11- топ. Оксигенді фототүзуші бактериялар. Бұл топқа цианды бактериялар мен прохлорофиттер жатады. Циандыбактериялар клетка құрылысы жағынан прокариотты, бірақ оксигенді фотосинтезді жүргізеді.
12-топ. Аэробты хемолитотрофты бактериялар және оларға жақын организмдер. Бұл топқа жататын организмдер электрон доноры ретінде бейорганикалық заттарды пайдаланады, тотықсызданған азот, күкірт, темір, марганец қосылыстарын қолданады. Оларға - түссіз, күкіртті тотықты-ратын, темір марганец тотықтыратын және нитрификациялаушы бактериялар.
13-топ. Бүршіктенетін және/немесе өсінділері бар бактериялар. Бұл топқа топтасатын бактериялар клетка цитоплазмасымен байланыспайтын шырыштан тұратын сабақшалар немесе жіпшелі өсінділер түзеді. Қарапайым ұйымдасқан өкілдері таяқша, кокк пішінді, өсінділері жоқ, тек бүршіктену арқылы көбейеді. Оларға - простекабактериялар, Planctomycetales,
14- топ. Жабындылары бар бактериялар. Жіпшелі бактериялар, жабынды не қапталған. Аэробтар, хемоорганогетеротрофтар. Олар көлдерде, өзендерде, суды тазалау жүйелерінде таралған - Leptothrix туысы
15-топ. Фотосинтезге қабілетсіз, жеміс денелерін түзбейтін, сырғанайтын бактериялар. Оларға тән қасиеттер: талшықсыз сырғанау арқылы қатты субстрат бетімен қозғалады. Оларға таяқша тәрізді және жіпшелі, күкірт тотықтырушы сырғанайтын бактериялар, пелонемалар.
16-топ. Сырғанайтын жеміс денелерін түзетін бактериялар: миксобактериялар. Таяқша тәрізді грам-теріс жұқа клетка қабықшасы бар бактериялар. Оларға Proteobacteria бұтағына жатқызылған, 12 туыс және 34 түр топтасқан.
17-топ. Грам-оң коктар. Бұл топқа 24 туыс жатады, олар өзара фенотиптік белгілері бойынша ерекшеленеді. Барлығы да грам-оң, қозғалмайды, клеткалары сфералы болғандықтан, ыңғайлық үшін оларды бір топқа біріктірген. Эндоспораны тек бір туыс Sporosarcina түзеді. Micrococcaceae тұқымдасы, Staphpylococcus, Planoococcus, Lactococcus, Leuconostos және Ruminococcus туысы.
Достарыңызбен бөлісу: |