Эубактериялар (грациликуттар, фирмикуттар)
1-топ. Спирохеталар. Бұл секция өкілдері жіңішке иілгіш спираль тәрізді, бір клеткалы, өзіндік қозғалғыштың және морфологиялық қасиеттері бар. Клетканың ұзындығы 5 – 250мкм. Жуандығы 0,3 – 1,5мкм.
Оларға Spirochaeta zoelzerii, S.thermophila, S.saldaria, S.aurantia, S.alkalica, S.africana табылады. Treponema pallidum Borrelia recurrentis (лайма ауруын қоздырушы), Leptospira ( сары безгек ауруын қоздырғышы) туыстарына жатады.
2-топ. Аэробты/микроаэробты спираль тәрізді немесе иілген (вибрион) грам-теріс қозғалғыш бактериялар. Бұл топқа кіретін бактериялардың клеткалары спиральді қатты қабықшамен оралған. Шоқтасып немесе бір полярлы орналасқан талшықтары арқылы қозғалады. Spirillum, Bdellovibrio bacteriovorus, Vampirovibrio туысына жатады.
3-топ. Қозғалмайтын грам-теріс иілген бактериялар.Облигатты аэробтар. Клетка пішіні ерекше: сақина, доға, ширатпа доға, S- тәрізді. Кейбір өкілдеріне газды везикуланың түзілуі тән. Клеткалары қозғалмайды. Хемогетеротрофтар. Топырақта, тұщы суда, теңіз суында таралады. Brachyarcus және Pelosigma туыстарына жататын бактериялар таза түрінде алынбаған. Өкілдері: Ancyclobacter, Brachiarcus, Renobacter, Tetrarcus, т.б. Бұл топқа жататын бактерияларды «микроциклустар» деп атайды.
4-топ. Грам-теріс аэробты таяқшалар мен коктар. Саны жағынан көп, әрі морфологиялық және физиологиялық жағынан гетерогенді топ. Басым көпшілігі энергияны тыныс алу арқылы алады, кейбіреулерінің анаэробты тыныс алуға қабілеті бар. Бактериялардың бірнеше туыстары молекулалы азотты сіңіреді. Бұл топқа Pseudomonadaceae, Azotobacteriaceae. Azotobacter, Rhizobiaceae, Agrobacterium, Methilococcaceae, Neisseriaceae тұқымдасына жатады.
5-топ. Факультативті анаэробты грам-теріс таяқшалар. Табиғатта кең таралған. Негізінен, олар топырақта, ащы және тұщы суларда таралған, өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын ыдыратады. Адамның, жануарлардың, құстардың, балықтардың ішектерінде мекендейді. Бұл топқа 3 тұқымдас бірігеді: Enterobacteriaceae, Vibrionaceae, Pasteurellaceae. Escheriachia coli - ішек таяқшасы, Salmonella, Shigella туысына жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |