Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен


Өзгергіштіктің екі түрі бар



бет60/80
Дата31.01.2023
өлшемі0.7 Mb.
#468958
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   80
Àäèëáåêîâà Ã. Î. «Ìèêðîáèîëîãèÿ æ?íå âèðóñîëîãèÿ» ï?í³íåí

Өзгергіштіктің екі түрі бар:
1) фенотиптік немесе тұқым қуаламайтын өзгергіштік, бұған модифи-кациялық өзгергіштік жатады;
2) генотиптік немесе тұқым қуалайтын өзгергіштік; бұған мутациялық және комбинативтік өзгергіштіктер жатады.
Фенотиптік өзгергіштік - микроорганизмдер жасушасы морфологиясы-ның өзгерісі, өсу факторларына қажеттіліктердің пайда болуы (ауксотрофты-лық), антибиотиктерге төзімділік қасиеттерінің пайда болуы, температураға төзімділігінің өзгеруі, вируленттіліктің төмендеуі. Фенотиптік өзгергіштікке адаптация және модификация жатады.
Лаборатория жағдайында таза микроорганизмдер топтарының өзгер-гіштігі байқалады. Оны бактериялар диссоциациясы деп атайды. Көптеген зерттеулерге қарағанда диссоциация - бактериялардың әртүрлі қолайсыз орта жағдайларына қайтаратын жауабы деп түсіндіріледі. Бұндай жағдайларға орта қышқылдығы, температура, радиациялық әсерлер, мутагендік заттар әсері және т. б. жатады. Мәселен, аэробты микроорганизмдерді қолбаға құйылған ет-пептонды сорпада өсіргенде, оның бет жағындағы бактериялар аса қолайлы жағдайда болса, ал түбіндегі бактерияларға жағдай қолайсыз. Бір топтағы бактериялардағы әртүрлі морфологиялық және биологиялық қасиеттердің болуы да міне осы жағдайларға байланысты болады.
Әдетте микроорганизмдер тіршілігі барысында өне бойы бір жағдайда бола бермейді, олар жаңа, өзгерген жағдайға да ұшырауы мүмкін. Мұнда оларда жаңа қасиет пайда болады да, ол тұқым қуалап, бекиді. Оны адаптация деп атайды. Мұндай жаңа жағдай микроорганизмдер үшін қажетті жағдайға айналады. Онсыз олар тіршілік ете алмайды. Адаптация көмегімен өндіріске қажетті микробтарды сұрыптап алады. Осындай жолмен қантты жақсы ашытатын ашытқы саңырауқұлақтар спиртке төзімді, спиртті көп түзетін ашытқы саңырауқұлақтар, сірке қышқылын көптеп түзетін сірке қышқылы бактериялары таңдап алынып отыр.
Модификация – қоршаған орта әсерлерінен микроорганизмдердің өзгеріске ұшырауы. Бұл жағдайда микроб жасушаларының тек сыртқы көлемі мен пішінінің өзгеруі байқалады. Мысалы, кальций хлориді қосылған қоректік ортада өскен ішек таяқшалары едәуір қысқарады, ал егер микробтарды аталмыш тұздан таза ортаға ауыстырса, олар өздерінің бастапқы пішінін қайта қалыптастырады.
Модификация микроорганизмдердің қалыпты тіршілік етуі кезінде байқалатын, сыртқы орта тітіркендіргіштерінің әсерінен пайда болатын реакция. Бұл жағдайда организмнің физиологиялық процестерінің бұзылуы байқалмайды. Микроорганизмдерге ұзақ уақыт бойы және күшті әсер ету барысында жасушалардың аса қатты өзгерістерге ұшырауы (таяқша тәрізділердің дөңгелек пішінді қалыптастыруы, тіптен сүзгілерден өтіп кетуі) мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет