Аға оқытушы Дагарова Жанар Өміржанқызы сабақ түрі: Дәріс Қарағанды 2021


Әлеуметтік философияның пәні. Қоғам философиялық ұғым ретінде



бет66/91
Дата28.09.2022
өлшемі382.79 Kb.
#461534
түріСабақ
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   91
Аға оқытушы Дагарова Жанар Өміржанқызы сабақ түрі Дәріс Қараған-melimde.com

1. Әлеуметтік философияның пәні. Қоғам философиялық ұғым ретінде.


  • Әлеуметтік философияға ерекше анықтама берген орыс ойшылы С.Л. Франктың пайымдауына тоқталайық.

  • 1929 жылы ол өзінің негізгі шығармаларының бірі — «Қоғамның рухани негіздері» атты кітабын жариялады. Ол бұл еңбегінде әлеуметтік философияға мынадай анықтама береді: “ әлеуметтік философия мәселесі – бұл қоғам деген не, ол адам өмірінде қандай мағынаға ие болады, оның шынайы мәні неде және ол бізге қандай міндет жүктейді деген сұрақтарға жауап береді”.

1. Әлеуметтік философияның пәні. Қоғам философиялық ұғым ретінде.


  • С.Л Франктың әлеуметтік философияға қатысты негізгі ойлары мынадай сұрақтарға жауап беру төңірегінде:

  • Қоғамдық өмір деген не?

  • Адам өмірінде қоғамдық өмір қандай орын алады және оның шынайы мақсаты неде?

  • Адам өзінің қоғамдық болмысы формасын құра отырып неге ұмтылады және неге жетуі мүмкін?

  • Адамның қоғамдық өмірі әлемдік, ғарыштық болмыста қандай орын алады? Қоғамдық өмір болмыстың қай саласына жатады және оның нағыз мәні неде?

  • Қоғамдық өмірдің жалпы өмір негізін құрайтын абсолюттік бастаулар мен құндылықтарға қатынасы қандай?

1. Әлеуметтік философияның пәні. Қоғам философиялық ұғым ретінде.


  • Оның айтуынша әлеуметтік философия – “қоғамдық болмыстың жалпы мәңгі негіздерін” зерттеумен айналысатын философиялық таным. “Әлеуметтік философия қоғамдық шындықты оның нағыз, барлығын қамтитын құрамы мен нақтылығында көруге ұмтылу болып табылады”. Мұнан шығатыны: әлеуметтік философия адамның қоғамдық өмірінің барлық “әлемдерінің” – тарих, мәдениет, дін, саясат, құқық, экономика және т.б. әлемдерінің түпкі, онтологиялық негіздерін зерттейтін философиялық ілім саласы.

1. Әлеуметтік философияның пәні. Қоғам философиялық ұғым ретінде.


  • Қоғамды зерттеу тек философия үшін ғана емес сонымен бірге басқада қоғамдық ғылымдар үшін күрделі мәселе болып табылады. Коғам мағналы ұғым болып табылады. Философия қоғамды біртұтас, яғни адам болмысының әлеуметтік тәсілі, адамдардың бір-бірімен өзара әрекеттесуінің жемісі, адам шығармашылығының нәтижесі ретінде қарастырады. Философия үшін қоғамды қызмет арқылы, яғни әлеуметтік тұрғыдан қарастыру өте маңызды.

  • Қоғамға деген көзқарастардың тарихи эволюциясы нарутиализм, идеализм, материализм деген сияқты теориялық үлгілерде көрініс береді. Қоғам мәнін дұрыс түсіну үшін «материалдық», «руханилық», «практикалық» ұғымдарының ара қатынасы ең маңызды болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет