Адырбекова г. М. Органикалық химияның теориялық негіздері



бет13/16
Дата24.04.2024
өлшемі322.5 Kb.
#499694
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
ОХТН зертханалық

12.Жұмыс. Аминқышқылдары.
Ксантопротеин реакциясы. а) 2 мл белок ерітіндісіне 1 мл концентрациялы азот қышқылын қосады. Белок ұйиды, түсі біртіндеп сарғыш түске айналады. Аздап қыздырса, түсі сарғая түседі. Егер осыған аммиак ерітіндісін тамызса, үйыған белок еріп, түсі қызғылт сары ерітіндіге айналады.
ә) 3-4 мл азот қышқылы бар пробиркаға ақ мақта және жүн салады. Жүннің түсі сарғаяды да, мақта өзгермейді. Оларды сумен жуғанда, жүннің түсі сарғыш күйінде қалады. Осы сияқты, жібек пен табиғи жібекті тұз қышқылына салғанда табиғи жібекте ксантопротейн реакциясы жүреді де, ал жасанды жібекте белоктық зат болмағандықтан, өзгермей қалады.
б) қаймағы алынған сүтке аздап азот қышқылын тамызғанда белок ұйи бастайды, яғни ксантопротейн реакциясы жүреді.
Биурет реакциясы. 2-3 мл белок ерітіндісіне 2-3 мл натрий гидроксиді ерітіндісін және бірнеше тамшы мыс (II) сульфатының әлсіз ерітіндісін тамызады. Қоспа ашық күлгін түске боялады. Бұл реакция белоктары пептидті топшаны ( -СО -NН -) анықтау үшін жүргізіледі.
Миллон реакциясы. 1 мл белок ерітіндісіне миллон реактивінен аздап (азотты сынап реактиві) қосса, ақ түсті, қыздырса — қызыл-күрең, кей жағдайда қызғылт түсті тұнба түзіледі. Миллон реактиві құрамында фенол топтары бар (желатиннен басқа) белокты органикалық қосылыстарға реактив болады.
Адамкеевич реакциясы. Пробиркаға 2 мл белок ерітіндісін, 1 мл сірке қышқылын және 1 мл глиоксал қышқыл тұзы ерітіндісін қосып шайқап, оған пробирка қабырғасы арқылы сыздықтата 2 мл концентрациялы күкірт қышқылын қосыңдар. Қышқыл мен қоспа аралығында қызыл түс, кейде қою қабатты түрлі-түсті сақиналар байқалады. Егер сақина көпке дейін байқалмаса, пробирканы сәл қозғап, оны спирт шамы жалынында баяу жылжыту керек.
Нингидрин реакциясы. Бұл реакция ά-амин қышқылы бар белоктарға тән. Бір пробиркаға белок ерітіндісінен 2 мл құйып, оның үстіне нингидрин ерітіндісінен 5-6 тамшы тамыза отырып, қоспаны біраз уақыт қыздырса, қоспа қызғылт, одан соң күлкін түске боялады.
Белок құрамындағы азотты анықтау. Шала піскен жұмыртқаның белогын пробиркаға құйып, оған аздап ұнтақталған натронды ізбес салып араластырып, қоспаны қыздырады. Сілті белоктан азотты аммиак күйінде ығыстырып шығарады. Бөлініп жатқан аммиакты иісінен, лакмус қағазы көмегімен немесе концентрациялы тұз қышқылына батырылған таяқшаның көмегімен анықтауға болады.
Белоктағы күкіртті анықтау. Пробиркаға шала піскен жұмыртқаның 2 мл белогын құйып, оған концентра­циялы натрий гидроксиді ерітіндісінен 4—5 мл қосып, қатты қыздырғанда да аммиак иісі сезіледі. Сонымен бірге сілті ішінде белок толық ериді. Белок құрамындағы күкірт натрий сульфиді күйінде немесе басқа еритін тұздар күйінде ерітіндіге өтеді. Ерітіндіден аздап бөліп алып, оған 1 мл қорғасын ацетатының ерітіндісін қосқанда, алдымен қорғасынның (II) гидроксидінің ақ тұнбасын түзеді. Содан кейін барып құрамындағы күкірт мөлшеріне қарай қоңыр, қара қоңыр немесе қара түсті қорғасын сульфиді тұнбасы түзіледі. Ол РЬ+2 анионына тән қасиет:






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет