ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ КӨП ҚҰРАМДЫ ТҮРЛЕРІ
Көп құрамды салалас құрмалас сөйлем – құрамында кемінде 3 жай сөйлем болатын және олардың баяндауыштары тиянақты болатын салалас түрі.
Сызбасы: басыңқы, басыңқы, басыңқы.
Мысалы: Ол келді де, есікті ашып қарап еді, бәрі тегіс келіп болыпты.
Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем – құрамында бірнеше бағыныңқы сөйлемі бар сабақтас түрі.
Сызбасы: бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы.
Мысалы: Қысқы үкідей аппақ болып, ұзақ күндер ұзақ жортып, Омбы қаласына бүгін іңір қараңғысында келіп кірді.
Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің (к.б.с.қ) 2 түрі бар:
1) Жарыспалы к.б.с.қ – бағыныңқы сөйлемдері басыңқысымен тікелей байланысатын сабақтас түрі.
Сызбасы: бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы
Мысалы: Тау басына бүркітін алып Тұрғанбай жеткенше, Баймағамбет қорым тасты қағуға кіріспей, Қарашолақтың тамағасы тартылғанын тосып тұр екен.
Бірыңғай жарыспалы к.б.с.қ – бағыныңқылары бірдей сөйлем. (шартты бағ. , шартты бағ. , басыңқы.)
Әр алуан жарыспалы к.б.с.қ – бағыныңқылары әр түрлі сөйлем. . (шартты бағ. , қимыл-сын бағ. , басыңқы.)
2) Сатылы к.б.с.қ – бағыныңқы сөйлемдері басыңқысымен тікелей байланыспайтын сабақтас түрі.
Сызбасы: бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы
Мысалы: Егер бұл тулап, бойды үркітіп жүргенде, Ұлжан көріп қойса, жаман болады.
Көп басыңқылы сабақтас құрмалас сөйлем – құрамында бір бағыныңқы және бірнеше басыңқы сөйлемі бар сабақтас түрі. Бағыныңқы сөйлемі әрбір басыңқы сөйлемімен тікелей байланысады.
Сызбасы: бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.
Мысалы: Қыс түскенше, ағаштарды жарып тастадық, қораның төбесін де жауып үлгердік.
Ескерту: Кемінде үш сөйлемнен құралған аралас құрмалас сөйлемде бағыныңқы сөйлемі әрбір басыңқы сөйлемімен тікелей байланыспайды.
Сызбасы: бағыныңқы, басыңқы, басыңқы
Мысалы: Ол үйге келсе, Омар жоқ екен, сондықтан кері қайтуға тура келді.
ПУНКТУАЦИЯ
Пунктуация (латын."нүкте") – 1) тілдегі алфавитке енбейтін графикалық таңбалар жиынтығы; 2) мәтіндегі ойды бір-бірінен айырып түсінуге көмектесетін негізгі құрал; 3) тыныс белгілерін зерттейтін ережелер жиынтығы.
Тыныс белгілерінің негізгі қызметі 3 принципке негізделеді:
Грамматикалық принцип – тыныс белгілерін сөйлемнің құрылымдық ерекшеліктеріне сүйеніп қою.
Мағыналық принцип – сөйлем және сөйлемдегі сөздердің мағынасын анықтау.
Интонациялық принцип – мәтінді, сөйлемді және сөзді оқығанда, дауыс ырғағының өзгеріп отыруы.
Тыныс белгілерінің қойылатын орны және атқаратын қызметі төмендегідей:
қойылатын орны
|
түрі
|
қызметі
|
Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілері
|
нүкте ( . )
сұрақ белгісі ( ? )
леп белгісі ( ! )
көп нүкте ( ... )
|
Даралушы қызмет атқарады.
|
Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілері
|
үтір ( , )
қос нүкте (:)
жақша ( )
тырнақша (" ")
сызықша ( – )
|
Ерекшелеуші қызмет атқарады.
|
Құрмалас сөйлемге қойылатын тыныс белгілері
|
үтір ( , )
қос нүкте ( : )
нүктелі үтір ( ; )
үтір сызықша (, – )
|
Ойдың ара жігін ажырату қызме-тін атқарады.
|
НҮКТЕ
№
|
Қойылатын орны
|
Мысалы
|
1
|
Хабарлы сөйлемнен кейін
|
Маңайда тірі жан көрінбейді.
|
2
|
Жай, екпінсіз айтылған бұйрық және тілек мәнді сөйлемнен кейін
|
Әже, сізден Алла разы болсын.
|
3
|
Драмалық шығармада кейіпкер атынан кейін
|
Нұрхан. Міне, міне, әлгі мен айта беретін ауыл!
Мүсірепов. (құлазып) Қыбыр еткен жан жоқ. Ит те үрмейді.
|
4
|
Драмалық шығармада автордың түсінігі ретінде айтылған ремаркадан кейін жақша ішінде
|
Нұрхан. Кім бар? (Айқара есікті итеріп ашады.) Кім бар?
|
5
|
Адамның аты-жөні, тегі қысқартылғанда
|
Ғ.Мүсірепов / Ғ.М. Ғ.Мұстафин / Ғ. Мұст.
|
6
|
Газет-журнал атауын шартты түрде қысқарт-қанда
|
“Қ.Ә.” (“Қазақ әдебиеті”)
|
7
|
Кейбір сөздер шартты түрде қысқартылғанда
|
тағы басқалар – т.б.
тағы сол сияқты – т.с.с.
тағысын тағылар – т.т.
|
8
|
Ғасыр, жыл, сағат, минут, секунд сөздері қысқартылғанда
|
А.Яссауи кесенесі (XII ғ.) –Қазақстандағы үлкен тарихи мұралардың бірі.
|
ЛЕП БЕЛГІСІ
|
Қойылатын орны
|
Мысалы
|
1
|
көтеріңкі дауыспен айтылған лепті сөйлем мен бұйрықты сөйлемнен кейін
|
Шіркін, қандай керемет!
Тарт қолыңды!
|
2
|
көтеріңкі дауыспен бұйыра, өтініш білдіре айтылған сөйлемнен кейін
|
Қалағаныңызды алыңыз! – деді Ботагөз жадырап, бір жақсылық хабар күтіп.
|
3
|
ұранды сөйлемнен кейін
|
Жасай бер, көркейе бер, менің Қазақстаным!
|
4
|
көтеріңкі дауыспен айтылған қаратпа, одағай сөздерден кейін
|
– Қарағым! Қанатым! Енді қайтейін! Қолымнан келгені осы.
|
5
|
көтеріңкі дауыспен “жоқ”, “иә” деген сөздерден кейін
|
– Жоқ! Қайтсең де тауып әкел!
|
6
|
сәлемдескенде айтылатын, ішінде сұраулық шылауы бар тіркестерден кейін
|
− Амансың ба, қарағым! – деп қария балаға қарады.
|
СҰРАУ БЕЛГІСІ
|
Қойылатын орны
|
Мысалы
|
1
|
сұраулы сөйлемнен кейін
|
Ақшам қайда? Менің бұл ісім сауап емес пе? Толық байлық қайтсең табылады?
|
2
|
сөйлемдегі белгілі бір сөздің мәні оқушыға түсініксіз, неге олай деген күдік туғызғанды аңғарту үшін сол сөзден кейін жақшаға алынып қойылады
|
"...Пысық деген ат (?) шықты" – деген тармақ 1909 жылғы кітапта
"...Пысық деген ант шықты",– деп жарияланған.
| КӨП НҮКТЕ
|
Қойылатын орны
|
Мысалы
|
1
|
Айтылуға тиісті ой аяқталмай қалғанда сөйлем соңында көп нүкте қойылады.
|
"Иә, көз – қорқақ, қол – батыр. Бісміллә, береке..." Сонымен бастап та жіберді. Осыдан қара кешке дейін... Жә, мен шамалы кідірейін-ші, әңгіме басы әріден болсын.
|
2
|
сөйлеуші қысылып сөйлей алмай қалғанда, асығыс айтқанда, ойдың бөлінуіне байланысты дауыс ырғағындағы кідірісті білдіру үшін
|
- Е, не қыл дейсің маған. Бала... ыһ... тартып жіберші мына шетін, көтерсейші басыңды... мықтап ұста... ешқайда кетпес, оралар... Туып-өскен жері, елі...Ұста деймін, қаттырақ ұста. (Т.Әбдіков)
|
3
|
Біреуден алынған цитатаның не алдынан, не соңынан немесе сөйлем, сөз қалдырылған жерге қойылады.
|
... Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
|
4
|
Айтуға қолайсыз тұрпайы сөздің орнына
|
Қарашы мына ... бүлдіргенін! Басыңнан салып қалайын ба осы?!
|
5
|
Ескі қолжазбаларда көрінбей өшіп қалған жерлерге
|
Қиын тиді оларға
Аз кісі-ақ қайтып санарға.
...........................................
(Абай)
|
Достарыңызбен бөлісу: |