Сөз тіркесіне ұқсағанмен, сөз тіркесі бола алмайтындар
| Тұрақты тіркес |
Күрделі сөз
|
ереже
|
Тұрақты тіркестер кемінде екі сөзден тұрғанмен, бір мағынаны білдіреді. Ал сөз тіркесі болу үшін әрқайсысы дербес мағыналы екі сөз керек.
Тұрақты тіркестер сөз тіркесінің бір сыңары ғана бола алады.
|
Күрделі сөздер екі сөзден тұрғанмен, бір мағынаны білдіреді. Ал сөз тіркесі болу үшін дербес мағыналы екі сөз керек.
Күрделі сөздер сөз тіркесінің бір сыңары болады.
|
мысал
|
қоян жүрек (қорқақ)
көзді ашып-жұмғанша (тез)
|
келе жатыр, қара торы,
он бес
|
Сөз тіркесі және тұрақты тіркес пен күрделі сөздің
айырмашылығы
Сөз тіркесі
|
1. Сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің әрқайсысы толық мағыналы болады.
2. Бағыныңқы сыңары мен басыңқы сыңарлары болады.
3. Әрбір сыңары жеке сұраққа жауап береді.
|
Мысалы:
қандай? не?
кең бөлме
оған мұрнын шүйірді
он үш күн
ол бара жатыр
|
Тұрақты тіркес
|
1. Сөз тіркесіне ұқсас болған-мен, өздігінен сөз тіркесі бола алмайды.
2. Тұрақты тіркестер бірнеше сөзден тұрғанмен, бір ғана мағынаны білдіріп, бір сұраққа жауап береді.
3. Тұрақты тіркестер сөз тіркесінің тек бір сыңары болады.
|
Мысалы:
кімнің? несі?
Су жүректің амалы
су жүрек (қорқақ)
ит өлген жер (алыс)
жүрек жұтқан (батыр)
|
Күрделі сөз
|
1. Сөз тіркесіне ұқсас болған-мен, өздігінен сөз тіркесі бола алмайды.
2. Екі немесе одан да көп сөз-ден тұрып, бір ғана сұраққа жауап береді.
3. Күрделі сөздер сөз тіркесі-нің тек бір сыңары болады.
|
Мысалы:
қандай? кім?
қара торы бала
күрделі сын есім: ақ ала
күрделі сан есім: он үш
күрделі етістік: бара жатыр
|
Сөз тіркесінің лексика-грамматикалық қатынасы
анықтауыштық қатынас
|
1. Матаса, қабыса байланыс-қан есімді тіркестерге тән.
2. Басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге кімнің? ненің? қандай? қай? қанша? неше? қайдағы? қашанғы? деген сұрақтар қою арқылы анықталады.
|
Мысалы:
Аянның (кімнің) добы
үйдің (ненің?) есігі
алыс (қандай?) жер
бес (қанша?) қағаз
|
толықтауыштық қатынас
|
1. Меңгеру байланысындағы есімді және етістікті тіркес-терге тән.
2. Басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге кімге? неге? кімді? нені? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? деген сұрақтар қою арқылы анықталады.
|
Мысалы:
сөзге (неге?) шебер
гүлді (нені?) суару
терезеде (неде?) тұр
сенен (кімнен?) алды
көзбен (немен?) көру
|
пысықтауыштық қатынас
|
1. Меңгеру, қабысу, жанасу байланысындағы етістікті тіркестерге тән.
2. Басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге қайда? қашан? қайтіп? қалай? неліктен? т.б. деген сұрақтар қою арқылы анықталады.
|
Мысалы:
ауылда (қайда? ашылды
биыл (қашан?) ашылды
зорға (қалай?) ашылды
|
СӨЙЛЕМ
Сөйлем –тиянақты бір ойды білдіретін сөздер тобы.
Айтылу мақсатына қарай:
Хабарлы сөйлем (ойды хабарлап жеткізеді) Соңында нүкте . тұрады.
Сұраулы сөйлем (сұраулы мағынада айтылады) Соңында сұрау белгісі ? тұрады.
Бұйрықты сөйлем (бұйыру мағынасында айтылады) Соңында нүкте немесе леп белгісі ! тұрады.
Лепті сөйлем (адамның эмоциясына байланысты айтылады) Соңында леп белгісі ! тұрады.
түрі
|
Жасалу жолдары
|
Хабарлы
сөйлем
|
Хабарлау, мақсатында айтылған жай сөйлем арқылы жасалады.
Мысалы,
Ертеңіне ол ақсақалмен ұзақ әңгімелесті. Ақырын соққан самал шалқар көлдің ақша бетін аймалап сүйгендей болады.
|
Сұраулы
сөйлем
|
1. Сұрау есімдіктері: (кім? не? қанша? қандай? т.б.)
2. Сұраулық шылаулар: (ма, ме, па, пе, ба, бе, ше)
3. Оқшау, көмекші сөз: ә, сірә, қайтеді, шығар т.б.)
Мысалы,
Сен оны танисың ба? / Сен оны танимысың?
Енді арманың жоқ шығар? Сен ауылға бардың ғой, иә? Қазір ол келіп қалса ше? Оған өлең ұнады білем, сірә?
|
Бұйрықты
сөйлем
|
Баяндауышы бұйрық рай арқылы жасалады.
Мысалы,
Сөйлемді жазып шық. Бұны оған айтпа.Жүр, тез аяғыңды бас! Тыныш отыр! Кел, балалар, оқылық! Кел, жүгірейік! Жылқыны тез қайырыңдар! Дауысыңды тым болмаса бір шығаршы!
|
Лепті
сөйлем
|
Одағай сөздер: (қап, әттеген-ай, пай-пай т.б.)
Күшейткіш мәнді сөздер: (не деген, не еткен, қандай, шіркін, ғажап т.б.)
Демеулік шылаулар: (-ау, -ақ, -ай т.б.)
Интонация арқылы: Қап, мынау жығылды-ау! Пай-пай, мынаның шабысын-ай! Ә, сені ме, бәлем! Бейшара-ай, мынаның тарта алмай келе жатқанынын-ай!
|
СӨЙЛЕМНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҚАРАЙ ТҮРЛЕРІ
1.Жақты сөйлем
|
Бастауышы бар сөйлем.
|
Мен ауылға бардым.
|
2.Жақсыз сөйлем
|
Бастауышы мүлдем жоқ сөйлем.
|
Менің оқығым келеді.
|
Жалаң сөйлем
|
Тек тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем.
|
Ол келді.
|
Жайылма сөйлем
|
Тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем.
|
Ол ерте келді.
|
Толымды сөйлем
|
Ойға қажетті мүшелердің бәрі қатысқан сөйлем.
|
Қыста ауа райы өте суық болды.
|
Толымсыз сөйлем
|
Айтылуға тиісті мүшелердің бірі түсіп қалған сөйлем.
|
-Балам, қайдан келдің?
- Астанадан.
Толымды түрі:
-Балам, (сен) қайдан келдің?
- (Мен) Астанадан (келдім).
|
Атаулы сөйлем
|
Іс-оқиғаның, құбылыстың атауын ғана көрсететін сөйлем.
|
Жаз.
|
Ескерту:
1) Бастауышы айтылмаған жағдайда баяндауышқа сұрақ қою арқылы табуға болады: Ертең мұнда кел. (Сен ертең мұнда кел)
2) Кейбір құрмалас сөйлемде екі жай сөйлемнің бастауышы ортақ болады. Ондай сөйлемді жалпылама жақты сөйлем дейді. Мысалы, Аз сөйле, көп тыңда. (Сен аз сөйле, көп тыңда.)
Жақсыз сөйлемнің жасалу жолдары
Жақсыз сөйлемнің баяндауышы күрделі болып келеді және мынадай жолдармен жаслады:
Қалау рай арқылы: Менің оқығым келеді.
Барыс септігіндегі тұйық етістіктің бол, жара, тура кел деген көмекші етістіктермен тіркесуі арқылы: Ауылға баруға тура келді.
Атау және барыс септіктеріндегі тұйық етістіктің керек, жөн, мүмкін деген бейтарап сөздермен тіркесуі арқылы: Менің сабақ оқуым керек.
-ып, -іп, -п тұлғалы көсемшенің болымсыз түрдегі бол етістігімен тіркесуі арқылы: Оның не айтып отырғанын түсініп болмайды.
Құрамында бастауышы бар тұрақты тіркестер арқылы: Оның үрейден төбе шашы тік тұрды.
Ілік септігіндегі тұйық етістіктің керегі жоқ, қажеті жоқ, қажеті не деген бейтарап сөздермен тіркесуі арқылы: Оны айтудың қажеті жоқ.
СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ
Сөйлем мүшелері – сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы, белгілі бір сұраққа жауап беретін және сөйлемдегі басқа сөздермен байланысып тұратын сөздер.
Сөйлем мүшелері құрамына (құрылысына) қарай 3 топқа бөлінеді: дара мүше, күрделі мүше және үйірлі мүше.
Дара мүше – толық мағыналы бір сөзден болған мүше. (Дала қараңғы. сөйлемінде бастауыш та, баяндауыш та бір сөзден тұр.)
Күрделі мүше – күрделі сөзден, тұрақты тіркестен және шылаулы тіркестен болған мүше. (Мұғалім келе жатыр. сөйлемінде баяндауыш күрделі сөзден болып, күрделі баяндауыш болып тұр.)
Үйірлі мүше – бірнеше сөзден құралып, бастауыштық-баяндауыштық қатынастан тұратын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тобы. (Жаны сау адам – бақытты адам. сөйлемінде анықтауыш үйірлі мүшеден болып тұр, себебі бастауышқа (жаны), баяндауышқа (сау) ажыратылады, бір сұраққа (қандай) жауап беріп тұр.)
Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай 2 топқа бөлінеді: тұрлаулы мүше және тұрлаусыз мүше.
Тұрлаулы мүше – сөйлем құрауға негіз болатын мүше. Оның 2 түрі бар: бастауыш пен баяндауыш.
Тұрлаусыз мүше – өздігінен сөйлем құрай алмайтын, тек сөйлемдегі ойды толықтырып тұратын мүше. Оның 3 түрі бар: анықтауыш, толықтауыш және пысықтауыш.
ТҰРЛАУЛЫ МҮШЕЛЕР
Бастауыш
Бастауыш – сөйлемде атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы мүше.
Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер? кімі? несі?
Бастауыш төмендегідей сөз таптарынан жасалды:
Сөз табы
|
Мысалы
|
зат есім
|
Күн жылынды. Досым келді.
|
есімдік
|
Бұл-үлкен үй. Өзің кел. Ешкім жоқ.
|
сын есім
|
Ақылды ісіне сенеді. Сыпайы сырын сақтар.
|
сан есім
|
Үшеуі сыртқа шықты. Төрт екіге бөлінеді.
|
етістік
|
Іздеген жетер мұратына. Оқу инемен құдық қазғандай.
|
Бастауыш құрылысына қарай 3-ке бөлінеді:
Дара бастауыш – бір сөзден тұратын бастауыш. Мысалы: Біз алғашқыда өз көзімізге өзіміз сенбедік. Жігіттер аттарын жетектеп, бұлақ басына жақындай берді.
Күрделі бастауыш – кемінде екі сөзден тұратын бастауыш. Мысалы: Кеншілер сарайы адамға лық толы. Ырыс алды - ынтымақ.
Үйірлі бастауыш – үйірлі сөздерден тұратын бастауыш. Мысалы: Уайымы көптер тез қартаяды.
Баяндауыш
Баяндауыш – бастауыштың жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіріп, сөйлемді тиянақтап тұратын тұрлаулы мүше.
Қай сөз табынан болса, сол сөз табының сұрақтарына жауап береді.
Баяндауыштың төмендегідей сөз таптарынан жасалды:
етістік
|
Күн жылынды. Досым келді.
|
зат есім
|
Бұл-үлкен үй. Оның алғаны - кітап.
|
сын есім
|
Дала тап-таза. Күн ыстық.
|
сан есім
|
Екі жерде екі - төрт. Оның жасырғаны- бес.
|
есімдік
|
Менің айтарым осы. Біздің ауыл әне.
|
Баяндауыш құрылысына қарай 3-ке бөлінеді:
Дара баяндауыш – бір сөзден тұратын баяндауыш. Мысалы: Олар алыс жерден келді.
Күрделі баяндауыш – кемінде екі сөзден тұратын баяндауыш. Мысалы: Ауыл мәдениеті өсіп келеді. Мен бұл аттан күдерімді үзіп тұрмын.
Үйірлі баяндауыш – үйірлі сөздерден тұратын баяндауыш. Мысалы: Оның ең үлкен кемшілігі – сабақ оқымау.
СӨЙЛЕМНІҢ ТҰРЛАУСЫЗ МҮШЕЛЕРІ
Анықтауыш
Анықтауыш зат есімнен болған мүшенің сын-сипатын анықтап тұрады.
Сұрақтары: қандай? қай? кімнің? ненің? неше? нешінші? қанша? қайдағы? қашанғы?
Анықтауыштың төмендегідей сөз таптарынан жасалады:
сын есім
|
Зерделі қыздың зерек ойы қиядағы жұмбақты іліп әкетті. Олар шалғай ауылдарды аралады.
|
есімдік
|
Кейбір аңдар ертемен азықтануға шығады.
|
зат есім
|
Өзен бойында қора-қора қой жайылып жүр.
|
сан есім
|
Оныншы сыныпта бұл тақырыптарды өткен едік.
|
есімше
|
Айтқан сөзің дәл келсе, саған сыйлығым бар.
|
Анықтауыш құрылысына қарай 3-ке бөлінеді:
Дара анықтауыш – бір сөзден тұратын анықтауыш. Мысалы: Ұлыған қасқырды көріп зәре-құтымыз қалмады. Сары жапырақтар жерге түсіп жатыр.
Күрделі анықтауыш – кемінде екі сөзден тұратын анықтауыш. Мысалы: Қара торы ат бірінші келді. Олардың қыл өтпестей татулығы елге үлгі-өнеге болып отыр
Үйірлі анықтауыш – үйірлі сөздерден тұратын анықтауыш. Мысалы: Ақылы бар жігіт өмірден опық жемейді.
Толықтауыш
Толықтауыш іс-оқиғаны заттық мағына жағынан сипаттайды.
Сұрақтары: кімге? неге? кімді? нені? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? (атау мен ілік септіктерінен басқа септіктердің сұрақтарына жауап береді.)
Толықтауыш төмендегідей сөз таптарынан жасалады:
зат есім
|
Қорқақ көлеңкесінен қорқады. Апама көмектестім.
|
есімдік
|
Бұл сөз оған қатты әсер етті.
Оспан ешкімнен қорықпайды.
|
сын есім
|
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Жақсыны жамандаса, әруағы тасады.
|
сан есім
|
Бестен үшті алса, екі қалады.
|
етістік
|
Оны айтар-айтпасын білмеді. Үйге баруға қолы тимей жүр.
|
Толықтауыш құрылысына қарай 3-ке бөлінеді:
Дара толықтауыш – бір сөзден тұратын толықтауыш. Мысалы: Жіңішке жолмен бір қос ат келеді. Оны ешкімге көрсетпе.
Күрделі толықтауыш – кемінде екі сөзден тұратын толықтауыш. Мысалы: Олар аттардың қара торысын таңдап алды. Қорыққанда Отанын сататын су жүректерден қорқу керек.
Үйірлі толықтауыш – үйірлі сөздерден тұратын толықтауыш. Мысалы: Досы көппен сыйлас, досы жоқпен сырлас.
Толықтауыш мағынасына қарай 2-ге бөлінеді:
Тура толықтауыш – табыс септік тұлғасындағы толықтауыш. Мысалы: Суды шым тоқтатар, сөзді шын тоқтатар. Оны ешкімге көрсетпе. Мен кітап оқыдым.
Жанама толықтауыш – барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктері тұлғасындағы және туралы, жөнінде, жайында шылауларымен тіркесіп келген сөздер тұлғасындағы толықтауыш. Мысалы: Екі қарт кісімен амандастым. Оның ұзақтан келе жатқандарға көзі түсті. Сабақта жарыс туралы сөйлестік.
Пысықтауыш
Пысықтауыш – сөйлемде іс-қимылдың түрлі белгісін (мекенін, мезгілін т.б) анықтайтын мүше.
Сұрақтары: қайда? қайдан? қалай қарай? қашан? қашаннан бері? қалай? қалайша? қайтіп? неліктен? не үшін? неге? не мақсатпен? қаншалықты?
Пысықтауыш төмендегідей сөз таптарынан жасалады:
Үстеу
|
Ол ілгері басты. Кеше күн суық олды.
|
Барыс, жатыс, шығыс септ-гі сөздер
|
Бүгін мал біткен аулағыраққа өрістеген. Балалапандардың даусы таяудан естіледі.
|
Есім сөздер
|
Оқушылар емтиханға зор дайындықпен кірісті. Ол екі сөйлемейтін.
|
Еліктеу сөз
|
Бұл сөзіме Шаймерден кеңк-кеңк күлді.
|
Көсемше
|
Шешесі баласының жүзіне мейірлене қарады. Қыз енді айқайлап сөйледі.
|
Пысықтауыш құрылысына қарай 3-ке бөлінеді:
Дара пысықтауыш – бір сөзден тұратын пысықтауыш. Мысалы: Лавада жұмыс қызу жүріп жатыр. Ол сұраққа ойланбастан жауап берді.
Күрделі пысықтауыш – кемінде екі сөзден тұратын пысықтауыш. Мысалы: Мерей жымың-жымың етіп сахнаға шықты.
Үйірлі толықтауыш – үйірлі сөздерден тұратын толықтауыш. Мысалы: Уақытым барда сабаққа дайындалсам деймін.
Пысықтауыш мағынасына қарай 5-ке бөлінеді:
түрі
|
ережесі
|
сұрағы
|
мысал
|
Мекен
|
Іс-әрекеттің болу орнын, мекенін білдіреді.
|
қайда? қайдан? қалай қарай?
|
Олар жоғары көтерілді. Ауылға қарай аттылы біреу келе жатыр.
|
Мезгіл
|
Іс-әрекеттің мезгілін білдіреді.
|
қашан? қашаннан бері?
|
Ол түске шейін ұйықтады. Олар қыс бойы демалды.
|
Себеп-салдар
|
Іс-әрекеттің себебін білдіреді.
|
неліктен? не үшін? неге?
|
Кешке амалсыздан үйге қайттым. Ол Отаны үшін өлді.
|
Сын-қимыл
|
Іс-әрекеттің жүзеге асу амалын, мөлшерін білдіреді
|
қалай? қалайша? қайтіп?
|
Оны зорға далаға алып шықты. Ол аптығып сөйледі.
|
Мақсат
|
Іс-әрекеттің мақсатын білдіреді.
|
неге? не мақсатпен?
|
Оқу үшін қалаға келді.Біз әдейі жарыстық.
|
СӨЙЛЕМНІҢ БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕРІ
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері – сұраулары мен қызметі ортақ болып, сөйлемнің бір ғана мүшесімен байланысатын кемінде екі сөзден тұратын мүше.
Сөйлем мүшесі
|
Мысалы
|
Бірыңғай
бастауыш
|
Бүріскен мал мен жүдеген жан Абайға үлкен ой салды.
|
Бірыңғай
баяндауыш
|
Бір батальон артта, алыста.
|
Бірыңғай
анықтауыш
|
Жүрісіміз -кейде бүлкіл, кейде бөкен жүріс.
|
Бірыңғай
толықтауыш
|
Түн не қойыңды, не өзіңді жұтып қоятын сияқты.
|
Бірыңғай
пысықтауыш
|
Мәкіш Абайға кінәлай да, сынай да қарады.
|
Бірыңғай мүшелердің жалғаулық шылаулар арқылы байланысуы
ыңғайластық
|
қарсылықты
|
талғаулы
|
кезектестік
|
да, де, та, те, және, әрі, мен, бен, пен
|
бірақ, алайда, әйткенмен
|
я, не, немесе, әлде
|
бірде, біресе, кейде
|
Асан мен Үсен жұртта қалып қояды. Кеше де, бүгін де мазам болмады.
|
Тек жері биік болғандықтан жеміс өседі, бірақ піспейді.
|
Мұнда шөп немесе сабан әкеліңдер, -деді Дубровский.
|
Ақан біресе ұшаққа, біресе сағатына қарайды.
|
Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілері
Мынадай жағдайларда бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылады:
Бірыңғай мүшелер өзара жалғаулықсыз байланысса
|
Аспан айқын, анық.
|
Жалғаулық шылаулар бірыңғай мүшелердің арасында қайталанып келсе
|
Рахима-әрі әнші, әрі биші.
|
Бірыңғай мүшелер бірақ деген қарсылықты жалғаулық арқылы байланысса
|
Ол орта бойлы, бірақ толықша келген сұр жігіт еді.
|
Мынадай жағдайларда бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылмайды:
Бірыңғай мүшелердің арасында мен, және, пен, бен жалғаулықтары бір-ақ рет келсе
|
Ауыл мен қаланың арасы алшақ екен.
|
да, әрі, не, немесе жалғаулықтары қайталанбай, бір-ақ рет келіп тұрса
|
Төрт бөлмелі үй салқын да жайлы.
|
ЖАЛПЫЛАУЫШ СӨЗ
Жалпылауыш сөз – бірыңғай мүшелермен қызметтес, тұлғалас болып, оларды ортақ жинақтау мәнін білдіретін мүше.
Жалпылауыш сөздің жасалу жолдары
№
|
Сөз табы
|
мысалы
|
мысал
|
1
|
сілтеу
есімдігі
|
мыналар, осылар, бұлар, солар, олар
|
Қазақстанның ең ірі көлдері мыналар: Балқаш, Алакөл, Сасықкөл.
|
2
|
жалпылау есімдігі
|
бәрі, баршасы, барлығы
|
Шымкент, Алматы, Қарағанды – бәрі үлкен қала.
|
3
|
жинақтық
сан есім
|
екеуі, үшеуі
|
Аса, Мағаш, Жандос – үшеуі оңаша әңгімеле-сіп отыр екен.
|
4
|
зат есім
|
зат есімдер
|
Мына өзендер: Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі – Балқаш көліне құяды.
|
Жалпылауыш сөздің тыныс белгісі
Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшеден бұрын тұрса, одан кейін қос нүкте қойылады. (Жалп. сөз: бірың. мүше.)
Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшеден кейін келсе, оның алдынан сызықша қойылады. (Бірың. мүше – жалп. мүше)
Бірыңғай мүшенің алдында жалпылауыш сөз тұрып, соңында сөйлемнің басқа мүшелері келсе, бірыңғай мүшеден бұрын қос нүкте, олардан кейін сызықша қойылады. (Жалп. сөз: бірың. мүше – басқа сөздер)
АЙҚЫНДАУЫШ МҮШЕ
Айқындауыш мүше – сөйлемде белгілі бір мүшенің мағынасын басқа сөзбен түсіндіріп, нақтылап көрсететін сөйлем мүшесі.
Айқындауыш мүшенің 2 түрі бар: оңашаланған айқындауыш және қосарлы айқындауыш.
түрі
|
ерекшеліктері
|
Оңашаланған айқындауыш
|
Өзінен бұрын тұрған сөзді айқындап, дәлелдеп, түсіндіріп тұратын бір немесе бірнеше сөз
|
Омардың үлкен ұлының, Асанның, елге жасаған жақсылығы өте көп. Біздің лицейдің оқушылары, әсіресе, 10-сынып-тар, әрдайым бірінші орын алады.
|
Үтір оңашаланған айқындауыштың екі жағынан қойылады.
Сызықша оңашаланған айқындауыштың екі жағынан немесе өзі анықтайтын мүшесімен екі араға қойылады.
1928 жылы Қазақстандағы тұңғыш оқу орны – ҚазПИ ашылды.
|
Қосарлы айқындауыш
|
Айқындайтын мүшесіне қосалқы атау болады. Әнші Күләш, Біржан сал, Алпамыс батыр
|
Ақан серінің әндерін жаттадық.
Асан мұғалімнің баласы әскерден келді.
|
Кейбір қосарлы айқындауыштар өздерінің айқындайтын сөзінен қос сөздер сияқты дефис арқылы бөлінеді.
Мысалы: авто-дүкен, ұшқыш - ғарышкер т.б.
|
ОҚШАУ СӨЗ
Оқшау сөз – сөйлемнің құрамында тұрса да, басқа мүшелермен грамматикалық байланысқа түспейтін мүше.
Оқшау сөздің 3 түрі бар: қаратпа сөз, қыстырма сөз және одағай сөз. Олардың ерекшеліктері төмендегідей:
|
ереже
|
мысалы / тыныс белгісі
|
Қарат-па сөз
|
Біреудің назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөз.
|
Самат, ертең сынақ болады.
Ұялма, балам, жоғары шық..
Ендігі кезек сенде, қарағым.
|
Қыстырма сөз
|
Сөйлемдегі ойға қатысты сөйлеушінің түрлі көзқарасын білдіретін сөз.
|
Меніңше, сенің айтқаның дұрыс.
Бұларды, әрине, осы жерде жасауға болмай-ды.
Өзі осында келген шығар, сірә?
|
Одағай сөз
|
Сөйлеушінің түрлі көңіл-күйін білдіретін сөз.
|
Қап, оны кеше сұрау керек еді.
Қазақтың даласы, шіркін, кең байтақ қой!
Аз сабыр етсең қайтер еді, ә?
|
Оқшау сөздің тыныс белгісі
Оқшау сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады.
Оқшау сөз сөйлемнің соңында келсе, оның алдынан үтір қойылады.
Оқшау сөз сөйлемнің ортасында келсе, оның екі жағынан үтір қойылады.
Қыстырма-түсінік сөз, түсінік сөйлем жақшаға алынады: Жақаң (менің әкем) ол кезде жас еді.
Қыстырма сөздердің мағыналық түрлері
мағынасы
|
қыстырма сөздер
|
мысалы
|
Қуанышты, ренішті білдіреді.
|
бағымызға қарай, амал қанша, абырой бергенде.
|
Бағымызға қарай, қария да үйінде болып шықты.
|
Сенуді, мақұлдау-ды, мойындауды білдіреді.
|
сөз жоқ, бәсе, рас, әрине, шынында, дұрысында т.б.
|
Сізде, рас, жұмысым бар еді.
|
Ойдың кімнен, қайдан екенін көрсетеді.
|
меніңше, сіздіңше, оның пікірінше т.б.
|
Асанның айтуынша, ол өзін өте әдепті ұстапты.
|
Шамамен ғана я сенер-сенбестікпен айтылғанын білдіреді.
|
сірә, мүмкін, тегі, кім біледі, байқаймын, бәлкім т.б.
|
Сірә, дәл осы бұлақ бұл аймақтың нәрі болса керек.
|
Бір ойдың алдыңғы жақта айтылған оймен байланысын қорыту ретінде айтылады.
|
олай болса, демек, сөйтіп, сонымен, қысқасы, айтпақшы т.б.
|
Бүгін, сонымен, он жеті арба тары кетті пунктке.
|
Ой тәртібін білдіреді.
|
біріншіден, екіншіден, бір жағынан, әуелі, ақырында т.б.
|
Ақырында, Бесбайдың ойлаған сақтығы дұрыс болып шықты.
|
ТӨЛ СӨЗ. АВТОР СӨЗІ. ТӨЛЕУ СӨЗ.
Төл сөз – жазушының (сөйлеушінің) сөзіндегі біреудің өзгертілмей берілген сөзі.
Автор сөзі – төл сөздің айналасында берілген жазушының (сөйлеушінің) өз сөздері.
Төлеу сөз – жазушының (сөйлеушінің) сөзіндегі біреудің өзгертіліп берілген сөзі.
Төл сөзді төлеу сөзге айналдырудың жолдары:
Төл сөзді төлеу сөзге айналдырудың ең негізгі және өте жиі қолданылатыны – төл сөзде сөйлемнің тиянақты баяндауышы болып тұрған сөзге табыс жалғауын жалғау арқылы оны (төл сөзді) автор сөзімен байланыстыру тәсілі. Алдымен, төл сөздің баяндауышы болып тұрған етістік қай шақта, қай райда айтылуына қарай етістіктің есімше түріне айналады да, содан кейін барып табыс септігін қабылдайды. Мысалы: «Мен судан қорқамын», - деді Омар. Омар өзінің судан қорқатынын айтты. Кейде табыс септік жалғауы есімшеге -дық, -дік жұрнағы мен тәуелдік жалғауы арқылы жалғанады. Мысалы: «Мен судан қорқамын», - деді Омар. Омар өзінің судан қорқатындығын айтты.
Төл сөздің баяндауышы өткен шақ немесе нақ осы шақ білдіретін етістік формасында айтылса, төлеу сөзге айналғанда, ол есімшенің -қан, -ған, кен, -ген жұрнақтарының табыс септігінде тәуелденуі арқылы беріледі. Мысалы: «Автобус күтіп тұрмын», - деді Омар. Омар автобус күтіп тұрғанын айтты.
Егер төл сөз етістіктің келер шақ немесе ауыспалы осы шақ формасында айтылса, төлеу сөзге айналғанда, есімшенің -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтарының табыс септігінде тәуелденуі арқылы беріледі. Мысалы: «Ол ертең келеді», - деді Омар. Омар оның ертең келетінін айтты.
Егер төл сөздің баяндауышы етістіктің бұйрық рай формасында айтылса, төлеу сөзде ол тұйық етістіктің табыс септігінде тәуелденуі арқылы беріледі. Мысалы: «Сен ертерек кел», - деді Омар. Омар оған ертерек келуін айтты.
Баяндауышы есім сөзден я есім сөздің араласуынан, я болмаса атау тұлғалы тұйық етістіктен болса, төлеу сөзге айналғанда, олар екенін көмекші етістігімен тіркесіп беріледі. «Кітап - білім бұлағы», - деді Омар. Омар кітаптың білім бұлағы екенін айтты.
Төл сөздегі де етістігі төлеу сөзде айт, сұра, ойла, талап ет, бұйыр, ескерт деген сияқты айту, ойлау мәнді етістіктердің біріне ауысады: Әкесі: "Үйге кел", - деді. Әкесі оған үйге келуін айтты.
Төл сөз сұраулы сөйлем болып, оның құрамында сұрау есімдігі болса, төлеу сөзде өзгермейді: Сен қайда тұрасың? – деді Асан. Асан одан қайда тұратынын сұрады.
Төл сөз сұраулы сөйлем болып, оның құрамында сұраулық шылау (ма, ме) болса, ол төлеу сөзде болымды-болымсыз түрде не антоним болып қосарланып айтылады: Үйге кіруге бола ма? – деп сұрады Дәулет. Дәулет үйге кіруге болатынын, болмайтынын сұрады.
Төл сөз лепті сөйлем болып, оның құрамында одағай болса, төлеу сөзге айналдырғанда, одағайдың мағынасы ғана айтылады. Мысалы,
Әттеген-ай! – деді біреу. Біреу өзінің өкінішін білдірді.
Әттеген-ай, саған көмек беруім керек еді! – деді біреу. Біреу өзінің оған көмек бермегенін өкінішпен айтты.
Төл сөздегі жіктеу есімдіктері төлеу сөзде былай өзгереді:
-
Төл сөз
|
төлеу сөз
|
мен
|
өзінің
|
сен
|
оның / одан
|
сіз
|
оның / одан
|
ол
|
оның / одан
|
Саған / сізге
|
оған
|
сенімен / сізбен
|
онымен
|
Төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібі және тыныс белгілері
Төл сөз тырнақшаға алынғанда, тыныс белгілері былай болады:
Төл сөз автор сөзінен бұрын келеді.
|
«Төл сөз», –автор сөзі
|
«Балалармен ақылдасып көрейік», – деді Ақылбай.
|
Төл сөз автор сөзінен кейін келеді.
|
Автор сөзі: «Төл сөз».
|
Балтабай былай деді:
«Балалармен ақылдасып көрейік»
|
Төл сөз автор сөзінің ортасында келеді.
|
Автор сөзі: «Төл сөз», –автор сөзі.
|
Балтабай: «Балалармен ақылдасып көрейік», – деді.
|
Төл сөзді автор сөзі ортадан жарып келеді.
|
«Төл сөз, –автор сөзі, – төл сөз».
|
«Балалармен, – деді Балтабай, – ақылдасып көрейік».
|
Төл сөз тырнақшаға алынбағанда, тыныс белгілері былай болады:
Төл сөз автор сөзінен бұрын келеді.
|
–Төл сөз, –автор сөзі
|
– Ол сенің інің бе? – деп сұрады Сағи.
|
Төл с
өз автор сөзінен кейін келеді.
|
Автор сөзі: – Төл сөз.
|
Сағи былай деп сұрады:
– Ол сенің інің бе?
|
Төл сөз автор сөзінің ортасында келеді.
|
Автор сөзі: –Төл сөз, –автор сөзі.
|
Сағи:
– Ол сенің інің бе? –деп сұрады.
|
Төл сөзді автор сөзі ортадан жарып келеді.
|
–Төл сөз, –автор сөзі, – төл сөз.
|
– Ол, – деді Сағи, – сенің інің бе?
|
Төл сөз сұраулы, лепті және көтеріңкі интонациямен айтылған бұйрықты сөйлем болғанда, тыныс белгілері былай болады:
Төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібі
|
Егер төл сөз сұраулы сөйлем болса
|
Егер төл сөз лепті сөйлем болса
|
Төл сөз автор сөзінен бұрын келеді.
|
«Төл сөз?» – автор сөзі
|
«Төл сөз!» –автор сөзі
|
Төл сөз автор сөзінен кейін келеді.
|
Автор сөзі: «Төл сөз?»
|
Автор сөзі: «Төл сөз!»
|
Төл сөз автор сөзінің ортасында келеді.
|
Автор сөзі: «Төл сөз?» – автор сөзі.
|
Автор сөзі: «Төл сөз!» –автор сөзі.
|
Төл сөзді автор сөзі ортадан жарып келеді.
|
«Төл сөз, – автор сөзі, – төл сөз?»
|
«Төл сөз, –автор сөзі, – төл сөз!»
|
ДИАЛОГ
Диалог – бірнеше адамның бір-бірімен сөйлесуі немесе адамның өз-өзімен сөйлесуі.
Диалогта әр адамның сөзі жаңа жолдан және сызықшамен басталады. Мысалы:
Қарағым, сен кімнің баласысың?
Асанбайдың.
Әкең қазір қайда?
Қой бағып кеткен.
Диалогта төл сөз бен автор сөзі араласып келе береді. Мысалы:
Асық ойнап жүрген бала келіп амандасқанда, Сапархан:
Қарағым, сен кімнің баласысың? – деп сұрады. Бала:
Асанбайдың, – деп қысқа жауап қайырды.
Сапархан енді балаға тіке қарап:
Әкең қазір қайда? – деді. Бала да бұл кім болды екен дегендей:
Қой бағып кеткен, – деп тесіле қарады.
Достарыңызбен бөлісу: |