Адырбекова г. М. Органикалық химияның теориялық негіздері


Жұмыс. Органикалық қосылыстарды физикалық константалары



бет16/16
Дата24.04.2024
өлшемі322.5 Kb.
#499694
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
ОХТН зертханалық

15.Жұмыс. Органикалық қосылыстарды физикалық константалары
Балқу температурасын анықтау. Балқу температурасы-заттың тазалығын анықтайтын көрсеткіштердің бірі. Заттың балқу температурасы деп заттың қатты күйімен балқыған күйінің тепе-теңдігі. Таза заттың балқу температурасының интервалы өте аз. Егер зат болмаса, оның балқу температурасы өзінің меншікті температурасынан төмен болады. Бұл қасиет балқу температуралары жақын екі затты тазарту үшін пайдаланылады.Ол үшін екі заттың бірдей мөлшерін жақсалап араластырып, араласқан пробаның балқу температурасын анықтайды. Егер балқу температурасы өзгермесе,онда алынған екі заттың бірдей болғаны. Ал балқу температурасы өз темпертурасынан т-мен болса, онда екі зат бірдей емес, екі түрлі заттың қосындысы болғаны.Балқу температурасын диаметрі 1мм, ұзындығы 40-50мм шыны түтікте анықтайды.Шыны түтіктің бір басын балқытып тұйықтайды.Тазартылған затты майда уақтап,шыны түтіктің ашық жағын кристалға түсіріп, жай-жай қағып, түтіктің ішін кристалға толтырады. Балқу температурасын анықтайтын әртүрлі приборлар бар.Солардың бірі ұзын мойынды дөнгелек түпті колбадан тұрады. Колбаның міндеті-жылыту, жылытқыш ретінде глицерин немесе күкірт қышқылы құйылады. Себебі олардың қайнау температурасы жоғары. Колбаның мойнына пробка арқылы термометр қондырылған ұзын пробирка қойылады. Кристалл толтырылған шыны түтікті термометрдің сынап бағанасына орнатады. Термометр пробирканың, пробирка колбаның қабырғасына немесе түбіне тимеуі керек. Приборды жинап болған соң қыздырады да температураның өзгеруін бақылайды. Кристалдың балқып бірінші болғандағы термометрдің көрсеткіші балқу температурасы болып есептелінеді. Зат таза болған сайын меншікті температурадан айырмашылығы аз,шамамен 0,5-1градус болады, егер зат таза болмаса, айырмашылығы үлкен.
Заттың қайнау температурасын анықтау. Балқу температурасын анықтайтын приборда қайнау температурасын анықтауға болады. Бір басы тұйықталған диаметрі 3-4мм ұзындығы 4-5см шыны түтікке 0,2-0,3мл сұйықтықты құйып, оның ішіне бір басы тұйықталған диаметірі 0,2-0,5мм ұзындығы 7-10см шыны түтікті ашық басын төмен қаратып салады. Шыны түтікті ішіндегі сұйықтығымен термометрдің сынап бағанасына орнатады да қыздырады. Шыны түтіктегі сұйықтықтан тез-тез көпіршіктер бөліне бастағаны заттың қайнағаны болып есептелінеді,осы температураны қайнау температурасы деп есептейді. Көпіршік тез-тез бөлінгенде қыздыруды тоқтатқанда көпіршіктің бөлінуі тоқтаса осы уақыттағы термометрдің көрсеткішін заттың нақты қайнау температурасы деп есептейді. Қайнау температурасын анықтағанда баяау қыздырған жөн,қатты қыздыру шыны түтіктегі сұйықтықты қайнау температурасына қайнатып, буға айналдырып жіберуі мүмкін.
Сұрақтар
1.Балқу,қайнау температурасы дегеніміз не
2.Балқу температурасын анықтау үшін түтікті кристалмен қалай толтырамыз
3.Приборды қалай қыздырады,қандай ерекшеліктері бар
4.Араласқан проба деген не
5.Балқу температурасына сүйене отырып таза затты таза еместен қалай ажырата аламыз
6.Қайнау температурасын қалай анықтайды

Оқулықтар:



  1. С.Мұсабеков. Органикалық химия практикумы. – Алматы, «Мектеп» 1981

  2. Аверина А.Я. Лабораторный практикум по органической химии. М., «Высшая школа» 1975 г.

  3. Аграномов А.Е. и др. Лабораторные работы органической практикуме. М., «Химия» 1974 г.

  4. Некрасов В.В. Рукаводство к малому практикуму по органической химии. Изд. «Химия» 1975 г.

  5. Петров А.А. и др. Органическая химия. М., «Высшая школа» 1965 г.іне салыңдар. алыңдар.рітіндінің айырмашылығын сіне - сұйылтылған ілерін қосыңдар: біріншісіне - конц.

Л.А.Журхабаева, Г.М.Адырбекова

«Органикалық химияның теориялық негіздері» пәнінен зертханалық жұмыстарды


орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Баспаға жіберілді қүңі. айы.жылы.


Қағаздың форматы XxY 1/16
Типографиялық қағаз. Офсеттік баспа. Көлемі …б.б.
Тираж ….дана. Тапсырыс № …*
© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Казахстан университетінің баспасы, 2020 ж

М.Әуезов атындағы ОКУ баспа орталығы, Шымкент қ., Тауке-хан даң.,5






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет