Парсы ирандық деген ұғымды білдіреді. Әсіресе Бомбейде тұратын солтүстік-батыс Үндістандағы зороастризмді ұстанушыларға берілген атау. Парсылар 641 жылы мұсылмандардың Иранды жаулап алуының нәтижесінде VII ғасырдан бастап Үндістанға қоныс аударған ирандықтар болатын. Иранда қалып қойып, сенімдерін сақтап қалғандары геберлер деп аталды. Парсылар әуелі Катиавардағы Диуде, Гуджараттағы Сендженде, одан кейініректе қазіргі тұрып жатқан жерлерде тұрақтап қалды. Олардың басты әрі қасиетті орталықтары – Суратқа таяу жердегі Наусари еді. Сурат батыстық саудагерлер үшін маңызды аймақ болғандықтан парсылар материалдық жағынан ешқандай қиындық көрмеді, молшылықта өмір сүрді. Кейініректе сауда орталығы Бомбейге ауыстырылғанда олардың басым көпшілігі Бомбейге қоныс аударады. ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында ағылшын мәдениетінің үлгілері Бомбейде кең етек жайғанда парсылар жедел ағылшындық мәдениетті қабылдай бастады. Осылайша парсылар сауда, өндіріс пен өнеркәсіптерде маңызды роль ойнады.
Үндістанда орналасқан парсылар, Үнді кастасы секілді ұйым құрды. Олардың басым бөлігі қазір алдыңғы қатарлы саудагерлер, индустрия иелері және банкирлер еді. Сондықтан да, Үндістанға келгеннен бастап осы күнге дейін саудамен айналысқан қауымы ретінде өздерінің сенімдерін де сақтап жалғастырып келген. Шындығында мұсылмандар кейіннен Үндістанды алды, бірақ парсылар осы уақытта Иранға да, басқа жаққа да көшкен жоқ. Олар ХV ғасырда Иранда қалған жәбәрлармен байланысып, пехлеви әдебиеттерін әкеле алған. Осылайша ІІ Шапур кезеңінде ретке келтірілген Авеста, ежелгі мағлұматтармен ауқымды болды. Бірақ бұл, бұрын ХVІІІ ғасырда жыл санауға байланысты бір ағымның бөлінуіне жол ашты. Кейін ХІХ ғасырдағы қайта құру әрекеті жүзеге асты. Жаңа зерттеулер мен талқылаулар нәтижесінде монах тобының рәсімінің Авестаға сай болмағандығының белгілі болуымен осы жолды таңдаған болатын. Мұнымен қатар кейбір жорамалдар мен ежелгі салтты жақтаушылар да бар еді. Қайта құру сатылай дамыды. Жамағатта бір жағынан дүниеге бет бұру, екінші жағынан ауыспалы түсіндіру жолдарымен қорғаштаушыларды сұраққа алатын теософиялық бағыттар басым түсті.
Қазіргі парсылық қуатты монотеист мінезге ие. Орталық рәсімге сүйенетін тәңір символы от. Культтің ғибадатханалары бар. Бұл ғибадатханаларға парсы болмағандар кіргізілмейді. Күніне бес рет оттың тазалығын қорғау үшін тазалау рәсімі жасалады. Бұл рәсімдер, монахтардың бақылауымен атқарылады. Рәсімдерде Авестадан діни өлең шумақтары мен бөлімдері оқылады. Ұсыну мен құрбандарға мән береді. Өмірден өткендер, қаладан ұзақ «дакхма» деп аталатын өлілер мұнарасына (үнсіздік мұнаралары) апарып тасталады. Бұл мұнаралар лас саналады. Мұнаралар 4-5 метр биіктігінде, цилиндір пішіндес құрылымдар. Дәлізінде жалаңаш өлілер кезекпен жатқызылады. Жыртқыш құстардың, күшігеннің еттерді шоқып жеуі және күн сәулесінің сүйектерді кептіруінің нәтижесінде бұл сүйектер, мұнараның ішіне жиналады. Осылайша топырақтың ластанбағанына сенеді. Үндістандағы парсы қоғамы, бұл діни салтты жалғастырып келеді. Олар ешкім отырмаған, жын, шайтан доп ойнаған жерлерді «үнсіздік мұнарасы» деп атайды. Халық дакхамалардан қорқады. Дакхамалардың арнайы қызметшілері бар.
Парсыларда ұсыну немесе құрбандықтар бір жүйемен жүргізіледі. Бұл ұсыну және құрбан жүйесі ежелгі Иран діни салтындағы хаома немесе ұқсасы Үнді салтындағы Ведик Сомадан монахтары тарапынан алғашқы қатты сығып ұстаумен қол жеткізілген ащы өсімдіктің суы және жаңа «хаома» деп аталатын сұйықтың ұсынылуы секілді. Өмірін дұрыс сүру, моральдық-этикалық және тазалық қағидаларына мекем болу «аша» деп аталады (Ведик «рта» терминімен бір мағынада). Ахура-Мазданың Амеша Спенталары деп аталатын сипаты (немесе періштені) арасынан бірі Ардибехешт түрінде Тәңірдің космостық жаратушы жүйесін баяндайды. Аша да осы жүйемен қатысты. Моральдық-этикалық принциптерді үш бөлімде қорытындылауға болады: 1. Жақсы ой (хумата), 2. Жақсы сөз (хукхта), 3. Жақсы іс (хуваршта).
Жақсылыққа және жәрдем-көмекке аса мән берулері парсылардың оқу білімдерін арттырып, молшылыққа кенелдірді. Джаинистер секілді парсылар да өз касталық жүйесіне сай үйлену сияқты кейбір ерекшеліктерді қабылдады. Мұнымен қатар европалықтармен үйленгендер де бар. Парсылардың аз ғана бөлігі өзге дінге өтті, көпшілігі қазірге дейін дінін сақтап келеді. Қазіргі таңда олар Үндістанда бірнеше жүз мың шамасында.
1772 жылы Ангуетил ду Перрон парсы тіліндегі Авеста нұсқасын Францияға әкеліп, Европада ежелгі Иран мәдениеті, дін және әдебиетіне қатысты қайшылықтар туындатқан.
Достарыңызбен бөлісу: |