Ағдарбеков Т. А. Ағдарбекова З. Т


ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫ ТҮСІНУДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ (ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ)



бет5/14
Дата30.06.2016
өлшемі0.93 Mb.
#167441
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

28. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫ ТҮСІНУДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ (ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ)
Құқық өзін құрайтын үш бөлікке негізделеді және ұсталады: құқықтық идеяларға (құқықтық сезім), құқықтық нормаларға (құқықтық ұйғарымдарға) және құқықтық қатынастарға (заңды табиғаты бар қоғамдық қатынастарға). Осыған орай, заңды дүниетаным, негізінен төмендегі құқықты түсіну түрлерінде көріне алады (қазіргі құқық теориясына).

Табиғи құқық теориясы (табиғи-құқықтық, филосо-фиялық әдіс) құқықтың үстемдік идеясына негізделген (Аристотель, Г.Гроций, Дж.Локк, Д.Дидро, Ш.Монтеське, А.Н.Радищев, т.б.). Табиғи құқық теориясы бойынша, мем-лекетпен белгіленген заңды нормалар, заңдар түріндегілермен (жағымды құқық) қатар табиғи құқық барлығын қолдайды, яғни адам табиғатымен қаматамасыз етілген құқық пен бостандықтың жиынтығы; адамға туғаннан берілген құқықтар (не пайда болу күшімен); қандай жағдайларда болсын алынбайтын және бөлінбейтін құқықтар – өмір сүруге, бостандыққа, жеке басының дербестігі, не жеке меншіктікке, өмірінің жағымды жағдайына, өзі сияқты басқалармен араласу құқықтарына, т.б. Құқық – бұл өзін-өзі күшпен сендірген адамгершілік бағалылықтың жиынтығы.

Нормативті (жағымды) әдіс (Р.Штаммлер, П.И.Нового-родцев, Х.Кельзен) нормаларды мойындауға негізделген. Құқық оның таза күйінде («в чистом виде»), объективті-логикалық заңды қосынды (конструкция) ретінде, көрінеді және әлеуметтіктен, тарихидан, саяси және психологиялық мазмұндардан тәуелсіз; мемлекетпен құрылатын тәртіп нормаларының жиынтығы ретінде және оның өзімен қорғалатын. Сондықтан, құқық тек заңдарда көрсетілген (заңға), заңдардан тыс құқық жоқ.



Құқықтың социологиялық бағыты (құқықтың реалистік мектебі) оның негізіндегі қоғамдық қатынастардың ар-тықшылығына байланысты тұрақталады (құқықтағы әрекет басы). Бұл теорияның негізін салушылар (Л.Дюгн, Э.Эрлих, Г.Конторович, Р.Паунд, К.Левеллин, С.М.Муромцев, Г.Ф.Шершеневич, т.б.) айтқандай, құқық – бұл заңда көрсетілгендей емес, шын мәніндегі тәжірибедегі жағдай. Құқық нормада бекімей, әрекетте бекиді («тәжірибесіз құқық жоқ»). Құқық сотта туады, соттың өзінің кең көлемдегі қалыпты пікірі бар. Ол нақты істі, заң нормаларының материальдық жағдайын өте аз пайдаланып шеше алады. Ол қатаң процедуралық жолмен, өзінің өмірлік тәжірибесімен және құқықтың жалпы қағидаларына сүйеніп істі шеше алады.

Жоғарыда көрсетілген табиғи-құқықтық, нормативистік және социологиялық құқықты түсіну типтері (кейіптері) негізгілер болады, бірақ тағыда бірнеше құқықтық мектептер бар, оларда жоғарыдағы теориялардың әрқайсысын негізге алады.



Солидаристік бағыт не құқықтың әлеуметтік концеп-циясы (Л.Дюги) оның оның социологиялық түсінігіне өте жақын. Құқықта бір-бірімен араласатын адамдар топтарының арасындағы гармонияға (келісімділікке) жететін құрал ретінде түсіндіреді және саясатты, экономиканы, моральды, т.б. (әлеуметтік қолдаушылық) сол гармонияны күзетуші және қорғаушы ретінде санайды. Мысал бола алатын жағдай, құқықты, солай айтылатын «корпоративтік мемлекеттегідей» құқық ретінде түсінушілігі.

Құқықтың психологиялық теориясы (Л.Петражицкий, Г.Тард). Бұл теория бірнеше орынға жеке адамның мотивациялық-психологиялық ұстанымын алға тартады. «Құқық – бұл сол көрсетілген емес, адамның бар құқыққа қалай қатынас жасайтындығында (заңға). Құқық жағымды, интуитивті құқыққа ұқсас. Оған қоса құқық интуитивті (шын құқық шығу көзі, себебі тек сол ғана адамның әрекетін қозғаушы сәт. Л.И.Петражицкий нормативті тәртіпті былай түсіндіреді: «әлеуметтік институт», адамдардың жалпы тәртіппен жүруіне сай көрінетіндігі; «жағымды моралдық жағдай», міндетті сезіну, сыртқы мәжбүрлеуден, жазалаудан қорқу; құдай билігін еске салу. Дегенмен, барлық осы факторларды іс жүзіне асыру үшін, ол айтқандай, тиімді әлеуметтік, діни бақылаудың қажет екендігіне көңіл аударып, жоғарғы діни сезімділікті және мемлекеттік заңдардың қатаңдығын қолдайды.

Маркстік (материалистік, таптық) құқық теориясы (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.Ленин) таптық тұрғыға негізделіп, құ-қықтық заңға айналдырған үстем таптың еркі ретінде танып, оның қоғам дамуындағы экономикалық факторларға сай қалыптасатын және оның қолындағы мемлекеттік билікті қол-дайтын құрал ретінде таниды. Құқық тек мемлекетте әрекет ететін нормативтік-құқықтық актілердің жиынтығы ретінде көрсетіледі, яғни, заң сонымен толық ұқсастандырылады.



Құқықтың тарихи мектебі (Ф.К.Савиньи, Г.Ф.Пухта) құқықты халықтың рухының туындысы ретінде санайды. Ол қоғамда тарихи процесс кезінде тіл сияқты қалыптасады, мемлекеттің еркінен тәуелсіз. Әдет заңнан жоғары тұрады. Мемлекетке сол қалыптасып жатқан нормаларды байқап оларды бекітуін қалайды. Солай ұлттық құқық қалыптасады.

Реалистік мектеп (Р.Иеринг) құқықты мемлекетпен қорғалатын мүдде ретінде қарайды (құқық мемлекеттің мәжбүрлеуінсіз түкке тұрмайды).

Құқықтың либертарлды бағыты (В.С.Нерсесянц, Л.И.Спиридонов, Р.З.Рившиц, В.А.Четвернин, т.б.) құқықтың жоғарғы тәуелсіздігіне және оның жақсылық пен адалдықтың мөлшері екендігі көрсетіп, соған сүйенеді.



* * *
ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ НОРМАТИВТІК РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ
29. НОРМАТИВТІК РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІ (БӨЛІКТЕРІ)
Әлеуметтік нормалар дегеніміз – адамдардың сезімімен, еркімен байланысты, олардың әлеуметтік қарым-қатынасы. Ол қоғамның даму прцесі мен қызметі кезінде пайда болады және ұйымның мәдени кейіпі мен сипатына сай келеді.

Барлық әлеуметтік нормаларды олардың жиынтығы мен қарым-қатынасын, адам баласының жатақханасының тәртіп жолы деп атау қабылданған:



  • Бұл жалпы сипаттағы ереже, міндетті тәртіп жолы, олар белгілі топтың не мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етіледі;

  • Олардың барлығы қоғамның жеткен мәдени деңгейге және қоғамның әлеуметтік ұйымының сипатына сай келеді;

  • Қоғамдық процестер кезінде қалыптасады;

  • Міндеттілік пен мүмкіндік тәртіптің шекарасын белгілейді, әлеуметтіке қолданатын тәртіпті таңдауға жол ашады және бір мезгілде тәртіпке тексеру жасаудың құралы болып есептеледі;

  • Социумда тәртіптілік пен келісімділік қатынастарын жасауға бағытталған, ал олардың кейбіреулері, мысалы, технкалық-құқықтық нормалар адамдардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етеді.

  • Кейіпті сипатта болады, шексіз сандағы кездерді іс жүзіне асыруға есептелген, кең көлемдегі субъек-тілерге бағытталған, тоқтаусыз және белгісіз көп әрекет етеді.

Құқық нормаларының талаптары, басқа нормативті реттеушілерге қарағанда маңызды орында, себебі, олар:

  • қоғамдағы бар қатынастардың ішіндегі ең ма-ңыздысын реттеуге бағытталған;

  • мемлекетпен шығады және онымен бұзылудан не орындамаудан қорғалады;

  • әр уақытта жазбаша нысанда болады, шексіз арнайыланған және нысандалған, жүйелі және құрамдалған;

  • нақтылы белгіленген нысан арқылы іс жүзіне асы-рылады: сақтау, орындау, пайдалану, және қолдану;

  • басқалардың ішіндегі нормативті реттеушілер, жоғары, әлеуметтік бағалылықпен өзгешеленеді, себебі, олар жалпыға бірдейлігімен, универсалдығымен, тұрақты-лығымен және әрекеттерінің тоқтаусыздығымен сапалы.



30. НОРМАЛАР - ӘДЕТТЕР
Көбірек ертеректе қай жерде болмасын адам баласының қарым-қатынасын реттетуші әдет (обычай), яғни тарихи қалыптасқан тәртіп ережесі, ол көп қайталанып, ұзақ уақыт пайдаланылуына қарай адамдардың әрекетіне арналған.

Бұл анықтама сондай әлеуметтік реттеушінің қалыпта-суындағы міндетті жағдайларды көрсетеді:



  • Ұзақ уақыттан бері белгілі. Көпшілік кездерде, ешкім және әруақытта нақтылы уақытылы белгілемеген;

  • Қайталану салыстырмалы өзгермейтін түрде, әр түрлі кездерге байланысты, әр түрлі қатаңдығы бар;

  • Біржақты қолдану тәжірибесі, берілген типтегі жағдайда тек сондай кәдімгілігін көрсетеді.

  • Әдеттің белгілік талабы, яғни олардың жеткілікті нақтылығы жақтармен дұрыс пайдалану мүмкіндігі.

Әдет, басқа реттеушілердің әрекетін толықтырады. Әдет-ке жақын мінездер (мінез сипатындағы әдет), дәстүр (әскери, отбасылық, мамандандырылушы), салттар (үйленудегі, жерлеудегі, т.б.), ритуал (дәстүр) (салтанатты дәстүрлер – диплом тапсыру, мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлердің арнайы кездесулері, некелесу, марапаттау, т.б.).

Әдеттің шектелген аумағы бар және әрекет ететін аясы бар. Бірақ, сол қалпында өзінің ұтымдылық қасиетіне байланысты ұзақ уақыттағы өмір сүруіндегі сіңіскен құбылыс.



31. ДІНИ НОРМАЛАР
Діни нормалар – әр түрлі дінге сенушілердің белгілеген және олардың сеніміне міндетті маңызы бар, әлеуметтік нор-малардың бір түрі. Діни нормалар сол не басқа сенімдердің негізіне (догмаларға) жатады, дәстүрлі рәсімді өткізу, ұйым-дастыру тәртібі соған сай діни ұйымдардың, т.б. әрекеттеріне жатады.

Жалпы құқықтық және діни нормалардың белгісіне мынадай негіздерді жатқызуға болады:



  • діни нормалар өсиетінде қалай белгілесе «өлтірме», «ұрлама» тура солай құқықтық ұйғарым, сондай әрекеттерге тыйым салады;

  • сыртқы көрінісінде белгілі ұқсастық бар (діни нормалар нысанға келтірілген, жүйелі түрде жазылып, Құранда, Библияда, Талмуда, буддистердің кітабында белгіленген);

  • діни ұйғарымдар нақтылы адамаға ғана қатынасты емес, белгілі топтағы адамдарға, соны қолдану-шыларға да қатысы бар;

  • кейбір елдерде діни нормалар құқықтың қайнар көзі ретінде есептеледі – мұсылмандық құқық жүйесі.

Дегенмен, құқық нормаларымен салыстырсақ, діни нормалар таралатын адамдар аясы, көбірек аздау; діни нормалардың қойған талаптарында көбірек қатаңдық бар, және адамдардың жалғыз ғана сеніміне негізделеді.

Батыс европалық ортағасыр үшін үлкен маңызы бар, солай айтылатын каноникалық құқық – римдік-католиктік шіркеу қалпында жасалған құқық. Каноникалық құқықтың негізгі қайнар көзіне таптық конституциялар (буллалар, бревелер, энцикликтер, т.б.) жатады. ХVІ ғасырға қарай каноникалық құқықтың Жинағы қалыптасты. Қазіргі кезде, араб елдеріндегі таралған құқықтың қайнар көзіне, мұсылмандық діни көзқарастар жатады.



32. КОРПОРАТИВТІК НОРМАЛАР
Корпоративтік нормалар – қоғамдық бірлестіктерге қаты-насушылардың және жекелеген ұйымдардың жұмыскерлердің қатынастарын реттейтін тәртіп жолдары (саяси партиялардың, одақтардың, ерікті қоғамдастықтардың, мүдделер туралы клубтардың, кооперативтердің, серіктестіктердің, қоғамдық қорлардың, компаниялардың, акционерлік қоғамдардың, т.б.). Қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың нормалары – өздері белгілеген нормалар, осы ұйымдардың ережесіне сай бекітіледі және қоғамдық ықпалдың көмегімен қорғалады.

Корпоративті нормалар, құқық нормалары сияқты қатаң тіркеледі және әр түрлі локальді қайнар көздерде, жарғыларда, ережелерде, бағдарламаларда талданады, сол не басқа ұйымдардың жалпы жиналысында қабылданады (съезде, конференцияда). Бұл нысандалған тәртіп жолы ішкі ұйымдастырушылық, өмірді реттеу мәселелеріне, сонымен бірге белгілі мақсаты мен міндетіне арналған тапсырмалар бар, белгілі ықпал ету шарасы (тәртіптілік және моральдік сипатта) сол тәртіпті бұзушылар үшін көзделген.


33. МОРАЛЬДІК ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАР
Мораль нормалары (адамгершілік) – адамдардың жақсылыққа және жамандыққа, адалдыққа, лайықтылыққа, т.б. негізделген жалпы сипаттағы тәртіп жолы, ол адамдардың және олардың бірлестіктерінің реттеуші және бағалайтын өлшемдік қызметін атқарады.

  • Моралдық нормалар басқалардай емес, өзінің мазмұнымен және бағытымен құқық нормаларына жақын. Құқық пен моралдың арасындағы жалпылық:

  • Басқа қоғамдық қатынастарды реттеушілерге қарағанда мораль мен құқықтың әрекет ету аясы кең, тиімді және әмбебап әлеуметтік реттеушілерге жатады;

  • Мораль нормалары мен құқық нормалары индивидтердің салыстырмалы еркіндігін көздеп, өз жағдайын біліп жатады.

  • Мораль нормалары мен құқық нормалары көп дең-гейде сәйкестеніп өздерінің маңызды бағалылығымен негізгі категориялармен қағидалардың орнын басады.

Құқық пен мораль бір-бірімен ортақ белгілерімен ұқсас, дегенмен, кейбір маңызды айырмашылығы бар. Олардың қатарына мынадай кездерін жатқызуға болады: моралдық нормалар өздерінің пайда боуында, мемлекеттік билікпен байланысты емес, олар ауызша таралады және адамның ішкі сеніміне қоғамдық пікірлер негізінде іс жүзіне асырылады; моральдік нормаларды сақтау көпшіліктің сезімімен, авторитетімен қамтамасыз етіледі және оларды бұзу қоғамдық қарсылықты туғызады; мораль құқықпен салыстырғанда ертерек пайда болған және оның қалыптасуы стихиялық, яғни біреудің субъективтік еркінен тәуелсіз, ал құқық мемлекетпен қоса пайда болады және құқықтың пайда болу процесі көбінесе, нақтылы заң шығарушының аттарымен байланысты.

Көп жағдайда мораль түсінігі мен қатар «адамгершілік» «этика» пайдаланылады (белгіленген тәртіп жолы) және «эстетика» (жақсылық пен жамандықта, тек әдеби шығармашылықта ғана емес, адамдардың тәртібіндегі және тұрмысындағыны да бекітеді).



34. САЯСИ НОРМАЛАР
Саяси нормалар – саяси өмірдің субъектілерінің, партия-лардың, саяси билік туралы, әлеуметтік топтардың арасында-ғы тәртіпті реттейді (оның жеңісін, ұстауын және пайдала-нуын).

Олар қоғамдағы саяси билікті белгілейді, бөледі және ұйымдастырады. Сондықтан саяси институттардың нормала-ры, процедуралары және процестері саяси аяда іс жүзіне асырылады. Олар саяси биліктің күшін және оны көретін еркіндікте болады, сондықтан олардың көбісі құқықтық реттеу аясынан тыс әрекет етеді. Дегенмен, мемлекеттік билік аясында әрекет ететін, саяси нормалар (оның нысандары, құрылымы, мемлекеттің және басқа саяси жүйенің әрекетін көрсету, ел көлемінде, оның сыртында) құқықтық нысанды, конституциямен бекітілген саяси-құқықтық нормаларды қа-былдайды.

Саяси-құқықтық нормалар, саяси бағдарламалық актілерде бекітіледі (конституцияда, партияның бағдарла-масында). Олар саяси жүйенің бөліктерінің арасындағы қатынастарды көрсетеді; мемлекеттің және қоғамның маңызды сипаттарын бекітеді; азаматтардың статусын, кепілдейді, бекітеді және қамтамасыз етеді; билік органдары мен басқару органдарының қатынастарын реттейді.

35. ТЕХНИКАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР
Техникалық нормалар – адамдардың, табиғи заттармен, еңбек құралдарымен әр түрлі техникалық құралдармен көбірек мақсатты пайдалану жолдары. Мұндай тәртіп жолдары адамдардың дұрыс, қауіпсіз өмірлерін қамтамасыз ету үшін өте маңызды; оларды көбісі құқықтық ұйғарым күші бар нысанды қабылдады және техникалық-құқықтық нормалар ретінде белгілі. Ондай нормаларға биологиялық, санитарлық-гигиеналық, технологиялық, экологиялық, ғылы-ми-техникалық және басқадай нормаларды жатқызамыз. Сонымен бірге, спорттық құралдардың көлемін, спорттық ойындардың тәртібін, кемелерді жүргізу тәртібін, газбен темір кесу қауіпсіздігін, т.б. жатқызуға болады.

Техникалық заңды нормалар, өздерінің сыртқы көріні-сімен және императивтік талаптар сипатымен құқықтық нор-маларға тым жақын: себебі мемлекеттен шығады және оның еркін көрсетеді, солардың көбісін сақтап қалу мемлекеттік мәжбүрлеу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі, оның ішінде заңды жауапкершілік шараларымен қамтамасыз етіледі; арна-йы нормативтік актілерде бекітіледі; адам өмірінің маңызды аясын реттейді. Ондай техникалық-құқықтық нормаларға жататындар – әр түрлі техникалық пайдалану жағдайы, мем-лекеттік және салалық стандарттар (ГОСТ-ылар және ОСТ-лар), ережелер (нұсқаулар), қауіпсіздік техникасы, көлікті пай-далану, нормативтер (индекстер) қоршаған ортаны ластау, ши-кізатты, жанармайды, электр энергиясын пайдалану нормала-ры, жол жүру тәртібі, жарылыс заттарын, наркотикалық, улы заттарды сақтау, т.б.

Көптеген техникалық нормалар, яғни тұрмыс аясында әрекет ететіндер құқықпен қолдау табады. Мысалы, дәрігерлік құқықтың талабы бойынша, дәрігер берген дәрі дозасы, (мөлшері), адамның денсаулығын қауіпті мөлшерден тыс дәрі қабылдаудың нәтижесінен қорғайды, яғни химиялық заттармен қалай жұмыс істеу тәртібін бекітеді, кей кездерде, оны бұзса, заңды жауапкершілік туындайды. Сол сияқты, тұрмыстық құралдарды пайдаланудағы ережелерге де сәйкес – егер алдын-ала пайдалану тәртібі бұзылса, оның бұзылғаны үшін оны жасағандар жауапты емес, егер оны пайдалану туралы ереже оны дайындауымен қоса сатылмаса, онда бұзылғаны үшін оны жасаған не оны сатушы жауап береді.

* * *
ҚҰҚЫҚТЫҢ НЫСАНЫ

(ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ)
36. ҚҰҚЫҚТЫҢ НЫСАНЫНЫҢ

(ҚАЙНАР КӨЗІНІҢ) ТҮСІНІГІ
«Құқықтың қайнар көзі» туралы айтқанда, оның пайда болуы мен әрекеті туралы факторларға көңіл аударылады. Онда нормативтік белгілердің өмірге келудегі негізгі процестерді, және мемлекет белгілеген бәріне бірдей тәртіп жолын түсіндіреді. Қысқартып айтсақ, «құқықтың қайнар көздері» арқылы, заңды істерді шешудегі тәжірибеде нені басшылыққа алатынымызды түсінеміз. Бұл заң нормаларын бекітудің сыртқы көрсету нысаны және әдісі.

Құқықтың қайнар көзі – бұл мемлекет атынан шыға-рылған, жекелеген нормалардың, институттар мен құқық салаларының мазмұндары бар, арнайы жазба түріндегі құ-жаттар.

Ерте кезде заңдардың мазмұндары тасқа қашалып жазылған, үйдің қабырғаларына, жеке тақтайларға, орама-ларға жазылған. Бұны да құқық нысанына жатқызуға болады. Қазіргі кезде құқықтың қайнар көздеріне (нысанына) роман-германдық құқықтағы нормативтік актілер (заңдар, ордо-нанстар, статуттар), ал англо-саксондыққа – келісім және құқықтық прецедент жатады.

Құқықтың қайнар көздерінің қалыптасуы екі жолмен іс жүзіне асырылады: құқықтық шығармашылық және сол не басқа әлеуметтік нормаларға санкция беру. Солардың ішіндегі ең маңыздысы, арнайы өкілеттік берілген мемлекеттік орган-дар мен лауазымды адамдардың, құқықтық шығармашылық әрекеттері. Сондай әрекеттердің нәтижесінде жаңа тәртіп пайда болады. Екінші жолы, қазіргі кезде көп таралған. Олай болуы, арнайы сипаттылық беріп көбірек мемлекеттік қолдау мен қорғаудың керектігі, яғни, бар қоғамдық әрекеттер мен белгілі құқық зерттеушілердің пікірлерін не жекелеген сот тәжірибесіндегі кездерді санкциялау.

Әр түрлі елдерде жекелеген құқықтың (қайнар көздері) үстемдіктер: құқықтық әдет, соттық не әкімшілік прецедент, құқықтық доктрина, нормативті құқықтық акт, нормативтік келісім.

37. ҚҰҚЫҚТЫҚ ӘДЕТ ҚҰҚЫҚТЫҢ

ҚАЙНАР КӨЗІ РЕТІНДЕ
Ерте кезде, әсіресе әдет мемлекеттің пайда болған кезінде, қоғамдық қатынастарды әмбебап және тиімді реттейтін құрал болмағандықтан, әдетпен ғасырлар бойы сол қызметті атқарды. Яғни ол пайда болған көпшілік биліктің бірден-бір көріну нысаны болды. Сол сапада, ол әдет құқығына айналды, яғни оларды қайта-қайта дәстүрлік қолдану нәтижесінде қалыптасып мемлекеттік билікпен санкция берілді, осыған байланысты көпшілікке міндетті ұйғарымға айналды. Алғашқы мемлекеттіліктің даму кезінде құқықтық әдет, нормативтік реттеу жүйесінде үстемдік жағдайында болды. Тек солар ғана көне құқықтың ескерткіші болды – Хаммурапи заңдары (1750 ж. б.э.д.), ХІІ таблица заңдары (б.э.д. 450 ж.), саликалық Права (VІ ғ.), Ярослав Правдасы (шамамен 1054 ж.), т.б.

Сол үшін императивті және бәрін қамтушы ретінде құқықтық ұйғарымдар болу үшін әдет міндетті түрде мынадай талаптарға сай болуы қажет:



  • Құқықтық тәжірибені көп уақытқа және біркелкі көрсетуі (ең кемінде бір ұрпақтың шегінде);

  • Жеткілікті түрде ұзақ уақыт адамдарға тиімді және белгілі болу;

  • Берілген ретінде барлығымен қабылдану (көне римдіктерде бұл заң деңгейінде тәртіп ретінде бекітілген: көне мінезбен бекітілген, халықтың үнсіз келісімі («молчаливое согласие народа, подтвержден-ное древними правами»);

  • Терең моральдық және этикалық құйтырқылығы мен бір мезгілдегі шарапатты сапалылығы болу қажет;

  • Құқықтық реттеу кезінде жағдайдың тоқтатылмайтын және саналы қажеттілігін іс жүзіне асыру;

  • Нақтылы құқықтық ұйғарым жоқ болған кезде қолдану (ондай істерде біз жазылған заңмен пай-даланбай, мінез бен әдетте көрсетілгендерді сақ-тауымыз қажет), т.б.

Қазір қоғамдық қатынастарды жариялау процесінде, құ-қықтық әрекеттер көмекші рөл атқарады. Олар көбінесе ха-лықаралық құқықта, жекешеленген ұлттық құқықтық салала-рында, англосаксондық және дәстүрлік құқықтарда таралған.

Көптеген дәстүрлерге ресейлік құқық жөнді қарамайды, бірақ кейбіреуін өз нормаларына қосады. Мысалы, Президенттің және РФ Конституциялық соттарындағы ант беру дәстүрі; парламенттің жаңа шақырылуындағы бірінші отырысты ашуды жасы үлкен депутатқа беруі. Әдет азаматтық құқықтық қатынастарда әр түрлі істер бойынша көп таралған.

Кейбір әдетке құқық жағымсыз қарайды және оған тыйым салады (мысалы, оған жататындар жергілікті әдеттің жекелеген қалдықтары: тыйым салынған улы өсімдіктерді өсіріп дайындау; үлкен әсер ететін және улы заттарды дайындау, сақтау; лицензиясыз жеке медициналық тәжіри-бемен шұғылдану РФ ҚК 231-235 баптары).

38. ҚҰҚЫҚТЫҚ ПРЕЦЕДЕНТ ҚҰҚЫҚТЫҢ

ҚАЙНАР КӨЗІ РЕТІНДЕ
Құқықтық прецедент – бұл нақтылы соттағы іс туралы шешім, кейін сондай істерді шешуге үлгі болады.

Құқықтық прецедент рим құқығынан шықты. Преторлар әрекеттегі цивильдік құқықты өзгертуге не жоюға мүмкіндігі жоқ болған кезде (ол туралы ойлаудың өзі күнә болған кезде) кең әкімшілік-соттық өкілеттілігін пайдаланып өздерінің эдиктілерін шығарған, олар кейінірек сондай істерді шешуге үлгі болған. Соттардың функциясын іс жүзіне асыруда, преторлар формулалар құрып әрекеттегі заңдардағы ақтаңдақтардың орнын толтырады. Эдиктер мен форму-лалардағы ережелер, әдеттегідей, ағымдағы құқықтық тәжірибемен қабылданады, преторлық эдиктің біреуінен екіншісіне өтеді. Ал преторлық шағым формулалары құқықтың кейінгі барлық істерді осы категория бойынша шешудің үлгісіне айналды.

Қазіргі кезде прецедент негізінен англосаксондық құқық жүйесіндегі елдерге тән, себебі олар, соттардың әрекетіне негізделіп, соттарды құқықтың туғызушысы ретінде мойындайды.

Құқықтық прецеденттер арнайы жинақтарда топтасты-рылады. Басқа құқықтық жүйесі бар елдерде сот билігінің рөлі, тек құқық нормаларын талқылау есебіне кіреді. Отандық құқықпен, Ресей Федерациясының континенталды құқықтық жүйеде болуына байланысты, осы уақытқа дейін құқықтық прецедент, құқықтың қайнар көзі ретінде қатаң түрде мойындалмады. Қазіргі кездегі заңды тәжірибе, қоғамдық қатынастардың қарқынмен дамуының, тек заңдар шығару қалпында тежеудің мүмкін еместігін көрсетеді. Тәжірибелі мамандар, барлық жерде бірдей (нақтылау үшін не кеңесуге) авторлық түсіндірілуді пайдаланады, мысалы, кодекстерге және басқа да заңдарға. Сонымен бірге, РФ Жоғарғы және Жоғарғы Арбитраждық соттары әруақытта жекелеген категориядағы істер туралы «басқарушылық түсіндірілуін» беріп отырды.



39. ҚҰҚЫҚТЫҚ ДОКТРИНА

ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ РЕТІНДЕ
Көне Римде қандай болмасын іс, нормативті не жекелеген лауазымды адамның шешімі, көрнекті ғалым-заңгерлердің талқылауына түсуі мүмкін болды – Папинианның, Гаяның, Павланның, Ульпиананың және Модестинаның («О цити-ровании» 426 ж.). Ортағасырда, ұлттық құқықтық жүйенің және халықаралық қатынастардың қалыптасу кезеңінде, елге белгілі адамдардың талқылауы (құқықтанушылардың, теологтардың, мемлекеттік қайраткерлердің) шындық ретінде, есептеліп ақырғы инстанция болды және қандай болмасын құқықтық проблемаларды шешуде ақырғы нүктені қойды. Кейінірек римдік дәстүрге сай көп уақытқа дейін, доктрина заңды тәжірибемен салыстырылды, ал біздің уақытта, ол сол не басқа құқықтық аяда қалыптасқан ғылыми мектеп ретінде қаралуы мүмкін.

Сонымен, құқықтық доктрина – белгілі және өз еңбек-терінде мойындалған ғалым заңгерлердің, әр түрлі құқықтық мәселелер бойынша, өздерінің еңбектерінде айтылған (мақалаларында, монографияларында) және тәжірибедегі белгілі мәселелерді шешуде пайдаланатын тұжырымдамалар.

Қазіргі дүниеде, сондай «таза» нысан жоқ. Бұл англосаксондық құқықтық жүйеге де жатады. Дегенмен, Швейцарияның Азаматтық Кодексі құқықта ақтаңдақтық болса, көбірек белгілі ғалымдардың азаматтық құқық жөніндегі еңбектеріне сілтеме жасайды, ал мұсылмандық құқықта құқықтық доктрина қазірігі кезде де маңызды рөл атқарады – жалғыз ғана құқықтың қайнар көзі.

Отандық юриспруденция тікелей, доктринаны дербес құқықтың қайнар көзі ретінде мойындамайды. Дегенмен, тәжірибелі мамандар көп жерде (дәлел үшін не кеңесу үшін) авторлық түсініктемелерді заңдарда және басқа нормативті-құқықтық актілер үшін пайдаланады. Сонымен бірге, барлық авторитетті, ғылыми еңбектердегі пікірлер толық доктри-налды күшке ие болмауы мүмкін. Сондықтан, құқықтық шығармашылық пен құқықты қолдану тәжірибесі туралы тұрақты болжам жасауға рұқсат керек; заңдардағы бар жетімсіздіктердің орнын толтыру керек (С.В.Бошно). Осындай төтенше таралған үйреншіктік заңды доктринаны толық негізде, арнайы емес құқықтың қайнар көзі ретінде қарауға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет