарысу сияқты мәселелерді өз доктринасының негізі етіп алды.
Заратуштра кейініректе Ормазд бейнесіне өзгерді. Ислам деректерінде «Хурмуз» деген атпен танымал Ахура Маздаға құлшылық етуді уағыздайды. Ахура Мазда (Дана Жаратушы) – Дарий (б.з.д. 500) мен оның ізімен жүргендер тарапынан Батыс Азияда уағыздалған және бірнеше ғасыр ішінде Турфаннан Эфиопияға, Үнді өзенінен Эгей теңізіне дейін дәріптелген Ұлы Тәңір еді. Ол – әлемнің тәңірісі еді. Әлемнің мақсат-мұраты: жалғандықтың, жамандық атаулының ақиқаттан жеңіліс табуы еді. Әлемдегі материалдық және рухани тәртіпті жаратқан, табиғат заңдылықтарын қойған – Ахура Мазда. Ахура Мазда – құдіретті, күшті, ежелгі әрі мәңгі, барлық нәрсені көріп білген, әр нәрсені жоқтан бар еткен ізгілік тәңірі. Жамандық пен дұшпандық нышаны – Ангра Майню. Ислам мәдениетінде бұл зұлым күшті «Ехриман» деп атады, ол жамандықтың жаршысы саналды.
Ахура-Мазда бұрын рухани жаратылыс ретінде қабыл етілгенімен кейіннен, Заратуштрадан бұрын болғаны сияқты оның нұры оттың құрамындағы жаратылмаған бір жарық ретінде түсінілген және осылайша от культі дамыған (Мәжусилік. Ахура-Мазданың қасында алты басты періште бар. Бұлар Амеша Спенталар (Қасиетті Өлмейтіндер) деп аталады. Бұлар; Жақсы ақыл, Әділет (немесе Ақиқат), Тәңірлік Қалау Өлкесі, Кішіпейіл (немесе Діндарлық), Толыққандылық және Өлмейтін түрінде, Ахура-Мазданың сипаттары, түрлі бейнелері және қызметі ретінде түсініледі.
Заратуштраның пайымдауынша, бір жақта саналылық, жақсылық және жарықтан құралған «аша» (Әлемнің тәртіп жүйесі) тұрса, екінші жақта қылмыс, жамандық және қараңғылық ішінде шырмап тұратын «друг» (жалғандық, анархия, күншілдік) орын алады. Адам жақсылық жағын таңдауға тиіс. Адамның осы таңдауы оның келесі өміріне елеулі әсер етеді.
Заратуштра өлімнен кейін сот болады деп сендіреді. Ахура Маздаға сенгендердің рухтары өлімнен кейінгі төртінші күні сотқа тартылады. Олар әуелі Чинват көпірінен өтеді. Бұл көпір осы әлем мен келесі өмірді байлыстырып тұрады. Дінсіз адам көпірден өте алмай, тозаққа құлдилай жөнеледі. Діндар адам көпірден аман өтіп, пейішке қадам басады. Чинват көпірінің ортасы ұстараның жүзіндей қылпып тұрады, дінсіз адам тозаққа әп-сәтте құлап кетеді. Бірақ ізгі адамның рухы көпірден өту кезінде оған кең, даңғыл жол ашылып, пейішке кіру оңайға түседі.
Заратуштра келетін «дүние жүзілік сот» туралы сөз қозғайды. Өзінен үш мың жыл кейін Ехрименнің күші қайтып, ақиқат пен әділеттілік өлкесі орнайды. Осылайша мойынсұнудың мәні жеңіске жетеді. Сот болса от және еріген металлмен болады. Бұл әрекеттердің барлығы Саошянат деген құтқарушының дүниеге келуімен іске асады. Ол Кансава өзенінде жуынған бойжеткеннің, сол өзендегі Заратуштраның ұрығынан жүкті болуымен дүниеге келеді. Осылайша өлген адамдардың дүниеге келуі басталады. Алғашқы адам Гайомарттың сүйектері өмірге келеді, барлық өлгендер қайтадан денелерімен қауышып бір жерге жиналады. Жақсылар, жамандар бөлінеді, жақсылар пейішке, жамандар тозаққа кіреді. Тозақта үш күн қалады, кейін барлық жаратылыстар от өзенінен өтіп, от жамандарды тазалайды және шайтандармен бір болғандардан басқалары, барлығы «Ахура-Мазданың Өлкесіне» кіреді.
Заратуштрадан бұрын «Дева» деп аталған және Ехрименнің жебеушісі болған шайтандарды сабасына түсіру үшін құрбан шалынатын. Адамдар арасында «шайтандар құрбандықтан шыққан бумен қоректенеді» деген сенім болды. Осылайша оларға құлшылық еткен болып есептелінді. Заратуштараның құрбан шалумен күресуінің себебі осы болатын. Заратуштра сиыр етін жеуге тыйым салды. (Үндістанда да сиыр етін жеуге тыйым салынған. Ал Ислам және яхуди дінінде доңыз етін жеуге тыйым салынған).
Күнә адам баласын зұлым күштердің құлына айналдырады. Ал ізгілік түптің-түбінде жақсылықтың жеңіп шығуына себін тигізеді. Зороастризмде салауатты өмір сүру, моральдық-этикалық принциптерге бағыну басты қағида болып табылады. Моральдық-этикалық принциптер: жақсы ой, жақсы сөз, жақсы іс деп қысқаша тұжырымдалады. Кедей-кембағалдарға жомарттық жасау, сырттан келген бейтаныс адамдарға қонақжайлылық таныту, барлық лас нәрселерден аулақ болу, сиырларды бағу, зорықтыратын, зерікітіретін нәрселерді жою ең абзал істерге жатады. Таза жануарларды, әсіресе иттерді өлтіру үлкен күнә. Некесіз жыныстық қатынасқа (зинақорлық) тыйым салынады. Кейбір жыныстық тақырыптарды қозғау және өлген денемен жыныстық қатынасқа түсу рухани кірленуге апарып соғады; ондай жағдайда ерекше діни рәсімді орындау қажет болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет