«Адамзаттың алтын бесігі – Қазығұрт» (Экскурсиялық мәтін)



бет2/3
Дата14.04.2024
өлшемі2.48 Mb.
#498648
1   2   3
Адамзаттың алтын бесігі-Қазығұрт

Кемеқалған шыңы
Бүгінде Нұх пайғамбардың ағаш пен металдан жасалған кемесінің макетін Қазығұрт тауларының бір шыңынан байқауға болады. Тас жолда көлікпен кетіп бара жатқан жолаушыға Пайғамбар кемесі алыстан «мен мұндалап» тұрады. Әсіресе түнде жарықпен көмкерілген сәттегі кеменің жұмбаққа толы көрінісі ерекше әсер қалдырады. Тау биігіндегі кемеге арнайы жасалған баспалдақ арқылы көтерілетін көпшілік, шыңдарын қар басқан Тянь-Шань тауларының ғажап көрінісіне куә болады. Дегенмен, Пайғамбар кемесіне айлақ болған тау бүгінгі "Кемеқалған" шыңынан жырақта орналасқан. Киелі таудың сыртқы пішінінде ауыз толтырып айтарлықтай, өзгешелік жоқ, тек алыстан қарағанда екі өркешті түйеге ұқсайды. Қазығұрт шынына шыққан адам алыстан Ташкент, Шымкент, Сырдария, Түркістан және Тараз сынды қалалардың сұлбасын көре алады.

Ауданның туристік сипаттамасы мен мүмкіндіктері

Қазығұрт ауданындағы туристік нысандар негізінен туризмнің тарихи-діни мінәжат ету және табиғи-экологиялық түрлеріне бейімделген. Халық арасында аты аңызға айналған тарихи маңызы бар Ысмайыл ата, Ысқақ ата, Ақбура әулие кесенелері секілді көпшілік мінәжәт ететін әулиелі жерлер көптеп кездеседі және «Кеме қалған» («Нұх пайғамбар кемесі») монументі, «Қазығұрт» сауықтыру туристік базасы, «Сайрам-Өгем» ұлттық табиғи паркі аймақтары бар. Облыстық туристік маршруттар тізіміне «Кеме қалған» монументі – Ақбура әулие кесенесі – «Ысмайыл ата» архитектуралық кешені» маршруты енгізілген.



Ақбура әулие кесенесі
Түркістан облысының Қазығұрт ауданы Атбұлақ ауылынан 6 шақырым жерде орналасқан Ақбура әулие кесенесі – жаз ауасы түсе салысымен зиярат етушілер ағылатын орындардың бірі. Бірі перзент сұрап келсе, енді бірі денсаулығына шипа тілейді. Кесене басындағы шырақшылар түрлі тылсым күшке куә болған, айтуларынша, талай жанның тілегі орындалған.
Кесене жобада бір күмбезді, төртбұрышты пішінде, қабырғалары түрлі оюлармен өрнектеліп, күйген кірпішпен өрілген. Күмбезі аспан түстес сырмен боялған. Кесененің ұзындығы – 9,8 метр. Ені – 9 метр. Биіктігі - 6 метр. Күмбезі – 3 метр.


Сурет 3. Ақбура әулие кесенесі

Ақбура әулие туралы нақты дерек жоқ. Ата-бабаларымыз айтып кеткен аңыз бойынша, ол Қ.Ясауидің замандасы әрі шәкірті болған. Оның әкесі, атасы, бабасы дін жолын ұстанған. Емшілік қасиеті болған деседі. Бұл қасиет Ақбура бабаға да дарып, ел ішінде зікір салушы атанған. Ақбураның шын аты Ақтамберді болған делінеді аңыздарда. Ақбура есімін Қ.Ясауи берген екен. Астына ақ түйе мініп алып ерекше күшке ие болған Ақбура қазақ жерінде ислам дінін таратушылардың бірі болыпты. Ол памдат намазының екі бас сүннетін Қазығұрттағы бұлақ басында оқыса, қалғанын Йассыдағы мешітте оқитын болыпты. Түйесіне мініп, тылсым күштің арқасында әп-сәтте Түркістанға жетіп баратын оның аузына үйілген ақ көбік иығына дейін төгіліп жүретін көрінеді. Міне, осыдан кейін оған Ақбура атанып кеткен.


Жаз мезгілінде келушілер ұзын-сонар кезекке тұрады. Әулие кесененің Шырақшы Төребек Айтбаевтың айтуынша, мұнда жаз мезгілінде зиярат етушілер саны еселей түседі. Тіпті кесене алдында көлік қоятын орын болмай, келушілер ұзын-сонар кезекке тұрып жатады екен. Ақбура әулие кесенесіне тек облыс халқы емес, еліміздің түкпір-түкпірінен келіп зиярат етеді. Тіпті Қырғызстан, Өзбекстан, Ресейден, керек десеңіз сонау Германия, Австрия, Түркия елдерінен келетіндер бар. Әрине, олар тек осы кесенеге емес, өңіріміздегі өзге де киелі орындарды аралайды.

Ысмайыл Ата сәулет кешені
Кешен Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылында орналасқан. Архитектуралық кешенді ескерткіштер Ысмайыл ата кесенесі, Жебірейіл ата кесенесі, Қошқар ата, Ысқақ ата кесенесі секілді бірнеше кесенелерден және ортағасырлық мешіттен, сопы дәруіштердің шілдеханасынан, қақпадан тұрады. Соның ішіндегі ең ірісі – «Ысмайыл ата» архитектуралық сәулет кешені. Кесене бір күмбезді кірпіштен салынған, күмбез үстінде жаңғақ ағашынан салынған істелген діңгек орналасқан. Күмбездің жалпы көлемі 10х12м., ішінен биіктігі 6м.


Сурет 4. Ысмайыл Ата сәулет кешені

Ысмайыл ата Х-ХІ ғасырларда өмір сүрген сопылық исламды насихаттаған әулие кісі болған екен. Ысмайыл ата Ахмет Ясауидің немере інісі болып келеді. Кесененің алғашқы салынған мерзімі ХІ ғасырға жатады. ХІV-ХV ғасырлардағы Тимуридтер династиясының заманында кесене қайта тұрғызылып, архитектуралық кешенге айналған.


Архитектуралық кешенге 2003 жылы реставрациялық жұмыстар жүргізілді. Ысмайыл ата сәулет кешенінің жанында оның ұлы Ысқақ ата кесенесі бар. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, осы архитектуралық кешендегі белгісіз кесененің біреуі ХV ғасырда өмір сүрген, өзбек жазба әдебиетінің негізін салушы Науаидың ұстазы, сопылық ағымның ақыны – Мәулана Шейхзада Атаиге арнап салынған екен. Архитектуралық кешен 1976 жылы мемлекеттің қамқорлығына алынып, тарихи-мәдени ескерткіштер тізіліміне енгізілген. Көнеден жеткен деректер бойынша Ысмайыл атаның басына орнатылған кесенені Әмір Темір салдырған деседі. Оның қасында Жәбірейілдің кесенесі бар. [9]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет