Адырбекова г. М. Органикалық химияның теориялық негіздері



бет12/16
Дата24.04.2024
өлшемі322.5 Kb.
#499694
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
ОХТН зертханалық

Дисахаридтердің тотығуы. Үш пробиркаға I мл проценттік сахарозаның, мальтозаның және лактозаның ерітінділерінен құйып, әрқайсысына 1 мл фелинг сұйықтығынан тамызып, үшеуін де қайнағанға дейін қыздырады. Сахароза бар пробиркада мыс тотықсызданбайды, ал қалған екеуінде де қызыл түсті мыс (1) оксиді тұнбаға түседі. Сахароза, мальтоза және лактозаның, структуралық формуласын жазып, дисахаридтердің Сu(ОН)2 әрекеттесу ерекшелігін түсіндіріңдер. Мальтоза мен лактозаның тотығу реакциясының теңдеуін жазыңдар.
Дисахаридтерге Селиванов реактивінің әсері. Үш пробиркаға Селиванов реактивінен (моносахаридтердегі тәжірибені қара) 1 мл құйып, бірінші пробиркаға 1 мл сахароза, екіншіге лактоза, үшіншіге — мальтоза ерітінділерінен қосады да су жылытқышта қыздырады. Сол кезде бірінші пробиркадағы сахароза Селиванов реактиві әсерінен қызыл түске боялады. Алынған мәліметтерге сүйене отырып, дисахаридтің кайсысында фрукто­за барын анықтап, олардың қасиеттері туралы қорытынды жасайды.
Дисахаридтердің гидролизденуі. Пробиркаға 3-4 мл сахароза ерітіндісін құйып, оған 1 мл сұйылтылған күкірт қышқылын қосып, су жылытқышта 1-2 мин қыздырады. Қоспаны екіге бөліп, бір бөлігін салқындатып, құрғақ натрий гидрокарбонаты мен көмір қышқыл газы шығуы тоқталғанға дейін нейтралдайды. Алынған ерітіндіге 1-2 мл фелинг сұйықтығын қосып, қыздырады. Мыс (I) оксидінің тұнбасы пайда болады. Ол моносахаридтердің (глюкоза, фруктоза) түзілгендігін көрсетеді, себебі сахароза Сu(ОН)2 тотықсыздандырмайды. Қоспаның екінші бөліміне Селиванов реакциясын жасап, гидролизаттағы фруктозаны дәлелдеуге болады. Реакция нәтижесінде қызыл түс пайда болады:

Глюкоза Фруктоза
Бұларға тән сапалық реакциялардың теңдеуі моносахаридтерде көрсетілген.
К альций сахаратының түзілуі Пробиркаға 10 мл 20 проценттік сахароза ерітіндісін құйып, оның үстіне 5 мл жаңа даярланған ізбес сүтін қосып, таяқшамен араластарғанда ізбес сүті сахарозада ериді. Қоспаны сүзгенде, ерітіндіде кальций сахараты түзіледі. Ол суық суда ерімтал, ал қыздырғанда кристалданып, үш кальций сахарат тұнбаға түседі.
Қызылша концентратынан қант алу және оны тазарту сахарозаның ерімтал кальций сахараттарын түзуіне негізделген.
Дисахаридтердің сілті әсерінен өзгеруі. Бір пробиркаға 4-5 мл сахароза, екінші пробиркаға лактоза ерітіндісін құйып, оның үстіне сондай мөлшерде 40 проценттік натрий гидроксидін қосып, қыздырады. Екінші пробиркада ерітінді қоңыр тартады, яғни лактоза сілті әсерінен ыдырап, бірнеше жаңа заттар түзеді. Сахарозада құрамында жартылай ацетальды гидроксид болмағандықтан, ешқандай өзгеріс байқалмайды.
Крахмалдың иодпен әрекеттесуі. Крахмал клейстерінен 2-3 мл пробиркаға құйып, оның үстіне бірнеше тамшы иод ерітіндісін тамызса, крахмал көгереді. Қоспаны аздап қыздырса, көк түс жойылады да салқындатқанда қайтадан көк түс пайда болады. Оның себебі иод крахмалмен тұрақты қосылыс түзбейді, тек крахмал иодты адсорбциялайды және иодпен тұрақсыз комплексті қосылыс түзеді.
Крахмалдың қышқыл әсерінен гидролизденуі. Крахмал клейстерінен 5-8 мл алып, сумен үш есе қосып, сұйылтады да оған 1-2 мл күкірт қышқылын құйып, спирт шамымен қыздырады. 4-5 минуттан кейін қоспадан 1-2 мл бөліп алып, суытады да оған иод ерітіндісін тамызады. Бұл әдісті әрбір минут сайын қайталаса, сынауға алынған қоспаның түсі көк түстен күлгін түске дейін біртіндеп өзгере береді де, ең соңында иод әсері байқалмайды. Иод түсінің өзгермейтін себебі-крахмал біртіндеп гидролизденіп, реакция соңында глюкозаға айналады.
Крахмалдан глюкозаға айналғанға дейінгі иод әсерінен күлгін түске айналатын аралық зат амилодекстрин, ал қызыл түс беретін зат — әритродекстриндер деп аталады. Ең соңында декстриндер глюкозаға ыдырайды. Тағы да 8-4 мин қыздырып, пайда болған қоспаны сілтімен нейтралдайды. Нейтралданған ерітіндіден не пайда болғанын білу үшін екі пробиркаға аздап құйып, біреуіне фелинг сұйықтығын, екіншісіне күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісін қосып, су жылытқышта қыздырады. Сол кезде біреуінен қызыл түсті мыс (I) оксидінің тұнбасы, екіншісінен күміс айна немесе күмістің қара тұнбасы түзіледі:



Крахмал декстриндер мальтоза глюкоза


Ферменттер әсерінен гидролизденуі. Пробиркаға 2-3 мл крахмал клейстерін құйып, оған 1-2 мл сілекей ерітіндісін (сілекей ерітіндісін алу үшін ауызды 20-25 мл дистильденген сумен 1 мин шайып, алынған ерітіндіні қатпарлы сүзгі қағазға сүзеді) қосып араластырады да 35-40°-та 3-4 мин су жылытқышта ұстайды. Қоспаға фелинг сұйықтығын қосып қыздырса, мыс (I) оксиді тұнбаға түседі. Жеке сілекей ерітіндісінде фелинг сұйықтығындағы мыс тотықсызданбайды. Сілекейде птиалин (амилаза) ферменті болады. Ол 35-40°С-де крахмалды мальтозаға дейін гидролиздейді. Пайда болған мальтозадағы қозғалғыш жартылай ацетальды гидроксил фелинг сұйықтығын тотықсыздандырады.
Клетчатканың еруі. Клетчатка мыстың тетра-амино гидроксидінде [Сu(NН3)4] (ОH)2 өте жақсы ериді. Швей­цaр реактиві деп аталатын бұл қосылыс жаңа даярланған мыс (II) гидроксидін 25 проценттік аммиак ерітіндісінде еріту арқылы даярланады.
Пробиркадағы 4-6 мл Швейцер реактивінде таза мақтаны шыны таяқшамен толық ерігенше араластырғанда, қоймалжың ерітінді түзіледі. 1-2 мл қоймалжың ерітіндіге 5 мл су қосып, ішінде 10-15 мл сұйылтылған тұз қышқылы бар стақанға құяды. Ерітінді түссізденіп, түсті клетчатка талшықтары қайта бөлінеді.
Клетчатканың қышқыл әсерінен гидролизденуі. Пробиркадағы 4-5 мл концентрациялы күкірт қышқылына сүзгі қағаздың кішкене бөлігін салып, шыны таяқшамен қағаз толық ерігенше араластырады. Алынған ерітіндінің жартысын 10-12 мл суы бар пробиркаға құяды. Нәтижесінде суда ерімейтін гидролизденбеген клетчатканың жартылай түзілген өнімдері бөлініп шығады. Қалған қоспаны су жылытқышта, қоңыр түске айналғанша қыздырып, суытып, оған 4-5 есе су қосады. Ерітіндіде ірімтіктелген зат байқалмайды. Қоспаны 10 проценттік сілті ерітіндісімен нейтралдап, фелииг реактивін қосып, моносахаридтердің түзілгендігін анықтайды. Клетчатканың гидролиздену реакциясы:

Ацетилцеллюлозаны алу. Колбаға 0,5 г таза мақта, 5-6 мл мұзды сірке қышқылын және 5-6 мл сірке ангидридін қосып, оның үстіне катализатор ретінде 0,3-0,5 мл концентрациялы күкірт қышқылын қосады. Қоспаны су жылытқышта мақта ерігенше қыздырады. Қыздырғаннан кейін қоспаны 100 г суық суы бар колбаға құйғанда, ыдыстың түбінде ацетилцеллюлоза тұнбасы пайда болады. Ерітіндіні сүзеді де, алынған ацетилцеллюлозаны сүзгі қағаз көмегімен суынан айырып, фарфор тостағаншаға салып, су жылытқышта немесе кептіргіш шкафта кептіреді. Ацетилцеллюлоза — тез уатылып, ұнтаққа айналатын аморфты зат.
Алынған ацетилцеллюлозаны екі пробиркаға бөліп, біреуіне ацетон, екіншісіне хлороформ қосып, бірнеше минут қыздырады. Пайда болған қоспалардан зат шынысына тамызып, ауаға біраз қойып қояды. Содан кейін зат шынысында пайда болған қабыршақты ақырын пинцетпен алып, сүзгі қағазда кептіріп, жалынға ұстау керек. Нитроклетчаткамен салыстарғанда ацетилцеллю­лоза өте нашар жанады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет