Адырбекова г. М. Органикалық химияның теориялық негіздері



бет10/16
Дата24.04.2024
өлшемі322.5 Kb.
#499694
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
ОХТН зертханалық

8.Жұмыс. Карбон қышқылдар
Реактивтер: хлороформ, 10 % натрий гидроксиді, күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісі, натрий ацетаты, концентрациялы күкірт және тұз қышқылы, калий дихроматы, этил спирті, 10 проценттік сода ерітіндісі.
Құмырсқа қышқылын алу. Пробиркаға хлороформнан 5-6 тамшы және 10 проценттік натрий гидроксидінен 2-3 мл құяды. Қоспаны хлороформның гидролизденуі нәтижесінде құмырсқа қышқылы түзіледі. Реакция теңдеуін жазыңдар. Гидролиздену нәтижесінде түзілген заттың қышқыл екенін индикатор арқылы, құмырсқа қышқылы екеніне көз жеткізу үшін оңай тотыққан қасиетін пайдалану керек. Ол үшін аммиактағы күміс оксідінің ерітіндісінен гидролиздену нәтижесінде түзілген затқа 3-4 тамшы тамызып, су жылытқышта аздап қыздырады, пробирканың қабырғасына таза күміс жарқырап қонады немесе қара түсті тұнба түзеді. Реакция теңдеуін жазыңдар. Пайда болған көмір қышқылы ерітіндідегі сілтінің артық мөлшерімен нейтралданып, тұзға кетеді.
Сірке қышқылын, оның тұздарынан алу. Колбаға 3-4г құрғатылған натрий ацетатын салып, оның үстіне 3-4 мл концентрациялы күкірт қышқылын құйып, аузын газ жүретін түтігі бар тығынмен тығындайды. Газ жүретін түтіктің екінші ұшын қар салынған стақанға батырылған пробиркаға енгізеді. Қоспада реакция бірден жүре бастайды. Қоспаны қайнатпай, баяу қыздырып, сірке қышқылын газ жүретін түтік арқылы пробиркаға кристалдары пайда болады.
Этил спирті тотықтыру арқылы сірке қышқылын алу. Колбаға хром тұзының қоспасынан (майдаланған дихромат калий тұзына концентрациялы күкірт қышқылын қосып (1:1), алдын-ала даярлайды) 6-8 мл құйып, оның үстіне сұйылтылған (1:4) этил спиртінен 5-6 мл қосып, аузын газ жүретін түтігі бар тығынмен бекітіп, түтіктің 2 – ұшын қары не мұзы бар стақандағы пробиркаға енгізеді. Қоспаны баяу қыздырады. Пробиркаға жиналған сірке қышқылы таза болмай, құрамында альдегид және эфир болуы мүмкін. Ондағы түзілген қышқылды иісі арқылы байқауға болады. Дизромат калий күкірт қышқылымен әрекеттескенде атом аралық оттегі, ол спиртті альдегидке дейін, альдегидтті қышқылға дейін тотықтырады. Кейде қышқыл иісінен альдегид иісі басым болуы мүмкін. Ондай жағдайда ерітіндідегі қышқылды содамен нейтралдап, ерітіндіні қыздырғанда альдегид буланып кетеді. Қалған қоспаға тұз қышқылын қосып аздап қыздырса, сірке қышқылының иісі анық білінеді. Реакция теңдеуін жазыңдар.
Карбон қышқылдарының орын басу реакциясына қатысуы. Реактивтер: металл натрий, сірке қышқылы, құмырсқа қышқылы, 10 проценттік гидроксиді, магний оксиді, сақар ( К2СО3).
Металдармен әрекеттесуі. Пробиркаға сірке қышқылынан 2-3 мл құйып, оған натрий металынан бидайдан екі түйір салып, аузын сүйірленген газ жүретін түтігі бар тығынмен бекітеді. Реакция активті жүреді де, газ бөліне бастайды. Оны газ жүретін түтіктің ұшында жағып көруге болады. Реакция теңдеуін жазыңдар.
Тотықтармен әрекеттесуі. Пробиркаға 2-3 мл сірке қышқылын құйып, оның үстіне 0,2г магний оксидін қосып, қыздырғанда, сірке қышқыл магний тұзы түзіледі. Реакция теңдеуін жазыңдар.
Негіздермен әрекеттесуі. Пробиркаға 2-3 мл фенолфталейнмен боялған сұйылтылған натрий гидроксидін құыйп, оған ерітінді түссізденгенше сірке қышқылын қосқанда, ерітінді тұз түзіледі. Оны ерітіндінің түсінің өзгеруінен байқймыз. Реакция теңдеуін жазыңдар.
Тұздармен әрекеттесуі. Бұған әлсіз қышқылдың тұздары қолданылады. 2-3 мл сірке қышқылы ерітіндісі құйылған пробиркаға 1г сақар салып, аузын ізбес суына батырылған газ жүретін түтігі бар тығынмен бекітеді. Қоспадан шыққан газ ізбес суын лайландырады. Осыған қарап реакция кезінде көмір қышқыл газы бөлінгенін, ерітіндіде сірке қышқылының тұзы қалғанын көруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет